Білім беру бағдарламасы «Шетел филологиясы»



бет1/13
Дата05.04.2023
өлшемі157,84 Kb.
#79683
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Орталық Қазақстан академиясы
Қазақстан Республикасының орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Білім беру бағдарламасы - «Шетел филологиясы»

Қарағанды 2023ж.

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі
Орталық Қазақстан академиясы


«Қорғауға жіберілді»
Кафедра меңгерушісі
_____(қолы)
_____2023ж.(күні)


Қазақстан Республикасының орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның әдістемесі
ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС


Білім беру бағдарламасы - «Шетел филологиясы»

Орындаған Есенкелдинова Э.А.

Ғылыми жетекші Алексеева О.Г.


Қарағанды 2023ж.
Кіріспе
Негізгі бөлім.
1. Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері

    1. Орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның мазмұны мен құрылымы.

    2. Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі мен маңызы.

2. Орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның әдістемелік қызметінің рөлі


2.1. Жаңартылған бағдарлама мазмұны бойынша оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер
2.2.Бағдарламаның жағдайында табысты оқытудың әдістері.

3. Жаңартылған бағдарлама-білім берудің жаңа мазмұны.


3.1.Бағдарлама - жаңа білім беру жүйесі
3.2. Жаңартылған білім беру бағдарламасының жаңашылдығы

Қорытынды


Пайдаланған әдебиеттер тізімі

Кіріспе
Бүгінгі таңда елімізде білім беру мазмұны жаңа бағытқа бет бұрды. Елбасы Н.Назарбаев өз сөзінде: «Біз қазір «білім – ғылым – инновация» атты үштік үстемдік құратын постиндустриялық әлемге қарай бағыт алып барамыз», — деген болатын. Ендеше, еліміздің әлемдік үрдістерге енуі білім беру жүйесінің жаңа сапалық деңгейге өту қажеттілігін арттыруда екені түсінікті. Қазақстанда орта білім беру мазмұнын жаңарту шеңберіндегі білім беру үдерісінің құрылымы мен мазмұнына елеулі өзгерістер енгізілуде. Жаһандану заманында жас ұрпақтың жаңаша ойлау қабілеті мен белсенділігін арттыру, білімге деген құштарлығын ояту, өмірде оны қолдана білуге бағыттау – ұстаздың басты міндеті болуымен қатар, оларға жүктелер жауапкершілік жүгін де еселейді. Өйткені, сапалы білім мен кәсіби білікті мамансыз бәсекеге қабілетті өскелең ұрпақты тәрбиелеу мүмкін емес.


Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты — білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып, сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ–ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен, топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты, шығармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) қолдану болып табылады. Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс–тәсілдермен оқытып, ой–өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады.
ХХІ ғасыр – жаңа технология мен ақпараттандыру ғасыры. Өскелең елдің айбынды болашағы үшін – ең әуелі сапалы білім қажет. Ол үшін еліміздің білім саясатындағы әлеуетін жұмылдыру, ғылымның басым бағыттарын дамыту жолындағы ресурстарды шоғырландыру, оның жетістіктерін өндіріске енгізу инновациялық дамудың негізгі көзі. Білім мен ақпарат дамыған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады. Білім берудің негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
Қазақстандық білім беру жүйесі әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда. Бұл педагогика теориясы мен оқу-тәрбие үрдісіндегі елеулі өзгерістерге байланысты болып отыр. Білім беру парадигмасы өзгерді, білім берудің мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңаша қарым-қатынас пайда болды.Бүгінгі таңда білім беру мазмұнын жаңарту өте маңызды өзгерістердің сатысында тұр. Білім беру мазмұнын жаңарту-сапалы білім, жарқын болашаққа негіздеп, бірқатар жетістіктер формуласын ұсынған үлгі және оқу-тәрбиелік үрдісті жан-жақты жаңа әдіс-тәсілдермен ұштастыру болып табылады. Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016-2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында «Сапалы орта білім беруге тең қол жеткізуді қамтамасыз ету, тез өзгеріп жатқан әлемнің жағдайында зияткер, дене бітімі және рухани жағынан дамыған, табысты азаматты қалыптастыру» деп атап көрсеткендей бүгінгі таңда білім беру парадигмасы «білікті адамға» бағытталған білімнен «мәдениет адамына» бағытталған білімге көшуді талап етеді. Білім беруді жаңаша ұйымдастыру - оның философиялық, психологиялық, педагогикалық негіздерін, теориясы мен тәжірибесін тереңірек қайта қарауды қажет етеді. Білім және ғылым министр­лігінің 2014 жылғы 6 қарашадағы №455 бұйрығына сәйкес жаңар­тылған білім беру мазмұнын қанат­қақты енгізу туралы шешім қабылданып, республикада 30 мектепке мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартын қанатқақты енгізу және орта білім беру мазмұнын ішінара жаңарту 2015 жылдың 1 қыркүйегінен бас­талды.
2016-2017 оқу жылында 1-ші сыныптар толығымен жаңартылған білім мазмұны бағдарламасымен оқытуға көшірілді. 2016-2017 жылы бірінші сынып үшін енгізілген жаңа оқу бағдарламасы «Назарбаев зияткерлік мектептеріндегі» оқыту тәжірибесіне негізделген болатын. 2017-2018 оқу жылында республикадағы жалпы білім беретін мектептердің 2,5,7-сыныптарын жаңартылған білім мазмұны бағдарламаларымен оқытуға көшті.
Жаңартылған бағдарламаға көшкен сыныптар аптасына бес күн оқитын болады. Әр пәнге алты күндік бағдарламадағы сияқты сағаттар бөлінеді. Тек аптасына бес күн оқи бастағанда балалардың бос уақыты көбейеді.
Білім мазмұнын жаңарту – білім беру бағдарламасының құрылымы мен мазмұнын, оқыту мен тәрбиелеудің әдістері мен тәсілдерін қайта қарастыру болып табылады. Ұлттық және жалпы адамзаттық құндылықтарды бойына сіңірген, кез келген өмірлік жағдайда функционалдық сауаттылығы мен бәсекеге қабілеттілігін көрсете білетін тұлғаның үйлесімді қалыптасуына және зияткерлік дамуына қолайлы білім беру ортасын тудыру – жаңартылған білім мазмұнын енгізудің нәтижесі болуы керек.
Қазіргі заман талаптарына сәйкес қазіргі мектеп «білімді тұлға», яғни білім, білік пен дағдылары қалыптасқан жеке тұлғаны дайындаумен ғана шектеле қоймай, «өмірдің өзгерістеріне дайын болатын», белсенді және шығармашыл ойлайтын, интеллектуалды және жан-жақты дамыған жеке тұлғаны дайындау тиіс. Бұл деген мектептегі білім берудегі жаңа моделінің құрылымы әдеттегі дәстүрлі «Мектепте нені оқу керек?» емес, «Мектепте не үшін оқу керек?» деген мәнмәтін аясында өрістелуі тиіс.
Сондықтан қазіргі уақытта дайын білімдерді игеру мен жалпылау мақсат емес, ол адамның интеллектуалды дамуының көмекші құралы болып табылады. Ал қажетті ақпараттарды өз бетінше табу, мәселелерді анықтау және оларды шешу жолдарын іздеу, алынған білімдерді сын тұрғысынан талдай білу және оларды жаңа тапсырмаларды орындауда қолдану жаңартылған білім мазмұнының нәтижесі.
Өмірді ағын суға теңесек, білімді — теңіз, мектепті – кеме деп қарастырамыз, ал мұғалім – сол кеме капитаны деуге болады. Кеменің тереңге батпай, дұрыс бағдармен жүруі мұғалімге байланысты. 
Мұғалімнің ұстанымы әрі мақсаты – шәкіртінің ішкі жан дүниесін тану, оның жеке басының құндылықтарын құрметтей отыра, тұлға ретінде қалыптастыратын ерік, мақсатқа ұмтылушылық секілді қасиеттерін жандандыруға көмектесу.
Елбасы Н.Ә.Назарбаев: «Біз осы заманғы білім беру жүйесінсіз, әрі алысты барлап, кең ауқымды ойлай білетін осы заманғы мұғалімдерсіз инновациялық экономика құра алмаймыз»-деп атап көрсеткендей, осы заманғы ұстаз – болашаққа заман ағысымен ілгерілеген озық тұлға. Мұғалімге осындай көзқараспен қарау, оның алдына қойылар талапты да айқындайды.
Бағдарламаның негізгі мақсаты – дәстүрлі сабақ беру жүйесін өзгертуге бағытталған және оқытудың жаңа әдіс-тәсілдерін енгізу арқылы Қазақстанның ұлттық білім беру жүйесіне арналған орта білім мазмұнын жаңарту бағдарламасымен таныстыру болып табылады.
Жаңартылған бағдарламаны іске асыру бойынша курста оқыту тілдерді үйретуге, пәндік бағдарламалар мен оқу жоспарларының мазмұнын меңгертуге бағытталды. Бағдарламаның негізгі басымдықтары: сөйлеу қызметінің дағдыларын дамытуға оқу мақсаттарының бағытталуы; тілдік тақырыптар мен мақсаттардың шиыршықталған құрылымы;
критериалды бағалауды қолдану.
Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту аясында орыс тілінде оқытатын мектептердің қазақ тілі мұғалімдерінің біліктілігін арттыру бағдарламасын «Назарбаев Зияткерлік мектептері» Дербес Білім Беру Ұйымы Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридждің Халықаралық емтихан кеңесімен бірлесе отырып әзірлеген. Бұл Бағдарлама республикада орта білім мазмұнын жаңарту аясында қайта қаралған оқу бағдарламаларын мектептерге енгізуге септигін тигізеді.
Бағдарламаның мақсаттары:
орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліне арналған жаңартылған оқу бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді қалай әзірлеу керектігін түсінуін, қолдана және модельдей білуін қамтамасыз ету; орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тіліне арналған жаңартылған оқу бағдарламасы бойынша оқытатын тіл мұғалімдерінің біліктілікті арттыру курсын іске асыру үшін қажетті дағдыларын дамыту.
Бағдарламаның міндеттері:
жаңартылған оқу бағдарламасы және онымен байланысты сабақ жоспарлары туралы түсінік қалыптастыру;жаңартылған оқу бағдарламасын оқыту үшін қажетті дағдыларды меңгеруін қамтамасыз ету:
Аталған бағдарлама тиімді каскадтық оқыту, ересектер мен оқушыларды оқыту арасындағы шектеулік, мұғалімнің тиімді оқыту дағдысын дамытуға курстық дайындықтың негізгі әдістері болып табылады. Тренерлерді дайындау барысында Англияның тәжірибелі тренерлері мен сарапшылары тиімді тренингтер мен сабақтар өткізді.
Қазақстанда қазіргі кезде жаһандық проблемаларға жауап бере алатындай деңгейдегі ұлттық мәнмәтіндегі жұмыстар жүргізілуде. Оқу бағдарламалары халықаралық тәжірибемен өзара әрекеттесу үшін қажетті дағдыларды дамытуды қамтиды. Жаңартылған оқу бағдарламасы мен бағалау жүйесін енгізу аталған міндеттерді шешу үшін қабылданған шаралардың бірі болып табылады.
Негізгі бөлім

1. Жаңартылған бағдарламаның ерекшеліктері


Қазақстан-2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда мемлекеттік тілді оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану – заман талабы. Қазақстанның тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасуы орта білім беру жүйесінің дамуымен тығыз байланысты. Қазақстан Республикасының Білім туралы Заңында: «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі –білім беру бағдарламаларын меңгеру үшін жағдайлар жасау керек» деп көрсетілген.
Қазақстанда білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы Қазақстандық білім беру жүйесін жақсарту үшін, ең алдымен педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, біліктілігін дамыту бағытына үлкен мән берілген. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар, өзгерістер мен жаңалықтар мұғалімнің өткені мен бүгіні, келешегі мен болашақ жайлы ойланып, жаңа идеялармен жұмыс жасауға негіз болады. Елбасымыздың жолдауында айтқандай: Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін, заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 30 елдің қатарына жеткізетін – білім. Ғылым мен техниканың күн санап өсуіне байланысты педагогика ғылымының теориясы мен оқыту үрдісі де түбегейлі өзгерістерге ұшырауда. Соған орай оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр. Жаңа бағдарлама бойынша жаңаша көзқарас қалыптасып, білім деңгейі биікке көтеріліп келеді. Қазіргі білім беру жүйесінде жаңа технологияларды енгізу күннен-күнге басты талапқа айналып, осы әдістерді жетілдіре түсу қажеттігі күшейіп келеді. Мұғалімнің шеберлігі қандай жоғары болса да, мұғалім оқушының өз белсенділігін туғыза алмаса, берілген білім күткен нәтиже бермейді. Оқушының тұлға ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады. Заманауи қоғамның зиялы азаматына білім беру- сана әлеуеті жоғары дамыған, сын тұрғысынан және жаңашыл ойлай білетін, рухы мықты, өз білімін қоғамның алға басуына жұмсай алатын адамды тәрбиелеу. Білім беру бағдарламасында тәрбие мен оқыту ажырамас байланыста болады.
Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.
Жаңартылған бағдарламаның ерекшелігі – оқудағы жетістіктер нәтижелі сипатқа ие, ал оқу процесі оқушылардың әрбір сабақта білімді «табудағы» белсенді қызметімен сипатталады. Бұл жағдайларда оқушы – таным субъектісі, ал мұғалім оқушылардың танымдық әрекетінің ұйымдастырушысы қызметін атқарады. Әрбір оқушыны жасына да, мүмкіндігіне да қарамастан тұлға ретінде қабылдауға қол жеткізуге ұмтылу қажет. Оқыту мақсаты оқушы және мұғалім үшін ортақ болады, міне, білім мазмұнын жаңартудың педагогикалық аспектісінің мәні осында.
Білім алушылардың қолайлы дамуы үшін достық қарым-қатынастағы ортаны құру өте маңызды болып табылады.
Мазмұндық ерекшеліктері:
— пән мазмұнын жобалаудың күрделілік ұстанымы, яғни білім мен біліктерді арттыруда оқу материалын тігінен, сондай-ақ көлденеңінен біртіндеп кеңейту (білімді тақырыптар бойынша және сыныптар бойынша күрделендіру);
— білім беру деңгейлері және тұтас оқыту курсы бойынша педагогикалық мақсаттардың пәнішілік байланыстарды барынша ескеруге мүмкіндік беру;
— бір білім саласы пәндері арасында, сондай-ақ пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру барысында «ортақ тақырыптардың» болу;
— бөлімдер мен ұсынылған тақырыптар мазмұнының уақыт талабына сәйкес болуы, әлеуметтік дағдылардың қалыптасуына назар аудару;
— оқу процесін ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарлар түрінде технологияландырылу болып табылады.
— таным заңдылығы мен пәндік операциялардың неғұрлым маңызды түрлері бойынша ойлау дағдысының деңгейлік жіктелімдеріне негізделген Блум таксономиясы бойынша оқыту мақсаттарының иерерахиясы;
оқу бағдарламаларында көрсетілген білім мазмұны анықталатын және білім салалары бойынша әрі қызмет аспектілерін көрсететін күтілетін нәтижелерге көңіл аударатын оқу процесін дәстүрлі ұйымдастырудан бас тарту көзделеді, яғни оқушылар «біледі», «түсінеді», «қолданады», «талдайды», «жинақтайды», «бағалайды».
Жаңартылған оқу бағдарламасының ерекшеліктері:
*Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі;
*Оқытудың тәрбиелік әулетін арттыру, оқушының адамгершілік – рухани қасиеттерін қалыптастыру;
*Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
*Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою
*Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында “ ортақ тақырыптардың” берілуі;
*Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыпттастыруға назар аударылуы
*Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру:
*Оқытудағы жүйелі әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу).
Жаңартылған білім бағдарламасының ең бірінші ерекшелігі пән мазмұнының сперальды берілуі. Спиральділік қағидаты бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» (1960) атты еңбегінде қарастырылған танымдық теорияға негізделеді. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
-оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды, мұнда тақырыптар әртүрлі деңгейде қайталанады, кейде бір тоқсан аясында, кейде әр тоқсан сайын;
-әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі, мұнда тақырыптар әрбір келесі деңгейде алдыңғыға қарағағанда анағұрлым күрделі әрі тереңдетіліп оқылуы тиіс;
-жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады, мұнда деңгей жоғарылаған сайын, тақырыптың күрделілігі артып отыруы керек.
Келесі ерекшелігі Блум таксономиясының оқу мақсаттарының ирархиясы. Оқу үдерісінде білу, түсіну, қолдану, талдау, жинақтау, бағалау сатыларында оқушылар іс-әрекет етеді.
Кесте №1
Білу Нақты іс-әрекетті іске асыру
Түсіну Іс-әрекеттің мазмұнын сипаттау
Қолдану Алған білімін күнделікті өмірде қолдана, іске асыра білу
Анализ Әрекетті екінші әрекетпен салыстыру
Синтез Салыстырған әрекеттің жақсы-жаман жақтарын салыстыру.
Бағалау Сарапталған бүтін дүниеге баға беру. Өз көзқарасын, пікірін айта білу

Блум таксономиясы арқылы сұрақ қоя білу шарттары


Кесте №2

Мақсаттар

Сұрақ үлгілері

Пайдаланатын етістіктер

Білу

Не? Кім? Қашан? Не … үлгісі болып табылады? … не тұспалданады?

Еске түсіру, анықтау, мақұлдау, қайталау, атау, әңгімелесу, табу, ұсыну

Түсіну

… басқаша қалай түсінуге болады? … бұл үлгі болып табыла ма? Мен мұны өз сөзіммен сипаттай алам ба?

Қайта қарастыру, сәйкестендіру, талқылау, тарату, мойындау, түсіндіру, айқындау, әңгімелеу

Қолдану

Бұл қалай пайдаланылады? Бұл немен байланысты? … қандай жағдайларда?

Көрсету, тағайындау, орындау, суреттеу, қолдану, пайдалану, айналысу

Анализ

Неге? Қалай? … себебі ен болып табылады? Қорытынды үшін не нәрсе дәлел? … себебі қандай? … бір-бірімен қалай үйлеседі?

Ажырату, саралау, жатқызу, салыстыру, тәжірибеден өткізу, қарама-қарсы қою, зерделеу

Синтез

Егер бұл іске асатын болса, осыдан кейін не болады? Теорияның болжамы іске аса ма? Алынған ақпарат негізінде қандай қорытынды жасадым? Бұл онымен қалай байланысты?

Тұжырымдау, оқыту, әзірлеу, дамыту, қайта анықтау, ұсыну, жасау

Бағалау

Бұл жақсы ма және неліктен?
Бұл қисынды ма және неліктен?



Жорамалдау, бағалау, таңдау, анықтау, санау, өлшеу, айыптау

Келесі ерекшелігі ортақ тақырыптардың меңгерілуі. Бастауыш сыныптарда сегіз ортақ тақырып бар. Олар барлық пәндерде де беріліп отырады. Тақырыптар бір-бірімен тығыз байланыста, сабақтастықта өтеді.


Кесте № 3



1- сынып

2 – сынып


3 – сынып


4 – сынып



Өзім туралы

Өзім туралы

Тірі табиғат

Менің Отаным-Қазақстан

Менің мектебім

Менің отбасым және достарым


Жақсыдан үйрен, жаманнан жирен


Адами құндылықтар



Менің отбасым және достарым

Менің мектебім

Уақыт

Мәдени мұра

Бізді қоршаған әлем

Менің туған өлкем

Сәулет

Мамандықтар әлемі

Саяхат

Дені саудың-жаны сау

Өнер

Табиғи құбылыстар

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Салт-дәстүр және ауыз әдебиеті

Атақты тұлғалар

Қоршаған ортаны қорғау

Тағам және сусын

Қоршаған орта

Су-тіршілік көзі

Ғарышқа саяхат

Дені саудың-жаны сау

Саяхат

Мерекелер

Болашаққа саяхат

Келесі ерекшелігі оқу мазмұнының ұзақ мерзімді, орта мерзімді, қысқа мерзімді жоспарларының құрылып, құрылған жоспарлардың жүйелі іске асуы.


Кесте №4



Ұзақ мерзімді жоспарлау

Оқу бағдарламасы
Пәннің мазмұны

Орта мерзімді жоспарлау

Жұмыс сызбасы
Тізбектелген сабақтар

Қысқа мерзімді жоспарлау

Жеке, дербес сабақ

Келесі ерекшелігі оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушы бойында адамгершілік-рухани қасиеттерді қалыптастыру керек.


Оқушылардың бойында қалыптастыруды қажет ететін рухани құндылықтар мен дағдылар:
Кесте №5



Рухани құндылықтар

Дағдылар

шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау;

сын тұрғысынан ойлау;

қарым-қатынас жасау қабілеті;

білімді шығармашылық тұрғыда қолдана білу қабілеті;

өзгелердің мәдениетіне және көзқарастарына құрметпен қарау;

проблемаларды шешу қабілеті;

жауапкершілік;

ғылыми-зерттеу дағдылары;

денсаулық, достық және айналадағыларға қамқорлық көрсету;

қарым-қатынас дағдылары (тілдік дағдыларды қоса алғанда);

өмір бойы оқуға дайын болу;

жеке және топпен жұмыс істеу;

Келесі ерекшелігі білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою болып табылады.


Тағы бір ерекшелігі бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сай келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударуы.
Білім беру мазмұнын жаңарту қандай қажеттеліктен туындады? Бүгінгі бала-ертеңгі маман иесі. ХХІ ғасыр жағдайында бәсекелестікке қабілетті табысты болу үшін ол еңбек нарығында өз орнын таба алатын дәрежеге жетуі тиіс. Сонымен қатар мектеп оқушысы оқу мен жазу дағдыларымен шектеліп, халық, көпшілік алдында дұрыс сөйлеу, өз ойын ашық айту, тыңдау дағдыларынан шет қалып жатады. Сондықтан коммуникативтік дағдыларды толықтай оқушыға игерту мен көшбасшылық қасиеттерді бойына сіңірту, топпен, командамен жұмыс жасауға, ақпраттық-технологияны меңгерген оқушы тұлғасын қалыптастыру. Яғни, экономикалық, адамдардың өз-өзін басқаруы, қарым-қатынас көлемі мен жылдамдығы, еңбек нарығының құрылымы, басқа мемлекеттермен байланыстығымыз, оқыту мен үйретудің анағұрлым нәтижелі тәсілдерінің болуы себепші.
Білім беру жүйесіне өзгеріс енгізуіне әсер еткен факторлар:
Әлемдік білім беру стандартымен сәйкестендіру;
Бәсекеге қабілетті тұлға қалыптастыру;
Табысты өмір сүру дағдыларын қалыптастыру;
Үштілді толық білетін тұлға қалыптастыру;
Функционалдық сауаттылықты қалыптастыру;
Тәжірибелік дағдыларды дамыту;
Мұғалімдердің кәсіби шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Бағдарламаның мақсаты: орыс тілінде оқытатын мектептердегі қазақ тілі пәні бойынша білім беру бағдарламасын жаңарту және критериалды бағалау жүйесін енгізу тұрғысынан мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру болып табылады.
Міндеттері:
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Бағдарлама Джером Брунердің Спиральділік қағидатына негізделген. Оның пікірінше, ең күрделі материалдың өзі дұрыс құрылымдалып, дұрыс ұсынылатын болса, оны тіпті кішкентай балалар да түсіне алады.
Брунер адамның танымдық қабілеті шартты түрде бөлінген үш сатыдан тұрады деп тұжырымдайды:
белсенді (жұмыс үдерісінде білім алу);
бейнелік (суреттер мен бейнелердің көмегімен білім алу);
таңбалық (сөздер мен сандардың көмегімен білім алу).
Бұл спиральді білім беру бағдарламасы тұжырымының дамуына себеп болған.
Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының негізгі ерекшеліктері:
оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды;
әрбір қайталап оқыған сайын тақырыптың немесе пәннің күрделілігі арта түседі;
жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Спиральді білім беру бағдарламасын жақтаушылар оның төмендегідей басымдықтарына назар аударады:
оқушы пәнді қайталап оқыған сайын ақпарат толықтырылып бекітіліп отырады;
спиральді білім беру бағдарламасы жеңіл идеялардан анағұрлым күрделі идеяларға қисынды жолмен ауысуға мүмкіндік береді;
Оқушыларды соңғы оқу мақсаттарына қол жеткізу үшін бұрын алған білімдерін қолдануға жетелеу ұсынылады. Яғни, оқу материалын мазмұндау барысында аталмыш спиральді тәсілдеме қолданып, оның сабақтастығы, пәнішілік және пәнаралық интеграция қамтамасыз етіледі. Тіл оқыту пәндері балаларды сөйлеу қызметінің төрт тілдік қатысымдығын дамытуға бағытталуда. Олар: тыңдалым, айтылым, жазылым, оқылым. Бұл жаңа коммуникативтік методика қолданыстағы грамматикалық-аудармалық тәсілдің орнын басады. Осы уақытқа дейін мұғалімдер оқушыларға әрбір сөздің аудармасын бересе, қазіргі бағдарлама оқушылардың сол сөзді өз бетінше түсінуіне және өз бетінше білім алуына, ізденуіне ықпал етеді.
Бағдарламаның тағы бір ерекшелігі, мұғалімдерді қағазбастылықтан арылтып, оқушыларға сапалы білім берумен қамтамасыз етеді.



    1. Орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның мазмұны мен құрылымы.

Қазіргі таңда жаңартылған білім мазмұны ерекше тиімді екендігі айқындалды. Жаңартылған бiлiм беру жүйесiнің басты мақсаты – өзгермелі қоғамда өмір сүруге икемді, өздігінен білім алуға, алған білімін өмірлік жағдаяттарға сәйкес қолдана білуге, шығармашылыққа бейім, бәсекеге қабілеті, жеке тұлғаны қалыптастыру, дамыту мен көшбасшылыққа тәрбиелеу болып табылады. Жаңартылған білім беру бағдарламасы негізінде оқыту мен оқу тәжірибесіндегі жаңа әдіс – тәсілдердің тиімді жақтарын көрсетіп, оқушылардың алған білімдерін өмірде пайдалана білу, олардың функционалдық сауаттылығы мен танымдық белсенділігін арттыруға, өз бетінше білім алуға, шығармашылығын қалыптастыруға ықпал ету керек.
Жаңартылған білім беру мазмұнын сапалы және тиімді түрде жүзеге асыру мұғалімнің кәсіби шеберлігіне тікелей байланысты. Ең әуелі жаңартылған білім мазмұны бойынша арнайы курстан өту, әріптестердің сабақтарына қатысып, өзара әдіс – тәсіл алмасу. Түрлі семинарларға қатысу, онлайн конференциялар, қашықтық олимпиадалар мен зерттеу жұмыстарына қатысып өз білімін көтеру. Семинарлар, тренингтер өткізу. Redx, tedx конференцияларға қатысу, өткізу. Өмір бойы оқу, іздену, үйрену керек.
Орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның мазмұны кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру болып табылады.
1. Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану
2. Сын тұрғысынан ойлау
3. Ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолдану
4.Коммуникативті қарым-қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану
5. Топпен, жұппен және жеке жұмыс жасай білу
Жаңартылған білім беру мазмұнының ерекшелігі дәсітүрлі бағдарламадан ерекшелігі:
1. Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі. Яғни пән мазмұны қарапайымнан күрделенуі.
2. Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
3. Бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
4. Оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
5. Оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру
6. Білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
7. Бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
8. Оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Жаңартылған білім беруде білім беру салалары және қандай пәндер оқытылады десек, енгізілген пәндер қатарында, ағылшын тілі, орыс тілі, жаратылыстану сынды заманауи қажеттіліктерге байланысты жүргізілетін пәндер бар. Жаратылыстану пәнінде (химия, физика және биология пәндері) дүниетану пәнінде (география, тарих, қоғамтану) алғашқы ұғымдары қалыптастырылады. Жаңартылған білім беру маз­мұнын белгілейтін типтік оқу жос­парында 1-4 сыныпқа арналған тіл­дерді деңгейлеп оқытуда (қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәндері) тыңдалым, айтылым, оқы­лым, жазылым дағдыларын үйрету жоспарланды. Тағы бір жаңалығымыз, бас­тауыш мек­тептің 3-4 сыныптарында оқу­шыларға ақпаратты іздеу, талдау және тасымалдау дағдыларын үйрету мақсатында «Ақпараттық-коммуникациялық технологиялар» пәні оқытылатын болады. Жаңа оқу бағдарламаларының ерекшелігі – оның ХХІ ғасыр дағдыларын дамытуға бағытталғандығында: ақпаратты іздеу, талдау және интерпретациялау дағдыларын дамыту; адам, табиғат және қоғам туралы олардың бастапқы білім қорларын қалыптастыру (әлемнің біртұтас бейнесі); рухани-адам­гершілік құндылықтарын дамыту; оқудың функционалдық дағдыларын қалыптастыру: санау, оқу, жазу, өз ойын нақты әрі дәл жеткізе білу, себеп-салдарлы байланыстар орнату.
Жаңартылған білім беру бағдарламаның мазмұны:
1. Оқу дағдылары (оқылым, айтылым, тыңдалым, жазылым);
2. Ойлау дағдылары (білу, түсіну, қолдану, талдау, салыстыру, бағалау);
3. Шығармашылық ойлау дағдысы
4. Логикалық ойлау дағдысы
5. Сыни ойлау дағдысы
6. Алгоритмдік ойлау дағдысы
7. Критикалық ойлау дағдысы
8. Проблемалық ойлау дағдысы
9. Технологиялық ойлау дағдысы
10. Тілдік құзіреттілік дағдысы
11. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесінде 2017-2018оқу жылынан бастап жаңартылған білім беру мазмұнына көшу сатысы басталып, оқушыларды кең ауқымды дағдыларға үйретуге, функционалдық сауаттылықтарын арттыруға, адами құндылықтарын дамытуға көңіл бөліне бастады. Білім, дағды, іскерліктің қалыптасуының бастамасы–бастауыш саты. Келешекте арнаулы мамандықтарға талпынудың іргетасы да осы бастауыштан басталмақ. Жас бүлдіршіндердің ой-қиялын біліммен нұрландыратын, дуниетанымын кеңейтетін–ұстаз шеберлігі. Алға қойылған мақсат – 12 жылдық білім беруге көшу сатысында жалпы білім беру мектептерінде даму деңгейі әртүрлі балаларды оқыту жолында мұғалімнің кәсіби, құзырлық, шығармашылық деңгейін көтеруге көмек көрсету, тәжірибемен бөлісу болып табылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – оқушыларды сындарлы оқытуға үйрету, әлемдік білім кеңістігіне қол жеткізу, инновациялық білім негіздерін терең меңгерту. Тәуелсіздігіміздің тұғырлы болуына, еліміздің дамуына, жеріміздің көркеюіне өз үлестерін қосып жүрген белді азаматтардың барлығы да ауыл мектептерінен білім алып, ауылда тәрбиеленгендер. Қоғамның дамуына байланысты ауылдарымыз да күннен-күнге жаңарып, жақсарып жатыр. Соның бірі – ауыл мектептерінің жағдайы. Ғылым мен технологияның дамыған заманында білім беру саласы да қарқынды дамуда. Қазіргі таңда ауыл мектептері жаңа технология құралдарымен жабдықталып, ұстаздар білім берудің жаңа әдіс-тәсілдері бойынша білімдерін жетілдіру үстінде. Ендеше заманына қарай амалы, демекші бұрыңғы кездегідей қарапайым дәстүрлі сабақтың мәні де сәні де кеткен уақыт. «Білімді ұрпақ – болашақтың кепілі»,-деп дана халқымыз айтқандай, бүгінгідей ел болашағы – жас буынды заманына сай лайықты жеке тұлға ретінде қалыптастыру ісі мемлекетіміз үшін маңызды болса, мұғалімдер қауымына артылар жүк ауыр екені баршаға мәлім. Қоғамның дамуындағы ең маңызды мәселе білім беру жүйесі. Қазіргі таңдағы негізгі мақсат – жан-жақты білімді, өмір сүруге бейім, ой-тұлғасы бар, адамгершілігі жоғары, қабілетті жеке тұлғаны яғни еліміздің патриотын қалыптастыру.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының ерекшеліктері 10 бөлімнен тұратын жаңа құрылымы болып табылады:
1. Пәннің маңыздылығы;
2. Пән бойынша оқу бағдарламасының мақсаты;
3. Шеттілділік саясатты іске асыру;
4. Оқыту үдерісіне ұйымдастыруға қойылатын талаптар;
5. Пәнді оқытуда қолданылатын педагогикалық әдіс- тәсілдер;
6. Түрлі мәдениет пен көзқарастарға құрмет;
7. Ақпараттық- коммуникациялық технологияларды қолдану құзіреттілігі;
8. Оқушылардың коммуникативтік дағдыларын дамыту;
9. Оқу нәтижелерін бағалау жолдары;
10.Оқудың мазмұны, ұйымдастырылуы мен бірізділігі.
Жаңартылған оқу бағдарламаларының міндеттері:
1.Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымымен, ондағы материалдардың күрделілігінің өсу ретімен, мазмұнымен және мақсаттарымен таныстыру;
2.Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді түсінуін және қолдана білуін қамтамасыз ету;
3.Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсініп, қолдана білуін қамтамасыз ету;
4.Мұғалімдердің бойында орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті дағдыларды қалыптастыру.
Оқудан күтілетін нәтижелер:
- Мұғалімдер жаңартылған білім беру бағдарламасының құрылымын, ондағы материалдардың күрлелілігінің өсу ретін, мазмұнын және мақсаттарын біледі және түсінеді;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасына сәйкес келетін педагогикалық тәсілдерді, оқу материалдарын қолдана біледі;
- Пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасындағы оқу мақсаттарына қол жеткізу мақсатында критериалды бағалау жүйесін түсінеді және қолдана біледі;
- Мұғалімдердің орта білім мазмұнын жаңарту жағдайында пән бойынша жаңартылған білім беру бағдарламасын іске асыру үшін қажетті біліктері мен дағдылары қалыптасқан.

1.2.Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі мен маңызы.


Қазақстандағы білім беру үдерісіне енген жаңартылған білім беру бағдарламасы заманауи тенденцияларға негізделген. Өйткені білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болып, оқытудың парадигмасы өзгерді. Осыған байланысты ұстаздар алдында оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жаңартып отыру және технологияларды меңгеру, оны тиімді қолдана білу міндеті тұр.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты – білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдерімен әр түрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді. Елбасымыз Н.А. Назарбаев «Дамыған, бәсекеге қабілетті мемлекет болу үшін, біз жоғары білімді ұлт болуымыз керек», – деп атап көрсеткеніндей, өскелең ұрпақтың функционалдық сауаттылығын арттыру жолында жұмыла қызмет ету шарт. Осы ретте К. Ушинскийдің «Мұғалім – өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім, ал оқуды, ізденуді тоқтатқанда, оның мұғалімдігі де жойылады» пікірімен санасу өзекті.
Біліктілікті арттыру жүйесінде заманауи мұғалім өлшемі қазіргі білім берудегі жаңа және нақты жағдайға икемделу дегенді білдіреді. Бүкіл әлемде білім беру жүйелерінің келешек ұрпаққа қандай білім беретіні туралы мәселе қайта қаралуда. Осы мәселе аясында «Балалар ХХІ ғасырда табысты болу үшін нені үйренуі керек?» және «Оқытудың тиімді әдістері қандай?» деген сауалдар туындайды. Бұл білім беру бағдарламасымен және оны жүзеге асыруда пайдаланылатын педагогикалық тәсілдермен тығыз байланысты.
Қазіргі кезде табысты болу үшін оқушыларға білім қандай қажет болса, дағды да сондай қажет деген ойдың жақтастары көбейіп келеді. Бұл оқушылардың ақпаратты есте сақтап, алған білімдерін ұғынуын, түсінуін және әр түрлі салада қолдана білуін талап етеді. Білімді дәл осылай қолдану оқушыларға «ХХІ ғасыр дағдысы» деп жиі айтылып жүрген кең ауқымды құзыреттілікті меңгеруге мүмкіндік береді. Жаңартылған жалпы білім беру бағдарламаларында оқушылардың бойында қалыптастыру қажет құндылықтар мен дағдылар анықталған.
Білім беру бағдарламасын жаңарту тұрғысынан «үйлесімділік» білім беру бағдарламасы қалай қабылданып, қалай іс жүзінде орындалатынына қатысы бар барлық компоненттер бірлесіп әрекет етіп, бір-бірін толықтырып, нығайтады дегенді білдіреді (Oates, 2010). Үйлесімділік білім беру бағдарламасы мен бағалау модельдері әзірленетін жүйе деңгейінде ғана емес, әр сыныпта, әр сабақта қолданылады.
Жаңартылған білім беру бағдарламасының маңыздылығы – спиральді қағидатпен берілуі. Спиральді қағидат бойынша құрылған білім беру бағдарламасы Джером Брунердің «Білім беру үдерісі» атты еңбегін де қарастырылған. Брунердің жұмысына негізделген спиральді білім беру бағдарламасының ерекше сипаттары: оқушы мектепте оқыған кезде тақырыпты немесе пәнді бірнеше рет қайталап оқиды; әрбір қайталап оқыған сайын оның күрделілігі арта түседі; жаңа білім алдыңғы біліммен тығыз байланысты және бұған дейін алынған ақпарат тұрғысынан қарастырылады.
Әр пәннің өзінің жеке сөйлеу стилі бар, оны нақты пәннің «академиялық тілі» деп атауға болады. Тілдік мақсаттар академиялық тілді үйрену үшін маңызды құрал болып табылады. Оқушылардың өздерінен қандай нәтиже күтілетінін түсінуі тілдік мақсаттардың анық құрылуына байланысты. Сондай-ақ, тілдік мақсаттар мұғалімдер мен оқушылардың оқуға деген ынтасын арттырып, қолдауына көмектеседі. Пән мұғалімдері оқушылардың пән мазмұнын меңгеріп, академиялық тілді дамытуына қолдау көрсетеді.
Оқушы жетістігін нақты бағалау – білім беру жүйесіндегі өзекті мәселелердің бірі.
Критериалды бағалау – бұл білім берудің мақсаты мен мазмұнына негізделген оқушының оқу-танымдық құзырлығын қалыптастыруда алдын-ала белгіленген жетістіктермен салыстыру үрдісі, яғни белгілі бір критерийлер арқылы бағалау. Критериалды бағалауды енгізудің мақсаты – мектепте оқыту сапасын көтеру. Бұл жағдайда өзін-өзі бағалауға баса назар аударылады. Критерий арқылы бағалау мұғалімдерге сапалы нәтиже алуды қамтамасыз ететін критерийлерді құруға; өз жұмысын талдау және жоспарлау үшін ақпарат алуға; оқу үрдісінің сапасын жақсартуға; әрбір оқушының жеке ерекшеліктерін ескере отырып, оқытудың траекториясын құруға мүмкіндік береді. Критериалды бағалау: қалыптастырушы және жиынтық бағалау болып екіге бөлінеді. Қалыптастырушы бағалау – оқушыларға өз оқуын жақсарту туралы кері байланысты (пікірлер мен ұсыныстар) беру мақсатында үздіксіз жүргізіледі. Жиынтық бағалау – оқу бағдарламасының мазмұнын меңгеру деңгейін балл түрінде бағалау үшін өткізіледі. Оқу бағдарламасының әр бөлімін оқып болғаннан кейін бөлім бойынша жиынтық бағалау жүргізіледі. Жиынтық бағалаудың балдары жиналып, тоқсан аяғында тоқсандық бағаға және оқу жылы аяғында жылдық бағаға ауыстырылып қойылады.
Әлемдік білім беру жүйесінің көшінен қалмай, дамудың басым бағыттарын негізге ала отырып, өркениетке аяқ басу білім беру мазмұнына жаңа талаптарды алға тартуда. Қазіргі білім беру жүйесіндегі жаңарулар, ең алдымен, жастардың мәдени, эмоционалдық, зияткерлік, әлеуметтік және рухани жағынан даму мүмкіндігін қамтамасыз етуге бағытталуда.
Білім беру бағдарламасының, оқыту тәсілдерінің және бағалаудың қалай құрылуы қажеттігінің мысалын Хименес-Алейхандренің дәлелдерді құрудың оңтайлы оқу ортасына арналған ұсынысынан көруге болады.
1) Оқушылар оқу үдерісіне белсене қатысады. Олар білімдерін бағалап, өздері ұсынған қорытындыларының дәлелдерін ұсынуы және бір-біріне сын тұрғысынан қарауы тиіс.
2) Мұғалімдер оқушыларға бағытталған және дәлелдерді құру мен талдауға арналған рөлдік модельдер ретінде әрекет ететін оқыту тәсілдерін қолданады.
3) Білім беру бағдарламасы проблемаларды шешудің тәсілдерін қамтуы тиіс.
4) Оқушылар мен мұғалімдер пікірлерді бағалауда білікті болуы тиіс және оқушылар тек жазбаша тестілеу бойынша ғана бағаланбауы тиіс.
5) Оқушылар өздерінің алған білімдерін қолдана алуы және білімдердің қалай алынғанын талдай білуі тиіс.
6) Оқушыларға диалогке және бірлескен оқуға қатысуға мүмкіндік беру керек.
Жаңартылған бағдарламаның тиімділігі: кең ауқымды дағдылардың негіздерін меңгерген оқушы тұлғасының үйлесімді қалыптасып дамуына қолайлы білім беру ортасын құру жөнінде атап айтсақ:
-Білімді функционалдықпен және шығармашылықпен қолдану;
-Сын тұрғысынан ойлау;
-Зерттеу жұмысын жүргізу;
-Ақпататтық – коммуникациялық технологияларды қолдану;
-Коммуникативті қарым – қатынас тәсілдерін, оның ішінде тілдік дағдыларды пайдалану;
-Топпен және жеке жұмыс жасай білу.
Орта білім пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Сондай-ақ, «Бастауыш сынып пәндері бойынша критериалды бағалау және оқытуды жоспарлау» тарауында бағалау және жоспарлау әдіс-тәсілдері анағұрлым толық қарастырылған. Сонымен қатар педагогиканың түрлі аспектілері қарастырылған: қарым-қатынас жасау дағдылары (мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым, дәлелдеу), белсенді оқу, зерттеуге негізделген оқу. Педагогиканың барлық осы аспектілері сындарлы оқыту теориясымен үйлеседі. Сындарлы оқыту тәсілдері білім берудің «дәстүрлі» әдістерімен салыстырғанда, оқыту кезінде жоғары нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Сындарлы оқыту тәсілдері оқушылардың алдыңғы білімдерімен ұштастыра отырып, жаңа білім алуы туралы тұжырымдамаға негізделеді. Бұл жерде ең маңыздысы оқушылардың алдыңғы алған дағдылары жаңа дағдыларды меңгеруге үлкен ықпалын тигізеді, ал егер ол ескерілмесе, онда білім тереңге бармай, үстірт меңгерілген таяз білім болмақ. Мұндай үстірт білім оқушыға қазіргі әлемде жетістікке жету үшін қажетті жоғарыда аталған сын тұрғысынан ойлау, рефлексия және басқа да дағдыларын, алған білімін қолдануына кері әсерін тигізеді. Оқушылар білімді толықтай меңгеру үшін ақпаратты енжар қабылдамай, сабаққа белсенді қатысуы керек. Оқушылардың алған білімдерімен жұмыс істеуге, оны әрі қарай өңдеп, өз дағдыларын арттыруға мүмкіндік беретін жаттығуларды орындауға мүмкіндіктері болуы аса маңызды болып табылады.
Жаңартылған оқу бағдарламасының басты маңыздылығы мынада:
— Пән мазмұнының спиралді қағидатпен берілуі
— Блум таксономиясы бойынша оқу мақсаттарының иерархиясы;
— бір білім беру аясындағы және пәнаралық байланыстарды жүзеге асыру мақсатында «ортақ тақырыптардың» берілуі
— оқу үдерісін ұзақ мерзімді, орта мерзімді және қысқа мерзімді жоспарлар арқылы ұйымдастыру;
— оқытудың тәрбиелік әлеуетін арттыру, оқушының адамгершілік-рухани қасиеттерін қалыптастыру;
— білім беру деңгейлері аралығында пән бойынша сабақтастықты ескеруге мүмкіндік беретін толық оқу курсы бойынша педагогикалық мақсат қою;
— бөлімдердің мазмұны мен ұсынылған тақырыптардың уақыт талабына сәйкес келуі, әлеуметтік дағдыларды қалыптастыруға назар аударылуы;
— оқытудағы жүйелі-әрекеттік ұстаным (оқушының білім алу үдерісіне белсенді қатысу)
Орта білім беру бағдарламасы спираль тәріздес құрылымға негізделген. Оқушылар бастауыш сыныпта оқу бағдарламасы аясында игерілетін негізгі дағдыларға мезгіл-мезгіл қайта оралып отырады. Мысалы, оқу бағдарламаларындағы кейбір оқу мақсаттары оқушылардың шынайы өмірде кездесетін проблемаларды анықтап, оларды зерттеуін талап етеді. Оқушы сыныптан сыныпқа ауысуына қарай бұл проблемалар күрделене түседі. Проблемаларды шешу тәсілі негізінен дүниетану мен жаратылыстану пәндерінде қамтылған және математика бойынша оқу бағдарламасының негізгі тәсілдерінің бірі болып табылады: проблемаларды шешу қабілеті сандар, алгебра, геометрия, әсіресе математикалық модельдеу бөлімдерінің құрамдас бөлігі болып табылады. Проблемаларды шешуге арналған жаттығулар оқушыларға таныс емес мәселелерді қамту арқылы олардың қызығушылығын оятып, оларды жаңалық ашуға және өз тұжырымдарын жасауға ынталандыруы тиіс. Олар оқушылардың дайын стандартты жолдарды пайдаланбай, мәселенің шешімін іздеп, оны өз бетінше табуға ұмтылуды және заңдылықтарды зерделеуін қажет етеді, сол арқылы белсенді оқуына ықпал етеді.
Белсенді оқу
Белсенді оқу оқушының мұғалімді енжар тыңдап қана қоймай, белсенді жұмысқа тартылуын көздейтін оқыту және оқу әдістерінің бірі болып табылады. Бұл тәсілдер оқу үдерісі жаттығудың алдында емес, оны орындау барысында жүзеге асырылатын құбылыс екендігін түсіндіреді. Сыныпта қолданылатын бұндай тәсілдерге топтық жұмыс, ойын «баламалары» және пән бойынша белгілі тақырыптағы ойындар кіреді. Бастауыш сыныптарда ойын шынайы өмірдің белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. Домино және карта сияқты дәстүрлі ойындар математика сабақтарындағы кездейсоқтық пен ықтималдық мәселесін қарастыруда оңтайлы болмақ. Шарада, тақтада сөздерді біріктіру немесе сөздерді жіктеу сияқты ойындар – тіл үйренуді қамтамасыз етудің және оны көрсетудің бірден-бір қызықты әрі тартымды тәсілдерінің бірі. Көптеген стратегиялық ойындарды (мысалы, «Алға») деп аталатын ежелгі қытай ойыны) тұрғындар мен қоғамның өсуін модельдеу үшін пайдалануға болады.
Мұғалімдерінің қолданылатын тағы да бірқатар тәсілдер:
-Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым мен жазылым;
-Қарым-қатынас жаттығуларын пайдалану;
-Проблема шешу мақсатында жеке және топта жұмыс істеу;
-Орындау арқылы білім алу (әрекет ету арқылы);
-Ашық сұрақтарды пайдалану;
-Дәлел ұсынуға ынталандыру;
-Зерттеу барысында бірлесіп жұмыс істеу;
-Зерттеуге негізделген оқу, оның барысында оқушылар мәселені жеке өздері зерделейді.
-Тілдесу арқылы қарым-қатынас жасау дағдылары
Тілді оқытудың тәсілдері көп екені белгілі, алайда әлеуметтік-лингвистикалық тәсіл тілдің әлеуметтік моделіне назар аударады. Оқушылар үшін қандай да әлеуметтік жағдайда қандай тіл орынды екенін түсіну маңызды (жазбаша және ауызша). Оқушылар тиісті әлеуметтік тілді, соның ішінде нақты жағдайға сәйкес келетін грамматиканы, құрылымды және лексиканы таңдай алу үшін мұғалімдер мәтіннің мақсатын және оның кімге, қандай аудиторияға арналғанын түсінуге көмектесу керек. Оқушылар қарым-қатынас жасауда өзінің тілді тиімді қолдана алатынын көрсету үшін мұғалімдердің оқушыларды түрлі мәнмәтіндермен таныстыруы маңызды болып табылады.
Оқылым, жазылым, айтылым және тыңдалым – бастауыш сыныптардағы барлық пәндер үшін маңызды болып табылатын қарым-қатынас жасау дағдылары. Сондықтан оқушыларға осы 4 дағдыны барынша жетілдіруге мүмкіндік берудің маңызы зор. Нақты белгілі бір дағдыны жақсарту тәсілдерінің бірі – осы дағдыға ерекше назар аудара отырып, содан кейін бірнеше тілдік дағдыны қамтитын жаттығуларды біртіндеп енгізу болып табылады. Мысалы, тақырыпты талқылау тиісті лексиканы қолдануды көздейді, сол арқылы оқылым бойынша тапсырмаға қызығушылық туғызады, осыдан кейін оқығанның негізінде жазбаша тапсырма орындаудың үлгісі ұсынылады. Дағдыларды осылайша біртіндеп енгізудің тағы бір жолы – аудио-мәтін тыңдап немесе бейнематериал көрсетуге болады, содан кейін пікірталас жүргізуге немесе жазбаша тапсырма орындауға болады. Сонымен қатар, қарым-қатынас жасау тәсілі тілді жай ғана пайдаланып қоймай, тілдесуге арналған мақсатты қамтамасыз етеді. Қарым-қатынас жасаудың мақсаты, айталық, бірнәрсе туралы белгілі бір фактіні анықтау үшін сұхбаттасу немесе әңгімені тыңдап, содан кейін мазмұнын айту болуы мүмкін.
Жаңартылған білім беру бағдарламасы оқыту мен оқуға сындарлы көзқарасты қолдайды, ол оқушыларды мұғаліммен және бір-бірімен диалог жүргізуге ынталандыруды көздейді. Диалог аясын кеңейту үшін мұғалім сабақты оқушылар оны тыңдап қана қоятындай емес, нақты пән немесе тақырып туралы ойлана алатындай белсенді етіп жүргізу керек. Мұғалім сұрақ қоюды ойластырған кезде ол сұрақтарға берген оқушының жауабы жаңа сұрақ тудыратындай болуы тиіс. Салмақты жауап беруді қажет ететін тиісті сұрақ қою үшін мұғалім алдымен қойылған сұраққа қандай жауап ала алатынын ойластыруы керек. Егер мұғалімнің сұрақтары бұлыңғыр болса, онда өзі де бұлыңғыр, екіұшты жауап алады. Сонымен қатар, сұрақтар оқушылардың жауаптарын шектемеу керек, керісінше, оқушыларға мәселені мейлінше зерделеп, жауапты өз бетінше қалыптастыруға еркіндік ұсыну керек. Оқушылар өзінің жауабымен белгілі үлес қосатындығын сезінуі үшін мұғалім жауаптарды зейін қойып, айқын қызығушылықпен тыңдауы керек. Бастауыш сыныпта оқитын оқушылар анағұрлым жан-жақты және күрделі жауап бере алады.
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым және жазылым
Мұғалімнің жетекшілігімен жүретін оқылым оқудың сындарлылық теориясына негізделеді, яғни оқушылар жаңа ұғым туралы сын тұрғысынан ойлана отырып, оның мәнін, мағынасын ұғынады, оны бұған дейінгі білімімен байланыстырады. Мұғалімнің жетекшілігімін жүретін оқылымдағы мұғалімнің рөлі мұқият ойластырылған сұрақ қойып, нұсқау беріп, пікір таластыруға тартып және бағамдай отырып, тапсырманы орындардың алдында, орындау барысында және орындағаннан кейін ойлануға жетелеу әрі қолдау көрсету болып табылады . Мүмкіндіктері бірдей оқушылар топ болып мұғалім таңдаған мәтінмен немесе тапсырмамен жұмыс істейді. Олар оқылым/жазылым әдіс-тәсілдерін пайдалануды және материалдарды өз сыныптастарымен және мұғалімдермен талқылауды үйренеді.
Дәлелдеу
Жоғары деңгейлі ойлау дағдыларын қалыптастыру және оларды қолдану – бастауыш сыныптың білім беру бағдарламасының өзекті аспектісі. Осы ойлау дағдыларын қалыптастырудың ең басты тәсілдерінің бірі – дәлелдеу. Дәлелдеу бастауыш сыныптарда кез келген пікірталас бастау, жүргізу және оны бағамдау үшін маңызды, әсіресе, математика үшін оның маңызы өте зор, себебі онда бір есептің бір ғана шешімі болғанымен, оған жетудің тәсілдері толып жатыр. Бұл сондай-ақ Қазақстандағы жаңартылған білім беру бағдарламасында басым болып табылатын бірнеше құндылықтар мен дағдыларды, мысалы, шығармашылық және сын тұрғысынан ойлау, қарым-қатынас жасау дағдыларын дамытудың негізгі тәсілі.
Кестеде көрсетілгендей, төменгі сынып оқушыларына арналған тапсырмаларда әртүрлі ақпарат көздері қолданылады. Алдағы уақытта оқушылар тақырыпты түсіну үшін ақпаратты пайдалана бастайды. 4-сыныпқа қарай оқушылар дәлелдеу дағдыларын пайдаланады, соның нәтижесінде олар жиналған деректердің негізінде өз көзқарасын ортаға салып, талқылауға қатысады.
Дәлелдеу үдерісі зерттеуге негізделген оқу тәсілін толықтырады. Зерттеу тақырыбы белгіленгеннен кейін мұғалім оқушыларға шағын топтарда жұмыс істеп, сурет, диаграмма, график немесе алгоритмдерді пайдалану арқылы зерттеу немесе проблеманы «елестетуді» ұсынады. Содан кейін оқушылар өз ақпаратын басқа топпен немесе топтармен «салыстыруы» керек. «Түсіндіру және дәлел келтіру» деп аталатын келесі кезең оқушыларға өздерінің көзқарастарын түсіндіруге, түзетуге, ретке келтіріп, кез келген қате пайымдауларды анықтауға мүмкіндік береді. Әрбір топ идеяларды талқылау және «мақұлдау» үшін барлық сыныпқа өз шешімдерін ұсынады.
ХХІ ғасырдың қарқынды ілгерілеу ырғағына қатар ілесу үшін, өзара тығыз байланысты және көпмәдениетті әлемде қалыптасқан қазіргі жағдайда оқушылардың өз бетінше оқу дағдыларын дамыту аса маңызды болып табылады.
Жаңартылған бағдарлама оқушыларды төменде аталған мүмкіндіктер есебінен дамытуды көздейді:
-ғылыми-зерттеу дағдыларын қалыптастыруға мүмкіндік ұсыну;
-кез келген қабылданатын ақпаратқа сын тұрғысынан қарап, талдай білу дағдысын белсенді дамыту;
-өзіндік рефлексия және тәуелсіз, өз бетінше ойлануға ынталандыру;
-кез келген өмірлік жағдайда немесе жұмыста кездесетін негізгі жаһандық проблемаларды түсіну және оларға сәйкес әрекет ете білуге ынталандыру.
-Бастауыш сыныптарда оқытылатын пәндерді оқу арқылы оқушылар өз түсінігін кеңейте отырып, өзінің ой-пікірі үшін жауапты болуға үйренеді.
-Оқушылар өзіндік көзқарасы мен пайымдауын қалыптастырып, дамытуға, мұқият зерделеуге және өз ойын сенімді айта білуге дағдыланады. Мысалы, олар дәлелдерді талдау мен бағамдауды және ойлау дағдылары туралы ойлануды үйренеді. Сонымен қатар, пәнаралық байланыс орнату арқылы олар ақпаратты тиімді пайдалануды үйренетін болады.
-Оқушыларға пән мен тақырып арқылы байланыс орнатуға көмектесу үшін мұғалім мақсатты сұрақ-жауап жүргізе алады;
-Мұғалім оқушыларға портфолиосындағы жұмыстарын тақырыптар бойынша сақтауға ұсына алады, бұл пәнаралық байланысты айқын көруге мүмкіндік береді.
-Сабақтарды жоспарлаудың басты аспектісі ретінде оқушыларға пәнаралық байланыс орнатуға көмек көрсетумен қатар, оқушылардың білім-білік дағдыларының артуына қарай жүзеге асырылатын лайықты педагогикалық тәсілдерді таңдау болып табылады. Мысалы, мұғалім оқушылардан пән бойынша білімі мен дағдыларын қолдануын талап ететін проблема шешу тапсырмасын бере алады. Тіпті оқушылардың өз күшіне деген сенімі артып, өз бетінше жұмыс істеп үйренген күннің өзінде де мұғалім жай ғана сырттан бақылаушы болмай, оқуға «ынталандырушы» болуы маңызды екенін ұмытпаған жөн.
Қорытындылай келгенде,бағдарламаның маңыздылығы:
— сабаққа тың ойлар мен ынталандырушы материалдарды енгізу;
— оқушылар өзінің ойлауы мен оқуы туралы ойлана алуына жағдай жасау үшін логикалық ойлау мен зерттеу дағдыларын енгізу;
— оқушыларға өздеріне қызықты салаларда сұрақ құрастыруға көмектесу;
— топтық жұмыс жүргізуді көздейтін жаттығуларды енгізу;
—оқушыларды бір-бірімен қарым-қатынас жасап, диалог құруға ынталандыру;
— оқушылардың қызығушылықтарын қанағаттандыру;
— оқушыларды өз бетінше ойлануға жетелеу;
— оқушылардың логикалық ойлау дағдыларын дамытуға көмектесетін сұрақ қою;
— оқушыларға өздерінің ойлау дағдылары мен ғылыми-зерттеу дағдыларын қолдануды ескертіп отыру;
— жекелеген оқушылармен «көзбе-көз» кездесу ұйымдастыру;
— оқушыларға өзіндік жұмыстарда жетістікке жетуге мүмкіндік беретін жобаларды жоспарлау және ұйымдастыру.
Қазіргі білім беру жүйесіндегі мақсаттардың бірі – жастарды сапалы біліммен, халықаралық рейтингілердегі білім көрсеткішінің жақсаруы мен қазақстандық білім беру жүйесінің тартымдылығын арттыру үшін, ең алдымен, педагог кадрлардың мәртебесін арттыру, олардың бүкіл қызметі бойына мансаптық өсуі, оқытылуы және кәсіби біліктілігін дамытуды қамтамасыз ету, педагогтердің еңбегін мемлекеттік қолдау мен ынталандыруды арттыру. Осыған байланысты қазіргі таңда еліміздің білім беру жүйесіндегі реформалар мен сындарлы саясаттар, өзгерістер мен жаңалықтар әрбір педагог қауымының ойлауына, өткені мен бүгіні, келешегі мен болашағы жайлы толғануына, жаңа идеялармен жаңа жүйелермен жұмыс жасауына негіз болары анық. Олай болса, білімнің сапалы да саналы түрде берілуі білім беру жүйесіндегі педагогтердің, зиялылар қауымының деңгейіне байланысты. Орыс педагогі К.Д.Ушенскиий айтқандай, қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз.
Мұғалімнің мақсаты: Білім, ғылымның даму қарқыны, өндірістің үнемі жаңа құралдармен жабдықталуы, заман талабына сай жаңалықтар ашу бізге өмір бойы оқып – үйренуді талап етеді. Осыған орай, қазіргі кезде білімді үздіксіз жетілдіріп, «өмір бойы оқу» қажеттігі туындап отыр. Бұл ретте мемлекет тарапынан өмір бойы білім алу жүйесінің жұмыс істеуін қамтамасыз ету, оған жағдай жасауы қарастырылған. Басты мақсат – адамдардың білім алуға деген қажеттілігін қанағаттандыру.
Міндеті: Білім беру адамның дүниені тану процесін қалыптастыру арқылы жүйелі біліммен іс — әрекет тәсілдерін игеру, дағды, іскерлік, сезім және ақылын дамытатын жеке тұлғаны қалыптастырады.
Елбасымыз Н.Ә.Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Сондықтан, қазіргі даму кезеңі білім беру жүйесінің алдында оқыту үрдісінің технологияландыру мәселесін қойып отыр. Оқытудың әртүрлі технологиялары сарапталып, жаңашыл педагогтардың іс – тәжірибесі зерттеліп, мектеп өміріне енуде.
Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері
Бүгінгі қоғам – үздіксіз өзгеріс үстіндегі қоғам. Ақпараттың маңызы өскен сайын ол тез ескіретін болуы да заңды құбылыс. Қоғам мен мемлекет өмірінің барлық саласын қамтып отырған ақпараттық – технологиялық инновациялар ел дамуына шешуші рөл атқаратын маңызды факторлардың біріне айналып отыр.
Білім беру саласын ақпараттандыру қоғамды ақпараттандырудың құрамдас бөлігі болып табылады. Сондықтан да білім беру мекемесінің маңызды міндеттерінің бірі – оқушылардың білім мазмұнының жаңаруына сай сапалы білім алуына қажетті мүмкіндік жасау, яғни жоғары ақпараттық – коммуникациялық әлеуеті бар білім беру ортасын құру.
Мұғалімнің кәсіптік қызметінің құрамдас бөліктері:
Кәсіптік жаңашылдық қызметі;
Біліктілігін көтеру;
Кәсіптік тұлғасы;
Әдістемелік жұмыстар;
Сыныптан тыс жұмыстар;
Педагогикалық қоғамдық қызметі.
Мұғалімнің біліктілігін жетілдіру екі бағытта жүргізілуі тиіс:
Мұғалімнің кәсіптік жұмысының мәнін үйлесімді өзгерту, яғни басты қызметтік нұсқауды орындау емес, күтетін нәтиже үшін оқу үрдісін шығармашылықпен үйлестіру;
Білім беру барысында мұғалімнің зерттеушілік бағытттағы қызметін күшейтуге байланысты мұғалімнен кәсіптілікті кеңейтуді талап ету.
Мұғалімнің кәсіби деңгейін дамыту бүгінгі таңда әдістемелік жұмысының жүйелі, жаңаша бағыт негізінде ұйымдастыруды көздейді. Мұғалімнің кәсіби деңгейін арттырудың жолдарын қарастыратын әлемдік педагогикалық ойларды жинақтай келе, ғалым Ш.Таубаев мынадай қорытынды жасаған: «Кәсіптік қызығушылық педагогикалық қызметті бағалауда, білуге деген қажеттіліктен туындайды, ал ол жоғары кәсіптік қажеттілікке тек мұғалімнің жеке өз басының ұмтылуы арқылы ғана айнала алады».
Осы бағытта қазіргі таңда мұғалімдерге мынадай әдістемелік талаптар қойылады:
педагогикалық – психологиялық деңгейін көтеру;
оқыту мен тәрбиелеудің жаңа технологияларын, әдістемелер мен тәсілдерді зерттеп, меңгеру және оны өзінің кәсіптік жұмысына қолдана білу;
өз білімін көтеруге, шығармашылық жұмыс атқаруға ынталандыру, қажетті жағдайлар туғызу, педагогтарды ақпараттық жағынан қамтамасыз ету;
авторлық бағдарламалар, курстар, құралдар, мақалалар ізденістер жасауға ұмтылдыру, қызықтыру, ынталандыру және ондай мұғалімдерге қолдау көрсету;
педагогтардың жұмысында еңбекті ғылыми ұйымдастыруда әр мұғалімнің күнделікті ісіне енгізу.
Мұғалімнің кәсіби өсуінің өзекті мәселелері:
кәсіптік даярлаудың сапасын жақсарту;
біліммен қамтамасыз етудің ғылыми — әдістемелік жүйесін түбегейлі жаңарту, оқытудың формалары мен әдістерінің түрлерін өзгерту;
оқытудың алдыңғы қатарлы оқу – тәрбие тәжірибелері мен қазіргі қоғамның сұраныстарының алшақтығын жою;
білімдегі жаңашылдықты саралау;
білімді жетілдіру үдерісіндегі үздіксіздікті қамтамасыз етуде оның ролін арттыру;
қазіргі заман техникасы мен технологиясын жоғары деңгейде қолдана білу.
Мұғалім жауапкершілігін арттырып, кәсіптік мәдениетін көтеруде әрбір ұстаз өз пәнінің аясында қалып қоймай қандай да бір дәрежеде шығармашылықпен еңбек ете білуге баулуда кадрлар біліктілігін арттыратын және қайта даярлайтын институт қызметкерлерінің атқаратын жұмысы аз болмайды. Олар:
заман талабына лайықталған курстар ұйымдастыру;
оқу семинарларын ұйымдастыру;
байқаулар, олимпиадалар, конкурстар;
педагогикалық оқулар, т.б.
Мұғалімнің кәсіби ізденісі.
Жаңа технологияларды іздестіру үрдісі бұрынғы дәстүрлі технологияларды ығыстырумен, педагогикалық үрдісті тұтас үрдіс, яғни оны жалпы адамзаттық құндылықтар, ізгілендіру теорияларына сүйенген жүйе ретінде қарастырылуда.
Ұрпақ тәрбиесінің өзектілігі қазіргі таңда қоғам алдында бұрынғыдан да өткір қойылып отырылуына байланысты, тек білім беруде ғана емес, тәрбие саласында да жаңа технологиялардың қажеттілігі сөзсіз артуда.
Қазіргі қоғам алдында тұрған өзекті мәселе бұл — әржақты дамыған, көпмәдениетті, шығармашыл, әлеуметтік бейімделген тұлға қалыптастыру. Оқушы қабілеттерін жан – жақты дамытып, шығармашылығын ұштай білу үшін ұстаз өзі шығармашыл тұлға болуы тиіс. Ол шығармашыл, жаңашыл, озық ойлы, кәсіби шебер маман болуы қажет. Себебі, педагогикалық, психологиялық зерттеулерге сүйенсек, мұғалімнің жоғарғы оқу орынында алған теориялық білімді қайта жетілдіру қажет етеді.
Ендеше педагог қызметкерлердің кәсіби біліктілігін арттырып, олардың педагогикалық, әдістемелік жағынан өсуіне аудандық білім бөлімі, мектептегі әдістемелік кабинеттің, ықпалы орасан зор.
Педагог қауымының педагогикалық технологияны игерудегі шығармашылық ізденістері оның кәсіби жетілуінің басты тетігі болып табылады. Мұғалім қызметі басқа еңбек түрлерінен өзінің ерекше шығармашылық сипатымен өзгеше. Өйткені, нағыз педагог болу үшін үнемі іздену, өз білімін заман талаптарына сай ғылыми – теориялық ақпараттармен толықтырып отыру қажет.
Қай технологияны пайдалансақ та, қанша жерден жаңашыл педагог атансақ та ұлттық тәрбиені, халық педагогикасын жадымыздан шығармай, яғни өз тамырымыздың үзілмеуіне күш салғанымыз абзал.
Еліміздің білім беру ордаларында уақыт талабына сәйкес инновациялық технологияны қолдану арқылы жаңаша дәріс беру өмір талабынан туындап отырғандығы мәлім.
Күнделікті іс – тәжірибе көрсетіп келе жатқандай, күн өткен сайын жетілген заман талабына сай инновациялық тұрғыда біліктілікті ұштастыру әр пән мұғалімінің үйреншікті ісі болуға тиіс.
Білім беру бағдарламасының негізгі мақсаты-білім мазмұнының жаңаруымен қатар, критериалды бағалау жүйесін енгізу және оқытудың әдіс-тәсілдері мен әртүрлі құралдарын қолданудың тиімділігін арттыруды талап етеді.
XXI ғасыр мектебі жедел өзгеріп жатқан заманға бейімделуге мүмкіндік беретін түбегейлі өзгерістер енгізуді, өз кәсіби шығармашылығымызды шыңдауды талап етеді. Ойы жүйрік, ақылы жетік, бәсекеге қабілетті, өзгерістерге бейім жеке тұлғаны тек қана жаңа тұрпатты педагог қалыптастырады. Бастауыш сынып пәндеріне арналған оқу бағдарламаларындағы оқу мақсаттары оқушылардан шынайы проблемаларды анықтап зерттей білуді талап етеді. Негізінен жаңартылған білім жүйесі құзыреттілікке және сапаға бағытталған бағдарлама. Жаңартылған білім берудің маңыздылығы – оқушы тұлғасының үйлесімді қолайлы білім беру ортасын құра отырып сын тұрғысынан ойлау, зерттеу жұмыстарын жүргізу, тәжірибе жасау, АҚТ –ны қолдану, коммуникативті қарым-қатынасқа түсу, жеке, жұппен,топта жұмыс жасай білу, функционалды сауаттылықты,шы- ғармашылықты қолдана білуді және оны тиімді жүзеге асыру үшін қажетті тиімді оқыту әдіс-тәсілдерді (бірлескен оқу, модельдеу, бағалау жүйесі, бағалаудың тиімді стратегиялары) курс барысында ұғындық. Жаңартылған білім беру бағдарламасының ерекшелігі спиральді қағидатпен берілуі. Оған оқу мақсаттары зерделей отыра тапсырмаларды ықшамсабақтарды құрастыру барысында көз жеткіздік.
Бағдарлама оқушының төрт тілдік дағдысын: тыңдалым, айтылым, оқылым, жазылым жетілдіруге бағытталған. Бұл төрт дағды оқу жоспарында «Шиыршық әдісімен» орналастырылған және бір –бірімен тығыз байланысты. Яғни, жыл бойына бірнеше рет қайталанып отырады және сынып өскен сайын тілдік мақсат та күрделене түседі.
Бүгінгі күні барлық елдер жоғары сапалы білім жүйесімен жұмыс істеуде. Өйткені қазіргі заманда елдің бәсекеге қабілеттілігі оның азаматтарының парасаттылығымен анықталады, сондықтан білім беру жүйесі болашақтың талабына сәйкес дамуы тиіс. Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Оның үстіне білім берудің жүйесін қарқынды дамытқан бұл үрдістің жалпы білім беретін мектептерге де енгізіле бастауы көңілді қуантады. Бұл бағдарламаның маңыздылығы да осында.
Зерттеулік білік пен дағдылар адамға тек ғылыми жұмыспен айналысқанда ғана емес, сонымен бірге оның басқа да қызмет аясында қажет. Шығармашыл - зерттеушілік ізденіс кез-келген кәсіптің ажырамас бөлігі болып табылуда. Баланы зерттеушілік іс-әрекетке дайындау, зерттеулік ізденістің біліктері мен дағдыларына үйрету қазіргі кезде білім берудің маңызды міндеті болып отыр.
1."оқушы - мұғалім" ұстанымының өзара тығыз байланыстылығы. Демек, мұнда бірінші орында оқушы тұрады және оның өз бетімен білім алудағы белсенділігіне баса назар аударылады.
2. Жаңаша оқытудың негізгі түрлері: оқытудың дербес және топтық түрлері болып табылады. Бұл жерде алға қойылатын басты мақсат - оқушыға деген сенім, оның өз ісіне жауап беру мүмкіндігіне сүйеніп беделі мен қадір-қасиет сезімін дамыту. Ал оқытудың фронтальды түрі көбінесе, бағыт беру, талқылау және түзету енгізуде ғана пайдаланылады.
3. Жаңа технологияның мақсаты бойынша "оқытуды ізгілендіру" қажет. Бұл үшін оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Бұрынғы дәстүрлі оқулықтар мұндай талапты қанағаттандыра алмайды, сондықтан оқушылардың өз бетімен білім алуына аса бейімделген жаңа типтегі оқулықтар қажет етеді.
 Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек. Жаңартылған оқу бағдарламасы аясында тек өз пәнін, өз мамандығын шексіз сүйетін, бала үшін ұстаз ғұмырын құдіретті деп санайтын білімді мұғалімдер ғана жұмыс істей алады.Сондықтан үнемі кәсіби біліктілігін артып, жаңашылдыққа ұмтылған педагог қана шығармашылықпен, зор қуатпен еңбектенеді. Себебі, әлем таныған елде рухани бай және интеллектуалды тұлғалар мекендеу қажет.
Жаңа білім бағдарламасындағы жүйесіздіктер анықталды
Білім жүйесінің жаңартылған стандарттар мен бағдар­ламаларға көшу науқаны қарқынды жүріп жатқанына да біршама уақыт болды. Мектепке дейінгі білім беруден бастап, докторантураға дейінгі стандарттар жарияланды. Стандарттарға келетін болсақ, әр білім сатысына­ (бастауыш, негізгі, орта) ла­йықты оқыту мақ­саттары дәл анықталмаған. Стандарттар мәтіні бірін бірі қай­талайды. Оқып ұғыну қиын. Білім сатысын оқу­шы қандай біліммен аяқтауы керек екені де белгісіз. Мәселен, мате­матика пәні бо­йынша бастауышты бітіргенде білім алушыдан не күтілетінін, негізгі мектепті бітіруші нені білуі керек екенін дөп басып ай­ту мүмкін емес. Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде «Жаңар­тылған бағдарламаның жаңалығы қандай?» деген мақа­лада . Мақалада бағдарлама авторлары да, мақұлдап қол қою­шы лауазымды тұлғалар да, мұғалімдерге арналған жалпы­ педагогикалық, әдістемелік бағ­дарлама жасау мен мектепте оқы­­тылатын пәннің мазмұнын анық­таудың арасындағы айыр­­­­­­ма­шылықтың бар екенін ес­кер­мегендігі айтылған болатын. Бас­тауыш мектеп математика бағ­дарламасының мазмұны да анық­талмаған. Бағ­дарламаны жасау­шылар мақсаттар жүйесінде бәрі бар дейтін көрінеді. Ол мақ­­­саттар жүйесі де ойланбай, жүйелілік пен сабақтастық қағидат­тарын сақтамай, арзанқол жасал­ған дү­ние екендігі көрініп тұр.
Дәл сондай жағдай мектептегі қазақ тілі пәнінің жа­ңартылған бағдарламасында да орын алды. Бұл туралы Бижомарт Қапалбек «Қалай оқытудан бұ­рын, нені оқытуды шешіп ала­йық» атты мақаласында жазды. Бұл мақалада да жаңартылған бағ­дарлама авторлары білім беруде нені оқыту, білім мазмұнын жаңарту мен қалай оқытуды, әдістемені жаңартудың аражі­гін аша алмағандығы туралы айта келіп, «...базалық білімді жүйе­сіз, ретсіз, жұлым˗жұлым етіп ұсынуға, жаңартылған бағ­­дар­ламаны жасаушыларға кім­ рұқсат берді екен?» деген­ таңданысын жасырмады. «Негізсіз, уақытша нәрселер жа­сауға әуес мамандар ат арба­ның алдына түсіп алып жүгір­генді қашан қояр екен. Олар өз­дері білмесе, тіл білімі мен әдебиеттанудың сала-саласын арнайы зерттеп жүрген мамандарға неге сүйенбеген? М.Әуезов атын­дағы Әдебиет және өнер инс­титутына, А.Байтұрсынұлы атын­­­­дағы Тіл білімі институтына неге жүгінбеген? Бұлар – жыл­­­дар бойы қалыптасқан филология ғылымының әдіснамасын ешқан­дай негізсіз бұза салатындай кімдер?» деген ренішін де білдір­ген.
Автор «...жаңартылған бағ­­­дар­­ламаны жасаушылар­ ті­лі қазақша шыққан бала­ның­ коммуникативтік дағ­ды­сы ту­­ғаннан бастап қалыпта­са­­тын­дығын, мұндағы мақсат жетіл­діру, мәтіндегі тіл бірлік­терін түстеп тану, мәтінді линг­висти­калық талдау, мәтін ту­ды­руға үйрету керектігін тү­сінбейтін сияқты», деген ре­нішін де айтып қалыпты. Бағ­дар­лама авторлары «...білім беретін ғылыми пәнді сөйлеу дағдыларын қалып­тастыруды көздейтін тіл үйрету пәнімен шатастырады» делінген.
Байқауымызша, жаңарған бағдарлама мектепте оқытудың тұғыр­намалық негізінсіз, кон­цеп­туалдық бағытты айқын­дайтын тұжырымдамасыз жа­салған. 1995 жылы қабыл­данған «Қазақ тілі» пәнін оқытудың тұжырымдамасы мен 1998 жылғы жалпыға мін­детті білім стандарты, оқу бағ­­дарламасындағы «Тарих-бі­лім-мәдениет» үштағаны не­гі­зін­де жаңаша жүйеленген тіл­­дік тақырыптар мен тілдік са­уаттылық – сөз дұрыстығы – сөз шеберлігі сабақтастығына не­гіз­делген білім мазмұны, сөз мә­дениеті мен ше­шендік өнерге үйрету жолдары және пікірталас мәдениетін оқы­туды ескермеген.
Бағдарламада дүние жүзінде берік орын алған не үшін оқыту, нені оқыту, қалай оқыту, неге қол жеткізу канондары шатастырлып берілгендіктен әдістеменің ішкі жүйесі бұ­зы­­лып, дара байланыстар ес­керілмеген. Жаңартылған бағ­дар­ламаны жасаушылар еш­қашан өзінің тұрақтылығын жо­ғалтпайтын білім маз­мұнын толық ажырата, түсіне алмаған сияқты. Әйтпесе, айтылым, тыңдалым, оқылым, жазылым сияқты білімді игерудің нәти­жесін көрсететін әрекеттерді бі­лім мазмұны дер ме?
Мектептегі пәндерді ана ті­лін­де оқыту емес, екінші тілді үй­рену үшін қолдау ретінде қарас­тыру, мәселен, математика пәнін оқытуды жоспарлау­да да кездеседі. Кез келген ғылым саласының өзіндік ғылыми тілі – жасанды тілі де болатындығы белгілі. Мектепте оқытылатын математика және жаратылыстану пәндері сәйкес ғылым тілін меңгерудің негізін қалайды. Ғылым тілі ана (сөйлеу) тілі­мізден, яғни табиғи тілден бөлек бола алмайды және онымен біте қайнасып жатады.
Кез келген ғылым өзінің ұғым­­­­­­­­дар жүйесінен тұратындығы бел­­гілі. Ұғымның аты терминмен (сөз, сөз тіркестері) немесе сәйкес символ арқылы белгіленіп, өрнектеледі. Ұғымның қасиеттері мен белгілері, ұғымдар арасын­дағы өзара байланыстар пайым­дар арқылы сипатталады. Па­йым­дардың тілдік өрнектелуі – сөй­лем. Математикалық сөйлем – ак­сиома, анықтама, теорема (кейде тұжырымдама) түрінде көрініс табады. Математикалық білімнің ерекшелігі, ол математикалық тілден бөлінбейді. Сондықтан математиканы оқыту әдістемесі ғылымы, математикалық білім­дерді меңгеруде оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, ал ол өз кезегінде ойлаумен тікелей байланыста болады деген қағиданы басшылыққа алады. Ауызша және жазбаша математикалық тілге үйрету, математиканы оқытудың ажырамас құрамды бөлігі саналады. Оқушыны математикаға үйрете отырып, бір мезгілде олар­дың математикалық тілін жетіл­діреміз және керісінше. Сон­дықтан оқу жоспарларында «Тілдік мақсаттар туралы» деген арнайы бөлімнің болуы мен әрбір тақырыпқа «ғылыми тіл қамтылған тілдік мақсат үлгі­сінің» беріліп отыруын талап ету мұғалімге артық жүктеме болайын ­деп тұр.
Өкінішке қарай, жаңартылған бағдарламаны жасаушылар білім берудің жүйелілік, бірізділік, ғы­лымилық және сатылай оқыту ұстанымдарын ұмытқан секілді. Сан жылдар бойы оқытудың әр сатысында қалыптасқан дәс­түр мен жүйені бұзған. Демек, баланың ойлау, сөйлеу қабі­леттерін дамыту мәселесі дұ­рыс ескерілмеген. Осы орайда, тал бесіктен жер бесікке дейін тоқтаусыз жүретін сауат ашу жүйесін 1-сыныпқа пән етіп енгізудің өзі үлкен қателік бол­ғанын айта кеткен жөн. Оның үс­тіне бұл оқулық өте үлкен әрі ауыр, баланың психологиялық-физиологиялық өсуі мен дамуына кері әсер етеді. Міне, сондықтан жаңартылған бағдарламаны жасаушылар өздерінше «жаңалық» ашып оқытудың сатылы-сабақ­тас­тық жүйесін ұмытқан. Оған дәлел, орфографияға қа­тыс­ты тақырыптардың оқу мақ­сатында да, тілдік бағдарда да аражіктерінің анық көрсетіл­мегендігі.
Қазақ тілін жаңартылған бағ­­­дар­­ламамен оқытамыз деп­­­­ оқушыларымызды сауат­сыз­­­­­­­дыққа бастайын деп тұр­ғаны туралы «Қазақ тілі» пә­ні­нің жаңартылған оқу бағ­дар­ламасында кемшілік көп» («Егемен Қазақстан», 13.06.2018) атты мақаласында Абай атын­дағы Қазақ ұлттық педа­гоги­калық университеті қазақ тілі теориясы және әдістемесі ка­федрасының меңгерушісі, педагогика ғылым­дарының докторы Жанат Дәулетбекова бұлтартпас дәлел­дер келтіріп жазыпты. Оқу маз­мұнын анықтауға байланысты кемшілікті басқа пән мамандары да айтып жүр.
Білім – дұрыс ойлаудың негізі. Ойлай білген, ойлауға үйренген бала дұрыс, шешен сөйлей алады. Дұрыс ойлау мен дұрыс сөйлеу – пәнді мең­герудің, жақсы оқудың алғышарты. Нәтижесінде, бала­ның бойында тіліне, ұл­ты­на, мемлекетіне деген құр­мет пен мақтаныш сезімі оянады. Елін, жұртын, тілін қастер­лейтін, ардақтайтын азамат болып өседі.
Білім беру саласын жаңар­тылған мазмұнға көшіру дегенді, күні бүгінге дейін «тұрақты дамып отыру», «бағалау жүйе­сін жетілдіру» «мектептер­де игілікті білім ортасын қалып­тастыру», «бала мектепте өзін­ еркін сезініп, ұстаздары мен құрбылары ара­сындағы қа­рым-қатынаста мей­лінше мейірімді болу», «ма­териалдық-тех­ника­лық базаны тиімді пайдалану», т.б. деп жалпы пси­хологиялық-педагогикалық, әдіс­темелік мә­се­­лелерді атап жатады. «Қы­рық адам бір жақ, қыңыр адам бір жақ» деген осы шығар.
Жаңартылған бағдарламаға көшу науқаны еліміздің педагогтары мен әдіскерлерінің ең­бектерін шетке ысырып қой­ды. Қазіргі кезде мұғалімдер ең­бектерін еш уақытта қолына ұстап көрмеген ағылшынша есімдерді атайтын болды. Сол­ ағылшындардың айтқан­да­­рынан кем емес ой-пікір өзіміздің ға­лымдардың еңбек­терінде де жеткілікті. Тек сол қазынаны да пайдалана алсақ зиян шекпеген болар едік. Өзін құрметтеген ұлт қашан ұтылып еді?!
Еліміздің болашағы – бала­ларға рухани жаңғыру тұрғы­сынан ұлттық салт-дәстүріміз бен әдет-ғұрпымызды сақтауға, жаңғыртуға негізделген білім береміз десек, білім стандарттары мен оқу бағдарламаларын қай­та түзу керек. Соған сай оқу­­­­­лықтарды жазу ісін жетік маман­дардың қатысуымен ұлт­тық шеңберде шешу қажет. Ендігі жерде мұғалімдердің білімін көтеру курстарының мазмұнын да қайта қарауға тура келер, бәлкім. Біз осы ар­қылы әлемдік өркениетке өз үл­гімізбен қосыла аламыз.

2. Орта білім жүйесіндегі жаңартылған бағдарламаның әдістемелік қызметінің рөлі


Білім беру мазмұнын жаңарту білім берудің қазіргі заманғы үрдістерін және қазақстандық білім берудің үздік практикасын кіріктіруге бағытталған. Білім беру мазмұнын жаңарту шеңберінде оқу бағдарламаларын әзірлеу кезінде қазақстандық педагог-практиктердің және ғалымдардың ұсыныстары ескеріліп жасалды.
Оқушылар барлық пәндерді оқу кезінде АКТ қолдану дағдыларын дамытады. Ақпаратты іздеу және өңдеу барысында ұжымда идеялармен алмасады, өз жұмыстарын бағалайды және жетілдіреді, түрлі жабдықтар пен қосымшалардың кең ауқымын пайдаланады. АКТ оқушы білімінің, оларды тиімді қолдану бойынша дағдыларының дамуына жәрдемдеседі.
Оқу бағдарламаларында оқу мақсаттарының жүйесі түрінде берілген күтілетін нәтижелер тұжырымдалған. Күнделікті білім беру үдерісі оқу мақсаттарына жетуге және оқушыларда алынған білім мен дағдыларды кез келген оқу және өмір жағдайында шығармашылық пайдалануға болады. Бұл бағдарламаның мақсаты – барлық жастағы, соның ішінде бастауыш сынып оқушыларының кез келген мазмұн түсінікке сыни тұрғыдан қарап , ең керекті пікір, ұйғарым таңдауға , шешім қабылдауға,өзін-өзі бағалауға ,бірін-бірі бағалауға үйрету. Оқушылардың білім деңгейін көтеруге, шығармашылыққа баулуға, ойларын еркін айтуға жетелеу. Сын тұрғысынан ойлау сынау емес, шыңдалған, бірін – бірі толықтырған ойлау. Ең бастысы жекелей, топта, сыныпта оқушылардың білім деңгейін көтеруге ретімен сұрыптап қолданған стратегиялардың қай – қайсысы болсын сабақтың сапасын арттыруда үлесі зор деп ойлаймын. Қазақстанда білімнің стратегиялық міндеттері ұлттық білім беру жүйесіндегі жетістіктерді сақтай отырып, оны әлемдік білім беру үрдісінің ең озық үлгілеріне сәйкестендіруге негізделеді.Құндылықты-бағдарланған тәсіл-оқушының құндылықтар жүйесін қалыптастырушы оқу-тәрбиелік үдерістің сәйкесінше формалары арқылы тұлғаның өзін-өзі танытуы үшін алғышарттар құруды көздейді.
Оқыту әдіс-тәсілдері:


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет