Биыл, 2021 жылы, еліміз Алаш баласының кеудесін шексіз қуанышқа бөлеген, сонау асқақ арманымызды ақиқат еткен, дербес мемлекет екенімізді əлемге жар сала жария қылған Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығына нық қадам басты



Дата18.10.2022
өлшемі18,39 Kb.
#43828

Биыл, 2021 жылы, еліміз Алаш баласының кеудесін шексіз қуанышқа бөлеген, сонау асқақ арманымызды ақиқат еткен, дербес мемлекет екенімізді əлемге жар сала жария қылған Тəуелсіздігіміздің 30 жылдығына нық қадам басты. Тарих үшін бұл уақыт зымырап өте шықса, көптеген халық үшін бұл азаттық жолындағы қиындықтар мен қуаныштардың, дағдарыстар мен көтерілістердің дәуірі болуы мүмкін. Біз де тура осы соқпақпен жүріп өттік. Тарихымызда көтерілістер мен құлдырау, жеңістер мен жеңілістер аз болған жоқ. Дәуір дағдарыстарын еңсере жүріп, елдігіміз шыңдала отыра, елдігіміз нығая түсті. Сан алуан сынақты басынан өткерген халқымыз тонның ішкі бауындай тұтаса түскендей.Өзге елде қалған қаракөз қандастарын атамекенге жинап, бауырына тартты. Елеулі бірталай елдермен ынтымақтастық орнатып, әлемге бейбіт бастамаларымен таныла түсті. Ұлы дала төрінде талай елді татулыққа шақырған алқалы жиындар мен келіссөздер өткізілді.
Осы уақыт аралығында халқымыздың ерікті санасы қалыптасып, егемен елдің жасампаз ұрпағы өркендеді. Қазақстан әлемде мерейлі де мәртебелі мемлекет ретінде орнығып қалыптасты. Әлбетте, осынау жылдар ішінде мақтануға лайықты, елімізді нығайтып, күллі әлемге паш етуге тұрарлық талай ауқымды іс-шаралар жасалды. Дегенмен, алар асу, бағындырар белес егемендігіміздің осы бір отыз жылымен шектеліп қана қоймайды. Оған жетудің, оны бағындырудың бастан өткерген тарихы, қазақ халқының көрген қасіреті бір белесінде тұрса, келесі белесінде азаттығымызды сақтап, оны келер ұрпақ үшін нығайту, бекіту ісінің тұрары даусыз. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» атты мақаласында оның қадірін ұға отырып, тәуелсіздікті сақтау жолындағы жасалу керек бағдар мен белестерді айқындай отыра көрсетіп берген болатын. Төтеннен келген тосын індетке қарсы күрес барысында халқымыздың өзгенің қайғысы деп бөлмейтін ізгілігі мен қайырымдылығы сынды қанында сінген қасиеттері айшықталып, жүрек бірлескен сәтте сейілмейтін қайғы, жеңілмейтін қиындық жоқ екендігін көрсетті. Азаттық жолында еңсесін тік көтерген қабырғалы халқымыз бұл кесел жайлаған кезеңнен де абыроймен өтеріне бек сенеміз. Басындағы егемендік атты бағын бағалай білетін ел ертеңі үшін жасалатын ерен ерліктерін еселей отырып, тек алға қарай қадам басады.
Президент мемлекетіміздің отыз жылда өткерген белестерін тізбектеп, олардың әрбірінің ел үшін атқарған қызметі сан ғасырлар жүгін арқалап келе жатқандығына зер салды. Бүгін татулығы салтанат құрған елдің биігінде, асқарлы асуында тұрмыз. Бүгінде Қазақстан дамудың жаңа даңғыл жолына түсіп, халық азаттығының сан ғасырлар бойғы армандарын жүзеге асыруды мақсат етеді. Тәуелсіздік – үш жүз жылға үзілген ұлттық бостандықты қалпына келтірген қазақ халқының ең қасиетті иелігі екені бәрімізге мәлім. Біздің парыз – алда тұрған төртінші он жылдықтың бізге, елге жүктейтін міндеті мен артар жүгі қуатты да кемеңгер елдің иесі және кемелді халқы деген атқа лайықты болу. Болашақта еліміздің өркендеп дамуына, алға нық қадам басу үшін білімді, белсенді, мәдениетті қоғам қажет. Еліміздің келешегі жастардың қолында, арман-мақсаты жүрегінде.

  • Сенсің менің ең ғажайып өлеңім,

Ең шуақты, ең шырайлы, ең шерлі!
Әр таңыңды сүйіншілеп тұрайын-
Құдай берген ғұмырымда өлшеулі! - деп ақын Қалқаман Сарин жырлаған тәуелсіздіктің тәтті таңына тамсанар қуанышты күндеріміз молая берсін. Тамыры тереңге жайылған, қанаты қияға самғаған егемендігіміздің ғұмыры ұзағынан болсын. Мемлекетіміз мәңгілік жасай берсін. Жүрегі елім деп соққан ер ұрпағы көбейсін.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет