Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер. Абайтануда бүгінгі тәуелсіз әдебиет жағдайында атқарылып жатқан игі шаралар



бет4/47
Дата24.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47
Абайтану тарихынан қысқаша мәліметтер. Абайтануда бүгінгі тәуелсіз әдебиет жағдайында атқарылып жатқан игі шаралар.
Абайдың әдеби мұрасын жан-жақты қамтып, тереңдей зерттелу мақсатымен 1944 жылы ҚазССР ҒА-ның Тіл және әдебиет ин-ты жағынан М.Әуезовтың жетекшілігімен ұйымдастырылған. Абайтану бөлімінің 1945-46 жылдары арналған ғылыми зерттеу жоспары мына тақырыптарды қамтыды:

  • "Абай дүниетанымының тарихы";

  • "Абай-қазақ әдебиетінің негізін салушы";

  • "Абай Құнанбаевтің дүниетанымы"

  • "Абай (өмірбаян және естеліктердің деректі көздері)".

Абайтану бөлімі 1947 жылы Қазақстан КП ОК-нің "Тіл және әдебиет институттарының өрескел саяси идеялық қателіктері" деген қаулысынан кейін жабылды. Алайда Абай мұрасын ғылыми зерттеу жұмыстары өз алдына жүре берді.
Қазақстан КП ОК мен ҚазССР Мин. Советінің "Абай (Ибрахим) Құнанбаевтің туғанына 150 жыл толуына әзірлік жіне оны өткізу туралы" 1990 жылы 22 ақпандағы №68қаулысынан кейін Абайтану бөлімі ҚазССр ҒА-ның Әдебиет және өнер институты жағынан 1990 жылдың 1 шілдесінде М.Мырзахметовтың жетекшілігімен қайта ашылды. Абайтану бөлімі ақынның академиялық толық жинағын шығару мен абайтанудың күрделі мәселелерін арнайы зерттеу жұмыстарын жүргізеді.


Әдебиеттер тізімі:

  1. Қалижанов У. Абай (Ибрагим) Құнанбайұлы.– Алматы: Әлем әдебиеті, 2013. – 500 б.

  2. Ердембеков Б. Абайтану: Оқу құралы.– Астана: Фолиант, 2012. – 432 б.

  3. Есім Ғ. Хакім Абай. – Астана: Фолиант, 2012. – 400 б.

  4. Молдаханов А. Абай, Шәкәрім, Әуезов дәрістері: оқулық. – Алматы: Дәуір, 2011. – 192 б.

  5. Мұхамедханов Қ. Көп томдық шығармалар жинағы. 9 том. – Алматы: Ел-шежіре, 2011. – 384 б.

2 Лекция


ТАҚЫРЫП: Абай - өз заманының жыршысы


1. Абай шығармалары – ақын заманының шежіресі. Абай өмір сүрген кезең. Саяси-әлеуметтік оқиғалар. ХІХ ғасырдың екінші жартысы – қазақ даласын отарлаудың ең асқындаған кезеңі. Оның Абай шығармаларында бейнеленуі. Абай дәуірі - Абай өмір сүріп, шығармашылық қызметпен айналысқан кезең – XIX ғасырдың екінші жартысы қазақ қауымының әлеуметтік, экономикалық саяси және мәдениет өміріндегі түбегейлі өзгерістермен сипатталады. Бұл өзгерістер соншама белгілі деңгейде бір жарым ғасырға созылып, 19 ғасырдың 60 жылдарында аяқталған қазақ жерінің Россияға қосылуына байланысты туындады. Патша әкімшілігіне өлкені отаршылдық тұрғыда игеру үшін қазақ даласына басқарудың барлық біріңғай жүйесін енгізу және басқа да шараларды жүзеге асыру арқылы Қазақстанды түгел дерлік бағындыру қажет болды. Сібір қырғыздары аймағына Орта жүз жайлаулары, Ұлы жүздің Батыс Сібір губернаторлығының қарамағындағы бөлігі қарайтын. «Жарғыға» сәйкес бұл жерлер, болыстар мен ауылдарға бөлінеді. Округтар қауымының рулық бөліністерін ескере отырып, қысқа қоныстар негізінде ұйымдастырылды. 19 ғасырдың бас кезінде патшалық құрылыстың ең басты тірегі болған сұлтандардың экономикалық және саяси жағдайы үлкен өзгерістерге ұшырады. Олардың феодалдық билеуші ретіндегі праволары мен ықпалы барған сайын шектеле түсті. Бірте – бірте батырлар да қоғамдағы өз мәнінен айырыла бастады. Сұлтандар өкіметінің құлдырауына байланысты алым – салық жинайтын төлеңгіттердің де қажеті болмай қалды. Жаңа әкімшілік құрылыс бойынша басқаратын округтарға бөлінді. Орта жүз жері сұлтандар басқаратын округтарға бөлінді,аға сұлтандар бұрынғыдай емес, сайланып қойылатын болды. Сайлау барысында жергілікті патша әкімшілігі бақылау жасады. Бұдан былай билеуші сұлтандыққа бұрынғыдай « Ақсүйек» атанған Шыңғыс әулетінің өкілдері ғана емес, ру феодалдарынан көтерілген дәулетті адамдар да сайланатын болды. 
Ру феодалдарының ішінде руларды басқарған билердің шарты күшті болды. Экономикалық билікті қолдарына жинақтап, сот ісін жүргізген билер өздері басқарған рулар ішінде көптеген артықшылықтар болды. Жерді бөлу билігі солардың қолына көшті, ру аралық соғыстар мен қақтығыстарда саяси белсенділігі артты. «Жарғыда» билер сотына шектеу қойылып оны бірте – бірте жалпы мемлекеттік сотпен алмастыру көзделді. Ірі байлардың, сондай – ақ, болыстардың, сайланып қойылатын соттардың, ауы ақсақалдарының ықпалы күшейді. Халықтың басым көпшілігін әр түрлі патриархалдық – феодалдық қанауға ұшыраған қазақ шаруалары құрды. 
19 ғасырдың екінші жартысында өзара кереғар келетін түрлі право нормалары: әдет (Қазақтардың әдет – ғұрыптық правосы), шариғат (мұсылмандық право нормалары) және жалпы орыстық право нормалары қатар қолданылды. Тарихи деректерге қарағанда Абай Павлодар, Қарқаралы, Семей, Өскемен уездері мен Семей облысы Зайсан приставтығы билерінің 1885 жылы ру аралық Шар съезіне қабылданған ережені дайындауға қатысқан. Ол ұсынған жоба 93 баптан тұрды. Онда қазақтың дәстүрлік праволық заң жүйелері көрініс тапқан, сонымен қатар азаматтық және отбасылық – некелік қатынастарға байланысты жаңа дәуір талабы да ескерілген. Отарлық саясаттың күшеюіне қазақтың әдет –ғұрып заңдарының бірқатар негізгі ережелері бірте –бірте патша өкіметінің қылмысты істер заңдары нормаларымен алмастырыла бастады. 19-ғасырдың ортасында Қазақстанның саяси өмірі ру аралық күреске толы болды.Бұл күресте феодалды билеуші топ әдеттегісінше тек қана өздеріне пайдалы экономикалық және саяси мақсаттарды көздеп, ол алауыздық қақтығыстарды бұқара халыққа ру мүддесін қорғау жолындағы күрес етіп көрсетуге тырысты.Құнанбайдың заңға қарсы әрекеттегі істерді қозғау ұзаққа созылды, ол 1862 жылға дейін созылып нәтижесіз қалды. Бұл тергеудің мұнша ұзаққа созылуы – ру аралық күресті бәсеңдету үшін ерекше жағдайларда ғана болмаса батыл шаралар қолдана қоймайтын патша өкіметінің отаршылдық саясатын айқын дәлелдейді. Патша өкіметі оларды әдетте отаршылдыққа қарсы күрестен бұрып әкету үшін жергілікті жерлерде қазақ руларын іштей өзара қақтығыстар жағдайында ұстауға тырысты. 
2. Абай шығармаларындағы қазақ қауымының әлеуметтік бейнесі («Қалың елім, қазағым, қайран жұртым», «Қартайдық, қайрат қайтты, ұлғайды арман», «Көңілім қайтты достан да, дұшпаннан да» т.б.).
Абайдың әдеби мұрасын зерттеу тарихында ұлы ақынның дүниеге көзқарасының бір саласы-оның саяси әлеуметтік көзқарасы кеңестік дәуірдің 20 жылдардан бастап-ақ қызу таласқа түскен еді, бірақ соңғы жылдарға дейін бұл туралы көптеген мақалалар мен зерттеулер еңбектерінде жол жөнекей сөз етілсе де, арнайы түрде ғылыми зерттеу нысанасына алынбай келді. Әрі Абай шығармаларының әлеуметтік беті туралы дұрыс шешімін таппай, көп жылдар бойы өзекті талас- тартыстардың қайнар көзіне айналып келді. Абай мұрасының әлеуметтік беті, көбінесе, тұрпайы социологиялық таным шеңберінен шыға алмай келуіндегі басты кедергі тап күресідеген марксистік танымды қоғамдық пікірді ендіруінде жатыр. Яғни Абайдың әлеуметтік беті жасанды таным тұрғысынан қарайды. Оны бұзу ол тұста мүмкін емес болатын-ды. Әсіресе, бұған зерттеушілердің назары ақынның сатералық шығармаларын сөз еткенде көбірек ауды. 
Абай өз шығармаларында әлеуметтік мобильдік, адам статусы мәселелеріне тоқталып, адамның қоғамдағы орнын: «Биік мансап-биік жартас...» дей келіп, оны билік, байлық, білі деңгейі т.б. айқындайтынын түсіндірді. Оның пікірінше адам: «Барында баймын деп мақтанады. Жоғында «маған да баяғыда мал бітіп еді» деп мақтанады. Кедей болған соң тағы қайыршылыққа түседі.» Адамның қоғамдық баспалдақпен биікке өрлеуі мен кері қозғалуын көрсетіп, оны индивиттің әлеуметтік жағдайының өзгеруімен байланыстырады. Қазақ қоғамында байдық малы жұтта қырылып, кедейленуі жиі орын алғаны рас және еңбегімен кедейлердің орта шаруа, одан кейін байлардың қатарына қосылғандары да жоқ емес еді. Сөйтіп, олардың қоғамдық баспалдақта орнын ауыстыруы әлеуметтік заңды процесс болды. 
Данышпан Абай қазақ халқының әлеуметтік дамуын еңбекпен байланыстырады. Еңбектің терең әлеуметтік мәнін түсіндіреді. Ғұламаның шығармаларында еңбек қоғамдық прогрестің негізі, материалдық құндылықтарды шығару көзі, халықтың тұрмыс деңгейін түзетудің басты құралы ретінде баяндалады. Сол кезде жұрт араснда еңбекке қатысты қалыптасқан немқұрайлылық, еріншектік жалқаулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоулық сияқты келеңсіз құбылыстарды әлеуметтік мәнін ашып, олардың қоғамның алға басуына кедергі болып отырғанын, халықтың негізгі бөлігінің материалдық жағдайының төмендігін айта келіп, халықты аянбай жұмыс істеуге шақырды.Кедейліктің мотивін еңбексіздіктен іздеген Абай «Еңбек жоқ, қарекет жоқ қазақ кедей, тамақ аңдып қайтеді тентіремей?» деп қынжыла жазды. Еңбек етуші адамға шаруашылық жүргізгенде «жинақылық керек, әрбір жинақылық кеніш болады» деп, еңбекті ұтымды жүргізуге насихаттайды, өйткені ұтымды еңбек ету әлеуметтік прогреске жеткізудің жолы, кедейліктен шығудың бірден-бір басты құралы еді. Кедейлікпен күресе алмаған, одан шыға алмаған кісі кер келеді. Еңбектің сипаты мен мазмұнына ерекше мән берген Абай: 
Түбінде баянды еңбек егін салған, 
Жасынан оқу оқып, білім алған,-  деп, егін салу мен білім алудың баянды еңбек екенін қорытады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   47




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет