Бүгінгі таңда дене тәрбиесімен спорт құралдары арқылы дағдылар меңгеру-әрбір жас жеткіншектің міндеті. Кез келген елдің болашағы оның халқының, соның ішінде, жастарының денсаулығы мен күш қуатына, тәрбиесіне байланысты



бет1/2
Дата06.01.2022
өлшемі59,22 Kb.
#12850
  1   2

Кіріспе

Бүгінгі таңда дене тәрбиесімен спорт құралдары арқылы дағдылар меңгеру-әрбір жас жеткіншектің міндеті. Кез келген елдің болашағы оның халқының, соның ішінде, жастарының денсаулығы мен күш қуатына, тәрбиесіне байланысты. Олай болса қазіргі мектеп оқушыларының денсаулығы елдің де, қоғамның да байлығы.

Дене тәрбиесі мен спорт – денсаулық кепілі. Оның құралдары арқылы адам бойына ізгілік, адамгершілік, ақыл-ой қасиеттерін қалыптастырады, денесін шынықтырып, бойына қуат, жігеріне күш-қайрат жинайды. Мүсін әдемілігін, қимыл құдыретін көркемдігін сезінеді. Онымен шұғылданушы тек денесін шынықтырып, жетілдіріп қана қоймай тұлғасын көріктендіріп бойына рухани байлық жинайды. Демек, адам оның әдемілік әлемі арқылы өзін тәрбиелейді. Нәтижеде адамның өмір сүруге деген құштарлығы артып, белсенді еңбек етуге құлшынады, өмір жасының ұзақ болуына кепілдік береді. Салауаттылыққа баулиды.

Адамның дене тәрбиесі және спортқа қатысу арқылы эстетикалық қанағат алуын, әдемілік этикеттерін қалыптастырады және жан-жақтылық тәрбиесін де қамтамасыз етер еді. Бұл жұмыстар тек науқанды немесе белгілі бір жас кезеңіне бағытталып жүйесі жүргізілуі тиіс. Дене тәрбиесінде спортта адамның қимыл, өмір дағдылары қалай қалыптасса адам бойындағы рухани, байлық, ізгі қасиеттер, жаман әдетке жиіркене қарау, жақсыға құлшыныс жасау да қатар қалыптасады.

Дені сау, іскер, көңілі ояу, шыныққан шымыр, бой тұлғасы, ой санасы, ізгі қасиеттермен сусындаған, рухани байлығы мол адамның болмыстары арқылы ғана әдемілік пен әсемдіктің, жақсылық пен ізгіліктің нағыз көріністерін көз алдымызға елесте алар едік.

Спорт – дене шынықтыру – дене тәрбиесі, құрылымы жағынан әртүрлі болғанымен мағынасы, мазмұны, мақсаты жағынан әдемілікті, әсемдікке тәрбиелеп баулитын көпқырлы күрделі қоғамдық құбылыс. Сондықтан да спорт өз құралдары арқылы спортшыны шынықтыру, сауықтыру бағытында эстетикалық ықпал да жасап отырады. Спорт өнері адамның күші мен қабілетін біріктіретін кең ауқымды шағармашылық жұмыс. Сол арқылы адам өзінің ізгі-қасиетін, күш-қуат мүмкіндігін, өзіне сенімін, ерік-жігерін анықтайды. Нәтижесінде рухани қанағат алады. Демек еңбексіз спорт – тұл. Еңбектің спорттан тыс қалуы мүмкін емес, өйткені спорт 99 пайыз еңбектенуден тұрады. Ендеше, еңбек арқылы келген спорт – адамға әсемдік, эстетикалық, көркемдік, сергектік қанағат әкеледі. Оның әсемдік құдіретін сезіне алады. Оның философиялық мәнін осы тұстан да байқауға болады.






Достарыңызбен бөлісу:
  1   2




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет