Бекітемін «Раййан» бөбекжай-бақшасы» жшс атқарушы директоры Стамқұл С. Б. Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері



бет1/9
Дата09.05.2022
өлшемі32,84 Kb.
#33470
  1   2   3   4   5   6   7   8   9


Бекітемін

«Раййан» бөбекжай-бақшасы» ЖШС

Атқарушы директоры

___________Стамқұл С.Б.


Ағылшын тілі мұғалімінің лауазымдық міндеттері


  1. Педагог қызметкерлер адал және шын ниетпен жұмыс істеуге, еңбек тәртібін сақтауға, әкімшілік үкімін дер кезінде және дәл орындап отыруға, оқу-тәрбие жұмыстарын, оның тиімділігін арттыруға, техника, өрт қауіпсіздігін сақтауға, жұмыс орнында санитарлық-гигиеналық талаптарды орындауға міндетті.

  2. Жұмыс ұжымында еңбек тәртібін бұзуға төзбеушілік, еңбек міндеттерін адал орындап, қызметкерлерге қатаң жолдастық талап қою жағдайы жасалады. Адал еңбек еткісі келмеген педагог қызметкерлер жөнінде қажет болған реттерде тәртіптік және қоғамдық ықпал жасау шаралары қолданылады.

  3. Мұғалім-оқу және тәрбие берудің түрлерін, әдістері мен құралдарын жетілдіруге, сабақтың және балалармен жүргізілетін тәрбие жұмысының жоғары тиімділігін қамтамасыз етуге міндетті.

  4. Мұғалім – балаларды танымдық мүдделерін және қабілетін дамытуға міндетті.

  5. Мұғалім - балалардың саналы тәртіп және мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға, тәрбиешілерін сыйлап құрметтеуге тәрбиелеп отыруға міндетті..

  6. Мұғалім-ата-аналармен тығыз байланыста болып, олардың балалары туралы білімі, мінез-құлқы, тәртібі жөнінде ескертіп, үздіксіз күнделікті пікір алысып отыруға міндетті.

  7. Бөбекжай-бақша қызметкерлерін жұмысқа қабылдап тағайындау және босату ҚР Еңбек заңдары белгілейтін тәртіп бойынша іске асырылады.

  8. Мұғалім бөбекжай-бақшадағы педагогикалық кеңеске, директор жанындағы кеңеске, апталық жиынға, әдістемелік бірлестік кеңесіне, кезектен тыс жиналыстарға қатысуға міндетті.

  9. Мұғалімнің жұмысына байланысты мәселелерді қарау оның тікелей қатысуымен өткізіледі. Егер 3 рет келмеген жағдайда ұжымның шешімімен мәселені қарауға болады.

  10. Мұғалім балалардың жалпы міндетті білім беру стандартында көзделген деңгейден төмен емес білім, шеберлік және дағды алуын қамтамасыз етуге міндетті және жауапты.

  11. Мұғалім балалардың жеке және шығармашылық қабілеттерін ашып, оның дамуына жәрдемдесуге, өз біліктілігін арттыруға міндетті.

  12. Мұғалім педагогтік әдептілік нормаларын сақтауға, өзін мәдениетті ұстауға міндетті және жауапты.

  13. Мұғалім бөбекжай-бақшада сабақтан тыс қоғамдық жұмыстарға қатысуға міндетті.

  14. Мұғалім ата-аналармен тығыс байланыста болып, жанұя жағдайларымен танысып, балалардың жағдайын әкімшілікке айта отырып, бірлесе шешуге міндетті.

  15. Мұғалім балалардың құзыреттілігін қалыптастыру деңгейіне мониторинг жасап отыруға міндетті.

  16. Мұғалім күнделікті сабақ жоспарын талапқа сай жазып, өз білімін жетілдіріп отыруға міндетті.

  17. Жұмыс күнінің ұзақтығы 4.48 сағат. 8.30-13.18 дейін

  18. Баланың өмірі мен денсаулығына жауап береді.


Бекітемін

«Раййан» бөбекжай-бақшасы» ЖШС

Атқарушы директоры

___________Стамқұл С.Б.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет