Білім беру бағдарламасы бойынша ozhth 4322 «Өнімді жануарлардың ТӘжірбиелік хирургиясы»


OZhTH 4322 «Өнімді жануарлардың тәжрбиелік хирургиясы»



Pdf көрінісі
бет3/29
Дата12.09.2022
өлшемі4,27 Mb.
#38879
түріБілім беру бағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29
OZhTH 4322 «Өнімді жануарлардың тәжрбиелік хирургиясы» пәнінің
ДӘРІСТЕР ТЕЗИСТЕРІ 
 
 
Алматы 2019 ж. 


15 
Авторлары: Махмутов А. Қ., қауымдастырылған профессор 
Иманғалиев А. Қ. профессор
Омарбекова Г.Қ., аға оқытушы 
OZhTH 4322 «Өнімді жануарлардың тәжрбиелік хирургиясы» пәнінің 
жұмыс оқу бағдарламасы негізінде құрастырылған.
OZhTH 4322 «Өнімді жануарлардың тәжрбиелік хирургиясы» пәннің 
дәрістер тезистері «Акушерлік, хирургия және өсіп-өну биотехнологиясы» 
кафедрасының мәжілісінде қаралды. № 11 хаттама, «11» маусым 2019 ж. 
Кафедра меңгерушісі
Усенбеков Е.С. 


16 
Дәріс № 1 Аллергиялық хирургиялық аурулар 
Мақсаты: Хирургиялық тәжірбиеде кездесетін аллергиялық аурулар туралы 
студенттерге мағлұмат беру. 
Кілт сөздер: аллергия, тітіркендіру, сенсибилизация, иммунопатология, гаптен. 
Жоспары: 
1. Хирургиялық иммунопатология. 
2. Этиологиясы және патогенезі. 
3. Терінің, бұлшық еттердің , көздің аллергиялық аурулары. 
Иммунопатология иммундық жүйенің қызметінің бұзылуымен сипатталады, 
сырттан түсетін немесе организмнің өзінде пайда болған антигендерге, жеткіліксіз немесе 
шамадан тыс көп жауап қайтаруымен көрінеді.
Иммундық жүйе өздігімен дербес жұмыс істететін мүше және негізгі өзі 
мамандандырылған 
функцияларды 
орындайды, 
олардың 
негізгісі 
организмді 
иммунобиологиялық гомеостазбен қамтамасыз ету.
Иммундық аурулардың негізгі себептері: генетиқалық бейімділік, гормондардың 
ықпалы, стресстік жағдайлар, әртүрлі инфекциялардың әсері. Сонымен қатар вирустар, 
гипериммуннды қансарысуларымен емдеудің салдары, гельминтердің, күшті әсер етуші 
дәрілердің әсері. 
Организмге енгізілген кез келген препарат, бөгде зат ретінде ағзаның қорғаныстық 
қызметін әлсіретіп немесе сенсибилизацияны (дененің дәріге түршігіп жауап беруі) 
туғызып әсер етеді. Иммунитет ұғымы көп жағдайда жұқпалы ауруларға жауап деп қана 
білеміз. Бірақ бұл қате көзөарас. Иммундық жүйе барлық организмге иммунобиологиялық 
қадағалауды жүзеге асырады. 
Хирургиялық иммунопатология иммунологияның бір бөлігі болып табылады, 
өзінің құрамына барлық иммундық жүйе ауруларын қосады.
Антибиотиктерді, антисептиктердің, лазер және рентген сәулелерін қолдану 
органдардың, ұлпалардың дегидратациясының баталуының алғашқы себебі, сонымен 
қатар иммунобиологилық гомеостазды бұзып, ақыры ауру туғызады. 
Иммунопатологияның 
даму 
механизімінің 
негізінде 
жоғарыда 
айтылғанфакторларға қоса жедел гиперсезімталдық типі (ГНТ-орысша, ЖГТ), баяу 
гиперсезімталдық типі (ГЗТ-орысша, БГТ) сияқты комплекстер жатады. 
Иммундық жүйе аурулары көптеген органдардың ұлпаларының дистрофиясын 
шақырады және тұқым қуалаушылықты тудырады, және ұдайы дамығандықтан 
генетиқалық деңгейде өзгеріп, жалпы малдан шығатын өнімдердің нашарлауына әкеледі. 
1982 жылы иммундық жүйе ауруларының классификациясы жасалынды: 
1. Иммуножетіспеушіліктен пайда болған аурулар. Ол өз кезегінд келесі топтарға 
бөлінген(біріншілік, екіншілік, транзиторлық); 
2. Иммундық жүйенің артық пайда болуынан болатын аурулар – (аутоиммундық, 
аллергиялық); 
3. Иммундық жүйе инфекциясы ары қарай вирустардың лимфоциттерге өтуі - 
(СПИД, мононуклеоз және т.б.); 
4. Иммундық жүйенің ісіктері – (лимфогранулематоз, жіті лимфома, созылмалы 
лейкоз бен лимфосаркома);
5. Иммундық кешендердің аурулары 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   29




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет