Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет14/47
Дата24.11.2022
өлшемі0,49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47
Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

5 Лекция


ТАҚЫРЫП: Абай поэзиясындағы махаббат тақырыбы



  1. Абайдың бұл тақырыпқа енгізген жаңалықтары. Махаббат сезімін жырлаудағы реалистік әдіске көшуі.

Қай заманда да болсын ескі мен жаңаның, өткен мен бүгіннің, бүгін мен ертеңнің арасындағы жалғастық, байланыс үзіліп көрген емес. Бұл табиғаттың, қоғамның өмір сүру - эволюциясы заңы. Бұл әдебиетте де бар құбылыс. Қазіргі кемел поэзиямыздың әрбір ұлылы-кішілі өкілдері өздеріне ұлы Абайды ұстаз тұтып, өздерін оған шәкірт санайды. Абай дәстүрінің берік ұстанушысы, жалғастырушысымыз дейді. Иранбекше айтар болсақ:
Бір туатын ғасырда рабайда!
Мен ешкімді теңемен ұлы Абайға,
Тұрғызбасақ бәріміз бір «Абайды»,
Поэзия шаңырағы құламай ма?
Қарлы шыңнан ағатын басын құрап,
Әр жас ақын- аптыққан асыл бұлақ.
Барша бұлақ бір өзен құрамаса,
Дала шөлдеп қалмай ма, ғасыр жылап?
Деп өзінің шәкірттік борышын сезіне, сездіре отырып Иранбек Абай әлемінің сырлы да қырлы жұмбақтығын былай деп береді:
Жүрегіңнен нұр-шуақ таппаса арай,
Тарих шенін төсіңе тақпас оңай.
Бір мұрагер қалдырған шығар, бәлки
Аруақты арқалы, ақбас Абай!- деп бүгінгі күнге өз тұстастарына үміттене көз салады. Иранбек Абайдың шәкірті екен, одан үлгі алады дейік бұл анық. Иранбек- Абай дәстүрін жалғастырушы.
2. «Көзімнің қарасы», «Айттым сәлем, қаламқас», «Қиыстырып мақтайсыз» өлеңдерінің тәрбиелік мәні.
Ақындықтың алғы шарты өзіңе дейінгі толғауы тоқсан қызыл тілдің асқаралы асуларынан өту, соларды творчестволық игеру екенін жас ақындар ұмытпағаны жөн» (1, 442-бет) деп көрсетсее, Иранбек өзін таныту жолында жемісті еңбек еткен деп айтуымызға болады. Иранбек - көп ізденетін өзіне талап қоя білетін, тыңнан жол салғанды жақсы көретін ақын. Сағат Әшімбаев жас ақындар турасында «көптеген жас ақындармен әңгімелесіп жүргенде олардың Абай поэзиясын хрестоматиялық дәрежеде ғана білетіні әр сөзінен байқалып тұрады. Абайды оқымаған білмеген адамның басқаларды бас алмай оқи қоюы қиын шығады» (1, 442-бет) деп қынжылса, Иран Ғайыпқа олай кінә таға алмаймыз. Ол тау-кен инженері бола тұра тіл құдіретінің инженеріне айнала білген ізденгіш ақын.
Құдіреті күшті
Тылсымыңа қайранмын
Жетегіңе жіпсіз еріп байландым.
«Сырты-дүрдедей
Іші толған у мен өрт»
Мен өзіңе айналдым- деп өзі жырлағандай
Лириканың қай түрі болсын көшбасында Абай тұр. Абайдың табиғат лирикасы үлгісіндегі ой-сезімі жан дүниесі табиғат құбылыстарымен қоғам тынысы мен терең астасып жатады. Яғни табиғат пейзаждарын адамның тұрмыс кешкен ортасы, мекен-жайы ретінде суреттей отырып, оны әлеуметтік өмір мен қазақ халқының тұрмысын пареллельді түрде алып көрсетеді. Оны мазмұн мен пішіннің керемет астасқан эталоны етіп береді:
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айрылған ағаш-қурай.
Күзгі уақытты өткен кәріліктің символы етіп алады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет