Берілген курс сыныпқа 34 сағатқа (аптасына рет) есептелген



бет1/6
Дата09.11.2022
өлшемі153,56 Kb.
#48843
  1   2   3   4   5   6

Түсінік хат


Оқушылардың кеңістік жөніндегі математикалық ойлау қабілетін тәрбиелеуде орта мектеп геометриясының тигізер әсері мол. Әсіресе болашақта физика-математика және техника мамандығын алғысы келетін оқушылардың мектепте ойша түрлендіріп ,абстракциялы түрде сызылатын кеңістіктегі геометриялық фигураларға әртүрлі өлшеулер жүргізе білуінің айтарлықтай мәні бар. Геометрияны оқытудың аса маңызды міндеттерінің бірі- оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін жан-жақты дамыту, сондай-ақ кеңістіктегі объектілерді ойша көз алдына елестетіп ,оларға әртүрлі амалдар қолдана білу дағдысын қалыптастыру болып табылады.
Дайын формулалардың көмегімен кеңістіктегі фигуралардың толық бетін, көлемін оңай есептегенмен ,кейбір оқушылар кеңістіктегі жай фигуралар арасындағы қатыстарды анықтауда қиналады. Оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін дамытуда геометриялық салу есептерінің маңызы зор. Осы ерекшеліктерді ескеріп жазылған « Геометриядан таңдамалы есептер» кеңістіктегі салу, есептеу, дәлелдеу есептері ,сондай-ақ қиындық дәрежесі жоғары есептер қарастырылған.
«Геометриядан таңдамалы есептер» курсы 2 бөлімнен тұрады. Біріншісі – «Планиметрия есептері» бөлімінде есептеу,дәлелдеу ,сан мәнін табуға берілген есептер және олардың шешулері келтірілді. Екіншісі – « Стереометрия есептері» бөлімінде кейбір есептердің ғана толық шешулері берілді.
Берілген курс 9 сыныпқа 34 сағатқа (аптасына 1 рет) есептелген.

Мақсаты: Геометриядан алған теориялық білімдерін пайдаланып, есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерімен оқушыларды таныстыру. Оқушылардың есептеу мәдениетін қалыптастыру.


Міндеттері:
• оқушылардың кеңістік жөніндегі түсінігін жан-жақты дамыту
• геометриялық есептердің түрлерін және оларды шешудің тәсілдерін таныстыру;
• қоршаған орта туралы көзқарастарын математикалық тұрғыдан дамыту;
• математикалық білімдерін экономикалық есептеуде қолдана алу;
• белгілі бір іс-әрекетті жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауын толық тұжырымдай алуға тәрбиелеу;
• экономика, өндірісті дамыту үшін ғылым прогресіне қажеттілік туралы түсініктерін қалыптастыру;
• экономикамен байланысты мамандыққа бағдар беру.

Курсқа қойылатын талаптар



  • қолданбалы курс лекция және семинар сабақтары түрінде өткізіледі. Әсіресе, қиындығы әртүрлі практикалық есептерге мән беріледі.

•Зерттеу жұмыстары, баяндамалар беріледі. Оқу курсының бақылауы
сынақ сабақтар, тест және конференциялар түрінде жүргізіледі.

Оқушылардан күтілетін нәтиже


қолданбалы курсын оқу кезінде оқушылар:
• геометрия есептерін шешу кезеңдерін пайдаланып есептей алу;
• Қиындағы әртүрлі планиметрия есептерін шеше білу;
• Қиындағы әртүрлі стереометрия есептерін шешуде теориялық білімді қолдана алу;
•математикалық модельдердің негізгі принциптерін қолдана алу;
•өмір жағдайларында математикалық әдістерді қолдана алу;
•өздігінен зерттеу жұмысын ұйымдастыра алу;
•практикалық есептерді шығармашыл есептей алу қажет.

Тұрақтылау (мазмұндық) бөлімі.


І.САНДАР БӨЛІМІ (21 сағат).
Сандардың түрлері. Натурал сандардың бөлінгіштік белгісі.Ең кіші ортақ еселік және ең үлкен ортақ бөлгіш.Координаталық түзудегі сандар.Дәреже ұғымы.Арифметикалық түбір.Күрделі түбір.Қысқаша көбейту формулалары.Кітап беті.Газет-журнал беті.Санның модулі.Арифметикалық өзгеріс ауқымы ,мода, медиана.Сағат,күн,апта,айлар.Өлшем бірліктері.Масштаб.Санды ребустар.Эйлер-Венн диаграммасы. «Спираль » формуласы.

ІІ.АЙНЫМАЛЫ БӨЛІМІ (16 сағат).


Айнымалылыры бар өрнектер.Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулер.Есеп шарты бойынша теңдеу құру.Екі айнымалысы бар сызықтық теңдеулер жүйесі.Есеп шарты бойынша теңдеулер жүйесін құру.Квадрат үшмүшені сызықтық көбейткіштерге жіктеу.Квадрат теңдеулер.Бөлшек-рационал теңдеулер.Квадраттық теңдеулер жүйесі.

ІІІ.ӨЗГЕРІСТЕР мен ТӘУЕЛДІЛІКТЕР (12 сағат).


Функционалдық тәуелділік. Тәуелділіктің графикалық кескіні. Диаграммамен берілген тәуелділікке байланысты есептер шығарудың жолдары. Бір шаманың екінші шамаға тәуелді өзгеруіне байланысты есептер шығарудың жолдары.Кестедегі мәліметтер бойынша есептердің шығу жолдары.

IV.МӘСЕЛЕ ЕСЕПТЕР БӨЛІМІ ( 12 сағат).


Сандарға байланысты мәселе есептер.Адам жасына байланысты мәселе есептер.Пайызға байланысты мәселе есептер.Химиялық концентрацияға байланысты мәселе есептер.Жұмысқа байланысты мәселе есептер.Өзен ағысына байланысты мәселе есептер.Қозғалысқа байланысты мәселе есептер.

V.Логикалық есептер ( 7 сағат).


Шарлар, гүлдер, асықтар туралы есептер. Әр түрлі логикалық есептер.

Күнтізбелік – тақырыптық жоспарлау





Тақырыбы

Сағат саны

Мерзімі

1

Кіріспе (әңгіме сабақ)

1




2

Үшбұрыш түсініктемелері

1




3

Сұрақ-жауап

1




4

Үшбұрыш ауданы

1




5

Есептер шығару

1




6

Кез келген үшбұрыш

1




7

Есептер шығару

1




8

Үшбұрышқа сырттай сызылған шеңбер

1




9

Kahoot-да сұрақ жауап

1




10

Үшбұрышқа іштей сызылған шеңбер

1




11

Есептер шығару

1




12

Үшбұрыш медианасы

1




13

Есептер шығару

1




14

Үшбұрыш биссектрисасы

1




15

Үшбұрыш биссектрисасы красворд

1




16

Есептер шығару

1




17

Үшбұрыштың биіктігі

1




18

Тест

1




19

Есептер шығару

1




20

Тік бұрышты үшбұрыш

1




21

Есептер шығару

1




22

Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс

1




23

Тең қабырғалы үшбұрыш

1




24

Тең қабырғалы үшбұрышқа есептер

1




25

Тең қабырғалы үшбұрыш туралы тест

1




26

Тең бүйірлі үшбұрыш

1




27

Есептер шығару

1




28

Тең бүйірлі үшбұрыш қасиеттері

1




29

Есептер шығару

1




30

Тең бүйірлі үшбұрыштың медианасы

1




31

Есептер шығару

1




32

Қайталау

1




33

Есептер шығару

1




34

Тест тапсырмалар
қорытынды

1




Ақпараттық-әдістемелік бөлім


Курсты оқу нәтижесінде оқушылардың санасындағы математиканы нақты есептелермен,формулаларымен және көптеген тәсілдерді жаттап,дәлме-дәл орындалатын көп ережелерден тұратын қатып қалған ғылым деген түсінігі жойылып,математикадан ойлауға,сөйлеуге,жазуға үйрететін ғылым екеніне көз жеткізуіне көмектеседі.Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жолдауын негізге ала отырып құрастырылған «Үшбұрыш» курс бағдарламасы 6,7-сынып оқушыларына математика пәнінен элективті курстарды оқытуға арналған. Бағдарлама құрылымында оқушылардың жас ерекшеліктері мен даму деңгейі ескерілген. Курс мазмұны тарауларға бөлінген, олардың әрқайсысы арнайы тақырыптарды қамтиды. Берілген курста «Үшбұрыш» бойынша теориялық және практикалық білім, білік негіздері жүйеленіп, оқушылардың теориялық білімдерін кеңейтеді, логикалық ойлау қабілеттерін дамытады.
Барлық тапсырмалар мәселелі және өзіндік жұмыстарды қамтуы тиіс.Курстың жақсы меңгерілгені оқушының өзіндік шығармашылық жұмысымен анықталады. Ойдағыдай ұйымдастырылған сабақтар курс мақсатын іске асыруға көмектеседі. Курс тақырыбы бойынша өз жобасын қорғау не болмаса сынақ жұмысы, қорытынды тест тапсыру тексеру түрі бола алады.
Бағдарламада оқушылардың өздігінен іздену,ақпарат алу,жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын жетілдіру мақсаты қамтылды.
Курсты оқу барысында кұтілетін нәтижелер:

  • Берілген тапсырмаларды математикалық тілде жаза білуге дағдылану.

  • Математиканы қолдану мен пайдалану мүмкіндіктерін анықтай білу,яғни түжырымдау.

  • Математикалық білімді, ұғымды, құралдарды есеп шығаруда пайдалана білу,яғни қолдану.

  • Математикалық шешімдердің таңдау, ұтымдылық, мақсатқа сәйкестіліктері туралы ойлауды және нақты бір міндетке қатысты пайымдауды қарастырады,яғни талдап түсіндіреді.

  • Зерттеушілік және шығармашылық тәжірибе жинауға дағдылану.

  • Оқушылардың өзіне деген сенімділігі артады;

Курстың нәтижесінде оқушылардың білуі керек:
Сандар теориясында сандардың турлерін,бөлінгіштік белгілерін,Евклид алгоритмін есептер шығаруда қолдану әдістерін білу;Эйлер дөңгелегі көмегімен логикалық есептерді шеше отырып,жиындарға амалдар қолдана білу;Санның соңғы цифрын табуға байланысты есептерде салыстырулар теориясын, одан шығатын салдарды тиімді қолдана білуі тиіс. Қарапайым функциялардың қасиеттерін және графиктерін зерттей білу, нақты тәуелділікті сипаттау және талдау үшін функционалды-графикалық түсініктерді пайдалана білу,шынайы дүниедегі статистикалық заңдылықтар мен оларды зерттеудің түрлі әдістері, ықтималдық сипаты бар қорытындылар мен болжамдардың ерекшеліктері туралы түсінік алу;шынайы үдерістер мен құбылыстарды математикалық модельдеу, аса маңызды құрал ретінде оқып жатқан ұғымдар мен әдістер туралы түсінік қалыптасуы тиіс.
Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар:
Алған білімдері мен біліктерін практикалық қызметтерінде және күнделікті өмірлерінде:
- қажеттілігіне қарай анықтамалық материалдарды және қарапайым есептеуіш құралдарды пайдаланып, формулалар бойынша тәжірибелік есептеулер жүргізу;
- ең қарапайым математикалық моделдерді құрастыру және зерттеу;
- нақты байланыстарды функцияның көмегімен суреттеу және зерттеу, оларды график түрінде беру; нақты үдерістердің графиктерін түсіндіру;
- диаграмма, графиктер, статистикалық сипаттағы ақпараттарды, сандық мәліметтерді танып білу, талдау;
Оқушылардың білімін бағалау:
Оқушылардың білімін бағалау шынайылық, жүйелілік, бірізділік, дәлдік, мінсіздік, өзектілік сияқты нақтылық қағидалары негізге алынады. Бағалаудың екі түрі қалыптастырушы және жиынтық бағалау қамтылады:оқушылардың оқу нәтижелері алдын-ала ұсынылған критерийлер бойынша бағаланады және жоспарланған оқу мақсаттарына сай оқушылардың шынайы жеткен нәтижелерінің сатылары белгіленеді.
Оқушыларды бағалау алдын-ала ұсынылған өлшем арқылы (өте жақсы орындалған жұмыстың бейнесі) салыстырылады.
Бағалау критерийлері:

  • теорияны меңгеруі,тақырып мазмұнын түсінуі;

  • тапсырмаларды орындаудағы тиімді тәсілдерді қолдану біліктілігі;

  • есептерді шығаруда анықтама,формулаларды қолдану машықтығы;

  • тест тапсырмаларын орындау деңгейі;

Бағалау құралдары мен әдістері:

  • Оқытудың аралық нәтижелерін бағалау

  • Қорытынды бақылау :

  1. Шығармашылық сипаттағы тапсырмалар;

  2. Тест.

Бағалау оқушылардың бағдарламаның мазмұнының элементтерін меңгеру деңгейі өзіндік жұмыстар нәтижесімен,өзін-өзі бағалаудың жоғары көрсеткішіне мүмкіндік беретін қосымша бөліктегі шығармашылық сипаттағы тапсырмалардың орындау деңгейі тест тапсырмаларының нәтижесімен бағаланады.

Қолданылатын әдебиеттер тізімі:


Мұғалімдер үшін:
1. С.О.Сатыбалдиев, Қ.Қаңлыбаев «Геометрия есептерін шешу әдістемесі»
2. Қ.Қаңлыбаев «Геометриядан таңдамалы есептер»
3. « Геометрия», оқу құралы 9-10 сыныптар
4.Есептеулер жинақтары

Оқушылар үшін:



  1. Атанасян «Геометрия» оқу құралы 7-9 сыныптар

  2. Погарелов «Геометрия» оқу құралы 7-9 сыныптар

  3. «Геометрия» оқу құралы 9-10 сыныптар

  4. Есептеулер жинақтары

Үшбұрыш - ең қарапайым көпбұрыш, үш нүктеден, үш қабырғадан және үш бұрыштан тұрады немесе бір түзу бойында жатпайтын үш нүктені қосатын кесінділерді шектейтін жазықтық бөлігі.


Үшбұрыш'.
Үшбұрыштардың түрлері: тең қабырғалы , теңбүйірлі, сүйірбұрышты, тік бұрышты, доғал бұрышты.
Доғалбұрышты үшбұрыш - ішкі бір бұрышы доғал бұрыш болатын үшбұрыш.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет