Билет N. 1 Жауап



бет1/7
Дата17.12.2022
өлшемі34,8 Kb.
#57739
  1   2   3   4   5   6   7

Емтихан
Билет N.1 Жауап
1.Бухгалтерлік есеп (есеп жүргізу ретінде) дүниежүзіндегі кез келген бухгалтерияның іс жүзіндегі қызметінің мәніп айқындап, бағалауға мүмкіндік береді. Қоғамның дамуы барысында бухгалтерлер үш міндетті шешеді:
— есепті барынша ақпаратты, әрі дәл жасау;
— оның қарапайым және арзан болуына қол жеткізу;
— шаруашылық өміріндегі деректер жөнінде дер кезінде ақпарат алу.
Алайда бұл міндеттер едәуір шамада бірін-бірі өзара жоққа шығарып, болғызбайтын, өйткені меншік иесінің, әкімшіліктің, қызметкерлердің, бағынышты тұлғалардың, кредиторлар мен дебиторлардың мүдделері қарама-қайшы және осы қарама-қайшылықтар есепті регистрде міндетті түрде бейнеленеді. Сондықтан әрдайым кейбіреулердің бухгалтерлерге реніш білдіріп, риза болмауынын себебі осында.
Есеп қашан пайда болғанын тура тауып айту мүмкін емес. Оның пайда болуының алғы шарты — адамдар арасындағы экономикалық қатынастардың дамуы.
2. Бухгалтерлік есеп шоттарында екі жақты нысан болады. Шоттың сол жағы дебет, оң жағы кредит деп аталады. Деректері теңгерімде көрсетілетін шоттарды теңгерімдік шоттар дейді. Бухгалтерлік есеп шоттарындағы жазбалар қалдықтарды (сальдо) көрсетуден басталады. Сальдо бастапқы сальдо (есепті кезеңнің – әдетте айдың басындағы шоттар бойынша жазылады) және ақырғы сальдо (бастапқы сальдоны және есепті кезеңнің соңындағы дебет пен кредит бойынша операциялардың қорытындысы ескеріле отырып шығарылады) болып келеді. Сальдо бухгалтерлік теңгерімде көрсетілетін шот жағына жазылады, яғни қаражат (теңгерім активі) – дебет бойынша, міндеттемелер (теңгерім пассиві) – кредит бойынша жазылады. Бухгалтерлік есеп шоттары қаражаттың есебіне арналған актив шот және міндеттемелер мен шаруашылық қаражаттың туындайтын көздерінің есебіне арналған пассив шот түрлеріне бөлінеді.
Билет N.2 Жауап

  1. Бухгалтерлік есеп — кәсіпорынның қызметі туралы расталған деректер алу мақсатымен оның қаржы-шаруашылық қызметін бақылау, қорытындылау және бейнелеу әдістемесі мен жүйесі; кәсіпорынның ресурстарын және қаржы-шаруашылық қызметінің нәтижелерін есептеу жүйесі. Ол қабылданған ережелер бойынша құжаттардың белгіленген нысандарын пайдалана отырып жүргізіледі. Бухгалтерлік есеп-қисаптың зерттеу объектілері — ақшалай нысанда тұлғаланған шаруашылық құрал-жабдығы, олардың өндіріс, орналасу, айналыс барысындағы қозғалысы, сондай-ақ олардың құралу және пайдаланылу көздері.

  2. Бухгалтерлік есеп нарық қатынастары жағдайында шаруашылық жүргізуші субъектілерде ерекше маңызды орынға ие. Қазақстан нарық экономикасына түгелімен күшті, оны бүкіл әлемдік қауымдастық та мойындады. Мұндай жағдайда біздің республикамызда пайдасы жоғары, тұрақты, әлемдік нарықта бэсекелестік қабілеті бар кәсіпорындар неғұрлым көп болса, соғұрлым біздің экономикамыздың деңгейі де жоғарлай береді.

Билет N.3 Жауап

  1. Бухгалтерлік есеп ұйымның қаржылық ақпараттарын белгілі-бір (белгіленген) әдістері мен тәсілдері бойынша есептейтін, өлшейтін және оны өңдеп тасымалдайтын жүйе. Ол кәсіпорынның жұмысын толығымен бақылап, оны басқару үшін бағыт бағдар беріп, алдағы уақыттардағы атқарылатын жұмыстарын жоспарлап және сонымен қатар осы ұйымдағы өткен есепті кезеңдерде (уақыттарда) орындалған жұмыстар туралы экономикалық талдау жасауға қажетті ғылым болып табылады. Сондықтанда бухгалтерлік есеп бүтіндей халық шаруашылығы есебінің ең бастысы, негізгісі болып саналынады. Бухгалтерлік есеп көптеген жүз жылдықтар бұрын пайда болып, бүгінгі күнге дейін дамып, пайдаланылып келеді.

2.Есепті кезең – бұл күнтізбелік жыл немесе қаржы жылымен қоса есептік функциялар орындалатын, жинақталатын және талданатын белгіленген уақыт диапазоны. Есепті кезең инвестициялауға пайдалы, өйткені әлеуетті акционерлер белгіленген есепті кезеңге негізделген қаржылық есеп беруі арқылы компания қызметін талдайды. Есепті кезең – бұл белгілі бір есеп функцияларын қамтитын уақыт кезеңі, ол күнтізбелік немесе қаржылық жыл болуы мүмкін, сонымен қатар апта, ай немесе тоқсан және т.б. 

  • Есеп беру кезеңдері есеп беру мен талдау мақсатында құрылады, ал есептеудің есептеу әдісі тұрақты есеп беруге мүмкіндік береді. 

Билет N.4 Жауап

    1. Бухгалтерлік есептің мәні мен маңызын түсіну, бизнесті жүргізу мен басқару, ақпараттарды реттеу және ақылға сиымды тиімді шешімдер қабылдау үлкен мәселеге айналды. Еліміздегі бизнесті дамыту,қаржылық қатынастардың теориялық және қолданбалы негізін білу, құқықтық жүйедегі заңдылықтарды білу, қаржы мен басқару үрдісіндегі көрсеткіштерді жан-жақты талдау, тиімді және оңтайлы шешім қабылдау кызметінде бухгалтерлік есептің атқаратын рөлі өте зор.

2.Бухгалтерлік есепте Типтік шоттар жоспарды қолдану бойынша ҚР қаржы министрінің Әдістемелік кепілдемесі бекітілген. Қазақстанда оны бухгалерлік есептің шоттарының Үлгілік жоспары деп атайды, және ол ұйым шоттарында шаруашылық операцияларын көрсету тәртібін анықтайтын нормативті–құқықтық акт болып табылады.


Билет N.5 Жауап

  1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың әдістемелік негізін құжаттау, инвестиция, бухгалтерлік баланс екі жақты жазуды пайдалананып аналитакалық және синтетикалық счеттар жүйесі, мүлік пен міндеттемені бағалау, калькуляция, есеп берушілік сияқты тәсілдер құрайды. Құжаттау – жасалған уақытта шаруашылық опреацияны алғашқаны тіркеу. Бухгалтерлік есепің айрықша белгісінің өзі осы – құжаттау. Бухгалтерлік есепте шаруашылық операция құжаттарда бейнеленуі керек. Қазіргі уақыттағы жетілген бағдарламалардың арқасында (1-С бухгалтерия Лука-компакт) құжаттаудың барлығы компьютерлерде жүргізіледі.

  2. Екі жақты жазу жүйесі қосарлық принципке негізделген. Өйткені, барлық экономикалық құбылыстар екі аспектіден құралады: көбею мен азаю, пайда болу мен жоғалу, бұлар бірін-бірі толықтырып тұрады.
    Екі жақты жазу жүйесінде іс жүзіндегі шаруашылық операциялар екі тіркеледі: бір шоттың дебеті, екінші шоттың кредиті бойынша; дебеттің жалпы сомасы кредиттің жалпы сомасын теңестіреді. Сондықтан да баланстың активінің жиыны пассив жиынына тең.
    Шаруашылық операцияға қатысатын шоттар корреспонденттелетін шоттар деп аталады. Шаруашылық операцияны шоттарға жазу бухгалтерлік жазба (проводка) деп аталады.
    Екі бухгалтерлік жазбада екі шоттың балансы болса қарапайым жазба, ал, бірнеше шот қатысатын болса, күрделі жазба деп аталады.

Билет N.6 Жауап

  1. Бухгалтерлік есеп шаруашылық жүргізуші субъектінің қаржылық қорытындыларын міндеттемелері мен есеп айрысуларын, мүліктің қозғалысын бейнелейтін ақпараттық жүйе. Бухгалтерлік есеп шаруашылық құбылыстардың сандық жағын саналық жағымен үздіксіз байланыстырып, шаруашылық операцияларды табиғи және ақшалай бейнеде тіркейді.
    Қазақстан Республикасының Бухгалтерлік есеп туралы Заңында (1995 жылы қабылданған) бухгалтерлік есепті ұйымдастыру мен жүргізудің негізгі принциптері, шаруашылық жүргізуші субъектілердің міндеттері мен құқықтары белгіленген. Қазақстан Республикасының аумағындағы барлық заңды тұлғалар, соның ішінде коммерциялық, өндірістік, сақтық, ғылыми - зерттеу, қоғамдық, саяси ұйымдар т.б. бухгалтерлік есепті жүргізуге міндетті.

  2. Аяқталмаған өндіріс есебі Шығыстарды талдау олардың тиімділігін анықтауға, олардың шектен тыс болу-болмауын айқындауға, жұмыстың сапалық көрсеткіштерін тексеруге, бағаны дұрыс есептеуге, шығындарды реттеу мен бақылауға, өндірістің пайда мен тиімділігін жоспарлауға көмектеседі.

Билет N.7 Жауап

  1. Бухгалтерлік есепті ұйымдастыру – субъектінің шаруашылық іс-әрекеті туралы күмәнсіз сенімді және уақтылы ақпарат алу мен ресурстарды, дайын өнімді тиімді пайдалануды бақылауды жүзеге асыру мақсатымен есеп процесін құрудың шарттары және элементтер жүйесі.Негізгі қосылғыштар мыналар алғашқы есеп пен құжат айналымы,түгендеу,субъекті қаржы-шаруашылық қызметі шоттарының Бас жоспары, бухгалтерлік есеп формалары, есеп және есептен шығару жұмысын ұйымдастыру формалары, есеп берудің көлемі мен мазмұны.
    Бухгалтерлік есептің негізгі принциптері мен есептің жалпы ережелері Қазақстан Республикасы бухгалтерлік есеп пен қаржылық есеп беру жүйесін реттейтін құқықтық – нормативтік актілермен белгіленеді.

  2. Дебиторлық берешек – сатып алушылардың немесе тапсырыс берушілердің қандай да бір кәсіпорын алдындағы өткізілген тауар үшін ақша төлеу бойынша міндеттемелері. Ол ағымдағы және ағымдағы болып бөлінеді. Бухгалтерлік есепте саудалық және саудалық емес дебиторлық берешекті бөліп көрсетеді.
    Саудалық дебиторлық берешек – негізгі іс-әрекет нәтижесінде өткізілген тауарлар мен көрсетілген қызмет үшін сатып алушылардың міндеттеме сомасы.

Билет N.8 Жауап



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет