Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4


  Жемшөп  дақылдарының  жалпы  сыныптамасын,  олардың  си-



Pdf көрінісі
бет11/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#9648
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

4. 
Жемшөп  дақылдарының  жалпы  сыныптамасын,  олардың  си-
паттамаларын,  жемшөптердің  химиялық  және  биологиялық  құрамын 
білу
Өңірдің  топырақ-климаттық  жағдайлары.  Жемшөптердің  сипаттамала-
ры.  Жемшөптердің  түрлері.  Жемшөптерді  жіктеу.  Жыртылатын  жерлерде 
жемшөп дақылдары. Көп жылғы бұршақты шөптер. Ботаникалық сипаты және 
жоңышқа мен беденің биологиялық ерекшеліктері және олардың агротехни-
касы.  Бұршақты-дәнді  шөп  қоспалары.  Өсімдіктерді  азықтандыру  режимі.  
Шөп егістерін күту бойынша іс-шаралар.   Жасыл конвейердің жүйесінде бір 
жылғы шөптер. Отамалы дақылдар: жүгері, жемшөм қызылшасы. Арамшөп-
термен күресу шаралары. Нақты кәсіпорынның жағдайларында жемшөптерді 
бағалау.   
5. 
Әртүрлі маңыздағы орман көшеттерін орналастыру, салу және 
оларға күтім жүргізу технологиясын игеру 
Ағаш өсімдіктерінің биологиясы. Ілеспелі ағаш түрі. Экология және өңірдің 
экологиялық факторлары. Топырақты және өсімдіктерді қолайсыз табиғи құ-

80
былыстарынан  қорғау  қажеттілігі.  Агроорманмелиорациялау  тетігі.  Орман 
алқаптарының жүйелері. Орман алқаптарының конструкциясы.  Орман алқап-
тарының егіс даланың микроклиматына әсері.  
Ауылшаруашылық  өсімдіктердің  субулануы  және  шығымдылығы.  Ағаш 
өсірілген даланың экологиясы. Жер құрылысы кезінде агроорманмелиораци-
ялық зерттеу. Даланы қорғау, ағынды реттейтін, арқалық жанындағы, сайдың 
жанындағы орман алқаптары, арқалық-сай көшеттері. Жайылым жерлерде гі 
қорғау көшеттері. Ағаш түрлерін іріктеу және олардың орман алқаптары үшін 
үйлесуі.  Топырақты өңдеу. Орман алқаптарын салу техникасы. Орман алқап-
тарын  түгендееу  және  толықтыру.  Орман  көшеттерін  агротехникалық  күту. 
Орман көшеттерін зиянкестерден және аурулардан қорғау.    
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәтижелері
осы модульді 
табысты аяқта-
удан кейін, білім 
алушы:
Бағалау өлшемдері
Білім алушы:
ОН1 Ауылшару-
ашылық дақылдар-
ды жабық топы-
рақта өсіру техноло-
гиясын біледі;
1.1 
Жылыжайларда  жылу  беру  жүйелерінің  ең  танымал 
шешімдерін сипаттауға;
1.2 
Температураны  бақылау  және  жылыжайларды  желдету 
үшін, құрылғылардың қызмет етуін түсіндіруге; 
1.3 
Жаһандық  жылыжай  эффектісінің  оң  және  теріс  жақта-
рының айырмасын түсіндіруге;
1.4 
Іргетас үшін материалдарды таңдап алу туралы шешімді 
негіздеуге; 
1.5 
Жылыжайды жабуға арналған материалдың басымдықта-
ры мен кемшіліктерін салыстыруға;
1.6 
Ирригациялық жүйелерді жоспарлауға;
1.7 
Жылыжайды  көлеңкелету  бойынша  іс-шараларды 
жоспарлауға; 
1.8 
Кәсіпорын  үшін  экономикалық  негіздеумен    жылыжай-
дың жылу беруін жобалауға;
1.9 
«Жылыжай шаруашылығын басқару жүйесі» автоматтан-
дырылған кешеннің жұмысын түсіндіруге;
1.10  Қауіпсіздік техниканы және өндірістік санитария ереже-
сін сақтауға.
ОН2 Экологи-
ялық ауыл шару-
ашылықтың негіз-
дерін білу, өсімдік 
шаруашылықта  
экологиялық талап-
тарды сақтайды;
2.1 
Қазақстанда  органикалық  ауыл  шаруашылықты  дамыту 
келешектерін сипаттауға;
2.2 
Маркетингтік құралдар туралы базалық білімдер болуға;
2.3 
 CO2 болуына қазақстандық сиыр етінің балансын зертте-
уге.   
ОН3 Қазақстан-
да энергетикалық 
дақылдарды өсіру-
дің және пайдала-
нудың келешегін 
ұғынады;
3.1 Қазақстанда «жасыл» экономиканы дамыту тұжырымдама-
сын білуге;
3.2  Жаңғырамалы  энергия  көздерін  тиімді  пайдалануды  түсін-
діруге;
3.3 Ферма шаруашылығында пайдалы биогазды есептеуге.

81
ОН4 Жемшөп 
дақылдарының жал-
пы сыныптамасын, 
олардың сипатта-
маларын, жемшөп-
тердің химиялық 
және биологиялық 
құрамын біледі; 
4.1 
Жемшөп дақылдарының сыныптамасын білуге.  
4.2 
Жоңышқа  мен  беденің  биологиялық  ерекшеліктерін  си-
паттауға және олардың агротехникасы; 
4.3 
Ферма  шаруашылығы  үшңн  жемшөп  өндірісінің  негізгі 
факторларын түсіндіруге;
4.4 
Биологиялық және ландшафттық әртүрлілікті сақтауға қа-
тысты нормативтік құқықтық актілерді, ережелерді білуге және 
назарға алуға;
4.5 
Шөп егістіктерін күту бойынша іс-шаралар даярлау;
4.6 
Ауылшаруашылық  малдың  азықтану  азық  мөлшерлерін 
теңдестіру үшін, әртүрлі жемшөп түрлері өндірісінің және қайта 
өңдеудің технологияларын түсіндіруге.
4.7 
Қауіпсіздік техниканы және өндірістік санитария ереже-
сін сақтауға.
ОН5 Әртүрлі маңы-
здағы орман көшет-
терін орналастыру, 
салу және оларға 
күтім жүргізу тех-
нологиясын игереді.
5.1 
Ағаш өсімдіктерінің биологиялық аспектілерін білуге;
5.2 
Орман  алқаптары  конструкциялырының  түрлерін  түсін-
діруге;
5.3 
Нақты  кәсіпорынның  орман  алқаптары  үшін  ағаш  түр-
лерінің ауысу схемасын құруға;
5.4 
Қауіпсіздік техниканы және өндірістік санитария ереже-
сін сақтауға тиіс.
КМ 05. Етті-сүтті малдарды өсіру және ұстау  
КМ 05.1: Етті және сүтті ірі қара малды өсіру  
КМ 05.2: Сүт, жүн және ет алу үшін ешкілерді өсіру  
КМ 05.3: Өнімді жылқыларды өсіру
КМ 05.4: Түйелерді өсіру, Түйелердің сүт және ет өнімділігі   
Мақсаттары  мен  міндеттері.  Ауылшаруашылық  малды  азықтанды-
ру, өсіру, гигиенасы мен ұстау кіретін ет-сүт өндірісінің мал шаруашылығы 
өнімін өндіру, алғашқы қайта өңдеу технологияларын және сатуды ұйымда-
стыру үшін мамандарды дайындау.    
Модульге енгізу
Осы модульдің шеңберінде білім алышулар мал шаруашылығының ірі қара 
малды  өсіру  және  бордақылау,  сүт  мал  шаруашылығы,  жылқыларды,  түйе-
лерді, қойлар мен  ешкілерді өсіру сияқты бағыттарын терең зерделейді. Жа-
затайым оқиғаларды болдырмау бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік тех-
никасы мәселелеріне үлкен назар қойылады. Ауылшаруашылық кәсіпорында 
әртүрлі машиналарды, құрылғыларды, құралдарды ұстау қаралады.  
Осы модуль мына мәселелерді тереңрек қарайды: ауылшаруашылық малды 
азықтандыру, азықтандырудың, бір жақтан, физиологиялық жай-күйінің, да-
муы мен өнімділігінің, екінші жақтан, арасындағы байланыстың заңдылығы 
туралы.
Малшылық, сүтті және сиыр етін өндіру технологиясы. Малшылық – ха-
лықты жоғары бағалы азық-түлікпен, ал өнеркәсіпті – шикізатпен қамтама-
сыз ететін мал шаруашылығның жетекші саласы. Осы модульді зерделеу ірі 
қара  малдың  биологиялық  ерекшеліктерімен,  өнімділіктің  сүт,  сүт-ет  және 

82
ет бағыттарының тұқымдарымен, сүтті және сиыр етін өндіру технологияла-
рымен, сүт және ет тұқымды төлдерді өсіру технологиясымен, малшылықта 
асыл тұқымдық жұмыстың ерекшеліктерімен   таныстырады. Жылқы шарау-
ашылығы, сүт және жылқы етін өндіру технологиясы.  
Модульді  зерделеу  барысында  жылқылардың,  түйелердің  биологиялық 
және  шаруашылық-пайдалы  ерекшеліктерін  білу  негізінде  әртүрлі  меншік 
нысанындағы  кәсіпорындарда  жылқыларды,  түйелерді  өсіруді,  жетілдіруді 
және пайдалануды   дұрыс ұйымдастыруға қабілетті мамандарды дайындауды 
жүзеге асырады; әртүрлі тұқымды  және өнімділігі әртүрлі бағыттағы жылқы-
ларды пайдалану зерделенеді, олардың басымдық дамуы негізделеді.
Осы  бағыттағы  маман  ауылшаруашылық  малды,  құстарды,  балықтар-
ды  азықтандыру,  өсіру,  гигиенасы  мен  ұстау  мәселелері  кіретін  мал  шару-
ашылығы өнімінің өндірісі, алғашқы қайт өңдеу технологиялары мен сатуды 
және салалар (малшылық, қой шаруашылығы, жылқы шаруашылығы ж.т.б) 
бойынша  селекциялық  жұмыстардың  техникасын  ұйымдастыру  үшін  даяр-
ланды.
Модульдің  шеңберінде  практикалық  оқыту  көзделеді,  онда  білім  алушы-
лар  мал  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясына  және  оларды  ұй-
ымдастыру; ірі қара малды есепке алуды ұйымдастыру және жүргізу, сүт мал-
шылығы, жылқыларды, түйелерді, қойлар мен ешкілерді өсіру дағдыларына 
ие болады.
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Мал шаруашылығы негіздерін игеру, сүт пен етті өндіру технология-
сын қолдану  
ОН2 Ешкі шаруашылығының негіздерін игеру және ешкі сүті мен етін өн-
діру технологиясын қолдану   
ОН3 Жылқы шаруашылығының негіздерін игеру,  жылқы сүті мен етін өн-
діру технологиясын қолдану   
ОН4 Түйе шаруашылығының негіздерін игеру, шұбат, ет және жұн өндіру 
технологиясын қолдану
Модульдің мазмұны
1. Мал шаруашылығы негіздерін игеру, сүт пен етті өндіру технологи-
ясын қолдану
Ірі  қара  малдың  шығуы,  конституциясы,  экстерьері  мен  интерьері.  Сүт-
ті, біріктірілген және етті малдың экстерьерін, интерьерін, конституциясын 
зерделек ерекшеліктері мен әдістері. Ірі қара малдың тұқымдары. Өнімділігі 
бағыты бойынша тұқымдарды жіктеу: сүт, ет және біріктірілген. Мал табыны-
ның өз төлінен өсіп-өнуі  және ірі қара малды өсіру әдістемесі. Бұзаулау ара-
сындағы цикл және оның кезеңдері: буаздығы, сервис-кезең, сүт шығу, суалу 
кезеңі, олардың өзара байланысы. Ұрықтандыруды, жіберуді және бұзаулауды 
жоспарлау. Төлді өсіруді жоспарлау. Мамандандырылған және ферма шару-
ашылықтарында тайыншаларды өсіру технологиясының ерекшеліктері.  
Сүт өндіру технологиясы. Сүт өнімділігі. Сүт өнімділігінің физиологиялық 
негіздері. Сауым сүтке және сүттің құрамына әсер етуші факторлар.  Сүт өн-
діру технологиясы. Сүтті сиырларды қысқы және жазғы кезеңде ұстау жүй-

83
есі мен тәсілдері. Жемшөпті даярлау және тарату, табиғи және жасанды жай-
ылымдарды, көк конвейр дақылдарын пайдалану. Сауу тәсілдері мен техника-
сы. Алғашқы өңдеу және сүтті сату.  Сүттің ағынды-цехтік өндіру  және мал 
табынының өз төлінен өсіп-өну  технологиясы: сиырлардың цехтарда болуы-
ның ұзақтығын негіздеу. Сүтті есепке алған кезде баға белгілеуші белгілері. 
Ұстау  технологиясының  сүттің  мөлшері  мен  сапасына  әсері.  Азықтандыру  
технологиясының  сүттің  мөлшері  мен  сапасына  әсері.  Жемшөп  сапасының 
сүттің  мөлшері  мен  сапасына  әсері.  Сүт  өндірісіндегі  шығыс  факторлары. 
Малды байлап және байламай ұстауға арналған үй-жай. Жемшөп беру және 
қалдықтарды  тазарту.    Мал  шаруашылығы  үй-жайдың  микроклиматы.  Мал 
шаруашылығы  үй-жайлары  мен  техниканың  құрылысы.    Еңбек  тапсырма-
сын орындау үшін берілген уақыт. Шығыстарды салыстыру. Сүттің сапасын 
сақтау технологиясы: сүтті салқындату, сүт жабдықтарын тазарту қажеттілігі, 
тазарту бойынша жұмыстарды жүргізу жоспары. Сапаға қойылатын минимал-
ды талаптар: пастерленбеген сүтте микроағзалардың және жасуша элемент-
терінің мөлшерлік болуы, пастерленбеген сүттен ірімшік өндіру мақсатында 
шикі  сүтті  алу  үшін  сүрленген  шөпті  пайдалануға  тыйым  салынуы,  сүттің 
құндылығын белгілейтін өлшемдері. Тазарту бойынша жұмыстарды орындау 
жоспары: күнделікті жұмыстар, арнаулы жинау жұмыстары (сауу білдектерді 
ауыстыру). Сүтті сауып алу жиілігі. Тұрақты және ауыспалы өндірістік шығы-
стар. Өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу. 
Ет өндірісі технологиясын қолдану.  
Ет  өнімділігі.  Ет  өнімділігіне  әсер  етуші  факторлар,  малды  бордақылау 
және қашыру.  
Сиыр етін өндіру технологиясы. Малды бордақылау және қашыру. Малды 
өсіру, жетілдіру және азықтандыру туралы ұғым. Мамандандырылған ет мал-
шылығында «сиыр-бұзау» технологиясы. Малды союға даярлау, малды соятын 
жерге тасымалдау. Малдың семіздігін белгілеу және бағалау. Малшылықтағы 
асыл тұқымды ісі. Асыл тұқымды және пайдалану табындарында малды өсіру 
әдістері. Сүт және ет малын сұрыптау. Селекциялық-асыл тұқымды жұмыс. 
Әртүрлі деңгейдегі шаруашылықтарда асыл тұқымды жұмыстың ерекшелік-
тері. Асыл тұқымды есеп.  
Азықтандыру:  суғару кезеңінде, алғашқы және екінші өмір сүру жылда-
рында. Қорада бағу нысандарының диспепсиясы  (климатқа және орынға қой-
ылатын талаптар). Еңбек тапсырмасын орындауға берілген уақыт. Шығыстар-
ды салыстыру. Әртүрлі өсіру және бордақылау кезеңдерінде азықтандыруға 
қойылатын талаптар: пайдалану, жемшөп, өсу қарқыны, жемшөптің мөлшері 
мен сапасына қойылатын талаптар, шикі өзектің болуы 
Малды  жаю  және  қорада  бағу  кезінде  бордақылауға  азықтандыру. 
Бұқашықтарды бордақылау және төлі бар сиырды ұстау: азықтандыру, сал-
мағын қалыптасыру, ет өнімділігін тексеру (мал шаруашылығы қоғамы), өнім 
сапасының  сыныптары    және  сапа  нормалары,  ұстау  нысандары,  еңбек  қа-
уіпсіздігі ережесі. Тайыншаларды бордақылау және бордақылауға қойылған 
бұзауларды суғару ерекшеліктері. Денсаулық проблемалары.  Еңбек тапсы-
рмасын  орындауға  берілген  уақыт.  Шығыстарды  салыстыру.  Аусылды  сату 
мүмкіндіктері.  Сиырдың  құтыруы  (BSE).  Тұмау.  Вирустық  жұқпалар.  Ха-
барлау және тіркеу міндеті. Қолмен ұрықтандыру. Эмбрион салу. Репродук-
циялылығының  бұзылуы  Буаздығы.  Бұзаулау  және  бұзаулаған  кезде  көмек 

84
көрсету.  Туылғаннан кейін бұзауды күту. Репродукциялылығы бойынша де-
ректерді құжаттандыру. Ветеринариялық-санитариялық іс-шаралар. Әдеттегі 
белгілер. Өнімділігі қос бағытты ІҚМ. Ет тұқымды. Экстерьерді бағалау. Дала 
тұқымдары және  будандастыру. Жоғары сүт өнімділігі бар тұқымдар. Таза 
еттің шығысы. Ауыспалы және тұрақты өндірістік шығыстар. Өндірістік-эко-
номикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу.
2. Ешкі шаруашылығының негіздерін игеру және ешкі сүті мен етін 
өндіру технологиясын қолдану
Ешкі шаруашылығының өнімі. Жүн туралы ұғым. Ешкілердің сүт, ет және 
жүн өнімділігіне азықтандырудың, ұстаудың, генотиптің және басқа да фак-
торлардың әсері.   Ешкілердің ет өнімділігі туралы ұғым. Ешкі етінің мор-
фологиялық құрамы. Еттің химиялық құрамы. Ешкілердің сүті. Ешкі сүтінің 
тағамдық құнарлылығы, құрамы және қасиеттері, ешкі сүтін ірімшік жасау-
да пайдалану, ешкілердің сүттілігін бағалау. Ешкілердің тұқымдары. Тұқы-
мы  және  тұқымдық  тобы  туралы  ұғым.  Қой  тұқымдарының  зоологиялық 
және өндірістік сыныптамасы. ҚР мүддесін білдіретін ешкілердің импорттық 
тұқымдары. Ешкілердің тұқымдары. 
Ешкі шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу негіздері. Жүн. Жүнді жіктеу 
және      стандарттау.  Жүнді  дайындау  стандарты.  Жүннің  сапасын  белгілеу. 
Ешкілердің семіздігін белгілеу. 
Ешкі шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы. Мал табынының өз 
төлінен өсіп-өнуі. Қаштыру түрлеру. Қолмен ұрықтандыру. Лақтауды ұйымда-
стыру. Лақтарды өсіру.  Ешкілерді азықтандыру және ұстау. Жынысынан, жа-
сынан, өнімділігнен, физиологиялық жай-күйінен тәуелді ешкілерді азықтан-
дыру ерекшеліктері. Азықтандыруға жемшөпту даярлаудың тиімді тәсілдері. 
Ешкілерді бордақылау және семірту. Бордақылау түрлері.  
Ешкілерді  саууды  ұйымдастыру  және  техникасы.  Ешкілерді  машинамен 
сауу, сүтті есепке алу және қайта өңдеу. Ешкілерді қырқу. коз. Қазақстанның 
әртүрлі аймақтарында қырқу мерзімдері. Қырқу тәсілдері мен амалдары.  Ет 
және сүт, ет-сүт және жүн тұқымдары. 
Қорада  бағу  нысандары  (микроклиматқа  және  орынға  қойылатын  талап-
тар). Жұмыс уақытында қажеттілігі.
Шығыстарды  салыстыру.  Ауыспалы  және  тұрақты  өндірістік  шығыстар.   
Өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу.  
3. Жылқы шаруашылығының негіздерін игеру,  жылқы сүті мен етін 
өндіру технологиясын қолдану
Жылқылардың  экстерьері,  интерьері  және  конституциясы.  Жылқылар-
дың  тұқымдары.  Жылқылардың  экстерьері  және  конституциясы  туралы 
ілім. Әртүрлі тұқымды және типті жылқылардың интерьері. Жылқылардың 
тұқымдарын жіктеу қағидалары. 
Жылқы табынының өз төлінен өсіп-өнуі және өсу технологиясы.  Қосу на-
уқанын ұйымдастыру және өткізу. Жылқалардың төлдеу ерекшеліктері. Биені 
қосу мерзімдері мен тәсілдері. Асы тұқым, шаруа қожалықтарында қосу на-
уқанын даярлау және өткізу технологиясы. Азықтандыру және ұстау. Жылқы-
ларды азықтандыру, ұстау және пайдалану жағдайларының жыныстық бел-
сенділігіне, айғыр ұрығының сапасына және биелердің құлындауына әсері. 

85
Құлындарды өсурі технологиясы. Төлдің өсуіне және дамуына бақылау. Ай-
ғырларды таңбалау және  піштіру жасы. Құлындарды енесінен айырып жі-
беруге  дейін  өсіру,  емуден  ажырамаған  биелерді  және  еметін  құлындарды  
қосымша  азықтандыру.  Жылқылардың  жұмыс  істеу  сапасы  және  оларды 
пайдалану.  Әртүрлі табиғи –экономикалық аймақтардда жылқыларды ауыл-
шаруашылық өндірісте және көлікте жұмыста пайдалану түрлері. Жылқылар-
дың жұмысын жоспарлау және есепке алу. Жұмыс жылқылардың жүктемесін 
және  жұмыс істеу нормасын есептеу. Өнімді жылқы шаруашылығының тех-
нологиясы.  Жылқылардың  ет  өнімділігі.  Жылқы  етінің  химиялық  құрамы, 
құнарлылығы, нәрлілігі және дәмдік қасиеттері. Жылқы етін және қосымша 
шикізатты қайта өңдеу. Жылқылардың сүт өнімділігі. Әртүрлі тұқымды бие-
лердің сүт өнімділігін бағалау және оны белгілеу тәсілдері. Қымызды өндіру 
технологиясы. Үйірлеп жылқы өсіру технологиясы. Үйір жылқыларды өсіру 
амалдары. Жылқыларды үйірде жазғы, күзгі, қысқы және көктемгі кезеңдерде 
ұстау.  Құлындарға таңба салу. Төлді созғылап ұстау. 
Жылқылардың тренингі және ипподромдық сынау технологиясы. Жылқы 
шаруашылығында  селекциялық-асыл  тұқымдық  жұмыс.  Әртүрлі  тұқымды  
жылқыларды  ипподромдық  сынау  ережесі  мен  техникасы.  Ат  спорты  және 
ат туризмі. Ат спортының түрлері. Ұлттық ат ойындары. Ат-туристтік база-
ларды және пони-клубтарды ұйымдастыру және олардың жұмысы. Жылқы-
ларды өсіру әдістері. Үйірлеп жылқы өсіруде және жылқы зауытында іріктеу 
және таңдау.  Жылқыларды сұрыптау. Асыл тұқымдық жұмыс. Тұқымдармен 
селекциялық-асыл тұқымдық жұмыстың жоспары және оларды жасау қағида-
лары.   Асыл тұқымды жылқыларды есепке алу.
4.Түйе шаруашылығының негіздерін игеру, шұбат, ет және жұн өндіру 
технологиясын қолдану 
Түйелердің экстерьері, интерьері және биологиялық ерекшеліктері.   Түй-
елердің  түрлері,  тұқымдары  және  түраралық  гибридтері.  Өнімділік  сапала-
ры. Ұстау және азықтандыру ерекшеліктері. Келеде өз төлінен өсіп-өнуі және 
өсуі. Ферма шаруашылығының жағдайларында түйе шаруашылығының өнім-
дерін  өндіру  технологиясы.  Түйе  шаруашылығындағы  асыл-тұқымдық  жұ-
мыс. Түйе шаруашылығы өнімі өндірісінің экономикалық тиімділігі. 
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту 
нәтижелері, осы 
модульді табысты 
аяқтаудан кейін, 
білім алушы 
Бағалау өлшемдері
Білім алушы 
ОН1 Мал 
шаруашылығы 
негіздерін игереді, 
сүт пен етті өндіру 
технологиясын 
қолданады  
1.1 
Сүт,  біріктірілген  және  ет  малының  экстерьерін, 
интерьерін, конституциясын зерделеу ерекшеліктрі мен әдістерін 
сипаттауға;
1.2 
Жемшөптің сүттің мөлшері мен сапасына әсерін ұғынуға;
1.3 
Күйіс  қайыратын  малды  азықтандыру  үшін  жемшөпті 
өнімділігінің есебімен таңдау;
1.4 
Қажеттіліктеріне  жауап  беретін  азықтандыру  азық 
мөлшерін жасауға және бағалауға; 

86
ОН1 Мал 
шаруашылығы 
негіздерін игереді, 
сүт пен етті өндіру 
технологиясын 
қолданады  
1.5 
Сүт шығуға және сүт өндіруге жеоін құрылысының және 
физиологиялық процестердің әсерін ұғынуға;
1.6 
Сүтке және одан өндірілетін өнімдерге органолептикалық 
бағалауды жүргізуге;
1.7 
Қышқыл сүт өнімдерін, майды және ірімшіктерді даярлау 
технологиясын ұйымдастыруға;
1.8 
Сүтті  қайта  өңдеудің  қосымша  өнімдерінің  химиялық 
құрамы  мен  тағамдық  құнарлығын  жені  олардың  мал 
шаруашылығында пайдаланылуын белгілеуге;
1.9 
Сүт мал шыраушылығы жұмыскерлерінің жеке гигиенасы 
ережесін сақтауға;
1.10    Сауу  аппаратурасын,  сүт  ыдысын  және  басқа  да 
мүкәммалды жуу және дезинфекциялау ережесін сақтауға;
1.11   Экономикалық аспектілердің есебімен сүт малшылығын 
бағалауға;
1.12    Түріне  сәйкестігінің,  экологиялық  үйлесімділігі  мен 
кірістілігінің есебімен сүт малын ұстау әдістерін бағалауға;
1.13   Белгіленген сапаға сәйкес келетін сүтті сақтау және қайта 
өңдеу әдістерін сипаттауға;
1.14   Бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен сүт өнімін 
өндірудің экономикалық деректерін айқындауға, құжаттандыруға, 
есептеп шығаруға және есеп жүргізуге.
1.15    Өнімділік  пен  кірістілікті  назарға  ала  отырып,  түрінің 
және күйіс қайтаратын малға тиістілігінің есебімен төлді өсіру 
белгілерін түсіндіруге;
1.16    Бордақылауға  малды  жаю  және  қорада  бағу  кезінде 
жемшөп құралдарын есептеуді орындауға;
1.17   Тайыншаларды бордақылау және бордақылау бұзауларды 
суғару ерекшеліктерін ұғыну;
1.18   Экономикалық және экологиялық аспектілердің есебімен 
ет өндіру әдістерін бағалауға;
1.19    ІҚМ  әдеттегі  ауруларының  белгілерін  және  өтуін 
сипаттауға және олардың алдын алу үшінт шаралар таңдауға;
1.20   Өнімділікті сақтау және басқару бойынша іс-шараларды 
білдіруге және оларды өсіру бойынша практикалық жұмыс үшін 
бағалауға;
1.21    Ірі  қара  малдың  әртүрлі  тұқымдарын  айыруға,  өсіру 
бойынша жұмыстың мақсатына көрсетуге және кәсіпорын үшін 
жарамды тұқымды таңдап алуға;
1.22    Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  көмегімен  ет  өнімін 
өндірудің экономикалық деректерін айқындауға, құжаттандыруға, 
есептеп шығаруға және есеп жүргізуге.
ОН2 Ешкі 
шаруашылығының 
негіздерін игереді 
және ешкі сүті 
мен етін өндіру 
технологиясын 
қолданады   
2.1 
Ешкілердің семіздігін белгілеуге және таза етінің салмағы 
мен таза еттің шығысын есептеп шығаруға  
2.2 
Өнім сапасына бақылауды жүзеге асыруға  
2.3 
 Сүт пен еттің химиялық құрамын белгілеуге   
2.4 
Ет  өңдеу  кәсіпорындарына  қойылатын  санитариялық-
гигиеналық талаптарды зерделеуге  
2.5 
Еттің сапалылығына органолептикалық және зертханалық 
көрсеткіштерін білуге  
2.6 
Сойылған  өнімге  қайта  өңдеу  және  ветеринариялық  
сараптама жүргізуге
2.7 
 Әдеттегі аурулардың белгілері мен өтуін сипаттауға және 
олардың алдын алу үшін шаралар қолдануға  

87
ОН3 Жылқы 
шаруашылығының 
негіздерін игереді,  
жылқы сүті 
мен етін өндіру 
технологиясын 
қолданады   
3.1 
Жылқылардың  тұқымдары  мен  типтерін,  жылқылар 
тұқымдарының сыныптамасының қағидаларын айыруға;
3.2 
Малдың  өз  төлінен  өсіп-өнуі  бойынша  жұмыстың 
мақсаттарына көрсетуге және кәсіпорын үшін жарамды тұқымды 
таңдап алуға;
3.3 
Құлындарды өсіру технологияларын игеруге;
3.4 
Жылқыларды әртүрлі табиғи-экономикалық жағдайларда 
ауылшаруашылық    өндірісте  және  көлікте  пайдалану  үшін 
жұмыстардың түрлерін белгілеуге;
3.5 
Жылқылардың ет өнімділігін ұғынуға;
3.6 
Жылқы  етінің  химиялық  құрамын,  құнырлылығын, 
нәрлілігін және дәмдік қасиеттерін белгілеуге;
3.7 
Әртүрлі тұқымды биелердің сүт өнімділігін бағалауға;
3.8 
Экономикалық және экологиялық аспектілердің есебімен 
ет өндіру әдістерін бағалауға;
3.9 
Әдеттегі аурулардың белгілері мен өтуін сипаттауға және 
олардың алдын алу үшін шаралар қолдануға;
3.10  Өнімділікті сақтау және басқару бойынша іс-шараларды 
ұсынуға және оларды өсіру бойынша практикалық жұмыс үшін 
бағалауға;
3.11  Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  көмегімен  жылқы  еті 
мен  бие  сүтін  өндірудің  экономикалық  деректерін  айқындауға, 
құжаттандыруға, есептеп шығаруға және есепке алуға.
ОН4 Түйе 
шаруашылығының 
негіздерін игереді, 
шұбат, ет және 
жұн өндіру 
технологиясын 
қолданады 
4.1 Түйелердің биологиялық және шаруашылық ерекшеліктерін 
ұғынуға;
4.2 Түйелерді өсіру технологияларын игеруге;
4.3  Қысқы  және  жазғы  кезеңде  түйелерді  күту  әдістерін 
қолдануға;
4.4 Әртүрлі тұқымды түйелердің сүт өнімділігін бағалауға.
4.5 Экономикалық және экологиялық аспектілердің есебімен ет 
өндіру әдістерін бағалауға;
4.6  Әдеттегі  аурулардың  белгілері  мен  өтуін  сипаттауға  және 
олардың алдын алу үшін шаралар қолдануға;
4.7  Өнімділікті  сақтау  және  басқару  бойынша  іс-шараларды 
ұсынуға және оларды өсіру бойынша практикалық жұмыс үшін 
бағалауға;
4.8  Шұбат,  ет  пен  жүн  өндірудің  экономикалық  деректерін 
айқындауға,  құжаттандыруға,  есептеп  шығаруға  және  есепке 
алуға тиіс. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет