Бижан бижан Ж.Қ. Павлодар, 2015


Кадрде  ҚР Жоғарғы  Кеңесінің және  Министрлер  Кеңесінің



жүктеу 30.18 Mb.
Pdf просмотр
бет16/45
Дата29.12.2016
өлшемі30.18 Mb.
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45

Кадрде  ҚР Жоғарғы  Кеңесінің және  Министрлер  Кеңесінің 

үйінде  өтіп  жатқан  сессияның жұмысынан  көрініс,  Павлодар 

облысынан сайланған депутаттар және басқалары, стенд-ап. 

Біздің  Павлодар  студиясының  шығармашылық тобы  ҚР Жоғарғы 

Кеңесінің VIII сессиясы мәжілісінің үшінші күнінде келдік.

Бейнесюжет,  депутаттардың  қаралатын  мәселе  бойын­

ша  дайындалу,  сөз  алу  сәттері,  кадрден  тыс  репортер. 

Жастайынан  сез дарып,  бақ қонған Теле биге бапа  күнінде:  «Сөз 

апасың  ба,  без  апасың  ба?»,  -  деп  түсінде  аян  беріліпті.  Сонда 

Теле би: «Сөз аламын», -  деп ояныпты деген үлағатта даналыққа 

бастау  болатын  қасиетті  ой  бәріңізге  белгілі.  Халық депутаттары 

Теле  би  заманындағыдай  шырғапаңы  мен  шамырқануы  жиі 

қазіргі  заманның  да  сынынан  өтіп,  болаттай  суарылғандығын 

танытты.  Олар  сөз  жарыстыруда  ақыл-парасатқа  сүйеніп,  бірін- 

бірі  тосқауылдап,  мүқият  тыңдап,  сессияның  күн  тәрітібіндегі 

мәселелерді қапт жібермей іс-әрекет жасауда.

Сессияның  үшінші  күнгі  таңертеңгі  мәжілісінде  қаралған 

«Көшіп  келу»  туралы  заң  жобасын  баяндаған  халық  дептутаты, 

академик  Салық  Зиманов  сөзін  аяқгасымен  сүрақтар  тұс-тұстан 

қарша  борады.  Қоныс  аударушыларға  қандай  қүқықтар  беріледі, 

жаппай  қуғын-сүргіндерге  үшырағандарды  қалай  қабылдаймыз, 

оларды  қалай  атаймыз,  оралмандар,  яғни  репатриантар  деген 

сездерді  қалай  түсінеміз?  Салық  Зиманов  бүл  сауалдарға 

тиісінше нақты жауап қайтарды. Көшіп келушілер -  олар Қазақстан 

Республикасына уақытша немесе түрақты түруға келген шетелдік


р   немесе  азаматтығы  жоқ  адам  болып  табылатын  жеке  түлға. 

Сондай-ақ,  кешіп  келу  -   шетелдікгердің  немесе  азаматтығы 

жоқ  адамдардың  уақытша  немесе  түрақты  тұру  үшін  Қазақстан 

Республикасына  келу.  Ал  репатрианттар  немесе  орапмандар 

деген ұғым да Заң жобасында бар.  Репатрианттар (оралмандар -  

олар жаппай қуғын-сүргін кергендер, күштеп ұжымдастыру кезінде 

тарихи Отанынан тысқары жерге қуылғандар. Оларға Қазақстанда 

тұтақгы  тұру  мақсатымен  ерікті  түрде  қоныс  аудару  қүқығы 

беріледі.

Кадрде  репортер.  «Асыра  сілтеу  болмасын,  аша  түяқ 

қалмасын»,  -   деген  ектемдігі  ерден  домалатқан  үранмен  іске 

асырылған  ұжымдастыру,  қолдан  жасалған  аштық  сияқгы 

зобапаң  кезеңде  шет жерге  шығып  кеткен  қандастарымызды  ата 

қоныстарына  оралуларына  мүмкіндік  беретін  осы  Заң жобасына 

байланысты  халық  депутаттары  өздерінің  пікірлерін  айтып, 

кешіктірмей қабыладу жөнніде ұсыныстарын жасады.

СНХ.  Кадрде  халық депутаты  Қайыржан  Шәбенов.  Көшіп 

келушілерге  керсетілетін  жәрдемақы  туралы  айтсақ  Қазақстанда 

әрбір отбасына 2  мың сом,  әр адамға 500 сом болса,  Ресейде әр 

отбасына  76  мың сом,  әр  адамға  15  мың сомнан  беріпіп жүр.  Ал 

қабылдайық деп  отрыған  Заң жобасының  12-ші  бабында  садақа 

деген  сез  бар.  Қазақстандықгардың  көрсетіп  отырғаны  шынында 

жәрдем  емес садақа болып отыр.  Халқымызда  «жылу» деген  сез 

бар.  Ол -  жағдайы төмендерге көмек беру арқылы жүрек жылуын 

үсыну  деген  уғым.  Сондықтан,  садақа  сөзін  жылу  деген  сезбен 

ауыстыру  керек.  Сонымен  бірге,  берілетін  жәрдем  қаржының

мөлшерін кебейту жен болар.

Кадрде  репортер.  «Сум  сипап  отырып  шымшиды»,  — 

дегендей  Заңды  қабылауға  асықпауды  ұсынған  хапық депуттары 

да  сез  алды.  Салық  Зиманов:  «Бүл  Заң  Тәуелсіз  мемлекеттің 

тел Заңы», -  деп дұрыс айтады.  «Қазақстан тәуелсіздік алғанына 

небары 5 ай  12 күн өтті.  Сондықтан,  Қазақстан  менімше, тәуелсіз 

де,  еркениетті  де  елдер  қатарына  әлі  жете  қойған  жоқ»,  -   деді 

қырсығы басым ойларға бейімделіп апған Солтүстік Қазақстандық 

халық депутаты,  «Казахсанская правда»  газетінің меншікті тілшісі 

Козлов.  Ол  ойын  одан  әрі  жалғастырып,  қазірдің  өзінде  менің 

жерлестерім,  Омбы  қаласының  тұрғындарымен  үй  айырбастап 

көшіп жатыр, -  деп жаны ашығансыған кейіп білдірді. Осыдан кейін



G jC * 

Бижан Ж, Қ.

Ои толқыны (I белім)

ол шімірікпестен осы Заң жобасы қыркүйек айының бірінен күшіне 

енетін  болса,  жаңағы  үй  айырбастауға  кіріскендердің  жағдайы 

өте  темендеуі  мүмкін  деп  мәселені  майлы  шектей  айналдыруға 

шамасы  келмеген өз үрейін да жасыра алмады.

«Су  ішкен  қүдығыңа түкір  ме», -  деген  мақал  орыс халқында 

да  бар  емес  пе,  олай  болса,  халықтың  қамын  ойлайтын  осы 

парламент  мүшесі  өзін  асқақтатып  жүрген  күштің  қайдан  қылаң 

бергенін,  мұның  да  сарқылатын  кезі  болатыны  есіне  түсіріп, 

тәубәға келетін күні болатын шығар деп ойлаймыз.



СНХ.  Кадрде  хаЛық депутаты,  академик Салық Зиманов. 

Бүл  Заң  жобасын  қабылдауға  асығыстық  жасамаған,  әрине, 

жен.  Бірақ,  тым  созып  жіберуге  болмайды.  Заңды  Қазақтаннан 

тыс  жердегі  адамдар  зарыға  күтуде.  Оралмандардың  шығынсыз 

көші-қонына  себеп  болатындай  жағдайлар  жасауымыз  керек. 

Мысалы,  Моңғолиядан  келетін  қазақтарды  Иркутск  арқылы 

жүргізіп  сандалтпай,  Шығыс  Қазақстандағы  Марқакөл  тұсындағы 

шекараны 

ашып, 

олардың 


дүние-мүлкін 

сатып, 


Моңғол 

Үкімет  банкісі  мен  Қазақстан  банкісі  арқылы  иелеріне  қайтару 

мәселесін  шешу  қажет  шығар.  Өздеріңізге  белгілі  Қазақстан 

әлемдік  қауымдастыққа  тәуелсіз  біртүтас  мемлекет  ретінде 

енді.  «Қазақстан  Республикасының  Мемлекеттік  тәуелсіздігі 

туралы»  Конституциялық  заңында  Республикадағы  кеші-қон 

үдерісі  туралы  маңызды  қағида  бар.  Атап  айтқанда,  Заңның 

7-бабында: «Қазақстан Республикасы көші-қон процестерін реттеп 

отырады»,  -  деп жазылған.  Сондықтан,  қаралып  отырған  мәселе 

әлемдік деңгейдегі мәні зор құжат болып шығуы тиіс.



Кадрде  репортер.  Бүл  мәселеде  нәтижелі  жүмысқа  қол 

жеткізу  үшін  ҚР  Еңбек  министрлігі  мен  ҚР  Ауыл  шаруашылығы 

министрлігінде  айнапысатын  белімдер  негізінде  Министрлер 

Кабинеті  жанынан  көші-қон  комитетін  құру  жөніндегі  халық 

депутаты Әбіш Кекілбаевтың үсынсын көпшілік халық депутаттары 

қолдады.


Халық  депутаттарының  басым  көпшілігі  жоғарыда  айтқа- 

нымыздай 

Қазақстанда 

демократиялық, 

зиялы 

мемлекет 



қүрудың  қамына  белсене  кіріскен.  Апайда,  «Біреуге  мап  қайғы, 

біреуге  жан  қайғы»,  -   деген  шақта  еңбекақыларын  ала  алмай 

жүрген  мүғапімдер,  медицина  қызметкерлерінің  екілдері  халық 

депутаттарынан  кемек  болар-ау  деген  үмітпен  Парламент  үйінің



К

161


Я

Бижан Ж. К.

депутаттары келіп

мәселенің  сессия  мәжілістерінде  қарлағанын  айтып,  сабырлыққа 

шақырды. 

.... v;.

«Көшіп  келу»  Заң  жобасы  туралы  пікірін  айтуын  өтініп,  біз 

халық  депутаты  Сабыр  Жапарханулы  Әбдіқаевқа  микрофон 

үсындық.


СНХ.  Кадрде  Сабыр  Әбдіқаев.  «Ерліктің  шарты  -   өзіңе 

сену», -  деген хапқымыздың дана сөзі бар. Алдымен, кешегі Кеңес 

дәуірінде қуғынға тусіп, еріксіз кешіп кетуге мәжбур боғандардың 

қамы жасалғаны жөн. Ол ардың жәрдемақысын жеткілікті деңгейде 

белгілеудің  маңызы  бар,  көпшілігі  отбасыларымен  туыстарымен 

бірігіп  келеді  ғой.  Сондықтан,  олардың  қоныстанатын  жерлерін 

белгілеп,  тілдік  қатынастарды  ескеріп,  қай  тілді  біле  қоймайды, 

соған көңіл бөліп, үйрету қажет. Біз, әрине, ауыл шаруашылығында 

істеген,  тәжірибесі  бар  адамдарды  қабылдауға  басымдық 

береміз.  Бірақ,  жалпы  шектеу  қойлымайды.  Ал  бугінгі  қаралған 

«Көшіп  келу»  Заң  жобасын  сағыздай  созбай,  тиянақтаған  соң, 

кешіктірмей  қабылдау дурыс.

Кадрде  репортер.  Дау  жоқта  ақылшы  болмай,  дау  көбейді- 

ау деген  шақта ақылшы бола білген Семей облысында сайланған 

халық депутаты  Княгинин  қарапып  отырған  осы  Заң жобасының 

кешіктірілмей қабылдануының маңызына тоқталды.  Қазақ халқы -  

Кеңес  Одағының  ужымдастыру  жумысын  қысқа  мерзімде  жүзеге 

асыруға  талаптанған  әрекеттерінен  көп  зардап  шеккен  халық. 

Семейдегі  менің  достарым,  көршіперім  бул  зулмат  туралы  көп 

оқиғапарды умытқан жоқ. Олардың көпшілігініңтуыстары сол кезде 

еріксіз  шетелге,  Қытайға  өтіп  кетуге  мәжбүр  болды.  Сондықган, 

халықтың 

көші-қон 

барысындағы 

қоғамдық 

қатынастарды 

реттейтін,  бүл  мәселеде  адамдардың  қуқықгық,  экономикалық 

және әлеуметтікжағдайын анықгайтын Заңжобасына байланысты 

бүгін халық депутаттарының жасаған усыныстары  мен түзетулері 

кешіктірілмей  енгізіліп,  сессияның  бекітуіне  қайта  усынылсын 

деген ой түйінін айтып,  мәселенің толайын келтірді.

Сессия барысындағы жөнсіз пікірлерге абыржып қапған халық 

депутаттары  Княгиннің сөзінен  кейін жүздері жадырап қалды. Заң 

жобасы  бойынша  осындай  пікірді  көпшілік  депутаттар  қуптап, 

толықтырып  бір  аптадан  кейін  қайта  талқылап,  бекітуге  дауыс 

берді.


Ой толқыны (I бөлім)

Құрметті  теледидар  керермендері,  осымен  репортажымыз 

аяқталды.  Бүгінгі  мәселеге  орай  пікірлеріңіз  болса,  қазақ  бас

54

хош сау болыңыздар.



Режиссері Нурлан Жолдасов 

Режиссердің көмекшісі Күлтай Әбішева

Операторы Виктор. Бутэрус

1992 ж.

•kirk


«Кешіп  келу  туралы»  Заң  ҚР Жоғарғы  Кеңесінің  1992  жылғы 

26 маусымдағы келесі сессиясында қабылданды. Заң қағидалары 

туралы  1992  жылғы  қыркүйек  айының  соңы  мен  қазан  айының 

басында  Алматы  қаласында  тұңғыш  рет  өткен  дүниежүзінің  13 

елінен келген қазақтардың қүрылтайында түсіндірме жасалды.


Ғ

 

ПРЕМЬЕР ПАВЛОДАРДА 

(репортаж)

Кадрде  әуежай  алаңы,  стенд-ап.  Құрметті  теледидар 

керермендері,  сәлеметсіздер ме! Қыркүйектің  16-шы жұлдызында 

Павлодар  әуежайына  ҚР  Премьер-Министріне  қызмет  көрсететін 

АН-24 ұшағы келіп  қонды.  Күздің сол күнгі мамыражай қоңыр кеші 

мейманды да,  оны  қарсы  алуға  келген  облыс басшыларының да 

көңілін бір сергітіп тастады.



Премьер-Министрге  қызмет  ететін  АН-24 

ұшағының 

әуежайға  қону  және  Премьер-Министрдің  ұшақ  сатысынан 

түсіп  келе  жатқан  сәті,  кадрден  тыс  репортер.  Сергей 

Александрович  Терещенко  мырза  павлодарлықтармен  жүздесіп, 

сәлемдескен  соң:  «Міне,  мен  жақсы  ауа  райын  алып  келдім»,  -  

деп  ішкі  көңіл  күйін  ірке  алмады.  Премьер-Министрді  қарсы 

алуға  қатыстырылған  Павлодардағы  республикалық  екі  газеттің 

тілшілері мен жергілікті БАҚ журнапистері атынан «Казахстанская 

правда»  газетінің  меншікгі  тілшісі  В.  Горбуновтың:  «Сіздің  келу 

мақсатыңыз қандай еді?», -  деген сауалына ол ақжарылды.  «Ішкі 

және  сыртқы  экономикалық  қатынастардың  қауырт  шағында  бул 

сапарды  кейінге  қалдырсаңыз  қайтеді?»,  -  деген  ҚР  Президент! 

Нүрсүлтан  Әбішүлының  ұсынысына  сіздерге  келемін  деген 

уәдемді орындауға орай ресми уәж айтып, келіп түрмын деп жауап 

қайтарды.  Қазіргі  нарықтық  қатынастың  кең  epic  ала  бастаған 

кезінде  Павлодардағы  мүнай  өңдеу  зауытының  жағдайымен 

танысып,  оның  өндіріс  көлемін  үлғайту  және  облыстың  басқа 

өндірістік қуатын білгеніміз дүрыс болар деп ойлауынан Премьер- 

Министрдің  хапқымыздың  «Өзінің  парқын  білген,  езгенің  нарқын 

біледі», -  деген нақыл сөзіне сай келетін түйін екендігі байқалады. 

Сергей  Александрович  езінің  бүл  сапарының бір  тәулік  екендігін 

де осы әуежайда түрған кезінде айтты.



Кадрде  Павлодар  қаласындағы  наубайхана,  кадрлен тыс 

репортер.  Ертеңінде,  қыркүйектің  17-ші  жүлдызында  Премьер- 

Министр  тәтті  нан  пісіріп,  көпшіліктің  назарына  іліккен  Германия 

жабдықтауымен  өндірілетін  неміс  халқының  өкілдері  қызмет 

істейтін  наубайханаға  аялдап,  олардың  жүмыс  технологиясымен 

танысты.  Мұнда  көп  кешікпей  Лермонтов  көшесіндегі  Павлодар 

«Арай» жиТіаз бірлестігінің «Әсем» атты фирмалық дүкеніне келді.

f e C  

Бижан Ж. Қ.


с

шығаратынжәнеЮгославияның«Югодрево»фирмасыменбірлесіп 

шығарған  демалыс  бұрышы,  асхана,  төр  бөлмеге  қойылатын 

жиТіаздардың түр-түрімен таныстырды.  «Бағалары 60 мыңнан 200 

мың сомға дейін жететін  бұл жиҒіаздар мұражайдың жәдігеріндей 

тұрып  қалмай  ма?»,  — деп  сұрады  Сергей  Александрович.  Оған 

Марат  Назарбекұлы:  «Бул  нарық  қой,  бүларды  дайындауға 

жумсалған  қаржының  мөлшері  де  тым  қымбат»,  -   деп  жауап 

қайтарды.  Сергей Александрович оған:  «Эрине,  солай,  бірақ,  бұл 

тауарлар  кепшіліктің'игілігіне  жарауы  үшін  белгілі  бір  мерзімде 

өтей  алатындай  несиеге  беру  ретінде  сату  жолын  қарастыру 

керек», -  деген үсыныс жасады.

Павлодар  жиГіаз  қызметкерлерінің  кәсіби  шеберліктерінің 

нәтижесінде енімді жоғары сапада шығаратындығы республикадан 

тыс жерлерге мәлім екендігі ресми мейманға белгілі. Ол бірлестіктің 

жасап жүрген әлеуметтік жағдайындағы  әңгімеге қызыға қанықты. 

Осыған  орай  Премьер-Министрдің  айтар  пікірі  көп  болғанымен 

уақыт тапшылығы мүмкіндік бермеді.

Кадрде трактор кұрастыру алаңы,  кадрден ты с репортер. 

Премьер-Министр  мен  оның  қасындағы  облыс  әкімшілігінің 

басшысы  Асығат  Әсиүлы  Жабағин  және  облыстық  кенестің 

төрағасы  Борис  Васильевич  Исаев  бастаған  облыс  басшылары 

өңірдегі  жұмыссыздар  саны  кебейіп  келе  жатқан  ірі  өндірістің 

бірі  -   Павлодар  трактор  зауыты  концерніне  ат  басын  бұрды. 

Мұндағы  көлемі  165  мың  шаршы  метр  алаң  қазір  Американың, 

Германияның,  Жапонияның  машина  жасаушы  бизнесмендерінің 

бүйірлерінде  жүр.  Премьер-Министр  де  осы  алаңды  өз  көзімен 

тағы  да  бір  керіп,  қандай  түйін  жасауды  ойластырғысы  келді. 

Әзірге қысқа түйін:  мүнда автокөлік құрастыруға болады.

Концерннің 

қиын 

да 


күрделі 

участогы 

шойын 

құю 


цехымен  танысқан  Сергей  Александрович  жұмысшылардан 

жапақыларының мөлшерін сұрады. Бұл ретте концерн басшылары 

кеңіл толатындай ештеңе айта апмады. Жүмысшылардың орташа 

еңбекақысы  4  мың  сомнан  аспаса,  қазіргі  нарық жағдайында  кім 

қуана  қояр  екен.  Кәсіпорынның  бүгінгі  таңда  көпшілік  мүддесін 

өтейтін участоктардың бірі -  жеке шаруа қожалығының енімдері -  

шағын  трактор жасау  алаңы.  Бүл  участок  республика  көлемінде 

l   ғана  емес,  тәуелсіз  мемлекеттер  достастығы  елдерінің  жеке 



л

165

С 

Ой толқыны (I бөлім)

Бірлестіктің  бас  директоры  Шүкімов  Марат  Назарбекұлы  өздері



Бижан Ж. Қ.

шаруа  қожайындарын да қызықгырып отыр. Таяуда Сібірде өткен 

жәрмеңкеде оның жоғары баға алуы осының айғағы.

Кадрде_«Арман»_кір_жуатын_машина_цехы,_кадрден'>Кадрде  «Арман»  кір  жуатын  машина  цехы,  кадрден 

ты с  репортер.  Ауысымында  300-ден  астам  шағын  «Арман» 

кір  жуатын  машинасын  шығаратын  участок  қызметкерлері  де

сапалы


Александровичке

белгіленген  12.00  дана  «Арман»  кір  жуатын  машиансын  жасап, 

оның жоғары сураныста екендігін ризалықпен жеткізді.

Ауа  райының күрт өзгерісі,  құбылысы түнерген  қою қара булт

Премьер-Министрдіңжүмыскестесіндегібелгіленгенуақыттарынан

тыс  жедел  іс  жасауға  мәжбүр  етті.  Сондықган,  ол  трактор 

конвейерімен  жүре  танысуға  мәжбүр  болды.  «¥лық  болсаң  кішік 

бол»,  -  дегендей  Сергей Александрович  Терещенко  конвейердің 

оң-солына  жақындап  келе  жатқан  трактор  жасаушыларды  көріп, 

аялдап,  тілектерін  сұрап  еді,  олар  ештеңе  айта  қоймады.  Бәлкім 

Премьер-Министрдің  жүмыс  кестесімен  алдын  ала  танысқан 

болар.  Халық түтынатын  тауарлар  шығаруды  молайтудың басты 

жолы  меншіктің  саналуан  болуы  керектігін  өмір  дәлелдеп  отыр. 

Мемлекеттік меншікті жекешелендіру, акционерлік қоғам, өндірістік

мәселелері

Кадрде

ның  сыртқы  көрінісі  және  жұмыс  алаңы,  кадрден  тыс 

репортер.  «Пульс»  акционерлік  кәсіпорны  қазір  Щвециямен 

тікелей  экономикалық  қарым-қатынас  жасап,  ендірісін  ерістетіп 

келеді.  Премьер-Министр  енді  осы  кәсіпорынның  енімдерімен 

танысты.  Линолеум  жасаудың  жаңа  технологиясын  толық 

меңгерген  кәсіпорын  жүмысшылары  бүл  күнде  линолеумның

түр-түрін

Александрович

сапасы  мен  әдемілігімен  кез  тартатын  «Интерпульс»  цехы 

шығаратын  тұс  қағаздарының  сапасына  ерекше  кеңіл  белді.  Бүл 

енімді  Алматыдағы  қонақ  үйлер  де,  жеке  тұрғын  үй  иелері  де

қызыға алатынына риза болды.

Кадрде  Павлодар  мұнай  өңдеу  зауытының  сыртқы 

көрінісі  және  цех  ішіндегі  еңбек  қарбаласы,  кадрден  тыс 

репортер.  Премьер-Министр  Павлодар  мүнай  еңдеу  зауытының

қызметкерлерімен, 

мамандары 

және 


жұмысшыларымен

әңгімелесті.  Олар  мәртебелі  мейманға  жанар-жағар  май  тапшы-



О Й   ТО Л КЫ Н Ы   ( I  б ө л ім )

f?  лығынан  құтылу  үшін  бір  жыл  ішінде  ЛК-6  қондырғысын  іске 

қосудағы қиындықтарды санамалап, оны жеңу жолында мемлекет

басшыларының кемегі қажеттігін баяндады.



Кадрде  Павлодар  мұнай  өңдеу  зауыты  ауласының 

фонында  репортер.  Премьер-Министрдің  ендігі  бағыты  -

жүиесі


жүйе

аумағын  қамтиды. 

Ресми 

мейманды 



Павлодар  аудандық 

суландыру  жүйесінің  қызметкерлері  жэне  мамандары  мен  аудан 

басшылары  канал  басталатын  Ертіс  өзенінің  жағасында  қарсы 

алып,  канал  жүйесімен  таныстырды.  Сергей  Александрович 

ауыл  шаруашылығы  мәселелерін  жетік  білетіндігін  және  өзінің 

зеректігін  осы  тұста  айқын  көрсетті.  «Еңбек  -   адамның  көркі, 

адам  -   заманның  керкі»,  — дегендей  Сергей  Александровичтің 

Премьер-Министрлік лауазымға өзінің көп оқып,  көп еңбекгенуінің

нәтижесінде жеткендігін аңғардық.

Кадрде  Павлодар  ауданының  Черноярк  совхозының

жеміс  өсіру  алаңы,  кадрден  тыс  репортер.  Чернорецк

совхозының  басшылары  голландиялық  технологиямен  өсірген

түста

Жиналғандар



кетті

айтатын  шығар деп  ойлағаны  анық.  Бірақ,  ол жаңа технологияны 

керуді жен көрді. Премьер-Министрдің кортежі егіс алаңы бойымен 

жылжып келеді. Сергей Александрович жұмыстың жоғары сапада 

орындалатындығына  ден  қойды.  Осыдан  кейін  шаруашыпық 

басшылары 

мен 

егіншілеріне  жиналған 



енімді 

ысырапқа 

ұшыратпай, тұтынушыларға тезірек жеткізуге тілектестік білдірді.

Кадрде 

репортер. 

Құрметті  теледидар  көрермендері, 

Премьер-Министр  Сергей  Александрович  Терещенконың  ел 

ырысын  молайту  үмітінен  бастау  алған  тәуліктік  сапары  осымен 

аякгалды.  Келесі керіскенше, хош, cay болыңыздар.

Режиссері Үмітжан Сәдуова 

Режиссердің көмекшісі Күлтай Әбішева

Операторы Виталий Иклатый

1992 ж.


г

САПАР ОҢ БОЛСЫН! 

(репортаж)

Бижан Ж. К.

Кадрде Павлодар әуежаи  алаңы,  оны  қарсы  алуға  келген 

ресми  делегаттар  мен  облыс  журналистерінің  әбігер  сәттері 

көрсетіледі.  Стенд-ап. Ақпанның айбынды  аязы  мен үскірік желі 

әлі саябырламаған шағы 2 наурызда ҚР Премьер-Министрі Сергей 

Александрович Терещенко Павлодар облысына іс сапармен келді.

Кадрде репортер және  әуежай  алаңының жалпы  көрінісі, 

облыс  басш ыларының 

Премьер-Министрді  қарсы  алуға 

келген  кездесу  сәті.  Премьер-Министрдің  Алматыдан  қашан 

ұшып шығатыны туралы хабарды біліп отырсақ та мынадай  қатты 

боранда  кешігуі  мүмкін  ғой  деген  алаң  көңіл  жағдайда  тұрдық. 

Осындай  алмасып жатқан  ойларды  іштей  бір де  қоштап,  енді  бір 

де  қоштасып  шығарып  салып  тұрғанда  Премьер-Министрдің  ақ 

ұшағының төбемізден даусы естіліп, бір сергіп қапдық.

Сергей  Александрович  шырайлы  қауышудан  кейін,  түтеген 

боранда  ұшақтың  аман-есен  қонғанына  қуанышын  жасыра 

апмай:  «Әуе райына кім жауап  береді», -  дел облыс әкімі Даниял 

Кенжетайүлы Ахметов бастаған облыстың ресми қызметкерлеріне 

әзіл  айтты.  Осыдан  кейін  облыс  журналистері  Премьер- 

Министрге таяу  келіп,  сапар  барысында  қозғалатын  мәселелерге 

байланысты сауалдарын қойды. Екі күндікжүмысжоспарын жария 

етті де жұмысты  апдымен  Екібастүз  ауданының «Достық»  шошқа 

бордақылау кешенінен бастайтынын мәлімдеді.

Кадрде  жол  бойынан  көрініс.  Сергей  Александрович 

бастаған  топ  Павлодар  -   Екібастұз  тас  жолына  түсті.  Боран  әлі 

толассыз  үдей  түсті.  Табиғат  қыспағы  жургізушілер  үшін  нарық 

қыспағынан  да  қиын  болса  да  жүру  тәсілдерінің  саналуан  түрін 

меңгерген,  білікті  кәсіби  шебер жүргізушілер жолға тез  икемделіп 

апды.  Минут  сайын  екпіндей  түскен  бораннан  үйілген  ақ  қар 

басқан тайғақ жолда жүру,  біз үшін  қыл  көпірден  өткендей  болып 

отыр.  Ал  нарық  қыспағына  шаруашылық  адамдары  икемделді 

ме,  жоқ  па,  қазір  кереміз.  Шошқа  бордақылаушылардың  жүздері 

жарқын. Шошқа қорапары жылы, жем-шөбі мол. Премьер-Министр 

жағдайдың  жақсылығын  керіп,  жұрттың  ынымақты  жүмыстарына 

табыс тіледі.  Шаруашылық басшылары мен жүмысшылардан ауа


р   райының жағдайына  орай  бөгелмей  сапарды  әрі  жапғастырудың 

қажеттігін айтып, тағы да жолға шықты.



Каталог: fulltext -> transactions
transactions -> Гуианигарлық серия серия I'уманитирпых паүк 31 (574. 25) Семей облысы, павлодар уезіне
transactions -> Гшһңр Ц£ңсиі о л ж й з й л й р ы н 0й іы иийлі
transactions -> Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрліп
transactions -> Б. Бурамбаева терісі бағалы аңдарды
transactions -> К14 Л. К. Казангапова
transactions -> Оқулық қазақ тілді аудиторияға ағылшын тілін өз бе тінше үйренуге, тілдік курстарға жэне жоғары оқу орындары
transactions -> Казақ тілі терминдерінің салалық гылыми түсіндірме создіктерінің топтамасы Қазақстан
transactions -> Г. Ж. Жапекова архапкалык, мэаенпет
transactions -> Шшт • ~ п т І і І ■ п І ж І г І м І м ш ивякпИіях н
transactions -> С. Меңлібаева, А. Ж. Мұратбек, Қ.Қ. Жолдасова «Проекциялық сызба» бөлімі бойынша семестрлік жұмыстарды орындауға арналған оқу құралы Адматы 2003


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   45


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет