Билет №1 Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы



бет1/48
Дата20.02.2023
өлшемі1,23 Mb.
#69605
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48

Билет жауаптары
Билет №1
1.Шет тілін оқыту әдістемесінің басқа ғылымдармен байланысы
Әдістеме педагогика ғылымымен, психология, лингвистика ғылымдарымен тығыз байланысты. Педагогика жас ұрпақты оқыту және тәрбиелеу жөніндегі ғылым. Педагогика ғылымында оқыту және және оның әдістері негізгі қағида болып табылады. Шет тілін оқытуды үйрену үшін педагогиканы білу шарт. Педагогика оқытудың негізгі жолдарын зерттейді. Әдістер дидактиктердің айтуы бойынша, белгілі бір тақырыпты оқытудың жолдары. Шет тілін оқыту дегеніміз – оқушыда тыңдау, сөйлеу, оқу және жазу дағдысымен біліктілік қалыптастыру. Психология ғылымы әдістемеге көп көмек көрсетеді. Шет тілін үйренуде ана тілінің орны мен оның шет тілін үйрену кезеңдеріндегі қызметі, әр түрлі дағды мен біліктілік түрлерінің сәйкес келуі, жаңа тақырыпқа арналыған әдістер мен тәсілдерді таңдай білу т.б. психология ғылымының негіздерін білу қажет. Лингвистика ғылымымен тығыз бйланысты, себебі лигвистиканың негізгі проблемалары тіл мен ойлау, грамматика мен сөздік т.б. әдістемеге де қатысы бар. Әдістемеде лингвистика ғылымының оқу материалын іріктедегі зерттеулері негізге алынады. Пәнаралық байланыс екі бағытта іске асырылады: Шет тілінің орыс тілі және қазақ тілі грамматикасымен ұқсас жақтары және айырмашылықтары түсіндіріледі. Оқушыларға тарихқа, жағрафияға, әдебиетке, еңбекке қатысты мағлұматтары бар мәтінде ағылшын тілінде беріліп оқытылады. Осының нәтижесінде сабақта оқушылар аталған пәндерге қатысты материалдарды ағылшын тілінде сапалы түрде ұғып, сөздерді қатесіз айтуға, сауатты жазуға үйренеді. Ағылшын пәні өзге пәдермен тығыз байланысты, сондықтан оқытушылар өзара байланыстыра өткізуге қолайлы тақырыптарды алдын-ала іріктеп, анықтап алады. Өйткені екінші тілді үйретуде жүргізілетін сөйлеу әрекеті тіл пәнін басқа пәндер- мен байланыстыруда үлкен қызмет атқарады. Пәндердің бір-бірімен байланысы төмендегідей ағылшын тілі, ағылшын әдебиеті пәнімен мәтіндер арқылы байланыстырылады. Мұнда сабақ сайын өткізілетін көркем тіл мен жазылған оқу материалдары (әңгіме, ертегі, мақал-мәтелдер т.б.) оқушының лексикалық сөздік қорларын молайтып, тілдің грамматикалық құрылымын жетілдіреді, байланыстырып сөйлеуге дағдыландырады. Көркем шығармалар мазмұнындаға ұлттық дәстүр, салт-сана, тәлім-тәрбиені сипаттайтын материалдарды ағылшын тілі сабақтарында дидактикалық матиериал ретінде пайдаланылады. Ағылшын тілі, қазақ тілі және орыс тілі пәндері өзара тығыз болып келеді, бірлікте өткізіледі. Ағылшын тілінің дыбыстық жүйесі мен орыс тілінің дыбыстық жүйесі, септік жалғауларының кейбір ұқсастықтары да айтылады. Сондай-ақ, оқушы өзінің үйренген сөздерін ағылшынша айтып, сөздік қорын байытып, тіл байлығын арттырады, ауызша сөйлеу тілі дамиды, тілдік білімі жетіледі, оқығанын, түсінгенін ағылшынша айту дағдысы қалыптасады. Ағылшын тілі мен дүниетану пәндері арасында адам мен қоршаған орта, табиғат, өсімдіктер, жануарлар, аңдар, туған ауыл еңбектері, мамандық, халықтар достығы туралы әңгіме, ертегі, мақал, жұмбақ, жаңылтпаш ағылшын тілінде оқылып, түсінгендерін ағылшынша айтатын болады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет