Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет30/60
Дата06.09.2022
өлшемі1.6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60
№28дәріс
Дәріс тақырыбы: Құрама есептерді шешу тәсілдері. 
Дәріс мазмұны: 
1. Есепті алгебралық тәсілмен шығару  
2. Есепті арифметикалық тәсілмен шығару  
Есепті алгебралық тәсілмен шешу 
Оқушыларға алдымен есепті арифметикалық тәсілмен шығару ұсынылады. Содан кейін тендеу 
құрып, алгебралық тәсілмен шешу ұсынылады; мүнда екі тәсілді салыстыру қажет. Осындай жұмыстың 
нәтижесінде есепті теңдеу арқылы шығарудың реті шығады: 
— белгісіз шаманы анықтап, оны х деп белгілейміз; 
— санды және әріпті ӛрнек құрамыз, белгілі және белгісіз шамалар арасындағы байланысты анықтаймыз; 
— «тең» қатынасымен байланысты ӛрнектерді анықтап, теңдеу құрамыз; 
— есептің мазмұнымен байланыстырмай-ақ, тендеуді шешеміз, сондықтан мұнда шама бірліктері 
жазылмайды; 
— х-тің мәнін табамыз — бүл белгісіз шаманың санды мәні болады
— шама бірліктерін қолданып, жауабын жазамыз. 
Мысалы: 
«Бүркіттің ұшу жылдамдығы 30 м/с, ал ол сұңқардың ұшу жылдамдығынан 10м/с артық. Сұңқардың 
жылдамдығы неге тең?»
х м/с — сұңқардың жылдамдығы 
(х + 10) м/с — бүркіттің жылдамдығы 
Бүркіттің жылдамдығы 30 м/с екендігін білеміз, теңдеу құрамыз: 
х + 10 = 30 
х = 30 - 10 
х = 20 
Жауабы: 20 м/с — бүркіттің жылдамдығы. 
Есепті теңдеу арқылы шығарудың жаңа тәсілін қарастырайық: «Бір бидонда бірнеше литр, ал 
екіншісінде 10 л сүт бар. Бірінші бидонға тағы 2 л сүт құйылғанда, ал екіншісінен 3 л сүт құйып алғанда, екі 
бидондағы сүттің мӛлшері бірдей болды. Бірінші бидонда неше литр сүт болған еді?». 
1) Есептің шартындағы бірінші сӛйлемді оқу. Бірінші бидонда неше литр сүт бар екені белгісіз. Бірақ екінші 
бидонда 10 л сүт бар екені белгілі. 
Бірінші бидонда х л болсын. Екінші бидонда 10 л. 
2) Есептің шартындағы екінші сӛйлемге сәйкес ӛрнек құрамыз: 
Бірінші бидонда (х + 2) л болды, ӛйткені 2 л тағы құйылды. 
Екінші бидонда (10 — 3) л қалды, ӛйткені 3 л сүт құйып алынды. 
3) Екі бидондағы сүт мӛлшері бірдей болды, сондықтан теңдеу құрамыз: 
х + 2 = 10 – 3 
х + 2 = 7 
х = 7 – 2 
х = 
Жауабы: 5 литр. 
Тексеру: 
5 + 2 = 10 - 3 
7 = 7 
Одан кейін оқушыларға есепті теңдеу құрып шығару ұсынылады, олар есепті шешу барысын 
түсіндіру кезінде үлгі бойынша оның шешуін жазамыз. «Таразының бір табағына әрқайсысы 3 кг-нан 
бірнеше қапшық ұн салынды. Таразы басын теңестіру үшін оның екінші табағына 10 кг және 2 кг-дық кір 
тастар қойылды. Таразыға неше қапшық ұн салынған?» 
Таразы табағына х қапшық ұн салынған болсын. 
х — қапшықтар саны. 
3

х кг - барлық қапшықтардағы ұн массасы. 
(10 + 2) кг - барлық кір тастардың массасы.


Таразы басы теңесіп тұрғанын білгеннен кейін, теңдеу қүрамыз: 


х = 10 + 2 


х = 12
х = 12 : 3
х = 
Тексеру: 


4 = 10 + 2 
12 = 12 
Жауабы: 4 қапшық ұн. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   26   27   28   29   30   31   32   33   ...   60




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет