Білім беру бағдарламасы: 6В01703 «Қазақ тілі мен әдебиеті»


ТАҚЫРЫП: Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы



бет7/47
Дата24.11.2022
өлшемі0.49 Mb.
#52390
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47
ТАҚЫРЫП: Абай шығармаларындағы адамгершілік тақырыбы


1. Ақынның жастар тәрбиесіне арналған өлеңдерінің мазмұны, ой тереңдігі. Жастарға беретін үлгі-насихаты және оқудағы мақсатты айқын көрсетуі.
Абай қоғамға адамгершілікті, әділдікті насихаттап, елді адал еңбек етуге шақырып, білім –ғылымды, өнерді халықтың қажетіне жаратуға алдымен мән бергенін естен шығармау қажет. 
Ғылым–білімді уағыздаған ағартушы ақын ақылды, білімді адамды аса жоғары бағалауы әбден орынды. Не нәрсеге болсын ақыл- таразы, («ақыл – мизан, өлшеу қыл»), дүниенің сырын танып білуде ақылдың мүмкіндігі шексіз мол деп санайды. 
Ақылды қара қылды қырыққа бөлмек, 
Әр нәрсеге өзіндей баға бермек. 
Абайдың бұл пікірі ғылым үйренуге ұмтылған жастарға айтқан сөздерінен де айқын танылады. Ақын жастардың басқалар айтқан сөзге ермей, ақылмен өлшеп тапқан өз пікірі болу керектігін айтып, сол пікірде табандап тұра білуі қажеттігіне ерекше назар аударған. 
Абай ақыл туралы айтқанда, ақылдылық, естілік деген ұғым мен ақылмен танып – түсіну қабілетін білдіретін ұғымды ажыратып, оларды екі нәрсе деп қарайды. «Әуелде бір суық мұз – ақыл зерек» дегенге Абай ақылды осы сонғы мағынасында алған. Философиялық тұрғыдан келіп ой мен сезімді бір –біріне қарама-қарсы мағынадағы екі ұғым деп қараған Абай «суық ақыл» мен «ыстық жүрек» бір –бірін толықтырады. Осы екеуіне қайрат, жігер қосылса, адамның қасиеті кемеліне келеді. 
«Ақыл, қайрат, жүректі бірдеу ұста, 
Сонда толық боласың елден бөлек. 
Жеке-жеке біреуі жарытпайды
Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек... 
Абай сөзінің мәні терең келеді, сондықтан қай сөзді болмасын жеңілдетіп, үстірт қарап, бір жақты түсінуге болмайды. Мысалы, жастардың ғылым үйренуі туралы айта келіп: 
Ақсақал айтты, бай айтты, 
Кім айтса мейлі, сол айтты. 
Ақылменен жеңсеңіз. - дегенде ғылыми пікір қорытуда, дүниетаным мәселесінде кімнің де болсын жасы, мансабы, атағына қарамай, тек қана шындыққа жүгіну қажет екені шегелеп айтылған. 
Адамның мінез-құлқына, жеке басындағы қасиеттеріне, кісінің шығармашылық күшіне зор мән беріп, оның оңды қасиеттерінің жаңа әлеуметтік нормаларын белгілейді. «Ғылым таппай мақтанба...», «Интернатта оқып жүр...», «Жігіттер, ойын арзан, күлкі қымбат», «Бір дәурен кемді күнге бозбалалық...» деген өлеңдері мен Он бесінші, Он сегізінші, Он тоғызыншы, Отыз алтыншы, Отыз жетінші, Отыз тоғызыншы т.б. сөздерінде өмірде қандай нәрседен қашық болып, қандай мінез- құлық, адамдық қасиеттерге асық болу қажеттігін ескертеді


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   47




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет