Билiк қазақ халқының дәстүрлі санасында "ел басқару", "өкім ету" сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді



Дата06.01.2022
өлшемі15,69 Kb.
#12223

Билiк — қазақ халқының дәстүрлі санасында “ел басқару”, “өкім ету” сөздерімен мәндес ұғымды білдіреді.
Қазіргі құқықтану, саясаттану ілімдерінде де ол “өкімет” атауының синонимі ретінде қолданылып жүр. Мәселен, саясаттану ілімінде билік экономиялық, идеологиялық, ұйымдастырушылық-құқықтық тетіктер арқылы, сондай-ақ, беделдің, дәстүрдің, зорлықтың жәрдемімен адамдардың, әлеуметтік топтар мен жіктердің мінез-құлқына, іс-әрекетіне ықпал етуге қабілетті әлеуметтік қарым-қатынастардың пішімі. Өңдеу
Билік — көп қырлы ұғым. Ол қоғам мүшелерінің арасындағы әлеуметтік-табиғи айырмашылықтарға, субьективті-обьективті қарым-қатынастарға байланысты қалыптасады. Оның мақсаты — қоғамда тұрақтылықты қамтамасыз ету, ал ішкі мән-мазмұны — үстемдік пен бағыныштылықты орнықтыру. Экономикалық, саяси, құқықтық, әскери, рухани және отбасылық билік түрлерінің арасында қоғамдық дамудың ұйытқысы әрі саяси күрестің негізгі нысаны болып саналатын мемлекеттік биліктің маңызы ерекше. Өкіметтің ерік-қалауын топтастыру, айрықша басқару аппаратын иелену, арнаулы органдар дербестігін қамтамасыз етіп, қоғамдық тұрмысты тәртіпке келтіру ісіне дара иелік ету, қоғам мен жеке тұлға қарым-қатынасында мәжбүрлеу мүмкіндігіне жету билікке тән белгілер болып табылады. Субьектінің мақсатына орай биліктің нысанына ықпал ету үшін пайдаланылатын құралдардың барлығы “билік ресурстарын” құрайды.

​Билік адамзат баласының тіршілігімен қоса пайда болып, ғасырлар бойы қоғам дамуының ағымына сай өзгеріп, жан-жақты жетілдіріліп отырылған құбылыс. Бүгінде билік ұғымы адамзат өмірінде көптеген мағыналарда айтылып, әр түрлі әдістер арқылы күнделікті тіршілікте қолданылып, іске асырылып жатады. Билік – ерікті немесе мәжбүрлі бағындыру, бой ұсыну деген сөз. Басқару және бағыну бұл екеуі биліктің екі жағы. Оларды бір-бірінен бөліп қарауға болмайды. Екеуі де қоғамға қажет. Бұлар ірі саяси құрылым формасында да көрінеді. Олар мемлекет пен қоғам үкімет пен бұқара жұртшылық арасында болады.

Биліктің өзі басқару түрінде көрінеді, ал басқару билік түрінде болады. Ал бұл екі ұғымның арақатынасын талдар болсақ, онда басқарудың өзі биліктің жүргізілуі емес. Басқару ұғымы биликке қарағанда кеңірек. Ал билік дегеніміз - басқарудың элементі, басқару процесінің көзі. Кейде басқару, билік жүргізушінің мақсатына жету үшін, өзінің биліктің еркін іске асыру процесі болып табылады деп білу орынды сияқты. Сонымен, басқару дегеніміз биліктің мақсатты бағытталған әсерін, мүмкіндік жағдайынан шындық жағдайға айналдыратын процесс болып табылады.

«Билік» дегеніміз біреулердің басқаларға әмір жүргізуге, бұйрық беруіне, басқаруға деген құқығы мен еркі, біреулердің басқалар жөнінде дегенің іске асыру және олардың тәртібі мен қызметіне белгілі бір ықпал ету қабілеті мен мүмкіндігі. Бұл жерде ықпал ету мен билік етудің айырмашылығы ескерілуі қажет. Билік дегеніміз тұтас алып қарағанда бұл-ерік, бедел, құқық, күш қолдану, қортытып-үркіту, иландыру, алдау, сияқты тәсілдердің көмегімен, адамдардың қызметі мен тәртібіне белгілі бір әсер етудегі қабілет пен мүмкіндік. Олар қорқыту, үрей туғызу арқылы, сендіру-иландыру, қызығушылығын шақыру арқылы іске асырылады. Қорқыныш тек зорлық әрекетімен қысым жасаудан басқа, үрей туғызып соны санаға әбден сіңіріп, сендіру ықпалымен де пайда болады. Адамды иландыру, негізінен бір нәрсеге сендіру арқасында жүргізіледі. Үрей, қорқыныш кейде сезімге де әсер етіп, сол арқылы беріледі. Сөйтіп сезім қосымша ресурс болып саналады. Ұлттық және діни сезімдер қанау мен еркіндік, тәуелділік, патриоттық, қызғану мен шаттану т.б. сезім жеке фактор ретінде өз бетімен ресурс бола алмайды. Саяси билік төмендегідей негізгі белгілермен сипатталып, өзін мынадай белгілер арқылы көрсетеді:

1) еріксіз көндіру;

2) қызықтыру;

3) салдарға жол бермеу, бәсекелестіктің қалыптасуына бөгет болу;

4) «сұранымды қалыптастыру» қажеттілікті жасанды түрде қалыптастыру, оны тек саяси маркетинг түрінде өкімет тыңшысы қанағаттандырады;

5) мемлекет торының ұлғаюы;

6) арандату;

7) бұқпантайлап сөз тастау;

8) тікелей және жанама мағлұматтарды бақылау

Басшылық етудің үш түрлі тәсілі болады:

А) Демократиялық (мұнда коллективтің пікірімен санасу жеке басқарумен ұштастырылады).



Б) Нұсқаулық (авторитарлық) мұнда орталықтандыру әкімшілік жарлық жетекші рөл атқарады.

В) Демеушілік (либералдық немесе анархистік) нақтылы басшылық емес, істің өз бетімен дамуын қолпаштауға жол беріледі.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет