Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет21/29
Дата12.09.2022
өлшемі4.27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29
Бақылау сұрақтары: 
1. Батыс және Шығыс теорияларының ерекшелігі неде? 
2. Қытай теорияларының қанша түрі бар? 
3. Ине шаншу үшін нені білу қажет? 
Дәріс № 12 Сепсисті емдеу. Оксигенотерапия. 
Мақсаты: Ветеринарияда болатын сепсистің себептерін тереңірек зерттеп, жаңаша 
емдеу шараларын білім алушыларға үйрету. Оксигенотерапияы қадай ауруларда 
қолданады және оттегі қоспасын қалай дайындайтығын студенттерге таныстыру қажет. 
Кілт сөздер: контаминация, сепсис, микрофлора, инфект, оксигенотерапия, оттегі. 
Жоспары: 
1. Сепсис түрлері. 
2. Сеп. систі емдеу. 
3. Оксигенотерапияның тәсілдері. 
Сепсистің дамуы: 1 Бактериялармен ластану – контаминация - көптері 
сапрофиттер, патогендік аэробтар, анаэробтар, көбеймейді, ферменттер, токсиндер 
бөлмейді, жартылай жойылады, ал бірқатары жаңа жағдайға қалыптасады 
2 Микрофлораның пайда болуы..Алғашқыда қышқыл ортада стрептококктар 
көбейеді, ацидоз төмендеген сайын стафилококктардың саны көбейеді, рН - 7,1 -7,2 
кезінде алкалофильді бактериалар көбейеді. 
3 Инфект – патогенді микроорганизмдер көбейіп, ферменттер, токсиндер бөліп 
айналадағы сау ұлпаларды зақымдайды. 
4 Инфекция – күрделі патологиялық процесс. Организмнің инфектіге қарсы, 
жоюға, иммунитетті қалыптастыруға арналған жауаптар.
2 Түрлері:
2.1 Аэробты хирургиялық инфекция - абсцесс, флегмона. 
2.2 Анаэробты инфекция – газды абсцесс, газды флегмона, газды гангрена, қатерлі 
домбығу, шірікті инфекция. 
2.3 Жалпы хирургиялық инфекция – іріңді резорбтивтік безгек, сепсис, пиемия, 
септицемия. 


36 
3 Емі. Абсцесс, флегмонаны оперативтік тәсілдер, антибиотикотерапия. Іріңді 
резорбтивтік безгек – хирургиялық өңдеу, контрапертура жасау, өлі етті кесіп алып тастау
ампутация жасау, кофеин қосылған 40% гексаметилентетраминді енгізу, антибиотиктер 
қолдану. Сепсис, пиемия, септицемия – витаминотерапия (ретинол, аскорбин қышықылы, 
тиамин, рибофлавин, фолий қышқылы, цианкобаламин). Күре тамырға 1 – 2 % калий 
хлорид ерітіндісі егіледі. Гидролизин, полиглюкин, новокаин антибиотик тежеулері
камфор сывороткасы, 20% глюкоза ерітіндісі қолданылады. 
Сапалы дәрігерлік көмек жасау үшін аэробтық және анаэробтық хирургиялық 
инфекцияларды ажырату қажет. Алғашқыда хирургиялық өңдеу, іріңді экссудатты алу, 
дренаж, улануға қарсы тиісті шаралар, қоздырғыштарды жою, иммунитетті 
қалыптастыратын тәсілдерді қолдану қажет.
Оттегі (Oxygenum) O2 түссіз, дәмсіз, иіссіз газ. Суда аз ериді, шамамен 1:43. 
Мдициналық тәжірибеде ауруларға оттегі жетіспеушілігі кезінде (гипоксия), тыныс 
жолдарының ауруларында (пенвмония, өкпе ісігі), жүрек- қантамыр жүйесінің 
ауруларында (жүрек жеткіліксіздігі, коронарлық жетіспушілік, коллапс, шок т.б.) 
қолданылады. 
Көмір қышқыл газымен, синиль қышұылымен уланғанда, тұншықтырғыш 
заттармен (хлороформ, фозгином) уланғанда және наркоздық препаратты көп қолданғанда 
оттегімен емдеу қажет. Сұйық оттегін 40-60% концентрацияда ауамен араластырып, 
пайдаланады. Көбнесе 95% оттегімен 51% СО2 көмір қышқыл газын (карбоген) қосып 
қолданылады. Көмір қышқыл газының болуы тынысты қоздырып және оттегінің 
сіңірілуән жақсартады. Оттегі ми қабыршығының ұлпаларының жұмысын жақсартады. 
Анестезиологияда оттегін ингаляциялық наркотиктермен қосып қолданады. Таза 
оттегін және оның көмір қышқыл газымен қоспаларын операциядан кейінгі ауа 
жетіспеушілігінде, уланғанда қолданады. 
Ингаляцияны маска немесе оттегі толтырған балонға жалғанған түтікше арқылы 
береді. Сондай-ақ оттегі толтырылған резеңке жастықшалар қолданылады. Ем үшін 
оттегін тері астына кішкене көлемдерде салады. 
Соңғы кездері оттегінің гипербарикалық оксигенация түрін пайдалануда. 
Жоғарғы қысымдағы оттегі. Бұл әдіс хирургияда, реанимацияда, невралогияда, 
кардиологияда жақсы нәтижелер беруде. 
Гипербарикалық 
оксигенациямен 
жүргізілетін 
операциялар 
арнайы 
барокамераларда өтеді. Емдік мақсатта қолданғанда 1,2-2 атм. Қысымы бар бір орындық 
камералар қолданылады. Емдеу күніне 1 рет 40-60 минуттан 8-10 рет жүргізіледі. 
Академик Н.И. Сиротин ұсынуымен энтнральды оксигенотерапия пайда болды. 
Оттегі көбігін бірден құрсақа енгізеді. Көптеген ауруларда зат алмасуды жақсартады. Бұл 
коктейлді тауық жұмыртқасының ақуызынан кішкене қысыммен оттегін өткізіп отырып, 
глюкоза, В, С, витамин топтарын, дәрілік шөптердің тұнбаларын араластыра отырып 
алады. Көбік пайда болуы үшін жеміс шырындарының, нан квасының концетратын немесе 
басқа ингриденттерін қосады. Көбікті коктйлді 150-200 мл көлемінде күніне 2 рет тамаққа 
1,5 сағат қалғанда және тамақтан соң 2 сағаттан кейін енгізеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   29




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет