Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет33/60
Дата06.09.2022
өлшемі1.6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60
Есепті талдау: 
1.Біреуінің 348 км жол жүргені белгілі болса және одан екіншісі 3 есе кем жүргені белгілі болса,онда 
нені табуға болады? 
-екінші машинаның жүрген жолын. 
2.Қандай амал қолданамыз? 
-бӛлу 
3.Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? 
- болады. 
4.Қандай амал қолданамыз? 
-қосу. 
Есептің қысқаша берілуі: 
348 км 
3есе к. км 
____________________________________ 
_______________ ? км_________________ 
Шешуі:348+348:3- 464 
Жауабы:464км. 
Тексеру: 
3 есе а. км 
116 км 
______________________________________ 
_______________ ? км__________________ 
Шешуі:116+116Х3- 464 
Жауабы:464 км. 
Арасы 1400км Алматы мен астана қалаларынан бір мезгілде бір-біріне қарама-қарсы шыққан екі жеңіл 
машина 7 сағаттан кейін кездесті.Олардың бірі 110км/сағ жылдамдықпен жүрсе,екі 
ншісінің жылдамдығы қандай болғаны? 
Есептің мазмұнымен танысу: 
 
1.Есепте не туралы айтылған? 
-машиналар туралы айтылған. 
2.Есепте не белгілі? 
-1машинаның жылдамдығы 110км/сағ және уақыт, ара қашықтық 
3.Есеп несұрайды? 
-2машинаның жылдамдығын. 
Талдау: 
1.1машинаның жылдамдығы және жүргенге кеткен уақыт белгілі болса,онда нені табуға болады? 
-жүрген жолын немесе қашықтығын. 
2.Қандай амал қолданамыз? 
-кӛбейту. 
3. Барлық қашықтық және 1машинаның жүрген жолы белгілі болса, онда нені табамыз? 
-2машинаның жүрген жолын. 
4.Қандай амал қолданамыз? 
-азайту. 
5.Қашықтығы белгілі және уақыты белгілі,енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? 
-болады. 
6 Қандай амал қолданамыз? 
-бӛлу. 
Есептің қысқаша берілуі: 
7 сағ 
110км /сағ
? км /сағ 
______________________________________ 


_______________ 1400 км ______________ 
Шешуі:1)1400-(110х7)-630 
2)630:7-90 
Жауабы:90 км/сағ. 
Кері есеп:
7 сағ 
? км /сағ 
90 км /сағ 
______________________________________ 
______________ 1400км ________________ 
Шешуі:1)1400-(90х7)-770 
2)770:7-110 
Жауабы:110км/сағ. 
Ә)Қарама-қарсы бағыттағы есептер: 
№2 182бет 
Арасы 89км қаладан бір мезгілде бір-біріенен қарама қарсы бағытта екі жүк машинасы шықты. 
Оның біреуі 55 км/сағ , ал екіншісі 65 км/ сағ жылдамдықпен жүрді. 3сағаттан кейін бұл машиналар бір 
бірінен қандай қашықтықта болады?
1 Мазмұнымен танысу 
1.Есепте не туралы айтылған? 
-машиналар туралы 
2. есепте не белгілі? 
-1машинаның жылд.-65 км/сағ 
-2машинаның жылд.-55км /сағ- 
-ауылдың арасы 89 км екені 
3. Есеп не сұрайды? 
3 сағаттан кейін қандай қашықтықта болғандығын. 
2 Талдау:
1.Әрбір машинаның жылдамдықтары және уақыт белгілі болса,онда нені табуға болады? 
-әр машинаның жүрген қашықтығын. 
2. Қандай амал қолданамыз? 
- кобейту. 
3. Әр машинаның жүрген қашықтықтары белгілі болса, онда нені табамыз? 
- әр біреуінің жүрген жолын. 
4. . Қандай амал қолданамыз?
-қосу. 
5. енді есептің сұрағына жауап беруге болама? 
-болады.
6.Қандай амал қолданамыз?
-қосу
Қысқаша белгіленуі:
3 сағ 
55 км/сағ 89км 65 км/сағ
________________________________
______________ ? км ______________ 
Шешуі: 1) (55х3) + (65х3)-360 
2) 360+89-449 
Бағыттас қозғалысқа берілген есептер
630 км жолды жылдамдықтары 70 км/сағ және 90км/ сағ екі машинаның қайсысы жүріп ӛтеді. 
Межелі жерге қайсысы бұрын және қанша уақыт бұрын жетеді? 
Есептің мазмұнымен таныстыру: 
1.Есепте не туралы айтылған? 
-машиналар туралы айтылған. 
2.Есепте не белгілі? 
-жылдамдықтары және қашықтық. 
3.Есепте не белгісіз? 
-уақыт. 
4Есеп не сұрайды? 
-қай машина бұрын жететінін. 


Талдау: 
1.Жылдамдықтары және жүрген қашықтықтары белгілі болса онда нені табуға болады? 
-әрқайсысының уақытын. 
2.Қандай амал қолданамыз? 
-бӛлу. 
3.Енді есептің сұрағына жауап беруге бола ма? 
-болады. 
4.Қандай амал қолданамыз? 
-азайту. 
Қысқаша белгіленуі: 
70 км /сағ
90 км /сағ 
________________________ ?сағ _____ 
_______________________ 630 км ______ 
Шешуі:1)630:70-9 
2)630:90-7 
3)9-7 –2 
Жауабы:екі сағат бұрын жетеді. 
Жолаушы 10 км жолды салт атпен жүрген, ол барлық жолдың жартысы, бестен бірін жаяу және қалған 
жолды велосипедпен жүріп ӛтті. Жолаушы велосипедпен неше километр жүрді? 
Есеп мәтінімен танысқан соң талдаймыз. Есепте жолаушы деген кім және ол немен жүр?
Сынып екіге бӛлінеді, әр топтан бір оқушы тақтада жұмыс жасайды, ал қалған оқушылар ӛз беттерімен 
дәптерлерінде жұмыс жасайды 1-ші топтың тапсырмасы:
Есептің моделін құр және есепті түсініктеме бермей-ақ амалдармен шығар.
2-ші топтың тапсырмасы:
Есептің графикалық моделін құр және амалдарға түсініктеме бере отырып есептерді шығар. 
Есептің моделі: 
Атпен – 10 км жолдың жартысын атпен 
Жаяу –
 жол 
Велосипедпен – қалған жол, ? км Шығаруы. 
1) 
10 
⋅ 2=20(км) – барлық жол 
2) 
20:5= 4 (км) – жаяу 
3) 
20− (10+4)= 6 (км) – велосипедпен Жауабы: 6 километр. 
Графикалық моделі: 
10 км 
? км, қалған жол. 
Шығаруы. 
1) 
10 
⋅ 2=20(км) – барлық жол 
2) 
20:5= 4 (км) – жаяу 
3) 
10 − 4=6 (км) – велосипедпен Жауабы: 6 километр. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   60




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет