Бесінші тақырып
Оқу мотивтері
Жоспары:
1. Оқу мотивтері туралы түсінік.
2. Оқу әрекеті мотивтерін қалыптастыру.
3. Оқуға мотивацияны арттыру шарттары.
3. Студенттерды оқуға ынталандыру.
1. Мотивтер /фр. motif, лат. moveo – қозғалтамын/ іс-әрекеттің түрткісі, олар субъектінің өмір сүру жағдайының әсерімен құрылады және оның белсенділігінің бағытталғандығын анықтайды. Мотив ролінде сұраныстары, қызығушылықтары, талпыныстары, эмоциялары, бағытталғандығы және мұраттары болып табылады. Бала мектепке келгенде мектепте болуға деген қызығушылықпен байланысты және қоғамдық өмірге белсенді қатыстырылу мотивтері онда басым болады. Өсе келе бұл мотивтер өзгеріске түседі: бір жағдайларда жақсы баға алуға деген қызығушылық пайда болады, екіншілерде білімнің өзіндік мазмұнына қызығушылық туады.
Себептендіру /мотив/ - баланы оқуға ұмтылдыратын күш. Студенттің оқу мотивтері – борыш сезімі, оқытушынен мақтау алу ниеті, жазалаудан қорқуы, ересектердің талабын орындау әдеті, танымдық қызығушылық, сыныпта өз орнын табуға деген ұмтылысы, ата-аналарды қуантуға ниеті, «бестік» бағасын алуға талпынысы, сыйлық алуға деген ұмтылысы.
Оқу іс-әрекетіне барынша сәйкес мотивтер – оқу-танымдық мотивтері. Студенттің оқу мотивтері оның тұлғасының бағытталғандығын, жетістіктері мен сәтсіздіктерін көбіне-көп анықтайды. Оқудың мотивтері оң болуы мүмкін /білімге деген ұмтылысы, жақсы баға алуға деген ниеті, ата-аналардың және оқытушыдердің ризашылығына ие болу, құрдастарының арасында сыйлы болу, мамандық алуға ұмтылысы, еңбекке талпынысы, Отанына пайдалы болу, сүйікті адамдарға ұқсас болу т.б./ бейтарап оқыту процесіне мәнді әсер етпейтін студенттің жеке өмірінің мотивтері/ теріс оқуға кедергі келтіретін, білімді меңгеру процесіне, мектепке оқу қызығушылығына зиянды әсер ететін мотивтер: оқуға деген ниеттің болмауы, оқу білімі, өзінің оқу еңбегін ұйымдастыра білмеуі, оқуда қалып қоюы, тәртіпсіздік, жолдастарының және ата-аналарының теріс әсері/ немесе осы үш түрі ұштасуы мүмкін.
2. Оқытушының міндеттері: оң мотивтерді дамыту және бекіту; бейтарап оқу мотивтеріне әсер етіп, оларды оң мотивтерге айналдыруға тырысу; теріс мотивтерді ең болмағанда бейтарап мотив деңгейіне түсіруге тырысу. Студентны дер кезінде сүйеп, өз күшіне сенімді орнықтыру қажет.
Оқудың оң мотивін дамытудың және қалыптастырудың негізі оқу іс-әрекеті, оқудағы танымдық қызығушылықты дамыту болып табылады. Балалардың өзін басқаруға, өзін-өзі тәрбиелеуге әлі тәжірибелері аз. Проблемдік жағдайларды жасау оқу сабағына қызықтылықты, білуге деген ұмтылысты береді. Оқуға оң қатынасты туғызу үшін қызықты практикалық сабақтарды, топсеруенді, бақылауларды қолдану керек. Оқытушының басқарушы ролі мынада: оқумен байланысты жүйе, қызығушылықтардың, ұмтылыстардың және ниеттердің үйлесімділігін жасау болады.
Мотивацияны қалыптастыру бағдарламаларының жалпы мәні оқытушының студенттерды оқуға деген саналы, жағымды, жауапкершілікпен қарау қатынасының деңгейіне көшіру, яғни студенттердің берілген білімнің өмірде пайдалылығына саналы түсінуі деп түсінген дұрыс.
Достарыңызбен бөлісу: |