Биыл еңселі еліміз үшін ерекше жыл



Pdf просмотр
бет3/3
Дата24.03.2017
өлшемі1 Mb.
1   2   3

Мəди ЖАСҰЛАНҰЛЫ.

Студенттік  шағын  есіне  алған 

əрбір  жан  таңды  таңға  ұрып 

естеліктер  айтуға  бар.  Өйткені,  ол 

жылдардың  еншісінде  махаббат  та, 

қиындық  та,  нағыз  оқимын  деген 

адам  үшін  ғылымға  барар  даңғыл 

жол да жатыр.  Ал, ең қызығы мен 

шыжығы  мол – жатақханада  бір 

жапырақ нанды бөліп жеген достар, 

таңнан таңға жалғасқан көңілді кеш-

тер, дипломдық, курстық жұмыстар 

нағыз  студенттік  өмірдің  белгілері 

болып  қалатын  дүниелер.  Мұндай 

қызықты  шақты  бастан  өткеру  де 

бір  үлкен  бақыт  екені  сөзсіз.  Ал, 

ол  уақытты,  ол  бақытты  кім  бол-

масын,  сондай  сағынышпен,  ерек-

ше көңіл-күймен тебірене еске ала-

ры  жəне  анық.  Бір  қуантарлығы, 

қазіргі  таңда  еліміздің  студенттері 

тек  арзан  ойын-күлкі  қуып,  жəй 

ғана білім алып жатқан жастар емес, 

қоғам жұмысына белсене араласып, 

болашақта білікті де, білімді маман 

болуға  даярланып  жүрген  сауатты 

қауым өкілдері десек қателеспейміз.

Осындай  сəн-салтанаты  мен 

мəн-мағынасы  мол  өмірдің  куəсін-

дей  болған  студенттердің  əр  күні 

ду-думандай  өтсе  де,  күнтізбеде 

белгіленген  арнаулы  мерекесі  де 

жоқ  емес.  Қоғамда  өзіндік  орны 

бар  олар  бұл  орайда  да  ескерусіз 

қалмады.  Себебі,  қарашаның 17-ші 

жұлдызы  халықаралық  студенттер 

мерекесі  деп  анықталып,  бұл  күнді 

жыл  сайын  мереке  иелері  ерекше 

атап  өтуді  дəстүрге  айналдырған. 

Дөңгеленген бұл датаны тойлау ая-

сында  жастардың  жеке  мерекелік 

отырысынан  бөлек,  жоғарғы  оқу 

орындарында  концерттік  кештер 

өтеді.  Өздерінің  ұйымдастыруымен 

университетте де ауқымы кең шара 

өтіп,  белсенділігімен  көзге  түскен 

үздік  студенттер  марапатталады. 

Осылайша  жоғары  деңгейде  тойла-

натын  мереке  мəртебесі  жыл  өткен 

сайын артып келеді.

Дегенмен,  бұл  атаулы  күннің 

шығу  тарихы  біз  ойлағандай 

қызыққа  толы  оқиға  емес.  Жал-

пы,  бұл  мейрамның  қалай  пай-

да  болғанынан  əлі  күнге  дейін 

көп  жұрт  бейхабар.  Ал,  тарих  ши-

майына  үңілсек, 1946 жылы 17 

қарашада  Прагада  өткен  чехиялық 

студент-патриоттардың  құрметіне 

орай    берілгендігін  ұғынамыз. 

Сөй тіп,  бүкілəлемдік  студенттер 

конгресінде  халықаралық  студент-

тер күні белгіленді. Осылайша, жа-

сымас  жігер,  қажымас  қайрат  пен 

жастық шақтың мерекесі – студент-

тер  күнінің  шығу  тарихы  Екінші 

Дүниежүзілік  соғыс  кезінде  Чехос-

ловакиядан бастау алған. Одан бері 

де талай уақыт керуені көшті. Атау-

лы күннің аты өзгермегенмен, заты, 

мазмұны өзгеріске ұшырады. Тари-

хы  қанды  оқиғамен  басталған  осы 

бір  мейрам  қазірде  əлемнің  түпкір-

түпкірінде  бар  сəн-салтанатымен 

аталып  өтіледі.  Əрбір  студент 

оны  есте  қаларлықтай  көңілді  етіп 

өткізгенді қалайды. Жəне солай бо-

лады  да.  Қалай  десек  те,  жігерлі 

жастардың 

мерейіне 

арналған 

бұл  күн  олар  тарапынан  атаусыз 

қалмайтыны анық. Өйткені, жастық 

қашанда  əн-жырдың,  көңілді  ду-

манның мекені.

Бағлан ТІЛЕУБЕРГЕНОВА.

ӨМІР-ӨЗЕН

Көңілі  дарқан  қазақ  халқы  қашанда  салт-дəстүрді  берік  ұстаған.  Ырым-тыйымға  бей-жəй 

қарамаған. Дастарқанынан дəмі, үйінен қонағы арылмаған. Бала кезімде «өкіл əке», «өкіл аға» 

деген сөзді жиі еститінмін. Бірақ, жастықтың əсерінен мəнін түсіне бермейтінмін. 

ӨКІЛДІҢ ЖОЛЫ АУЫР...

ҚАЗАҚ ДӘСТҮРІНІҢ ҚАСИЕТІ

Біздің  əулетте  Шолпан  апаға  ерекше  құрмет 

көрсетіледі.  Ол  əжемнің  туған  жеңгесі.  Үйге  келген 

сайын   үлкендер  жағы  оған  құрақ  ұшып,  аяғынан  тік 

тұрып  қызмет  жасайды.  Өйткені,  бұл  кісі  отбасының 

барлық баласының кіндік шешесі. 

КІНДІК ШЕШЕ 

КІНДІК ШЕШЕ 

Алланның  өлшеп  берген  ғұмыры  есте  қаларлық  қызықты 

кезеңдерге, қайталанбас сəттерге толы. Ондағы əрбір минут қымбат, 

əрбір сағат қадірлі. Осындай қызығы мен  шыжығы қатар жүретін адам-

зат баласының ең бір қайталанбас, əсем шағы – студенттік жылдары. 

Оған талас жоқ. Себебі, бар балалықты артқа тастап, жаңа кезеңге, 

студенттік өмірге қадам басу – əрбір жан үшін үлкен белес. Жалпы, 

студент атану – нағыз қайнаған өмір-майданында шынығумен пара-

пар десек артық айтқандық емес. Ата-ананың қамқорынан жырақта, 

бірде бар, бірде жоқ тақ-тұқ жатақханадағы өмір, жаңа достар,  жаңа 

орта  ауылдан  арманына  қанат  байлап,  білім  қуып  келген  жасты 

болаттай  шынықтырары сөзсіз. Өзін ғана емес, өзгені, өмірді тануға 

арналған уақыт десе болғандай. Ал, осы бір қайталанбас шақты əркім 

өзінше жырлайды, өзінше толғайды, өзінше сағынышпен еске алады. 

Ондағы сезім бір бөлек.

ҚЫЗЫҒЫ МЕН 

ҚЫЗЫҒЫ МЕН 

ШЫЖЫҒЫ 

ШЫЖЫҒЫ 


МОЛ ЖЫЛДАР

МОЛ ЖЫЛДАР



ҚАЙНАҒАН 

СУМЕН 

ЕМДЕЛІҢІЗ 

Қарапайым қайнаған 

судың негізгі пайдасы – ағзаны 

тазалауында жатыр. Су - іш 

қатуды емдеп, буындардағы 

жəне басқа да мүшелердегі артық 

тұздарды, бүйрек пен бауырдағы 

тастар мен шлактарды 

шығарады. 

Қайнаған  су  ішуді  бас тағаннан 

кейін бірнеше күн өткен соң буындар-

да, бүйректе ауырсыну, зəрдің түсінің 

өзгеруі  байқалады.  Қорықпаңыз!  Бұл 

–  ағзаңызда  оң  үдерістердің  жүріп 

жат қандығының белгісі. 

Қолдану тəртібі: 

Қайнаған  суды  таңғы  астан 30 

минут  бұрын  аз  ғана  мөлшерде 

ішіңіз.  Оны  асықпай  ішу  керек.  Су 

ішекті  «оятады»,   оның  жұмысқа 

кірісуіне  себеп  болады,  қалтарыс-

бұлтарыстарында  іркілген  қажетсіз 

заттарды сыртқа ығыстырады. 

Аталған 


қарапайым 

рə сімді 

бар-жоғы  алты  ай  уақытқа  дейін 

орындасаңыз  жетіп  жатыр.  Бұл 

уақытта  денеңіз  артық  майлардан 

арылып, дене сымбаты қалпына келіп, 

белгілі  бір  жүйеге  түседі.  Омыртқа 

жотасындағы  ауру-сыр қау лар  жоға-

лып, икемге келе бас тайды. 

Асыңыз 


дұрыс 

қорытыл май, 

ішіңіз кеуіп жатса, тамақтан кейін де 

қайнаған су ішкеніңіз дұрыс.



БІРІНШІ БАЙЛЫҚ

НАЗАР

Қазекең  «Он  үште  отау  иесі»  дейді.  Бұлай  текке  айтылмаған.  Қашанда  отба-

сын  құрып,  ұрпағымен  мың  жасауды  қалайтын  халықтың  ұрпағы  бүгінде  емеспіз  бе? 

Алайда,  қазіргі жасы келсе де сүрбойдақ атанып жүргендер көбейіп барады. Елімізде 

соңғы уақытта олардың қатары артқаны ойлантады. 

СҮРБОЙДАҚ...

СҮРБОЙДАҚ...

СЕМІЗДІК 

ТАЛҒАМСЫЗ ТАМАҚТАНУДАН ШЫҒАДЫ

Сайлау Шəріп, 

33 жаста:

–  Отбасын  құру  оңай 

шаруа 

емес. 

Жауап-

кершілігі көп. Сондықтан 

өміріңді  мəнді  өткізу 

үшін  жұбыңның  сенің 

көңілінді  таба  білетін, 

ақылды  болғаны  дұрыс. 

Өз  дегенімен  жүргізгісі 

келіп, күйеуін басынатын 

келіншектер  бар.  Ондай 

отбасында  береке  бол-

майды.  Сол  үшін  өзімді 

сыйлайтын,  жөнсіз  қы-

лығы  жоқ,  алған  тəр-

биесі 

мықты 

қызды 

таңдаймын.

Манат, 28 жаста:

–  Шынымды  айт-

сам,  тұрақты  жұмысым 

жоқ.  Тұрмыс  жағдайым 

да  айтарлықтай  кере-

мет  емес.  Көп  балалы 

отбасынанмын. 

Ата-

анаммен  бірге  тұрамын. 

Отбасын  құрсам  бөлек 

шығуыма тура келеді. Ол 

үшін  жұмысың  не  ақшаң 

болуы  қажет. Күнделікті 

тапқан  қаражат  еш-

теңеге  жетпейді.  Біз 

сияқты  жігітке  қыздар 

менсінбей қарайды. Осын-

дай  себептермен   сүр-

бойдақ  атанып  жүрмін. 

Бірақ,  Алла  бұйырт са 

өз  теңімді  табарыма 

сенімдімін. 

Айдана СЕЙІЛ.

Қызылорда қаласының əкімдігі жəне қалалық мəслихат еңбек ардагері, журналист-жазушы 



Шайхислам Серікбаевтың  

қайтыс болуына байланысты отбасына қайғысына ортақтасып, көңіл айтады.



ÀҚÌÅزÒ

àïòàëûғû

4

¹89   15 ҚÀÐÀØÀ, 2016 ÆÛË

Ò²Ðز˲Ê

Меншiк иесi:

жауапкершiлiгi

шектеулi серiктестiгi

Бас директор

Аманжол ОҢҒАРБАЕВ

Қызылорда қалалық «Ақмешіт

апталығы» газетінің редакциясы

Бас редактор

Əділжан ҮМБЕТ

Телефондар:

Бас директор - 70-00-36

Бас редактор - 40-01-09

Қабылдау бөлімесі - 70-00-37

Бас редактордың орынбасары - 40-11-10 

Жауапты хатшы, бөлімдер - 40-11-10

Газеттің негізін қалаған Əділхан БƏЙМЕН

Мекен-жайымыз: 120008, Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі, 4. Т.Жүргенов атындағы Шығармашылық үйі.  

 

Нөмірдің кезекші редакторы Ақмарал ОЛЖАБАЕВА.



Газет Қазақстан Республикасы Байланыс жəне ақпарат 

агенттігінде 11.07.2014 жылы қайта тіркеліп, №14459-Г куəлігі берілген.

«Ақмешiт апталығы» қалалық газеті ҚР СТ ИСО 9001-2009 «Сапа менеджменті жүйесі» талаптарына 

сəйкес сертификатталған.

Аптасына 2 рет, сейсенбі, сенбі күндері шығады.

Жарияланған материалдардағы пікірлер редакция көзқарасымен сəйкес келе бермейтіндігі, деректер 

мен мəліметтердің нақтылығына автордың, хабарландыру иесінің жауапты екендігі ескертіледі.

Газет редакцияның компьютер орталығында теріліп, 

беттеліп,«Сыр медиа» ЖШС 

баспаханасында басылды.  Тел: 8(7242) 40-06-68

Газеттің  таралымы бойынша  70-14-08 телефонына 

хабарласуға болады.

Қызылорда қаласы, Бейбарыс Сұлтан көшесі 4.

Таралымы 4611         Тапсырыс №1384

syr-media.kz

aqmeshit-aptalygy.kz

ҚЫСҚА-НҰСҚА

СЕЗIМ

–  Медициналық  сақтандыру 

дəрігер  жазып  берген  дəрілерге 

жұмсалған 

шығынның 

орнын 

тол тырады  ма  жəне  қандай  ауру-

лар100 пайыздық өтеледі?

– Мемлекет қазіргі кезде халыққа 

ұсынылатын  тегін  дəрілік  заттардың 

тізімін  анықтады.  МƏлМС  пакеті 

шеңберінде  осы  тізбе  тек  сақталып 

қана  қоймай,  сондай-ақ  бірқатар  по-

зициялар  бойынша  кеңейтіледі  жəне 

жақсартылады. 



–  ММС  жүйесінде  сақтанды-

рылған  адам  республикадан  тыс 

жерде тегін емделе алады ма?

–  Жоқ.  Медициналық  сақтандыру 

қоры  тек  Қазақстан  Республикасында 

көр сетілген медициналық қызметтерге 

ғана төленеді.  

–  Жұмыс  беруші  ƏлМСҚ-қа 

мен  үшін  салым  төлейтіні  туралы 

өз бетінше қалай білуіме болады?

–  Егер  ғаламторға  кіруге  мүм-

кіндігіңіз  болса,  онда  Сіз,  Ме-

ди циналық  сақтандыру  қорынан 

сақтандыру  салымдарының  ауда-

рылуы  туралы  ақпаратты  авто-

матты  түрде  жеке  электрондық 

поштаңызға  ала  аласыз  неме-

се  жеке  мəліметтеріңізді  көрсете 

отырып,   Қорға  ресми  түрде  сұрау 

жібере аласыз.  

Егер  ғаламторға  кіруге  мүм-

кіндігіңіз болмаса, онда Медициналық 

сақтандыру қорындағы салымдар ту-

ралы Сіз бекітілген емханаға, МЗТО, 

ХҚҚО,  аумақтық  жұмыспен  қамту 

орталықтарына  хабарласып  білуге 

болады


–  Егер  мен  өзін-өзі  нəтижесіз 

жұ мыс пен  қамтығандарға  жат-

сам, менде уақытша табыстар бол-

са  жəне  мен  жұмыс сыз  ретінде 

тіркелмеген  болсам,  онда  мен 

ƏлМСҚ-қа  салымдар  аударуға 

тиіспін бе, егер ия болса, онда қай-

дан  жəне  қанша  пайыз  аудару 

керек? 

– Егер Сіз өзін-өзі жұмыспен қам-

тығандар  санатына  жатсаңыз,  онда 

2020  жылға  дейін  Сізге  жоспарлық 

госпитализациялаудан  басқа  меди-

циналық  көмектің  барлық  пакеті 

ұсынылады. 

Біз  Сізге  жеке  кəсіпкер  ретінде 

тіркелуді  жəне  мəлімдеген  табыс-

тан  аударымдар  жасауға,  немесе – 

жұмысқа орналасу немесе жұмыссыз 

мəртебесін  алу  үшін  жұмыспен 

қамту  органдарына  жүгінуді,  не-

месе – сондай-ақ  өз  бетінше  екінші 

деңгейдегі  банктер  арқылы  ƏлМСҚ-

қа МЖА-ның 2 пайызы көлемінде ау-

дарымдар жасауды ұсынамыз. 

–  Жұмыс  орнын  ауыстыру 

кезінде,  жаңа  жұмысқа  ауысқанға 

дейін менде 1-2 ай үзіліс болды, сол 

уақыттарда  МƏлМС  шең беріндегі 

медициналық  қызметтер  пакеті 

жұмыс істейді ме?

– 

Ұсынылатын 



нормалар 

бойынша   соңғы  салым  жасалған 

айдан  бастап 3 айдың  ішінде 

МƏлМС-те медициналық көмекке 

құқық  сақталады,  сонымен  бірге 

3  айға  жасалатын  салымдар-

ды  төлеу  міндеттемесі  (қарыз) 

сақталады.



– Жеке зертханаға жүгінген кез-

де медициналық сақтандыру қоры 

менің анализ тапсыруға жұмсалған 

шығыстарымды төлейді ме?

–  Қор  зертхананың  қызметтерін 

тікелей 

төлемейді. 

Бірақ, 

егер 


зертхананың  емханамен  жасалған 

келісімшарты  болса,  ал  емхананың 

медициналық  сақтандыру  қорымен 

жасалған  шарты  болса,  олар  Сізге 

тегін болады.

– Адам сақтандырылғаны тура-

лы қалай білуге болады?

–  Егер  Сіз  жұмыскер  болсаңыз, 

онда 

заңнамаға 



сəйкес 

жұмыс 


беруші  ай  сайын,   келесі  есепті 

айдың 15-жұлдызынан  кешіктірмей 

Сізге  есептелген  (ұсталған)  жəне 

аударылған  салымдар  жəне  (немесе) 

жарналар  туралы  мəліметті  ұсынуға 

міндетті.  Сондай-ақ,  бұл  ақпаратты 

Қордың  бөлімшелерінен,  МЗТО, 

ХҚҚО, e-gov порталында  жəне  Сіз 

бекітілген емханаларда тексеруге бо-

лады.


–  Қай  уақыттан  бастап  адам 

МƏлМС 

жүйесінде 

сақтан ды-

рылған  болып   есептеледі – еңбек 

шартын  жасаған  кезде  ме,  əлде 

жұмыс  беруші  бірінші  салымды 

аударған кезінде ме?

–  Медициналық  сақтандыру  қо-

рына  салымды  аударған  сəттен 

бастап. 


РЕСЕЙ 

МҰСЫЛМАНДАРҒА 

АРНАЛҒАН ТЕЛЕФОН

Ресейдің  смартфон  өндіру-

ші зауыты мұсылман халқына 

арналған  арнайы  телефон-

ды  таныстырды.  Бұл  туралы 

islam.kz хабарлайды. 

Өзге 


смарт 

телефонда-

рынан 

ол 


ерекше 

дизай-


нымен  көзге  түседі – теле-

фон  қалыбы  шығыстық  араб 

стилімен  əрленген,  ал  экран 

бетіне  қойылатын  тақырыптық 

көрнекі  суреттер  мұсылманша 

үлгіде.  Жаңа  смартфон  намаз  

уақытының 

кіруінен 

хабар  

беретін 


қоңыраумен 

жаб-


дықталған.

Намаз уақытын аппарат теле-

фон  иесінің  тұрғылықты  жеріне 

қарай  өзі  анықтайды.  Сонымен 

қатар,  жақын  маңдағы  мешіттер 

мен  халал  мейрамхана  мекен-

жайларын  көрсететін  қосымша 

да қамтылған.

Телефон  жадында  Құран 

Кəрімнің  мəтіндік  жəне  аудио 

форматтағы  түрлері  бар.  Ал  те-

лефон  иесі  кез  келген  аятты 

Email, Facebook немесе Twitter 

əлеуметтік желісі арқылы жіберу 

мүмкіндігіне ие.

ӨЗГЕ ПЛАНЕТАЛЫҚ 

БЕЙНЕЛЕНГЕН ТИЫН 

Тиынның  бір  жақ  бетін-

де  келбеті  адамдікіне  ұқса-

майтын,  шашы  жоқ  жан,  ал 

екінші  бетінде  көркі  көз  той-

дыратын ұшатын аппарат бей-

неленген.

Табылған  жəдігердің  айна-

ласында  дау  туды.  Кейбіреулер 

мұны  Людовик  ХІV  дəуірінде 

Францияда  шығарылған  тиын 

десе,  енді  біреулер  Америкада 

жасалған  «тиынтектес  бұйым» 

деп  болжауда.  Анықталғандай, 

дəл осыған ұқсас тиындарды ар-

найы сайттан тапсырыс беріп, са-

тып алуға болады.

Интернет материалдары 

негізінде дайындалды.

100 


100 сұрақ

сұрақ – 


 – 

100 


100 жауап

жауап


Қазіргі 

таңда 

міндетті 

əлеуметтік 

медициналық  сақтандырудың  міндеттері  

мен мақсаттарын халық арасында түсіндіру 

жұмыстары өзекті болып отыр. Осыған орай, тақырыптың 

маңыздылығын  ескере  отырып,  басылым  бетінде «100 

сұрақ – 100 жауап»  арнайы  айдары  ашылып,  онда 

міндетті  əлеуметтік  медициналық  сақтандыруға  қатысты 

сұрақтарға жауап берілетін болады.

ҚАЗЫНА

Серіктің 

артында 

қалған 


асыл  мұрасын  жинақтап,  баспаға 

əзірлеп  дайындаған,  мəдениет 

саласының  ардагері,  сөз  қасиетін 

бағалай  білетін  азамат  Қабдеш 

Шағыров.  Сыр  сүлейлерінің  соң-

ғы  сарқыншағындай  болған  аза-

маттың аталмыш туындының тілі 

өте  шұрайлы,  қарапайым,  өлең-

дерінде əсте де жалғандық жоқ. 

«Сал құлақ, сары абзалдың 

лебізіне,

Нағыз ер тартпай қоймас 

негізіне.

Тартынбай тəуекелдің туын 

алып,

Қиялды 


жырдың 

салдым 


теңізіне» – деп  өлеңнің  шалқар 

айдынында  ол    ойын  еркін 

жүздіріп, жырдың ақ желкенін еш 

қымсынбай,  тайсалмай  көтерді. 

Қолына ақ домбыра алып шаршы 

топқа түскенде ақ алмас жырымен 

өмірдің  шындығын,  халықтың 

мұңы  мен  жоғын  сүлейлер  ізімен 

жеткізе  білді.  Алқалы  айтыста 

шындықты  жырлап,  қаумалаған 

көрерменін шекер сөзімен баурай 

түсті. 


«Атақты Тұрмағамбет, Омар, 

Оңғар, 


Халқына сый ғып тартқан 

шебер тілін. 

Кең ойлы кемеңгерлер көргені 

көп,


Ауырсынбай  арқалаған  елдің 

жүгін» – деп  Серікте  еш  тартын-

бай  елдің  сенімі  мен  жүгін  ау-

ырсынбай  иығына  алып,  бір  аза-

маттай  көтерді.  Ел  жолында  тер 

төгіп,  еңбек  еткендерді  жалын-

ды  жырларына  қосып,  оларға  ру-

хани күш беріп, жігерлерін жаны-

ды, намыстарын қайрады. Осылай 

қарапайым  еңбек  адамдарының 

ажарын  ашып,  абыройын  асыр-

ды,  елге  мақтан  етіп,  мəртебесін 

биіктетті. 

«Жыр етіп туған жерге 

табынамын,

Жанатын кезі болар бағым əлі.

Ардагер еңбек ерін айтар 

болсам,


Елімнен талайлары 

табылады» – 

деп  ел  мерейін  көтере  білген  ол 

республикалық  айтыстың  сахна 

төрінен  Сыр  өңірінің  еңбек  май-

талмандарын  азаматтық  биік-

тікпен  жырлады. Ел мен халыққа 

бас ие отырып, бірлік пен тірлікті 

жырына  арқау  етті.  Қарапайым 

халықтың  еңбегін  жалпақ  жұртқа 

өнеге  мен  үлгі  етті.  Ал,  елдің 

көлеңкелі  тұстарын  ұтқыр  ойы-

мен  қырнамай,  тырнамай  жоғары 

жаққа  шеберлікпен  жеткізе  білді. 

Оның  ақындығының  шеберлігі, 

тілінің  уыттылығы  осында  болса 

керек. 

Бір сəт сезімге ерік беріп, түннің 



бір уағында қолына қалам алып ару 

жырдың бұрымын өрді. Аялай оты-

рып өмірді аялауға, сүйе білуге, ар-

ман ете білуге, қиындықпен күресе 

білуге ша қырады.

«Өмір деген ауыр жол сезесің 

бе?

Қиындыққа кездессек төзесің 



бе?

Бақыт үшін алысып, 

арпалысып,

Кездескен кедергіні жеңесің 

бе?» – 

деп  нəзік  оймен  адам  жанын 



қайрай түседі.

«Сағыныш деген бір сезім,

Ойнайды менің қанымда.

Жыр оқуды аңсаймын,

Отырып сенің жаныңда» – деп 

сезім  иіріміне  жетелеп,  кімді  де 

болмасын сүңгітіп жібереді. 

Жаны 


нəзіктікті 

аңсаған, 

өлеңі  сыршыл  Серіктің  жыр-

ларын  оқыған  сайын  құныға, 

құмыға  түсесің.  Оның  кез  кел-

ген  шығармаларында  қарапайым 

қара өлеңнің қазақы табиғаты мен 

астарлы  өрнегі жатыр. Ақынның 

«Томағалы тұйғын» кітабы оқыр-

манға осынысымен қымбат.

Биыл  айтыскер  ақын  Серік 

Өтеуов  тірі  болғанда 60 жасқа 

келіп,  елмен  қуанышын  бөлісер 

еді.  Көптен  бері  одан  көз  жазып 

қалған  көпшілік,  оның  жырлары-

мен табысуда. Өнер саласының жа-

нашыры,  кезінде  онымен  əріптес 

болған ағасы Қабдеш Шағыровқа 

Серіктің  барлық  ауылдастары 

өз  ризашылықтарын  жеткізуде. 

Өйткені,  суырып  салма  ақынның 

6 сағаттан асатын айтыстары мен 

жыр-толғауларының  дискісін  жи-

нақтап  жарыққа  шығарған  осы 

Қабдеш ағасы екенін де ел-жұртқа 

айта  кетуді  жөн  көрдік.  Мұны 

естіген  артындағы  ауылдаста-

ры мен ағайындары «Өлең болып 

ортаға  оралды  Серік  ақын»  деп 

қуану  үстінде.  Ал,  марқұм  Серік 

Өтеуовтың  жыр  жинағы  бүгінгі 

ұрпақ  үшін  рухани  байлығы  мол 

дүние десек болады.

Кенжалы ЕРІМБЕТОВ. 

«Кісі  елінде  күркірегенше,  өз  еліңде 

дүркіре», «Жат  жердің  қаршығасынан,  өз 

еліңнің қарғасы артық» деп қазақ халқы туған 

жердің  қадірін  жас  ұрпақ  бойына,  сана сына 

сіңіруді  бала  кезден-ақ  қолға  алған.  Тіпті, 

дүниеден  өтіп  бара  жатқанда  қариялар  туған 

жердің  топырағы  бұйырғанын  қалайды. 

Осыдан-ақ,  кіндік  қанымыз  тамған  жерге 

деген   ыстық  ықыластың,  ерекше  құрметтің 

бар  екенін  байқауымызға  болады.  Қазақта 

«кіндік қаны тамған жер» деген ұлы сөз бар. 

Міне, сол жер əр адам баласының туып-өскен 

өлкесі, мəңгілік жерұйығы болып  есептеледі.

«Туған  жердің  топырағы  жұмсақ,  ауасы  

шипа»  деп  халқымыз  бекер  айтпаса  керек. 

Ерекше таза ауа сын  бір сəт бар болмысыңмен 

рахаттана  жұтсаң  болғаны  бар  дертіңнен 

лезде  айығып,  қаланың  күйбең-тіршілігін 

ұмытып, өмірге жаңа келгендей күйге түсесің. 

Туған  жер  дегенде  бойыңды  бір  тəтті  сезім 

билеп,  оған  деген  ыстық  сағыныштың  оя-

натыны  сөзсіз.  Өз  құшағында  аялап  өсірген 

Жер бетіндегі барлық жан-жануар да өз туып 

өскен жерін аңсап, сағынатын көрінеді. Шыр 

етіп  дүниеге  есігін  ашқан  өңір,  адам  баласы 

үшін    қашанда  ыстық  болатыны  сөзсіз.  Оған 

деген  құрмет  пен  сағыныш  та  əрқашан  ерек-

ше болмақ.

Халқымызда  «Туған  жердің  қадірін 

шетте  жүрсең  білерсің»  деген  тəмсіл  бар. 

Бүгінде атажұртқа орала алмай жырақта  өмір 

сүру  маңдайына  жазылған  қандастарымыз 

қаншама?!  Өз  елінің  бір  уыс  топырағына 

зар  болып,  шетте  жүрген  бауырларымызды 

көргенде, атамекеннің қадірін олардан артық 

ешкім білмейді-ау деген ойға келесің. Расын-

да,  адамзатқа  туған  жердің  қара  топырағы 

бұйырмаудан асқан қасірет жоқ.   

О, Туған жер! Қадіріңді кім білген,

Мен қырыңнан теруші едім бүлдірген.

Сенде өткізген артық екен бір күнім,

Басқа жерде той тойлаған мың күннен..., – 

деп жырлаған ақын Т.Молдағалиев сияқты 

өз  туған  өлкесін  өлеңге  қоспаған  ақын, 

сағынышын  жазбаған  жазушы  жоқ  шығар 

сірə! 

Бірақ,  қазіргі  кезде  көп  қалталы  қыз-



келіншектеріміз елімізде емес, шет елде боса-

нуды  жөн  санайды.  Олардың  бар  айтар   сыл-

тауы «баланың дүниеге дені сау болып келуі 

үшін, таза табиғатты таңдадық» дейді. Бірақ, 

ертең бала өсіп, менің туған жерім қайда десе 

ше,  қалай  жауап  береді?  Ұрпақтың  бойында 

атамекенге деген құрмет болмаса, ол ұрпақтың 

болашағы  бұлыңғыр  дей  бер.  Сондықтан 

еліміздің ертеңін жалғар ұрпағымыз, өз туып 

өскен елін құрметтеп, ұмытпаса  екен дейміз. 



Қасен КАРАМАТ.

Республикаға  белгілі  айтыскер  ақын,  жыршы-термеші  бүкілодақтық  халық  шығармашылығы 

фестивалінің  лауреаты,  марқұм  Серік  Өтеуовтің  «Томағалы  тұйғын»  атты  жыр  жинағы  баспадан 

жарыққа шығып, көпшіліктің қолына тиді. Оның ақ нөсер жырын аңсаған, сағынған жұртшылық атал-

мыш туындыны қолына алғанда, Серіктің сұлу да сырлы өлең жолдарын қайта-қайта оқып, айтыстың 

ақтаңгер ақынымен қайта табысқандай əсерде болды. Аталмыш жыр кітапқа оның арнаулары мен 

толғаулары, лирикалық өлеңдері мен əртүрлі деңгейдегі айтыстары топтастырылған.

ҚÈßËÄÛ ÆÛÐÄÛҢ 

ÑÀËҒÀÍ ÒÅҢІÇІÍÅ

Екі топқа бөлінген командалар ал-

дымен  жартылай  финалдық  жолда-

ма  үшін  тартысты.  Бірінші  топтағы 

«Қазақстан-Қызылорда», «Баспасөз 

қызметі», «Меншікті  тілшілер»  жəне 

«Өскен  өңір»  командалары  өзара 

ойын өткізді. Мұнда облыстық телеар-

на жігіттері барлығынан басым түсіп, 

қажетті  ұпайды  еншіледі.  Ал  келесі 

айналымға  өтетін  екінші  мүмкіндік 

«Меншікті  тілшілерге»  бұйырды. 

Екінші  топтағы  бəскелестік  те  оңай 

болмады. «Сыр  Медиа»  ұжымы  үш 

команданың  екеуінен  басым  түсіп, 

біреуімен  тең  есеп  тіркеді.  Осылай-

ша  өз  ортасынан  озық  шықты.  Одан 

кейін  «Жаңақорған  тынысы»  коман-

дасы 4 ұпаймен үздіктердің қатарына 

қосылды.  Ал  «Жас  тілшілер»  мен 

«Қоғам ТВ» командаларына жарысты 

ерте аяқтауға тура келді. 

Екі топтың жүйріктері анықталған 

соң финал үшін таласар сəт туды. Ал-

дымен  «Сыр  Медиа»  мен  «Меншікті 

тілшілер» қарсылас атанды. Əдепкіде 

3:1  есебімен  бірінші  команда  басым  

түсіп  жатқан  еді.  Ойын  өрнегіне 

қарап финалдық жолдаманың иесі кім 

екені де анықталғандай көрінген. Де-

генмен,  үздіксіз  тартыс  «Меншікті 

тілшілердің»  басымдығына  алып 

кел ді.  Алдыңғы  көрсеткіш 3:5 болып 

өзгерді.  Ал «Қазақстан-Қызылорда» 

мен  «Жаңақорған  тынысы»  команда-

лары  арасындағы  ойында  облыстық 

телеарна  жігіттері  мықтылығын  та-

нытты. Олар қос таймда жауапсыз екі 

гол соғып, финалға жолдама алды. 

Ақтық  сайыстағы  кездесуде  «Қа-

зақстан-Қызылорда»  жігіттерінің  ме-

рейі  үстем  болды.  Осылайша  олар  ау-

дан əкімінің кубогін иеленді. Облыстық 

телеарна  жігіттерінен  айласын  асыра 

алмаған  «Меншікті  тілшілер»  екінші 

орынды  қанағат  тұтты.  Ал  үшінші 

орынға  «Сыр  Медиа»  ұжымы  табан 

тіреді. Олар жаңа қорғандық команданы 

4:0 есебімен тізе бүктірді.

Жарыс  соңында  Шиелі  ауда-

ны  əкімінің  орынбасары  Алмасбек 

Есмаханов   жеңімпаздарды құттықтап, 

кубокты  табыс  етті.  Сонымен  бірге, 

«Үздік қақпашы», «Үздік қорғаушы», 

«Үздік ойыншы» номинацияларының 

иелеріне  алғыс  хаттар  мен  сыйақы 

берілді. Бұл доп додасы енді дəстүрлі 

түрде өткізіліп тұрмақ.



Мəди ҚҰРМАНƏЛІ.         

ДОДА

Тəуелсіздіктің 25 жылдығына орай Шиелі ауданы əкімдігі БАҚ өкілдері арасында 

кіші футболдан жарыс өткізді. Оған облыстағы телеарналар мен мерзімді басылым-

дардан 8 команда қатысып,  кубокті сарапқа салды.

ШИЕЛІДЕГІ ЖУРНАЛИСТЕР БӘСЕКЕСІ

ТУҒАН 

ТУҒАН 

ЖЕРДІҢ 

ЖЕРДІҢ 

ҚАДІРІ

ҚАДІРІ

Əрбір  адам  алдымен  Ананы  қастерлей  білуі  керек.  Ана  алақанының 

жылуын ештеңе алмастыра алмайды. Ана – үйдің берекесі, қыз баланың 

өнегесі. Мұхаммед Пайғамбарымыздың хадистерінде «Əуелі Анаңа, тағы 

да Анаңа, содан соң əкеңе жақсылық жаса» делінген. «Егер атаң мен анаң 

бір мезгілде үн қатса, əуелі анаңа жауап бер» деген ұлағатты сөз бар. Мен 

ата-анамды қадірлеп қастерлеймін.

Тамаша өмір ғана анаң барда,

Ананың ақ сүтінен нəр алағанда.

Тыныштық орнайтұғын айналаңа,

Мейірім мен тəрбие сен алғанда.

Зарина ҒАЛЫМЖАНҚЫЗЫ,

№235 қазақ орта мектебінің оқушысы.

АНА ҚАДІРІ



Каталог: wp-content -> uploads -> 2016
2016 -> Сайын мұратбеков
2016 -> Мектептің педагогикалық тақырыбы: Оқу және тәрбие қызметіндегі білікті
2016 -> Арнаулы бiлiм министрлiгi
2016 -> Филология кафедрасы
2016 -> «Европа және Америка елдерінің қазіргі заман тарихы» пәнінен
2016 -> Бірінші межелік бақлауға арналған тапсырма
2016 -> Пәннің мақсаты мен міндеттері
2016 -> Ә. Е. Жұмабаева, М. Н. Оспанбекова Алматы «Атамұра» 2016
2016 -> «Тарихты оқыту әдістемесі» пәні бойынша дәрістер конспекті Тақырып№1: Кіріспе


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет