«бекітемін» «келісемін» «ӘБ отырысында қаралды»



бет1/53
Дата01.03.2023
өлшемі222,95 Kb.
#70990
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53



«БЕКІТЕМІН» «КЕЛІСЕМІН» «ӘБ отырысында қаралды»
Мектеп директоры Оқу ісінің орынбасары ӘБ жетекшісі
Хаттама №1
___________________ __________________________ ___________________________
« » тамыз 2022жыл « » тамыз 2022жыл « » тамыз 2022жыл
ТАҚЫРЫПТЫҚ-КҮНТІЗБЕЛІК
ЖОСПАР
1-сынып


Ақтөбе қаласындағы
ЖОББ «Білім» мектеп -гимназиясы
Бастауыш сынып мұғалімі:


2022-2023 оқу жылы
Түсінік хат
«Әліппе» пәні
Әліппеге дейінгі және әліппе кезеңі «Әліппе» пәні арқылы жүзеге асады. Тілдік және әдебиеттік білімге дайындықтың алдын ала кезеңі, сондай-ақ одан кейінгі оқытудың негізі болып табылады.
Пәнді оқытудың ерекшелігі жалпыдидактикалық ұстанымдар және А.Байтұрсынұлының әдістемелік ұстанымдары негізінде айқындалды: дыбыспен жаттығу; әрбір дыбыстың сөз жасаудағы қызметін есепке алу; оңайдан қиынға, жеңілден күрделіге өту; білімді тәжірибе арқылы өздігінен алу.
Әліппедегі әріпті таныту реті А. Байтұрсынұлының еңбектерімен қатар лингвист және әдіскер ғалымдардың зерттеулері негізінде, олардың мәтінде кездесу жиілігіне, өзара тіркесі мен сөзжасау қызметіне қарай құрылды.
«Әліппе» пәні бойынша оқу жүктемесі аптасына
6 сағаттан, барлығы І жартыжылдықта 96 сағатты құрайды.
Әліппеге дейінгі кезең – 12 сағат, әліппе кезеңі – 84 сағатты құрайды.
«Әліппе» пәнінің мазмұны (І жартыжылдықта «Әліппе» оқулығы):
1-тоқсан: тілдік ұғымдар туралы қарапайым түсінік (сөйлеу дағдылары)
(әліппеге дейінгі кезең) – 12 сағат; а, р, л, у, н, бекіту (2 сағ) – 12 сағат;
с, о, т, қ, ы, з, м, е, д, ш, ұ, бекіту (2 сағ) – 24 сағат;
2) 2-тоқсан: б, й, к, і, ң, ғ, ж, ә, п, ү, бекіту (3 сағ) – 24 сағат; ө, г, и, я, ю, х, h, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ, әліпби – 2 сағ, бекіту (4 сағ) – 24 сағат.
ң – 3 сағат, я, ю, х, һ, щ, в, э, ё, ц, ф, ч, ь-ъ 1 сағаттан; қалған дыбыс пен әріпке 2 сағаттан беріледі. Әріптер оқу бағдарламасында берілген ретпен оқытылады.
Тыңдау материалының көлемі 10 сөйлемнен, өлең шумақтары 3-тен аспауы керек.
І жартыжылдық бойынша жазба жұмыстарының көлемі: әліппеге дейінгі кезеңде графикалық диктант – 1-3 таңба, әліппе кезеңінде әріптік диктант – 3-5 әріп, буын диктанты – 3-6 буын, сөздік диктант – 2-5 сөз, диктант – 3-12 сөз. Жазба жұмыстарының санын мұғалім білім алушылардың меңгеру деңгейі мен қажеттілігіне орай белгілейді. Жазба жұмыстарын күнделікті жүйелі ұйымдастыру ұсынылады.
Тыңдалым мен айтылымның ерекшілігі: тыңдалым материалының көлемі: 30 сек – 1 мин.
Оқылымның ерекшелігі: оқуға берілген мәтіннің көлемі әліппе кезеңінің басында 4-6 сөйлемнен, соңында 10 сөйлемнен аспауы керек. Әр сөйлемдегі сөз саны 2-6-дан аспауы керек.
Жазылым ерекшелігі: дұрыс отырғызу, жарықтың дұрыс түсуі, дәптердің көлбеу орналасуы және жазу кезінде қарындаш/қаламды ұстай білу); парақтағы кеңістікті бағдарлай білуді қалыптастыру (жазу жолын, жоларалық кеңістікті, жазу жолының жоғарғы және төменгі сызықтары мен тік көлбеу сызықтардан шықпау); сурет салу, штрихтау, бастыра жазу, әріп элементтерін жазу; көркем жазу нормаларын сақтай отырып, әріп элементтерін, бас және кіші әріптерді, буын, сөз, сөйлемді және оларды байланыстыра жазу; қатесіз, көркем жазу дағдыларын қалыптастыру.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   53




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет