Бекітемін: Отимова З. Ю. Бөлім



бет1/2
Дата17.01.2023
өлшемі0,65 Mb.
#61704
  1   2




Бекітемін:

Отимова З.Ю.

Бөлім:

ІІІ бөлім. «Адамзат дамуының жаһандық мәселелері. Тілдік жүйе және норма»

Тақырып:

Экономикалық жаһандану

Мұғалімнің аты-жөні:

Аклепесова Ш.Д.

Күні:

18.09.2023 ж

Сынып: 10

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:

Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары

10.3.4.1 оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеу) әртұрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктеу.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: оқылым және тыңдалым материалдары бойынша түртіп жазудың (конспектілеу) әртұрлі жолдарын меңгеру арқылы негізгі ақпаратты іріктейді;
Көптеген оқушылар: құрмалас сөйлем, жасалу жолдарын, түрлерін біледі;
Кейбір оқушылар: қоғамдық-саяси, ғылыми, коммуникативтік жағдаятқа сай тиісті сөздер мен фразаларды таңдап, орта көлемді монолог дайындайды.

Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Бағалау

Ресурстар

Сабақтың басы
5 мин

  1. Психологиялық ахуал. Оқушылармен амандасу.Сыныпта жұмыс атмосферасын қалыптастыру.

1-тапсырма


"Жаһандану, ғаламдану, әлемдік, ауқымдану, глобализация-жаңа жалпы әлемдік экономикалық мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі" туралы ойыңызды жазыңыз?

2-тапсырма


Жаһандану көптеген экономикалық, саяси, əлеуметтік, мəдени жəне басқа да қатынастар мен байланыстардың дүниежүзілік сипатқа ие болуын алдын ала қарастырады. Сонымен бірге ол өзара əрекеттесу деңгейлерінің жеке мемлекеттер шегінде де, мемлекеттер арасында да өсуін болжайды.


Жаһандану – бір мезгілде мемлекетаралық жəне трансұлтшылдық нысандарда дами алатын екіжақты үрдіс. Оны иеленушілердің көптілігі де осы тұстан: мемлекеттер, олардың коалициялары, халықаралық ұйымдар, үкіметтік емес ұйымдар. Актерлердің көп болғандығына қарамастан, олардың арасындағы өзара əрекеттесу еркін бəсекелестік ережелері бойынша өту үшін қажетті санындай болмайды. Ол одан гөрі олигополистік сипатқа ие болады.
Халықаралық қатынастар жөніндегі ғылым басты назарын əлемнің Шығыс-Батыс немесе Солтүстік-Оңтүстік биополярлы құрылымы ретінде қабылданған кездегі қырғи қабақ соғыс кезеңінің аяқталуына, транснационализацияландыруды жеделдетуге жəне елдердің өзара тəуелділігін арттыруға, БҰҰ мен басқа да халықаралық ұйымдардың көмегімен халықаралық тəртіпті орнатуға аударады. Социологтар мəдениеттің əмбебаптануының ықпалымен түрлі елдер мен аймақтарда тұратын адамдардың жақындасуы жөнінде дəлел келтіретін фактілерді мұқият бақылайды [11].
Технологиялық ғылымдардың өкілдері техножаһандануды немесе кейбір елдерде пайда болып келе жатқан технологиялар мен жаңа технологияларды техникалық білімдердің бірыңғай кешеніне біріктіруді, байланыс, көлік, өндіріс салаларындағы «технологиялық макрожүйелердің» пайда болуын, телекоммуникация революциясының салдарын, Ғаламторды ойлап табу мен барлық адамдарды бірыңғай «ғаламшарлық деревня» (ағылш. global villege) елдер мен халықтар арасындағы өзара қатынастардың барлық кешенін реттейтін «дүниежүзілік үкіметтің» (ағылш. global government) немесе Жер бетінде тұратын барлық адамдардың əмбебап қауымдастығының тұрғындарына айнал- дыруды талқылайды, соңғы аталған термин 1962 жылы канадалық М.Мак-Луанмен ұсынылған. Басқаша айтқанда, қандай да бір дүниежүзілік конфедерацияны қалыптастыру болжамданған [12].
Париж саяси зерттеулер институтының профессоры Б.Бадидің көрсетуі бойынша, жаһандану феноменіне бірыңғай анықтама берілмейтіндігіне байланысты, ол бұл ұғымның, халықаралық қатынастар жөніндегі ғылымның көзқарасы тұрғысынан маңызды болып саналатын үш өлшемін бөліп көрсеткісі келген: 1) жаһандану – бұл көптеген жүзжылдықтар аралығында дамып келе жатқан тарихи үрдіс; 2) жаһандану дүниежүзінің гомогенденуін, ортақ ұстанымдар бойынша өмір сүруді, ортақ құндылықтарға берілгендікті, тəлім-тəрбиенің ортақ дəстүрлері мен нормаларына жүгінуді, барлығын əмбебаптандыруға ұмтылысты білдіреді; 3) жаһандану – бұл өсіп келе жатқан өзара тəуелділікті мойындау, оның басты салдары ретінде жалпығаламшарлық оқиғалардың жаңа қатысушылары бірдей негізде тек өзара ғана емес, сондай-ақ халықаралық қатынастардың дəстүрлі түрде əрекет етуші тұлғалары болып табылатын мемлекеттердің өздерімен өзара əрекеттесуші жаһандық фирмалар, діни топтар, трансұлтшылдық басқарушы құрылымдар (желілер) əрекеттерінің ықпалымен ұлттық мемлекеттік егемендікті бұзу, жою болып табылады [13].
Қаржылық жаһандану маңызды, жаһандану жөніндегі пікірталастардағы тіпті орталық орынды алады. Жаһандық қаржылық нарықтарды дұрыс бағалаудың пайдасына келесі аргументтер дауыс береді: əрбір кəсіпкер үшін өзін валюта курстары мен пайыздық мөлшерлемелердің күтпеген жəне күрт өзгерулерінің тəуекелінен қорғай алу мүмкіндігі, мұнай қаржылық шок немесе екі Германияның бірігуі тəрізді күтпеген жерден пайда болған оқиғаларға жылдам бейімделу, сондай-ақ экономикалық тəлім-тəрбиенің қандай да бір тəртібін кепілдеу. Жаһандық өлшемдегі нарық қатынастарының басымдылығы жағдайында мемлекеттер неғұрлым тиімді экономикалық стратегияны жүзеге асыруға мəжбүр.
Қытайдың дүниежүзілік нарықтардағы атқаратын рөлінің шапшаң артуы жөніндегі ақпараттарды келтіретін (1980 жылдан 1996 жылдар аралығында Қытай экспорты сегіз есе – 18 миллиардтан 151 млрд долларға дейін артқан) француз зерттеушісі Ф. Лемуанның басты ойы елдің «дүниежүзілік сауданы жылжытушылардың» біріне айналуы тек ішкі себептерден ғана болып қоймай, сондай-ақ шетел капиталдары мен Қытай саудасының «бөліп таратқыш платформасы» болып табылатын Гонконгтың арқасында жүзеге асқандығында қамтылған. Гонконг арқылы шетел салымдары мен Қытайдың сыртқы саудалық айналымы өтеді. Əлемдегі жаһанданушылық бағыттардың болмауы жағдайында, Қытай, Оңтүстік-Шығыс Азияның басқа да жаңа индустриалды елдері сияқты экономикалық дамудағы алға бағытталған соншалықты күшті талпыныстарының орын алуы екіталай болар еді.

Сұрақтарға жауап береді
Мәтінмен жұмыс
Мәтінмен жұмыс





Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет