«бекітемін» Павлодар облысы білім басқармасының басшысы Д. БолатханұЛЫ



Дата27.04.2023
өлшемі15,9 Kb.
#87452






«БЕКІТЕМІН»
Павлодар облысы білім басқармасының басшысы
____________ Д. БОЛАТХАНҰЛЫ
2019 жылғы «___» ___________





Мектеп оқушылар арасындағы «Ел қамын жеген Едіге би»
атты облыстықоқулардың
ЕРЕЖЕСІ

Едіге би Төлебайұлы (XVII ғасырдың ортасы - XVIII ғасырдың басы) қазақтың көрнекті биі, Тәуке ханның билер кеңесінің мүшесі, «Жеті жарғы» заңдар жинағын түзуге қатысушы, «Етегіне ел сыйған Едіге би» деген атпен қазақ тарихында алтын әріппен жазылған тарихи тұлға.


Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» атты мақаласының «Ұлы Даланың ұлы есімдері»жобасын жүзеге асыру және Ұлт қаһармандарын үлгі тұту үрдісін қалыптастыру мақсатында облыстық білім басқармасы мен «Мәшһүр Жүсіп» қоры бірлесіп мектеп оқушылар арасындағы «Ел қамын жеген Едіге би»(бұдан әрі – Едіге би) облыстықоқуларын ұйымдастырады.


Оқулардың мақсаты мен міндеттері
Едіге би облыстық оқуларын ұйымдастырудағы басты мақсат:
-төл тарихын білетін, бағалайтын және мақтан ететін жас ұрпақты тәрбиелеу;
- Ертіс-Баян өңірінің атақты тарихи тұлғаларын, Ұлт қаһармандарын көпшілікке насихаттау;
-жаһандық өзгерістер тұсында жас ұрпақты тәрбиелеуде ел билеу үлгісінің әділдік эталоны, қазақ мемлекетінің ішкі әлемі, құрылымының негізін салушылардың бірі, ұлттық тұтастықтың негізін жасаушы тұлғалардың алдыңғы қатарлы өкілі Едіге бидің идеологиялық мұрасын насихаттау;
- ұлы бабаларының есімдерін мақтан тұтуға баулу.
Міндеттері:
- мектеп оқушыларының Едіге би өмірі мен қызметінің терең тануға деген қызығушылықтарын арттыру, ұлы тұлғаның рухани мұрасы мен өмірі жайлы мәліметтерді игеруді насихаттау;
- жаңа буынның зияткерлік пайым-парасатын арттыруда ұлы тұлға істерін негізге алуға ықпал ету;
- білікті, терең тағылымды оқушыларға,болашақ ел тізгінін ұстайтын ұландарға қолдау көрсету.
- өскелең ұрпақтың ата-баба тарихын танудағы шығармашылық және зияткерлік қабілеттерін дамытуға жағдай жасау болып табылады.


Оқуларды ұйымдастыру
1. Едіге би оқуларынаоқыту тіліне қарамастан мемлекеттік және мемлекеттік емес жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, гимназиялардың, облыс көлемінде орналасқан республикалық білім беру ұйымдарының 5-11 сыныптарының оқушылары қатыса алады.
2. Едіге би облыстық оқуларының аудандық және қалалық турларын аудандар мен қалалар ағымдағы жылы наурыз айында өткізеді.
3. Едіге би облыстық оқуларының облыстық туры 2020 жылғы сәуір айында Павлодар қаласында өтеді (өтетін уақыты мен орны қосымша хабарланатын болады).
4. Едіге би облыстық оқуларының облыстық турына әр аудан мен қалалардан әр бағыт бойынша 1 оқушыдан қатысады.


Оқулардың шарттары
Едіге би оқулары 3 бағыт бойынша өткізіледі:
1. «Ердің құнын екі ауыз сөзбен шешкен Едіге би» қазақ халқы би-шешендері сөздерінен, өмірінен тест тапсырмалары. Тесте 30 сұрақ беріледі.
2. ««Етегіне ел сиған Едіге би» тақырыбында Мәшһүр-Жүсіп шығармаларынан және басқа да ғылыми көздерден шығармашылық зерттеу жұмыстарын жүргізу (үй тапсырмасы).
3. « Едігедей би өткен» - эссе жазу.


Оқулардың қортындысын шығару
Әр бағыт бойынша қатысушылардың білімін бағалайтын қазылар алқасы тағайындалады.
Қазылар алқасының құрамында облысымызға өнер мен мәдениеттің танымал өкілдері, ЖОО ғалымдары болады.
Кәсіби мамандардан жасақталған қазылар алқасы түпкілікті шешім қабылдайды және олардың шешімі қайта қаралмайды.


Оқулардың жүлде қоры
Әр бағыт бойынша жеңімпазға Едіге би атындағы Бас жүлде беріледі. Сонымен бірге 1,2,3 жүлделі орындар және Ертіс-Баян өңірінің тарихи танымал тұлғаларынын атындағы мынадай аталымдар табыс етіледі:
Тест сұрақтары бойынша – Шоң би, Үкібай би, Қазанғап би атындағы аталымдар.
Эссе бойыншаҚұлболды әулие, Тәйкелтір би,Торайғыр би атындағы аталымдар;
Зерттеу жұмыстары бойынша – Шорман би,Қопа шешен, Жанақ әулие аталымдары;
Жеңімпаздарды дайындаған жетекшілеріне (мұғалімдерге) Алғыс хат тапсырылады. Оқулардың жеңімпаздарына дипломдармен сыйлықтар беріледі.
Оқулардың Бас жүлдесін иеленген жеңімпаздардың шығармалары облыстық «Сарыарқа самалы» газетінде, «Найзатас», «Ақбеттау» журналдарында жарияланатын болады.
Оқуларға қатысу туралы тапсырыстар мына электронды пошта арқылы қабылданады: Ertis_daryn_pvl@mail.ru
Тест жасау туралы айттым:

Серік Елікбайға 13.01.20 ж. 30 сұрақ


Ербол 13.01.20 ж. 10 сұрақ
Лаура 13.01.20ж. 10 сұрақ




Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет