Белгілі спорт жұлдыздары. Етістік, оның мағыналық түрлері



Дата06.02.2023
өлшемі11,28 Kb.
#65353
түріБағдарламасы


Автор: Тлеукенова Марал Сайрановна
Пән: Қазақ тілі (Т1)
Сынып: 6-сынып
Бөлім: Спорт. Белгілі спорт жұлдыздары
Тақырып: Белгілі спорт жұлдыздары. Етістік, оның мағыналық түрлері.

Оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу):

6.2.1.1 Мәтіннен негізгі және қосымша детальді ақпаратты анықтау, түсіндіру. Етістік, оның мағыналық түрлері.

Сабақтың мақсаты:

Барлық оқушылар орындай алады: Белгілі спорт жұлдыздарына берілген мәтіннен нақты ақпаратты табады, түсіндіреді, тірек сөздерді қолданады.
Оқушылардың көпшілігі орындай алады: Мәтіндегі негізгі ақпаратқа сүйене отырып, сұрақтар дайындайды. Етістіктің мағыналық түрлерін ажыратады.
Кейбір оқушылар орындай алады: Мәтін бойынша ақпараттарды өмірмен байланыстыра отырып эссе жазады.

Тілдік мақсаттар:

Пәнге қатысты тіркестер және негізгі сөздер: Спорт, жанкүйер, тұғыр, дода, ту, жүлделі орын, көздеген мақсат, жеңімпаз атану. Диалог құруға/шығарма жазуға арналған пайдалы тіркестер: Сұхбаттасу, ой бөлісу.

Күтілетін нәтиже:

Өздері қалаған белгілі спорт жұлдызын сипаттай отырып «Постер» қорғайды.
1.Тақырыпты түсінеді 
2. Тақырыпты ашады 
3. Хат жазады.

Бағалау критерийлері:

1. Мәтіннен нақты ақпаратты табады, түсіндіреді, тірек сөздерді қолданады.
2. Мәтінге сұрақтар дайындайды.
3. Өмірмен байланыстыра отырып, эссе жазады.

Құндылықтарды дарыту:

Зайырлы қоғам және жоғары руханият

АКТ-ны қолдану дағдылары:

спорт түрлерімен таныстыру

Пәнаралық байланыс:

Дене шынықтыру, өзін-өзі тану.

Бастапқы білім:

Белгілі спорт жұлдыздары кімдер?
Қазіргі жастарға спорттың қай түрі ұнайды?
Біздің елдегі ерекше танымал спорт түрлері.
Соңғы спорт жаңалықтары.

Сабақ барысы


Сабақ кезеңдері

Жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы

Ұйымдастыру кезеңі
Психологиялық ахуал орнату. «Жүректен-жүрекке» әдісі. Сабақтың мақсатымен таныстыру.
Топқа бөлу. (спорт түрлері бойынша) Бағалау парақшасын тарату.
«Ой қозғау» Адамдар спортпен не үшін шұғылданады?
Спорттың адамға қандай пайдасы бар?
Өздерің спорттың қандай түрін ұнатасыңдар?

Сабақтың ортасы

Кітаппен жұмыс
Суреттегі спортшылар туралы білетін ақпараттарыңмен бөлісіңдер
1-тапсырма. Жұппен жұмыс «Бірігіп оқу» әдісі бойынша мәтін мазмұнымен танысып, нақты және қосымша ақпаратты табады, түсіндіреді. Мәтіндегі тірек сөздердің мағынасын анықтайды.

Сабақтың соңы

Үйге тапсырма:
«Арманға қанат бітірген спорт жұлдыздары» эссе жазу
Кері байланыс
Бүгінгі сабақтан алған асерлерін стикерге жазып, тақтаға

Рефлексия

ҚБ «Басбармақ» арқылы

қазақ тілі

Белгілі спорт жұлдыздары. Етістік, оның мағыналық түрлерін білу


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет