Білім беру бағдарламасы: Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі Құрастырушы: аға оқытушы, магистр Ерниязова С. Н. Орал, 2019 ж



Pdf көрінісі
бет5/60
Дата06.09.2022
өлшемі1.6 Mb.
#38535
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60
6. Дәрістер кешені 
№1дәріс
Дәріс тақырыбы: Кіріспе. БМ математикасын оқыту теориясы мен технологиясы педогогикалық ғылым 
ретінде. 
Дәріс мазмұны:
1. Пәнге сипаттама 
2. Курстың басқа ғылым салаларымен (философия, логика, математика, педагогика, психология 
және физиология) байланысы. 
Математиканың оқыту әдістемесі (МОӘ) соңғы жылдары қарқынды дамып мазмұны жағынан да, 
ғылыми әдіс-тәсілдері жағынан да кемелденген педагогиканың бір саласы. Болашақ математика мұғалімі 
математиканы оқытудың жалпы заңдылықтарын, мақсат-мазмұнын, әдіс-тәсілдерін, методикалық 
зерттеулерді, есеп шығаруды және оларды оқушыларға түсіндірудің жолдарын оқытудың техникалық және 
кӛрнекі құралдарын оқу процесінде пайдалану әдістемесін, оқушыларды оқу-ісіне жұмылдыру тәсілдерін
педагогика ғылымы мен озат тәжірибе жетістіктерін мектеп практикасына батыл енгізу тәсілдерін жоғары 
мектеп қабырғасында жүргенде игеруі тиіс. 
Математиканы оқыту әдістемесі математика пәнінің ерекшеліктеріне негізделген оқу-тәрбие жүйесі 
жайындағы ғылым. Бұл жүйені меңгеру математиканы оқыту мен математика пәні арқылы оқушыларды 
тәрбиелеу ісін ұйымдастыруға мүмкіндік береді. 
Математиканы оқыту әдістемесі педагогикалық ғылым сондықтан да ол қазіргі қоғамның 
талаптарына сай педагогика ғылымы анықтап берген жалпы білім беру мен тәрбиелеудің мақсаттары мен 
міндеттеріне сәйкес құрылады. Математиканы оқыту әдістемесі мұғалімнің оқу материалдарын беру, 
оқушылардың математикалық білімді саналы меңгеру және алған білімінпрактикада қолдану іскерліктерін 
шыңдау әдістері мен құралдарын тағайындайды. 
1. Математиканы не үшін оқыту керек? 
2. Нені оқыту керек? Қандай тәртіппен, ретпен оқыту керек? 
3. Математиканы қалай оқыту керек? 
Математиканы оқыту процесiнде балалардың бiлiмi мен бiлiктерiн, танымдық қабiлеттерiн дамыту үшiн 
пәнаралық байланысты жүзеге асыру қажет. Бұл ғылымның әтүрлi салаларының арасында айқын шекара 
жоқ екендiгi және олардың бiр-бiрiмен тығыз байланыста болатыны туралы түсiнiктердi, сондай-ақ дүниеге 
ғылыми кӛзқарасты қалыптастыруға табиғат құбылыстарының бiртұтастығын, ӛзара байланысын кӛрсетуге 
мүмкiндiк туғызады. Сонда баланың бiр сабақта алуан бiлiмi, әсерi, ойы, қиялы, басқа пәнге келгенде 
тежелiп қалмай, әрi қарай жалғасып дами түсуi, яғни бiр пәннен басқа пәндерге кӛшудің үздіксіздігі
қамтамасыз етiледi. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   60




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет