«бекітемін» Мектеп директоры: Д. С. Жайсанбаева



бет1/20
Дата04.11.2022
өлшемі139,17 Kb.
#47398
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20

«БЕКІТЕМІН»
Мектеп директоры:
_________ Д.С. Жайсанбаева
«____» _______ 2021 жыл

Тәрбие жұмысының жылдық жоспары 2021-2022 оқу жылы
 
 


 
«Тәрбиесіз берілген білім –адамзаттың

қас жауы, ол келешекте адам өміріне опат әкеледі.»
Әл-Фараби
"Алматы облысы Білім басқармасының
Талғар ауданы бойынша білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің «І. Жансүгіров атындағы мектепке дейінгі шағын орталығы № 37 жалпы білім беретін орта мектебі" коммуналдық мемлекеттік мекемесінің тәрбие
жұмысының жылдық жоспары
2021-2022 оқу жылы
Тәрбие жоспарының мазмұны
1. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері
2. Нормотивтік құқықтық құжаттар
3. Әдістемелік нұсқау хат-2021-2022
4. Талғар ауданының 2021-2022 оқу жылына арналған тәрбие жұмысының жылдық циклограммасы
5. Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2021 жылғы 16 қыркүйектегі № 472 бұйрығы.

2. Білім беру ұйымдарында тәрбие жұмысын ұйымдастырудың ерекшеліктері


Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасына сәйкес оқу-тәрбие процесі білім берудің барлық деңгейлерінде бірыңғай идеологиялық және құндылықтарға негізделіп ұйымдастырылады.
Тәрбие процесін адамзаттың жинақтаған мәдениетін, ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтарды оқушының жеке мәдениетіне, тұлғалық құндылығына айналдыру мақсатындағы оқушының өмір әрекетін ұйымдастыру деген ұғыммен тәрбие шаралары барлық ынталы тараптардың: отбасы, білім беру ұйымдары, қоғамның кең ауқымда қатысуымен кешенді түрде жүргізілуі тиіс.


Тәрбие жұмыстарын ұйымдастырудың нормативті-құқықтық базасы келесі құжаттар:

  • «Бала құқығы туралы» БҰҰ Конвенциясы

https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/;

  • Қазақстан Республикасының Конституциясы

https://adilet.zan.kz/kaz/docs/S1100000002;

  • «Неке (ерлі-зайыптылық) және отбасы туралы» ҚР Кодексі 2011 жылғы 26 желтоқсандағы №518-IV https://adilet.zan.kz/kaz/docs/K1100000518;

  • 2030 жылға дейінгі ҚР отбасылық және гендерлік саясат тұжырымдамасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/fulltext;

  • «Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы» ҚР Заңы 2002 жылғы 8 тамыздағы № 345 https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

  • «Тұрмыстық зорлық-зомбылық профилактикасы туралы» ҚР Заңы 2009 жылғы 4 желтоқсандағы № 214-IV https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

  • «Балаларды денсаулығы мен дамуына зардабын тигізетін ақпараттан қорғау туралы» ҚР Заңы 2018 жылғы 02 шілдедегі №169-VI https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

  • «Білім туралы» ҚР Заңы 2007 жылғы 27 шілдедегі №319 https://adilet.zan.kz/kaz/docs/Z070000319

  • Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2019 жылғы 27 желтоқсандағы №988 қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы https://adilet.zan.kz/kaz/search/docs/dt;

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің 2019 жылғы 15 сәуірдегі №145 бұйрығымен бекітілген «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асыру жағдайындағы тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/

  • Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2018 жылғы 1 қазандағы № 525 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасында өлкетануды дамытудың тұжырымдамалық негіздері https://nao.kz/.



Білім беру жүйесінің негізгі мақсаттарының бірі – педагогикалық тәжірибеге білім алушылардың академиялық білімін, негізгі біліктіліктері мен құзырлылықтарын қалыптастыруды, олардың оқуға деген ұмтылысын, оқу-танымдық әрекетке қызығушылығын арттыруды қамтамасыз ететін білім берудің мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдістері мен технологияларын ендіру.


  • Білім алушылардың мектептегі өзін-өзі басқаруы білім беру процесін демократизациялауға ықпал етеді және білім беру ұйымдарындағы тәрбие жұмысының ажырамас бөлігіне айналуы тиіс

  • Мектептерде дебаттық қозғалысты қайта жаңғырту қажет. Дебат – тек қана зияткерлік рөлдік ойын емес, бұл бар білімді қолдану біліктілігін қалыптастырады, функционалдық сауаттылығын дамытады және болашақта өзін-өзі табысты іске асырудың кепілі болатын нағыз білім беру технологиясы

  • Елімізде «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы басталды. Оқу сауаттылығы – табысты, бәсекеге қабілетті тұлғаны және заманауи қоғамда коммуникативтік құзырлығын қалыптастырудағы базалық дағдылардың бірі



Білім алушылардың функционалдық сауаттылықтары мен әмбебап құзырлылықтарын қалыптастыруға қол жеткізетін бағыттардың бірі – құндылыққа негізделген оқыту мен тәрбие бағдарламасы (одан әрі – Бағдарлама).
Бағдарламаның шешуші идеясы оқу-тәрбие процесін білім алушыларды ұлттық құндылықтар негізіндегі жалпыадамгершілік құндылықтарға баулуға бағыттау.
2021-2022 оқу жылында құндылықтарға негізделген оқу-тәрбие бағдарламасын іске асыру шеңберінде төмендегі жобалар ұсынылады:

  • «Оқуға құштар мектеп»;

  • «Отбасы – орта мектеп»;

  • «Құқықтық сана – қауымға пана»;

  • «Дәстүр мен ғұрып»;

  • «Еңбек – елдің мұраты»;

  • «Үнем – қоғам қуаты»;

  • «Ерте жастан бастап экологиялық мәдениет»

  • «Психологиялық көмек көрсету және мектептің татуластыру қызметтерін ұйымдастыру»

  • «Қоғамға қызмет»;

  • «Мектеп өмірінің бір күні»;

  • «Дебат» қозғалысы;

  • Оқушылардың «Өзін-өзі басқару» ұйымдары;

  • «Өзін-өзі басқару күні», «Өзін-өзі басқару аптасы» жобалары;

  • «Музей сабақтары» – «Музей күні» жобасы;

  • «Театр сабақтары» жобасы.

Оқу жылының әрбір аптасында өткізілетін 34 сынып сағатының тақырыптары ұсынылады (сілтеме).
Жобалардың негізгі идеясы білім алушыларды ұлттық және жалпыадамзаттық құндылықтар негізінде тәрбиелеу болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет