Білім беру бағдарламасы: 6В10102 «Жалпы медицина»



Дата09.02.2023
өлшемі27 Kb.
#66489
түріБілім беру бағдарламасы

«МАРАТ ОСПАНОВ АТЫНДАҒЫ БАТЫС ҚАЗАҚСТАН МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ»
КОММЕРЦИЯЛЫҚ ЕМЕС АКЦИОНЕРЛІК ҚОҒАМЫ
БЕКІТЕМІН
Факультет деканы
_________________ Абилов Т.С.
«____»___________ 20___ж.


АРАЛЫҚ БАҚЫЛАУҒА АРНАЛҒАН
БАҚЫЛАУ-ӨЛШЕУ ҚҰРАЛДАРЫ
Білім беру бағдарламасы: 6В10102 - «Жалпы медицина»
Курсы: 2
Пән атауы: Физиология-1
Пәннің коды: Fiz 1 2208
Кредит саны: 4

Бақылау сұрақтарын құрастырған:
м.ғ.к., каф.жет. __________ Калдыбаева. А.Т.
м.ғ.м.,аға оқытушы _________ Балмаганбетова Ф.К.
Тәжірибелік дағдыларды бағалауға арналған
тапсырмаларды құрастырған:
м.ғ.к., каф.жет.________ Калдыбаева. А.Т.
м.ғ.м.,аға оқытушы _________ Балмаганбетова Ф.К.

Кафедра мәжілісінде талқыланып, бекітілді


№___ хаттама «_____»___________20___ж.
Кафедра жетекшісі
м.ғ.к., доцент________ Калдыбаева. А.Т.
Ақтөбе, 2022
Жалпы медицина» факультетінің 2 курс студенттеріне арналған «Физиология -1» пәні бойынша Аралық бақылау сұрақтары

  1. Қозғыш тіндердің негізгі қасиеттері (тітіркенгіштік, қозғыштық).Қозу үрдісінің анықтамасы.

  2. Мембраналық потенциал (МП), оның мөлшері, пайда болу механизмі, тіркеу әдістері.

  3. Әрекет потенциалы (ӘП), оның мөлшері, пайда болу механизмі, тіркеу әдістері.

  4. Әрекет потенциалының фазалары, оның иондық механизмі (ӘП-ның қисығын салып түсіндіру керек).

  5. Тіндердің қозу кезіндегі (ӘП) қозғыштық қасиетінің өзгеруі. (ӘП-ның қисығын салып, оның фазаларына қозғыштық кезеңдерін сәйкестендіріп түсіндіру керек).

  6. Қозғыш тіндердің физиологиялық қасиеттері.

  7. Тітіркендіргіш күші туралы заң (табалдырықты, табалдырықтан төмен, табалдырықтан жоғары).

  8. Қозғыш тіндерді тітіркендіру заңдары (полярлық заң, «түгел және түк емес», күш заңы, күш және уақыт заңы, градиент заңы)

  9. Қозғыштықтың параметрлері: тітіркендіру табалдырығы (реобаза), пайдалы уақыт, хронаксия, құбылмалық (лабилділік), рефрактерлік (қозбаушылық).

  10. Қаңқа еттерінің қызметі және құрылымды-әрекеттік сипаттамасы.

  11. Бұлшықеттердің негізгі қасиеттері. Еттердің күші мен жұмысы.

  12. Еттің қажуы, тұтас организм мен жекеленген еттер қажуының теориялары. Орташа жүктеме заңы.

  13. Қозғалтқыш бірліктер және әртүрлі еттердегі олардың ерекшеліктері.

  14. Бұлшықет жиырылу механизмі.

  15. Қаңқа еттері жұмысының түрлері ( изотонустық, изометрлік, аксотонустық).

  16. Еттер жиырылуының режимі (тәртібі). Жеке дара жиырылу, оның кезеңдері. Тетанустық (сіресіп) жиырылу, оның түрлері.

  17. Бірыңғай салалы еттер физиологиясы: қызметі, физиологиялық қасиеттері, іс-әрекеттерінің реттелуі.

  18. Жүйке талшықтарының жіктелуі. Миелинді және миелинсіз жүйке талшықтарымен қозудың таралу механизмі.

  19. Тұтас жүйке талшықтарының бойымен қозуды өткізу заңдары.

  20. Парабиоз (В.Н.Введенский), оның кезеңдері, медицинадағы маңызы.

  21. Синапстардың әрекеттік құрылымы, олардың жіктелуі.

  22. Синапстар арқылы қозудың өту механизмі, ондағы медиаторлардың ролі. Медиатордың синтезі және сөлінісі.

  23. Бұлшықет-жүйке (мионевралдық) синапс арқылы қозудың өту ерекшеліктері.

  24. Постсинапстық мембранадағы рецепторлармен медиаторлардың әрекеттесуі. Қоздырушы постсинапстық потенциалдың (ҚПСП) пайда болу механизмі.

  25. Нейрон – ОЖЖ-нің құрылымды-әрекеттік бірлігі, қызметі және жіктелуі.

  26. ОЖЖ-нің синапстары. Олардың әсері, орналасуы, басқа жасушаларға сигналдарды өткізуі бойынша жіктелуі.

  27. ОЖЖ-нің негізгі медиаторлары мен қабылдағыштары (табиғаты - аминдер, аминқышқылдары, полипептидтер, т.б.)

  28. Рефлекс –ОЖЖ арқылы реттелудің көрінісі. Рефлекторлық доға сипаттамасы.

  29. ОЖЖ-дегі қозудың таралу ерекшеліктері: баяу және бір бағытта өткізілуі, дивергенция, конвергенция , реверберация, т.б.

  30. Жүйке орталығы туралы түсінік және оның қасиеттері: қозудың жинақталуы, әсерден кейінгі құбылыс, тонусы, қозудың өзгерісі (трансформация), пластикалық қабілеті, т.б.

  31. Жүйке орталығындағы доминанттық құбылысы (А.А. Ухтомский). Доминантты қозу ошағының басты қасиеттері, биологиялық ролі.

  32. ОЖЖ-дегі тежелу үдерістері. Сеченовтық тежелу. Орталықта тежелудің механизмдері

  33. Тежелудің негізгі түрлері: постсинпстық, пресинапстық, реципрокты, шеткері және т.б.

  34. Постсинапстық және пресинапстық тежелудің механизмдері. Тежеуші медиаторлар.

  35. ОЖЖ-нің үйлестіру қызметінің жалпы принциптері ( тікелей, кері, қайтарма және реципрокты байланыстары, субординациялық принципі, жалпы соңғы жол принципі, және т.б.)

  36. Вегетативтік жүйке жүйесінің (ВЖЖ) жалпы сипаттамасы. Оның бөлімдерінің антогонизм және синергизм қызметі. ВЖЖ-нің соматикалық жүйке жүйесінен әрекеттік айырмашылығы.

  37. Вегетативтік рефлекстік доғасының ерекшелігі. Вегетативтік рефлекстердің жіктелуі (висцеро-висцералдық, висцеро-соматикалық, сомато-висцеральдық және т.б.).

  38. Симпатикалық жүйке жүйесінің сипаттамасы, орталықтары, медиаторлары және қабылдағыштары. Ішкі ағзаларға әсері.

  39. Парасимпатикалық жүйке жүйесінің сипаттамасы, орталықтарының орналасуы, медиаторлары мен қабылдағыштары. Ішкі ағзаларға әсері.

  40. Метасимпатикалық жүйке жүйесінің сипаттамасы, медиаторлары (серотонин, гистамин, дофамин , Р-зат, ВИП).

  41. ВЖЖ-нің орталықтары: гипоталамус, лимбиялық жүйе, торлы құрылым, мишық, үлкен ми қыртысы. Олардың вегетативтік қызметтерді реттеудегі маңызы.

41.Ішкі сөлініс бездерінің құрылымды-әрекеттік ерекшеліктері.
42. Гормондардың жалпы қасиеттері мен қызметтері, жіктелуі.
43. Гормондардың физиологиялық эффектілері
44. Пептидті гормондардың әсер ету механизмдері.
44. Стероидты гормондардың әсер ету механизмдері.

  1. Гипоталамус пен гипофиз арасындағы әрекеттік байланысы. Гипоталамустағы нейросекреция.

  2. ІСБ өзара әсерлесуі.Гипоталамус,гипофиз және жүйке жүйесінің функционалдық байланысы

  3. Қандағы гормондар деңгейінің реттелу механизмі

  4. Негізгі және жұмыстық зат алмасу. Зат алмасудың реттелуі.

  5. Зат алмасу. Энергиялық баланс, энергияның көздері, энергияның шығындалуы.

  6. Баланстанған тамақтанудың негізгі принциптері. Тағамдық және тағамдық емес заттар.

  7. Сыртқы орта температурасына организмнің әртүрлі реакциялары

  8. Адам денесінің «ядросы» мен «қабығының» сипаттамасы. Дененің температуралық схемасы

  9. Терморецепторлардың сипаттамасы. Жылу реттеуші орталықтардың орналасуы

  10. Жылу өндіру механизмдері, реттелуі

  11. Жылу шығару механизмдері, реттелуі

  12. Көру талдағышының шеткі бөлімі.Көздің жарық сындырушы құрылымдары. Аккомодация механизмі.

  13. Қарашықтың қызметі, оның диаметрінің реттелуі.

  14. Көздің торлы қабығының фоторецепторлары, қызметтері, түрлері.

  15. Таяқшалардағы фотохимиялық процесстер.

  16. Түрлі-түсті көру, теориялары.Қазіргі кездегі түсті қабылдау туралы түсінік .

  17. Көру талдағышының өткізгіш және орталық бөлімдері.

  18. Көздердің жылжуы. Бинокулярлық көру. Көру анализаторын зерттеу әдістері.

  19. Есту талдағышының перифериялық бөлімі .Дыбысты қабылдаушы аппарат

  20. Есту талдағышының дыбысты өткізгіш аппараты. Дыбыстың берілу механизмі.

  21. Ішкі құлақ құрылымдарындағы дыбысты сезіну механизмінің қалыптасуы (В. Гельмгольц, Г. Бекеши)

  22. Есту талдағышының өткізгіш, орталық бөлімдері. Бинауральді есту.

  23. Вестибулярлық анализатордың рецепторлық бөлімі. Кіре беріс аппаратының қозу механизмі.

  24. Жартылай айналмалы каналдардың ролі. Рецепторлардың қозу механизмі.

  25. Вестибулярлық анализатордың өткізгіш бөлімі.

  26. Вестибулярлық анализатордың орталық бөлімі. Вестибулярлық ядролардың ОЖЖ-нің басқа бөлімдерімен байланысы.

  27. Тактильдік анализатор. Рецепторлық бөлімі. Өткізгіш және орталық бөлімдері.

  28. Температуралық анализатор.

  29. Ауырсыну анализаторы. Антиноцицептивтік жүйе. Жансыздандырудың физиологиялық негіздері.

  30. Иіс сезу анализаторының сипаттамасы. Иістердің жіктелуі. Қабылдау және ажырату механизмдері.

  31. Дәм сезу анализаторының сипаттамасы.

  32. Жоғары нерв қызметі (ЖНҚ) туралы түсінік. Туа біткен мінез- құлықтың формалары.

  33. Шартты рефлекстердің туынлау заңдылықтары, олардың шартсыздан айырмашылықтары.

  34. Шартты рефлексердің құрылымдық- функционалдық негізі туралы қазіргі кездегі түсінік. Шартты рефлекстердің жіктелуі.

  35. Шартты- рефлекторлық қызметтің тежелуі. Қыртыстық тежелудің түрлері.

  36. Сыртқы және қорғаныштық тежелу.

  37. Жүре пайда болған қыртыстық тежелудің түрлері.

  38. Шартты тежелулер механизмі туралы қазіргі кездегі түсінік.

  39. Үлкен жарты шарлар қыртысының аналитико- синтетикалық қызметі.

  40. Шартты рефлекстер әдісі, ақпараттық құндылығы.

  41. И.П.Павловтың ЖНҚ типтері туралы ілімі. Типологиялық қасиеттердің критериилері.

  42. ЖНҚ жалпы түрлері мен темперамент типтерінің сипаттамасы.

  43. ЖНҚ типтерінің сипаттамасы (1-2 сигналдық жүйенің негізінде)

  44. Генотип пен сыртқы ортаның ЖНҚ типтерінің құрастырылуындағы ролі

  45. Меселдердің физиологиялық негізі.

  46. Эмоциялар, олардың биологиялық маңызы, физиологиялық механизмі.

  47. Ұйқы, биологиялық маңызы, түрлері, механизмі.

  48. Қабылдау және назар (ықылас) аударудың физиологиялық негіздері. И.П. Павлов,

А.Ухтомский жұмыстарының маңызы.

  1. Ойлаудың түрлері және нейрофизиологиялық негіздері. Адамдардағы абстракты ойлаудың дамуы. Сана.

  2. Сөйлеу, сөйлеу қызметтері. Сөйлеудің дамуына байланысты үлкен жарты шарлардағы функционалдық ассиметрия.

  3. Бейімделу туралы түсінік, түрлері, бейімделушіліктің факторлары, олардың критериилері.

  4. Жалпы бейімделу синдромы.

  5. Қоршаған ортаның кейбір факторларына организмдегі арнамалы бейімделушілік өзгерістер

Жалпы медицина факультетінің 2 курс студенттерімен Физиология -1 пәні бойынша меңгерілуі тиісті тәжірибелік дағдылар сұрақтары аралық бақылауға арналған



  1. Физиологиядағы негізгі зерттеу әдістері, оның сипаттамасы.

  2. Бақылау әдісі. Тәжірибелер: жедел, созылмалы,табиғи және т.б., оларға сипаттама.

  3. Жүйке – бұлшықет препаратын даярлау

  4. Жүйке мен бұлшықеттің қозғыштық қасиеттерін салыстыру (бұлшықетті тура және жанама тітіркендіру)

  5. Қозғыш тіндердегі электрлік құбылыстар: Гальванидің бірінші тәжірибесі

  6. Гальванидің екінші тәжірибесі (металлсыз жиырылу). Маттеучи тәжірибесі.

  7. Электромиография (ЭМГ) .

  8. Хронаксиметрия

  9. Бұлшықеттің жеке жиырылуын тіркеу және талдау.

  10. Сіреспе (тетанус) жиырылудың түрлері.

  11. Тітіркендірудің күші мен жиілігінің оптимумы және пессимумы (И.Е.Введенский).

  12. Бұлшықеттің жиырылу күшін анықтау. Динамометрия.

  13. Бұлшық-ет түйіспесіндегі қажудың дамуы

  14. Қозудың жүйке арқылы екі бағытта таралуы.Жүйкенің физиологиялық тұтастығы заңы.

  15. Жүйке – бұлшықет синапсындағы қозу өтуінің бұзылысы.

  16. Рефлекс және рефлекстік доғаны тәжірибелік зерттеу, рефлекстік доғаны талдау.

  17. Рефлекс уақытын анықтау. Хронорефлексометрия.

  18. Рефлекс уақытының тітіркендіру күшіне тәуелділігі.

  19. Жұлын рефлекстерінің қабылдағыш (рецепторлар) аймағы.

  20. Қозудың уақыттық және кеңістіктік жинақталуы (суммация).

  21. Жүйке орталығындағы қозудың жайылысы (иррадиация).

  22. И. М. Сеченовтің тежелуді анықтау тәжірибесі.

  23. Жұлын рефлекстерінің ілеспелі (реципроктық) тежелуі.

  24. ВЖЖ-нің тонусын бағалау: Кердо индексін есептеу. Дермографизмді анықтау.

  25. Ішкі сөлініс бездерін зерттеу әдістері.

  26. Галли-Манини реакциясы.

  27. Энергия шығынын анықтау әдістері: тікелей және жанама калориметрия. ТК.

  28. Негізгі алмасуды Гаррис-Бенедикт таблицасы мен формуласы бойынша анықтау

  29. Негізгі алмасудың ауытқуын Рид формуласы мен номограмма бойынша анықтау

  30. Адамның тәуліктік энергия шығынын анықтау.

  31. Адамның тамақтану мәзірін құрастыру және оның қуаттық тиімділігін бағалау.

  32. Дененің әртүрлі бөлімдерінің және ішкі мүшелердің температурасын анықтау

  33. Қарқынды жұмыс пен қоршаған ортадағы температуралық өзгерістердің тер шығуына тигізетін әсері. Минор сынамасы.

  34. Көздің жітілігін (өткірлігін) анықтау.

  35. Адамның шартты қарашық рефлексін зерттеу және өшіру.

  36. Көз шалымын анықтау (периметрия).

  37. Түрлі түсті көруді зерттеу.

  38. Дыбыстың ауа және сүйек арқылы берілуін зерттеу (Вебер және Риннэ тәжірибелері).

  39. Аудиометрия әдісінің негізгі принциптері

  40. Сипап сезудің (түйсіну) табалдырығын анықтау.

  41. Дәм сезудің табалдырығын анықтау.

  42. Иіс сезудің табалдырығын анықтау (ольфактометрия).

  43. Қимыл – қозғалыстың дәлдігін зерттеу

  44. Барани сынамасы арқылы дененің тепе- теңдігін сақтау талдағышының қызметтік қалпын анықтау

  45. Қабылдағыштардың әртүрлі температуралық өзгерістерге бейімделісі.

  46. Адамның қорғаныштық шартты рефлексін қалыптастыру әдісі.

  47. Шартты рефлекстердің тежелу түрлері.

  48. Адамның жоғары жүйке қызметінің типтерін зерттеу.

  49. Адам темпераментінің жеке қасиеттерін анықтау.


Н ПРО БҚМУ 703-08-2022. Аралық бақылауға арналғанбақылау-өлшеу құралдары. Алтыншыбасылым.
Ф ПРО ЗКМУ 703-08-2022. Контрольно-измерительные средства промежуточного контроля. Изданиешестое.
FPROWKMU703-08-2022. Measuring instruments(for intermediate control). Sixthedition.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет