Билеті №5 Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейіні және оның физиологиялық негізін түсіндіруші теорияларды дәлелдеңіз



бет1/4
Дата28.12.2022
өлшемі23,27 Kb.
#60048
  1   2   3   4

Билеті №5
1.Кіші мектеп жасындағы оқушылардың зейіні және оның физиологиялық негізін түсіндіруші теорияларды дәлелдеңіз.
Баланың психикалық дамуының әрбір кезеңі оның іс-әрекетінің негізгі,жетекші түрімен сипатталады.Мысалы,мектеп жасына дейінгі балалық шақта ойын іс-әрекет жетекші болады.Бұл жастағы балалар үйреніп,тіпті шама-шарқынша еңбек етіп жүосе де ,олардың бүкіл болмысын анықтайтын шынайы стихия әр түрлі ойындар болып табылады.Ойын үстінде қоғамдық баға беруге тырысушылық пайда болады.
Жеті жасар бала мектеп табалдырығынан аттасымен-ақ оқушы болады.Оның өмірінде ойын әлі маңызды орын алғанымен осы уақыттан бастап ол біртіндеп басымдылық ролін жоғалта бастайды.Бастауыш класс оқушысының жетекші іс-әрекеті оның мінез-құлық мотивтерін елеулі түрде өзгертетін ,оның танымдық және адамгершілік күштерін дамытудың жаңа көздерін ашатын оқу болады.Мұндай қайта өзгеріс процесінің бірнеше кезеңдері бар.Әсіресе баланың мектеп өмірінің жаңа жағдайларына алғаш енуі айқын аңғарылады.балалардың көпшілігі бұған психологиялық жағынан даярланған.Олар бұл жерден ұйыммен немесе балабақшамен салыстырғанда,әдеттен тыс бірдеңелер кездестіруді отырып,мектепке қуана барады.Баланың бұл ішкі позициясы екі жағдайда маңызды.
2.Мектеп алды даярлық тобында оқыту формалары мен және оқу
әрекетіне даярлаудағы дидактикалық ойындардың маңызын түсіндіріңіз.
Үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы сатысы мектепке дейінгі оқыту мен тәрбие болғандықтан, мектепалды дайындықты ойын іс-әрекеті арқылы жүргізу қажет. Мектепалды дайындықсыз білім беру іргетассыз үй соққанменен бірдей, білім негізі әлсіз, жүйесіз болады.
Мектепалды дайындықтан өткен балалар бастауыш мектепке жеңіл бейімделеді, оқу материалын тез және күрделі қиындықсыз меңгереді. Ойын іс-әрекеті арқылы мектепалды дайындық топ балаларының ақыл-ойын дамыту, мектепке даярлауды қажет етеді [5].
Себебі мектеп жасына дейінгі балалардың негізгі іс-әрекеті ойын болып табылады. Балалардың бұл кезеңі өте жауапты сензитивті кезеңнің ерекшелігін еспке алу аса маңызды, өйткені баланың мектеп жасына дейінгі жас ерекшелік шақтан, кіші мектеп оқушысы кезеңіне өтетін күрделі, ауыспалы кезеңі бала әрекетінің саналы формасын қабылдауына ауысатын кезең болады. Нақты осы шақта балалардың іс-әрекет түрлері де бірте-бірте, ойыннан-оқу қарекетіне ауыстырылады.
Мектеп жасына дейінгі балаларды ынталандырудың негізгі әдісі де ойын болып табылады. Ойын әдісі дегеніміз-оқытуды тиімді ұйымдастырудың, балалардың танымдық қызығушылығын арттырудың, оқу материалын жеңіл меңгерту тәсілі. Ойын әдісіне: ойын-жаттығулар, ойын-тапсырмалар, логикалық ойындар, дидактикалық ойын түрлерін пайдалану, ребус, сөзжұмбақтар шешу, проблемалық жағдаяттар, силықты кезең, ойын-жарыс элементтерін пайдалану жатады. Оқыту-тәрбие үрдісін ойын түрінде жүргізу, ұйымдастырылған оқу іс-әрекетін, топсеруендерде, әртүрлі тәрбие іс-шараларында дидактикалық ойындар, логикалық ойын жаттығулар, проблемалық жағдаяттар, балаларды қызықтыратын ойын-жарыс элементтерін пайдалану керек.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет