Білім беру бағдарламасы мамандығЫ: 1504000 фермер шаруашылығЫ (бейін бойынша) Астана 2016 4


КМ 06 Етті малды өсіру және ұстау



Pdf көрінісі
бет12/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,25 Mb.
#9648
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20

КМ 06 Етті малды өсіру және ұстау
КМ 06.1: Қойларды өсіру және қой еті мен жүнді өндіру технологиясы  
КМ 06.2: Шошқа өсіру және шошқа етін өндіру технологиясы   
КМ 06.3: Қоян өсіру және қоянның етін өнеркәсіптік өндіру технологиясы    
Мақсаты мен міндеті. Ауылшаруашылық малды азықтандыру, өсіру, гиги-
енасы және ұстау мәселелері кіретін ет өндірісі  мал шаруашылығының өнімін 
өндіру, алғашқы қайта өңдеу және сату технологияларын ұйымдастыру үшін 
мамандарды дайындау.   

88
Модульге енгізу
Осы модульдің шеңберінде білім алушылар қойларды, шошқалар мен қо-
яндарды  ұстау және бордақылау сияқты, мал шаруашылығы бағытын терең 
зерделейді. Жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша еңбекті қорғау және 
қауіпсіздік техника мәселелеріне үлкен назар аударылады. Ауылшаруашылық 
кәсіпорында әртүрлі машиналарды, құрылғыларды, құралдарды және малды 
ұстау қаралады.   
Қой шаруашылығы, жүнді, қой еті мен елтірілерді өндіру технологиясы. 
Қазіргі заманғы шаруашылық ету жағдайларында қойларды өсіру, азықтан-
дыру және ұстау бойынша теориялық, әдістемелік және практикалық мәселе-
лерді зерделеу аса талап етілген.  Модуль қойлардың өнімділік және тұқымдық 
сапасын  бағалау,  сұрыптау  әдістемелерімен,  асыл  тұқымдық  жұмыстардың 
жоспарларын,  селекциялық  бағдарламаларды,  технологиялық  карталарды 
құру әдістемелерімен, қой шаруашылығы өнімдерін өндірудің қазіргі заманғы 
технологияларымен жұмыс істеген кезде машықтарын қалыптастырады. 
Осы модуль ауылшаруашылық малды азықтандыру, азықтандырудың, бір 
жағынан, физиологиялық жай-күйінің, дамуының және өнімділігінің, екінші 
жақтан арасындағы байланыстардың заңдылығы туралы мәселелерді қарай-
ды. 
Осы  модульді  зерделеу  шошқа  етінің,  шошқалардың  сапасын  бағалау 
әдістерінің,  шошқа  шаруашылығындағы  асыл  тұқымдық  жұмыстың,  жаңа 
жемшөпті  және  шошқаларды  азықтандыруды  бағалау  әдістерінің  бәсекеге 
қабілеттілігін жақсарту және арттыру бойынша білімдер алуға мүмкіндік бе-
реді. 
Осы  модульдің  шеңберінде  білім  алушылар  қояндармен  жұмыс  істеген 
кезде қауіпсіздік техниканы, қояндардың интерьері мен экстерьерінің ерек-
шеліктерін; қоян өсіру шаруашылығында тұқымдарды және асыл тұқымдық 
жұмысты  қалыптастыру  ерекшеліктерін;  өнімділік  бағыттарын;  қояндарды 
азықтандыруды, ұстауды, қоянның өз төлінен өсіп-өнуін және пайдалануды 
ұйымдастыруды зерделейді.    
Оқыту нәтижелері: 
ОН1 Қой шаруашылығының негіздерін игеру, жүнді, қой етін өндіру техно-
логиясын қолдану.
ОН2 Шошқа шаруашылығының негіздерін игеру, шошқа шаруашылығын-
да инновациялық технологияларды қолдану  
ОН3  Қоян  өсіру  шаруашылығында  ұйымдастырушылық-зоотехникалық 
жұмыстарды жүргізу   
Модульдің мазмұны
1.  Қой  шаруашылығының  негіздерін  игеру,  жүнді,  қой  етін  өндіру 
технологиясын қолдану 
Қой шаруашылығы өнімділігі. Жүн туралы ұғым. Азықтандырудың, ұста-
удың, генотиптің және басқа да факторлардың қойлардың жүн өнімділігіне 
әсері.  Қой еті. Қойлардың ет өнімділігі туралы ұғым. Қой етінің морфологи-
ялық құрамы. Қой етінің химиялық құрамы. Қойдың сүті. Тағамдық құнар-
лылығы, қой сүтінің құрамы мен қасиеттері, қой сүтін ірімшік жасау үшін 

89
пайдалану,  қойлардың  сүттілігін  бағалау.  Қой    тұқымдары.    Тұқымы  және 
тұқымдық  тобы  туралы  ұғым.    Қой  тұқымдарының  зоологиялық  және  өн-
дірістік сыныптамасы. Биязы жүнді, жартылай биязы жүнді, жартылай қыл-
шық  жүнді  қылшық  жүнді  қойлардың  тұқымы.  Қаракөл  қойлардың  тұқы-
мы және зауыттық типтері.  ҚР мүддесін білдіретін қойлардың импорттық 
тұқымдары.  Ешкі тұқымдары. 
Қой  шаруашылығы  өнімдерін  қайта  өңдеу  негіздері.  Жүн.  Жүнді  жіктеу 
және стандарттау. Жүнге дайындау стандарты. ЖӨК фабрикаларында жүннің 
сапасын белгілеу.  Қойлардың семіздігін белгілеу. 
Қой  шаруашылығы  өнімдерін  өндіру  технологиясы.  Қойдың  өз  төлінен 
өсіп-өнуі. Қаштыру түрлері. Қолмен ұрықтандыру. Қозылауды ұйымдастыру. 
Қозыларды өсіру.  Тоқты қошқарларды піштіру. Қойларды азықтандыру және 
ұстау. Жынысынан, жасынан, өнімділігінен, физиологиялық жай-күйінен  тәу-
елді қойларды азықтандыру ерекшеліктері.   Азықтандыруға жемшөпті тиімді 
даярлау тәсілдері. Қойларды бордақылау және семірту. Бордақылау түрлері. 
Қойларды  саууды  ұйымдастыру  және  техникасы.    Қойларды  машинамен 
сауу,  сүтті  есепке  алу  және  қайта  өңдеу.  Қойларды  қырқу.  Қазақстанның 
әртүрлі аймақтарында қырқу мерзімдері. Қырқу тәсілдері мен амалдары. Ет 
тұқымдары,  ет  жүн,  қысқа  жүн,  ұзын  жүн.  Тексель,  поллдорсет,  суффольк, 
клан-форест, гемпшир, оксфордшир, шропшир, бордер-лейстер, колбред, им-
проверлер  тұқымдары,  сондай-ақ  көпұрықтық  тұқымдар,  буруло,  кол  бред, 
кембриджский. 
Қорада бағу нысандары (микроклиматқа және орнына қойылатын талап-
тар). Жұмыс уақытына қажеттілігі.
Шығыстарды  салыстыру.  Ауыспалы  және  тұрақты  өндірістік  шығыстар. 
Өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу.
2 Шошқа шаруашылығының негіздерін игеру, шошқа шаруашылығын-
да инновациялық технологияларды қолдану
       Ұрықтылығына әсер етуші факторлар. Мегежіндерді ұстау технология-
сы. Эструстарды ширықтыру және оны бақылау; ұрықтандыру кезеңі, қолмен 
ұрықтандыру және еркін қаштыру, буазыдығын бақылау.  
Торайлауға  даярлау  және  оны  бақылау.  Торайларды  өсіру  технологиясы; 
өмірінің алғашқы екі аптасында күту, торайлардың ауруларының алдын алу 
және  емдеу.  Көтерудің  бастапқы  кезеңінде  мегежіндерді,  торайлауға  дейін 
бірнеше күн бұрын мегежіндерді, емізетін мегежіндерді жетілдіру және ұстау 
үшін есептер.
Бордақылау үшін есептер: енесінен айырып жіберуге дейін торайлар, енесі-
нен айырып жіберуден кейін торайлар, торай, бордақылаудың басы, бордақы-
лаудың  соңғы кезеңі. Жемшөп құралдары. Торайларды азықтандыру. Асыл 
тұқымды мегежіндерді азықтандыру; толық рационды азықтандыру, құрамда-
стырылған азықтандыру, деректерді берумен азықтандыру, құрғақ және сұй-
ық азықпен азықтандыру. 
Ұстау  технологиясы.  Мал  шаруашылығы  үй-жайының  микроклиматы.  
Аурулар: шошқалардың обасы, тыныс алу жолдарының сырқаттары. Еңбек 
тапсырмасын орындауға жұмысшыға берілген уақыт. Шығыстарды салысты-
ру. 
Бордақылау әдістері. Жемшөп: ақуыздың сапасы, фосфорды игеру. Азықтан-

90
дыру:  қажеттіліктері,  жемшөп  заттарының  қоспасы,  фазалық  азықтандыру. 
Жемшөпті мөлшерлеу.
Сату жолдары. Тасымалдау, жануарларды қорғау. Жоғары сұрыпты ет бой-
ынша  бағдарламалар  және  сатудың  басқа  да  баламалы  нұсқалары.    Малды 
сою бойынша нұсқаулар.
Шошқа өсіру кәсіпорны. Жабық жүйе. З-апталық ритм. Жаю және енгізу 
әдісі. Бір немесе екі фазада жетілдіру. Өнімділігі, бордақылау өнімділігі, сой-
ған кездегі өнімділігі.  Еттің сапасы. Өсіру әдістері. Еңбек ресурстарының ба-
лансы. Асыл тұқым бастарды бағалау; ұрпақ және  жеке өнімділігі. Селекци-
ялық белгілері.   Ауыспалы және тұрақты өндірістік шығыстар. Өндірістік-э-
кономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу.
3 Қоян өсіру шаруашылығында ұйымдастырушылық-зоотехникалық 
жұмыстарды жүргізу   
Қоян өсіру шаруашылығының жай-күйі және даму келешектері. Қояндар-
дың пайда болуы. Қояндардың биологиялық, морфологиялық және физиоло-
гиялық ерекшеліктері. Қоян тұқымдары. Мал шаруашлығының негізгі және 
қосымша өнімі. Қоян өсіру шаруашылығындағы асыл тұқымдық жұмыс. Қа-
уіпсіздік техникасы. Қоян өсіру шаруашылықтарын орналастыру және қоян-
дарды ұстау жүйесі.  Қояндарды азықтандыру.  Қоян өсіру шаруашылығының 
өнімдерін өндіру технологиясы. Қояндарды өсіру техникасы.
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту 
нәтижелері, осы 
модульді табысты 
аяқтаудан кейін, 
білім алушы 
Бағалау өлшемдері
Білім алушы 
ОН1 Қой 
шаруашылығының 
негіздерін 
игереді, жүнді, 
қой етін өндіру 
технологиясын 
қолданады.
1.1 
Қойдың семіздігін белгілеу және таза еттің салмағын және 
таза еттің шығысын есептеп шығаруға;
1.2 
Өнім сапасына бақылауды жүзеге асыруға;
1.3 
Еттің химиялық құрамын белгілеуге; 
1.4 
Ет  өңдейтін  кәсіпорындарға  қойылатын  санитариялық-
гигиеналық талаптарды зерделеуге;
1.5 
Еттің сапалылығына органолептикалық және зертханалық 
көрсеткіштерін білуге;
1.6 
Сойылған  өнімге  қайта  өңдеу  және  ветеринариялық  
сараптама жүргізуге;
1.7  Әдеттегі  аурулардың  белгілері  мен  өтуін  сипаттауға  және 
олардың алдын алу үшін шаралар қолдануға  

91
 ОН2 Шошқа 
шаруашылығының 
негіздерін 
игереді, шошқа 
шаруашылығында 
инновациялық 
технологияларды 
қолданады  
2.1 
Түрі  мен  кірістілігінің  есебімен  өсіру  өлшемдерін 
айқындауға, өсіру бойынша практикалық жұмыс үшін іс-шараларды 
негіздеуге;
2.2 
Шошқалар үшін жемшөптерге есеп орындауға;
2.3 
Экономикалық  аспектілердің  есебімен  торайларды  және 
мегежіндерді азықтандыру технологиясын таңдап алуға;
2.4 
Кірістіліктің,  гигиенасы  мен  түрінің  есебімен  бордақылау 
шошқаларды ұстауды қарауға;
2.5 
Бордақылауға шошқалардың өндірісінде сату жолдары мен 
кірістілікті айқындауға;
2.6 
Өндірістік  және  экономикалық  жағдайлармен  шошқа 
шаруашылығы кәсіпорнын ұйымдастыруды негіздеуге;
2.7 
Тұқымды және будандастыру әдістерін таңдауды негіздеуге;
2.8 
Бағдарламалық қамтамасыз етудің көмегімен бордақылауға 
торайлар  мен  шошқаларды  өндірудің  экономикалық  деректерін 
айқындауға, құжаттандыруға, есептеп шығаруға және есепке алуға.
ОН3 Қоян өсіру 
шаруашылығында 
ұйымдастырушы-
лық зоотехникалық 
жұмыстарды 
жүргізеді   
3.1 
Қояндардың  интерьері  мен  экстерьерінің  ерекшеліктерін 
және  тұқымдардың  қоян  өсіру  шаруашылығында  асыл  тұқымды 
жұмыстың  қалыптасыуын  белгілеуге;
3.2 
Ферма  шаруашлықтарында  қарқынды  технологиялар 
жағдайларында  минималды  шығынмен  жоғары  сапалы  өнімді 
өндіруді ұйымдастыруға және басқаруға;
3.3 
Қояндардың  олардың  дербес  қажеттілігінің  есебімен 
қояндар үшін азық мөлшерлерін, жемшөпті даярлау және сақтауды 
жасауға және талдауға;
3.4 
Қояндарды селекциялау және өсіру техникасын игеру;
3.5 
Қояндарды сою және терілерін алғашқы өңдеу техникасын 
сипаттауға;
3.6 
Жоспарлы ветеринариялы-санитариялық профилактикалық 
іс-шараларды жүргізуде көмекті ұйымдастыруға тиіс.
КМ 07  Ауылшаруашылық құсты өсіру және жұмыртқа мен құстың 
етін, сондай-ақ балықтарды, мамық жүнді аңдар мен араларды өндіру 
технологиясы     
КМ 07.1: Құстың жұмыртқасы мен етін өндіру технологиясы  
КМ 07.2: Балық өсіру және терісі бағала аңдарды, араларды бағу 
Мақсаты мен міндеті. Студенттердің құс шаруашылығының сапалы 
өнімін тиімді өндіру және қайта өңдеу бойынша технологиялық міндеттерін 
іске асырудың базалық білімдері мен жалпы білімдері бар.  
 
Модульге енгізу
Осы модульдің шеңберінде білім алушылар құс, балық, мамық жүндіаңдар 
мен араларды өсіру сияқты, мал шаруашылығының бағыттарын зерделейді. 
Жазатайым оқиғаларды болдырмау бойынша еңбекті қорғау және қауіпсіздік 
техника  мәселелеріне  үлкен  назар  аударылады.  Ауылшаруашылық  кәсіпо-

92
рында әртүрлі машиналарды, құрылғыларды, құралдарды және малды ұстау 
қаралады. 
Құс шаруашылығы саласы елдің агроөнеркәсіптік кешенінің ең қарқынды 
және  серпінді  салаларының  бірі  болып  табылуымен  байланысты,  модульді 
зерделеу білім алушыларда құстарды азықтандыру және ұстау бойынша, ша-
руашылық-пайдалық қасиеттерін бағалау және жетілдіру бойынша қабілет-
терін қалыптастыруды көздейді. Модуль құс шаруашылығының сапалы және 
арзан  өнімі  өндірісінің  прогрессивтік  және  қолайлы  технологиялық  проце-
стерінің негізін зерлеуді көздейді.    
Балық шаруашылығы – аквамәдениет бағыттарының бірі және ауыл ша-
руашылықтың  балық  өсірумен,  су  қоймаларында  балықтардың  запастарын 
жақсартумен  және  көбейтумен  айналысатын  саласы.  Теңіз  су  қоймаларын-
дағы балық шаруашылығы маримәденеттегі бағыттардың бірі ретінде қарала-
ды. Балықты өсіру үшін, табиғи және жасанды су қоймаларын, оның ішінде  
бассейндерді, сауыттарды, кішілеу кемелер мен аквариумдарды пайдаланады.  
Мамық жүнді  аң шаруашылығы  - ауыл шаруашылығының дербес және 
келешегі бар саласы. Тор жағдайларында өсірілетін мамық жүндіаңдар адам 
еңбегінің өнімі болып табылады және өздерінің жабайы тұқымдастарынан, 
өнімділігі деңгейі бойынша, солай ұстау және азықтандыру жағдайлары бой-
ынша  маңызды  өзгешеленеді.  Мамық  жүнді    аң  шаруашылығы,  сонымен 
жабайы фаунаның өкілдерін сақтап, азық ретінде ет, балық, сүт және басқа 
өнеркәсіптің тағамдық емес қалдықтарын пайдалану. Көптеген азайып бара 
жатқан түрінің мөлшерін құтқару және қайта қалпына келтіру үшін, аң ша-
руашылығын  жүргзу.  Аңдардың  әр  түрінің  биологиялық  ерекшеліктерінің 
есебімен мамық жүнді  аңдарды өсіру бойынша жұмыстардың технологияла-
ры. 
Ара шаруашылығы – балдың жеңсік өнімін өндіретін сала...   
 Оқыту нәтижелері: 
ОН1  Ауылшаруашылық  құстардың,  тауықтардың,  үйректердің,  күркета-
уықтардың, қаздардың, мысыр тауықтарының, бөденелердің, жұпарлы үйрек-
тердің биологиялық және өнімдік ерешеліктерін пайдалану.
ОН2 Балық шаруашылығы, мамық жүндіаң шаруашылығы және ара шару-
ашылығы технологияларын қолдану  
 Модульдің мазмұны
1. Ауылшаруашылық құстардың, тауықтардың, үйректердің, күркета-
уықтардың, қаздардың, мысыр тауықтарының, бөденелердің, жұпарлы 
үйректердің биологиялық және өнімдік ерешеліктерін пайдалану.
Әртүрлі құс түрлерінің конституциясы мен экстерьері. Өнімділіктің бағы-
тана  байланысты  конституцияның  типтері  мен  экстерьердің  ерекшеліктері.  
Экстерьерді бағалау әдістері. Дене бітімі, олардың өзгеруі және құстардың 
физиологиялық  жай-күйінен  және  өнімділігінен  тәуелді  сипаттамалары. 
Өнімді  және  сау  құстарды  бағалау  және  іріктеу  үшін  экстерьер    мен  инте-
рьердің мазмұны. Тауықтардың жұмыртқа, ет және ет-жұмыртқа тұқымдары.
Жұмыртқа өнімділігі. Ет өнімділігі. Жұмыртқаларды инкубациялау және 
ауылшаруашылық құстың өсіп-өну қасиеттерді.

93
Тауықтар: жұмыртқа тауу бейімділігімен тұқымдар, бройлерлік тұқымдар, 
өсіру  технологиясы.  Жіктеу:  өнеркәсіптік,  экстенсивтік.  Тауықтар:  инкуба-
ция, бройлерлік, тауықтар, мекиен тауықтар. 
Қаздардың тұқымдары және тұқымдық топтары: адлер, қытай, ланд, рейн, 
итальяндық, кубандық, ірі сұры, холмогор, ромен.
Қаз  шаруашылығының  өнімдері  және  өндіріс  ерекшеліктері.  Қаздарды 
азықтандыруда аз құнды және арзан жемшөптерді пайдалану.  
Үйректердің  тұқымдары  және  тұқымдық  топтары:  бейжін,  украина,  үн-
дістан желаяқтары және басқалар, жұпар үйректер. Үйректердің кроссы. Үй-
ректердің өнімдік және өсіп-өну қасиеттері. Үйректерді ет алу үшін жетілдіру. 
Күркетауықтардың тұқымдары және тұқымдық топтары: көкірегі кең қола 
және ақ, ақ мәскеу, қара тихорецкий.  Күркетауықтардың кросстары. Күрке-
тауықтардың ет қаситтерінің сипаттамалары. Қазақстанда күркетауық шару-
ашылығының келешектері: күркетауық етін өндіру және қайта өңдеу бойын-
ша жаңа қазіргі заманғы кәсіпорындарды ұйымдастыру, жоғары өнімді ауыр 
және орташа кросстарды пайдалану, бір жыл ішінде тегіс инкубациялық жұ-
мыртқалардың өндірісі. Күркетауық етін өндіру технологиясы.
Мысыр тауығы жұмыртқасы мен етінің тағамдық және дәмдік қасиеттері. 
Мысыр тауығының етін өндірген кезде қарқынды технологияларды пайдала-
ну.
Ара шаруашылығы – жеңсік өнім өндіретін сала  
Ауылшаруашылық  құсты  азықтандыру  ерекшеліктері.  Толық  азықтанды-
рудың  маңызы.  Құстардың  әртүрлі  технологиялық  топтарын  азықтандыру 
ерекшеліктері.    Агроөнеркәсіптік  секторда  азықтандыру  (жұмыртқалағыш 
және бройлерлік). Азық ингредиенттеріне қойылатын талаптар, өнімге және 
өнімділікке  бағдарланған  азықтандыру,  жасынан  және  бордақылау  табы-
стылығынан тәуелді азықтарға қойылатын талаптар. 
Тағамдық жұмыртқаларды қайта өңдеу, сұрыптау және сақтау технология-
сы.  Құс етін өндіру технологиясы. 
Құстың әдеттегі аурулар:құс тұмауы, ерекше құс тұмауы (H5N1), ринотра-
хит, Марек сырқаты, Ньюкасл сырқаты.
Ұстау нысандары (микроклиматқа және орнына қойылатын талаптар). Құс 
шаруашылығы  үй-жайларының  нысандары.  Жұмыс  уақытында  қажеттілі-
гі. Шығыстарды салыстыру. Ауыспалы және тұрақты өндірістік шығыстар. 
Әртүрлі ұстау технологиялары үшін жарамдылығы: жұмыртқа мен етті өнер-
кәсіптік өндіруге арналған тұқымдар, жайып ұстауға арналған тұқымдар.
Өндірістік-экономикалық көрсеткіштерді есептеп шығару және есептеу.
2  Балық шаруашылығы, мамық жүнді аң шаруашылығы және ара 
шаруашылығы технологияларын қолдану
Өңірде  аса  маңызды  мамық  жүнді  аңдар  түрлерінің  тұқымдары.  Өндіріс 
технологиялары. Ұстау жүйелері. Азықтандыру технологиясы. Малдың ден-
саулығы және  гигиена. Өнімге қойылатын талаптар. Экономикалық көрсет-
кіштері. 
Өңірде пайдаланылатын балық түрлері. Балық өндіру технологиясын және 
ұстау жүйсін жіктеу. Құртшабақтарды өсіру. Тоғандарға балық салу.   Азықтан-
дыру технологиясы. Балықтың денсаулығы және гигиенасы. Өнімге қойыла-
тын талаптар. Экономикалық көрсеткіштері.   

94
Ара тұқымдары және қолмен ұрықтандыру. Ара шаруашылығында өндіру 
технологиялары. Ұстау жүйелері. Жазғы шабындылар және қысқы азықтан-
дыру.  Аралардың аурулары және оларды емдеу. Балдың сапасына қойылатын 
талаптар. Экономикалық көрсеткіштер. 
Оқыту нәтижелері және бағалау өлшемдері
Оқыту нәтиже-
лері, осы мо-
дульді табысты 
аяқтаудан кей-
ін, білім алушы 
Бағалау өлшемдері
Білім алушы 
ОН1 Ауыл-
шаруашылық 
құстардың, 
тауықтардың, 
үйректердің, 
күркетауықтар-
дың, қаздардың, 
мысыр тауықта-
рының, бөдене-
лердің, жұпарлы 
үйректердің 
биологиялық 
және өнімдік 
ерешеліктерін 
пайдаланады.
1.1 
Құстардың тұқымдарын айыруға, өсіру бойынша жұмыстар-
дың мақсатын көрсетуге және кәсіпорын үшін жарамды тұқымды 
таңдап алуға;
1.2 
Экологиялық  аспектілердің  есебімен  құстарды  өсіру  және 
құстың етін өндіру әдістерін сипаттауға;
1.3 
Әдеттегі  аурулардың  белгілері  мен  өтуін  сипаттауға  және 
олардың алдын алу үшін шаралар таңдауға;
1.4 
Өнімділік  пен  кірістіліктің  есебімен  жас  құсты  өндіру  әді-
стерін түсіндіруге;
1.5 
Бағдарламалық  қамтамасыз  етудің  көмегімен  ұс  шару-
ашылығының және өқс еті өндірісінің    экономикалық деректерін 
айқындауға, құжаттандыруға, есептеп шығаруға және есепке алуға.
ОН2 Балық ша-
руашылығы, 
мамық жүнді аң 
шаруашылығы 
және ара шару-
ашылығы тех-
нологияларын 
қолданады
2.1 
Мамық  жүнді  аң  шаруашылығының  өндірістік-техникалық 
белгілері  мен экономикалық деректерін сипаттауға 
2.2 
Балықты  өсірудің  өндірістік-техникалық  белгілері  мен  эко-
номикалық деректерін белгілеуге;
2.3 
Ара шаруашылығының өндірістік-техникалық белгілері мен 
экономикалық деректерін белгілеуге тиіс. 
КМ 08. Қаржылық есеп, статистика және бақылау. 
Капитал және заң  
Мақсаты: Студенттер компаниялардың, ауылшаруашылық кәсіпорындар-
дың жалпы талдау және қаржылық есеп, инвестициялау және қаржыландыру, 
Заң және әкімшілік ғылымдар саласында теориялық және нақты білімдердің 
кең спектрін алады.  
Модульдің мазмұны
Ауылшаруашылық  есепті  ұйымдастыру  және  оның  міндеттері.  Түгендеу 
рәсімдері мен жүйелері. Қос бухгалтерия жүйесінің негіздері. Заңды негізі. 
Түгендеуден бухгалтерлік балансқа. Шоттар бойынша кітап, жеке алғанда тү-
гендеу, табыстар, жеке және ҚҚС шоттары бойынша – шоттарды жабу. Ұйым.  

95
Қос бухгалтерия. Ағымдағы тапсырыстар. Дайындық жабуды тіркеу. Жабу-
ды  тіркеу.  Жалпы  сомасы.  Жүйелі  салық  салу.    Амортизация  әдістері.  Бас 
кітап пен Бухгалтерлік кітапты жүргізу. Бухгалтерлік есеп  рәсімдері. Жыл-
дық қаржылық есептілікке қатысты нақты мәселелер.  Шығынға жазу. Есепке 
қосу. Алдын ала төленетін шығындар. Есепке алу және бағалау. Қаржылық 
есептіліктің түрлері. Басты фигураларды белгілеу. Қаржылық есептелікті тал-
дау.  
   Гипотезаны  қалыптастыру.  Сипаттамалы  статистика.  Кестелерді  әзір-
леу және басқару. Шығарылған статистика. Пайыздар мен шектеулерді, орта-
ша маңызын және шара дисперсиясын есептеу және ұсыну, жиіліктерді бөлу.  
Корреляцияны есептеп шығару және тоқайласу кестелерін пайдалану. Пара-
метрлік және бипараметрлік тестілердің рәсімдері. 
Шығындарды есептеу / Өндірістік филиалдарды талдау:  Тұжырымдама-
сы, мазмұны, мақсаты, қолдану және басқару салалары; компанияларды және 
өндірістік  салаларды  жалпы  талдау  үшін  деректер  базасы  ретінде  жылдық 
бухгалтерлік есептілік; Ауылшаруашылық компанияда құны мен өнімділігін 
есептеу  негіздері;  Ішінара  шығындарды  есептеу  (тура  тегін  сервис);  толық 
шығындарды есептеу – шығындар түрлері бойынша есепке алу, МЗШ бой-
ынша  шығындарды  есепке  алу,  шығындар  бірліктерін  есепке  алу;  Бағалау 
проблемалары (ішкі сатулар мен нарықтық емес ауылшаруашылық қызмет-
тер); қосымша шығыстрды бөлу; Жоспарлау және шешімдер қабылдау тео-
риясының негіздері; Компанияны қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оңтай-
лы  ұйымдастыру;  Жоспарлау  әдістері;  Бизнесті  жалпы  жоспарлау  (құнын 
алдын ала бағалауды бағалау рәсімдерін салыстыру, бағдарламалау, желілік 
бағдарламалау);  Өндірістік  филиалдарды  талдауды  практикалық  іске  асыру   
-  Ауылшаруашылық  кәсіпорындарда  жай  бизнес  жағдайларда  шығындар 
түрлері  боынша  есепке  алуды,  МЗШ  бойынша  шығындарды  есепке  алуды, 
шығындар  бірліктерін  есепке  алуды  қолдану;  Бірігіп  бөлу  үшін,  бөлу  кілт-
терін қолдану; Нарықтық емес және нарықтық емес ауылшаруашылық қыз-
меттер үшін, маңыздарын есептеу; Ішінара ауданды жоспарлау  (рәсімдерді 
салыстыру);  Бизнесті  жалпы  жоспарлау  үшін,  жоспарлаудың  компьютерлік 
бағдарламаларын қолдану. 
Инвестициялық  жоспарлау.  Қаржылық  математиканың  негізгі  қағи-
далары  және  оларды  электрондық  кестелер  бағдарламасында  пай-
далану  (пайыздық  және  негізгі  шот,  аннуитетті  есептеу).  Инвести-
циялардың  пайдалылығы  (статикалық  және  динамикалық  әдістер). 
Қаржыландыру негіздері. Қаржы құралдары. Тиімділігі және әсер ету  теті-
гі. Қаржылық жоспар. Кредитті қамтамасыз ету. Іс-жүзінде инвестицияларды 
және қаржыландыруды жоспарлаудың негізгі кезеңдері. Жеке инвестициялық 
жобаларды талқылау.     Қазақстанға инвестицияларды ынталандыру.  

96

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет