Биік таулардың жер бедері



бет1/5
Дата07.01.2022
өлшемі17,72 Kb.
#20549
  1   2   3   4   5

Биік таулардың жер бедері

Таулар дегеніміз жоғары биіктікке (8000м-ге және одан да жоғары) көтерілген, жер қыртысының қартпарлы және қатпарлы-жақпарлы құрылымдарымен күрделіленген, теңіз деңгейіне және қоршаған жазықтармен салыстырғанда биіктік көрсеткіштері өте жиі және күрт өзгеріп отыратын жер бетінің біршама көтеріңкі аймақтары. Таулардың ондаған, жүздеген және мыңдаған километрге дейін иіріліп созылып жатады. Өздері алып жатқан аймақтардың жалпылама аумағына орай тау сілемдері, таулы белдеу, таулы өлке, таулы жүйе, таулы алқап және таулы жота деген атулар арқылы дараланады. Таулардың пайда болуын қамтамасыз ететін бірден-бір шарт – жоғары бағытталған тектоникалық қозғалыстардың сол таулардың денудациялық процесіне қарағанда әлдеқайда қарқынды болуы. Таулар гипсометриялық өлшем бойынша аласа (1000м-ге дейін), орташа биік (1000-3000м) және биік (3000м-ден жоғары) тауларға бөлінеді. Биік тауларға Гималай, Памир, Кавказ, Тянь-Шань, Алтай, Альпі, Анды, Кордильеры және басқалар жатады.

Биік таулардың морфологиялық түрі нақты биіктігімен, қарқынды тілімденуімен, бедер пішіндерінің күрт өзгеруімен, үшкір басты шыңдармен және айдар тұрқылас жалдармен, құлама құздардың және мұздық әрекеті арқылы қалыптасқан пішіндердің көптігімен сипатталады; кейде альпілік бедер терминінің синонимі ретінде түсіндіріледі. Биік тауларда тік белдеулік, яғни климаттың, топырақтың, өсімдіктер мен жануарлардың биіктікке қарай біртіндеп алмасуы байқалады. Әсіресе Тянь-Шань мен Алтай сияқты биік тауларда табиғаттың ландшафт белдеулері белдеулері мен сатылы бедер айқын көрінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет