Би тоқсан жасқа келгенде Қаздауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме -дүкен құрып отырғанда: Қаздауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар



Дата06.01.2022
өлшемі17,07 Kb.
#11733

би тоқсан жасқа келгенде Қаздауысты Қазыбек сәлем бере барыпты. Елдің жақсылары, шешендері, ойшылдары жиналып, әңгіме –дүкен құрып отырғанда:


Қаздауысты Қазыбегім келді. Бәрің түгел жиналыңдар. Сендерге айтар он түрлі жұмбағым бар, соны шешіңдер, -дейді Төл би.

Айтыңыз, айтыңыз?

Айтсам он түрлі жұмбағым мынау: бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тоғыз,он.

Отырғандар таң тамаша болады.


Бұл не деген жұмбақ? Осындай да жұмбақ болады екен? –дейді отырғандар.

Төке, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз, -дейді Қаздауысты Қазыбек.

Рұқсат, рұқсат! –дейді Төле би.

Бір дегеніміз – бірлігі кеткен ел жаман.

Екі дегеніміз – егесіп өткен ер жаман.

Үш дегеніміз – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.

Төрт дегеніміз – төсектен безген жас жаман.

Бес дегеніміз – белсеніп шапқан жау жаман.

Алты дегеніміз –асқынып кеткен дерт жаман.

Жеті дегеніміз – жас келіншек жесір қалса, сол жаман.

Сегіз дегеніміз – серпілмеген қайғы жаман.

Тоғыз дегеніміз –торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.

Он дегеніміз –оңалмас кәрілікке дау болмас деген,- дейді Қаздауысты Қазыбек.

Рахмет, дәл тауып шештің. Ойы да, тілі де жүйрік тұлпарым, деп Төле би Қазыбекке разы болыпты.

Оңай сөз ғой "Отанды сүйем" деген,

Не тыңдырдын 'басымды иемменен"?

Оңай сөз ғой,құрбым-ау, оңай сөз ғой

"Отан үшін өлемін, күйем " деген


Өлім деген ерліктін қорегі ме?

Өлмей-ақ қой , бос сөздің керегі не?

...Егер отан сыңсыған орман болса,

Жапырақ боп жармасқын терегіне.


Самалы бол Отанның салқылдаған,

Сандуғаш бол,сайратсын алтын далаң.

Семсері бол Отанның қанабында,

Сертке ұстаса,селт етпей жалтылдаған.


Шетсіз, шексіз , қиырсыз ұлы дала

Шуақ болып шашылмай жылына ма?

Суй Отанды!

Шынымен сүйіп өт те,

Гүл боп қадал ойына,қырына да.
...Оңай сөз ғой "Отанды сүйем" деген,

Іс тынбайды "жанамын , күйемменен..."

Өгей әке емес қой Отан деген,

Отанды мен атамдай иемдемем

Әз Жәнібек ханның алпыс екі биі болған екен. Бір долы хан билеріне:«Дүниеде не өлмейді?» деп сұрақ қойғанда, алпыс бір биі бір ауыздан былай депті:

Ағын су өлмейді,

Асқар тау өлмейді.

Аспанда ай мен күн өлмейді,

Әлемде қара жер өлмейді.

Сонда Жиренше шешен бәріне қарсы шығып:

Ағын судың өлгені —

Алты ай қыста қатқаны.

Асқар таудың өлгені —

Басын бұлттың жапқаны.

Ай мен күннің өлгені —

Еңкейіп барып батқаны.

Қара жердің өлгені —

Қар астында жатқаны.

Ажал деген атқан оқ,

Бір алланың қақпаны.

Дүниеде не өлмейді?

Жақсының аты өлмейді,



Ғалымның хаты өлмейді, - дейді.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет