Білім беру бағдарламасы В086 «Жалпы медицина»



бет1/19
Дата04.05.2023
өлшемі0,58 Mb.
#89818
түріБілім беру бағдарламасы
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19



CИЛЛАБУС
Модуль «Жалпы патология»
Пән «Жалпы патофизиология»

Білім беру бағдарламасы В086 - «Жалпы медицина»


Дәрістер 10 сағат

Практикалық сабақтар 30 сағат


ОБӨЖ 20 сағат


БӨЖ 60 сағат


Барлығы 4 кредит / 120 сағат


Курс 2

Астана 2022 ж.
Силлабус Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 21 ақпандағы № ҚР ДСМ-12/2020 бұйрығымен бекітілген МЖМБС негізінде жасалды.
Силлабус кафедра отырысында талқыланды және бекітілді

«30» желтоқсан 2022 жыл. № 5 Хаттама


Кафедра меңгерушісі Тәжібаева Д.С.




1. Оқытушылар туралы мәлімет





Аты-жөні

Дәрежесі/лауазымы

Телефоны, электрондық адресі

1

Тажібаева
Дамира
Сабырқызы

М.ғ.д./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық
физиология кафедрасы-ның меңгерушісі

Мобильді телефоны
8-747-123-07-56
tazhibaeva.ds@mail.ru

2

Бегларова Гульшахар Еркінқызы

М.ғ.к./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы-ның профессоры

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-705-754-41-77
Beglarova.g@mail.ru

3

Ерментаева Лаззат Нурмаханбетқызы

М.ғ.к./ В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының доценті

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-701-388-87-43 ermentaeva70@mail.ru

4

Ниязбекова Карлыгаш Калжанқызы



Ғылым магистрі/
В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиоло-гия кафедрасының
аға оқытушысы

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-701-999-78-80
karla544@mail.ru

5

Тохаева Майра Базарбековна

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы-ның оқытушысы

Мобильный телефон
8-776-627-26-11 kaf.patphys@amu.kz

6

Тулеуов Темирлан Ныгызбекулы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-776-991-44-25
pgermany@bk.ru

7

Асқарова Ақдидар Нәдірханқызы

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасы-ның оқытушысы

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
akdidar.aa@mail.ru

8

Халиева Альмира Ерлановна

В.Г.Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының оқытушысы

Жұмыс телефоны
8-7172-53-95-24
Мобильді телефон
8-778-915-08-90
аlmirakhalieva@mail.ru



2. Байланыс ақпараты:
В.Г. Корпачев атындағы патологиялық физиология кафедрасының мекен жайы: Нұр-Сұлтан қаласы, Бейбітшілік көшесі, 49а, 8-ші қабат. Тел. 8-7172-53-95-24. Электронды адрес - kaf.patphys@amu.kz.


3. Саясат
3.1 Кафедраның саясаты

  1. Студент келесі компетенцияларды – білімді, тәжірибелік дағдыларды, машықтықты толық көлемде меңгеруге міндетті.

  2. Студент сабақтардың барлық түріне қатысуға және барлық тапсырмаларды орындауға міндетті (дәрістер, практикалық сабақтар, ОБӨЖ, аралық бақылау БӨЖ).

2.1. Себепсіз дәріске қатыспаған жағдайда, автоматты түрде емтиханға жіберілу рейтингісінен (ЖРБ) әр дәріске яғни келмеген 1 академиялық сағатқа, 1- балл алынылатын болады.
2.2. Қатыспаған практикалық сабақтар, келмеген себептеріне қарамастан, 2 апта ішінде деканаттан рұқсат беру себебі көрсетілген, жіберілсін деген мәліметі бар құжатпен өтелуі керек. Білім алушы дәлелді себептермен жіберілген 2 сабақты және дәлелсіз себептермен жіберілген 1 сабақты бір мезетте өтей алады. Жіберілген сабақтарды өтеу межелік бақылауға жіберу үшін негіз болып табылады және студенттің және оқытушының негізгі оқу сабақтарынан бос уақытында жүзеге асырылады. Сабақты өтеу кезінде қанағаттанарлықсыз баға алған студент қайта өтеуге жіберілмейді. Дәлелді себеппен жіберілген практикалық сабақтар өтелгеннен кейін электрондық журналында "жоқ" белгісі жойылады. Егер студент дәлелсіз себептермен практикалық сабақтарды жіберіп алса, "жоқ" белгісі электрондық журналында сақталады, ал коллоквиум үшін жиынтық бағадан 1 академиялық сағат үшін 1 балл шегеріледі. Егер студент дәлелсіз себептермен тек қана аралық бақылауды жіберіп алса, онда оны өтегеннен кейін "жоқ" белгісі электрондық журналынан жойылады, ал оқытушы өтеген аралық бақылаудың жиынтық бағасынан 20% шегереді.
2.3. Жіберілген практикалық сабақтарды өтемеген студент, өтеу себептеріне қарамастан, аралық бақылауды (коллоквиум) тапсыруға жіберілмейді және педагогтық және электрондық журналдардың жиынтық баға деген бөлігіне 0 (нөл) балл қойылады. Коллоквиумды тапсыруға тиісті бөлім бойынша БӨЖ тақырыптарын тапсырмаған және практикалық сабақтар мен ОБӨЖ тақырыптары бойынша тапсырмаларды орындамаған студенттер де жіберілмейді.
3. Студенттердің білімі мен іскерлігін тексеру жиынтық бағалау түрінде білім алушылардың оқу жетістіктерін критериалды бағалау жүйесіне сай жүргізіледі.
3.1. Жиынтық бағалау пән бөлімі аяқталғаннан кейін ғана педагогикалық журналға және электрондық журналға балл қою арқылы жүргізіледі. Бөлімге (коллоквиум) бір жиынтық баға қойылады, ол практикалық сабақтардың тақырыптары, ОБӨЖ, БӨЖ тақырыптары бойынша білім мен оқу дағдыларының қалыптасу деңгейін анықтауға мүмкіндік береді.
3.2. Коллоквиумда қанағаттанарлықсыз баға алса оны жақсы бағаға қайта тапсыруға рұқсат етілмейді.
4. Білімді қорытынды бақылауға (аралық аттестация) жіберу рейтингісінің 50%- ын жинаған және барлық келмеген сабақтарын өтеген студенттер жіберіледі, есептеу пәннің соңғы сабағында жүргізіледі. Студенттің оқу пәні бойынша қорытынды бағасы студент жіберу рейтингісінен де, емтихан бағасынан да оң баға алған жағдайда ғана есептеледі.
4.1. ЖРБ 49 балл және одан төмен студенттер ақылы негізде университеттің академиялық саясатына сәйкес осы оқу жылының жазғы семестрінде рейтингтік бағаны көтеруге және өтеуге құқылы.
4.2. Емтиханда "FX" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған студент, емтихандық сессия аяқталғаннан кейінгі 5 жұмыс күні ішінде оқу пәнінің бағдарламасын қайта өтпей, ақылы негізде қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Егер қорытынды бақылауда «FX» бағасын алған студент дәлелді себептермен емтиханды қайта тапсыруға келмеген болса, онда ол 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды қайта тапсыруға құқылы. Ал, емтиханды қайта тапсыруға себепсіз келмеген жағдайда студент ағымдағы оқу жылының жазғы семестрінде ақылы негізде қайта оқу курсын өтуге міндетті.
4.3. Емтиханда "F" белгісіне сәйкес қанағаттанарлықсыз баға алған жағдайда, студенттің ақылы негізде осы оқу жылының жазғы семестрінде қайта оқу курсынан өтуіне құқығы бар.
4.4. Емтиханға дәлелді себептермен келмеген студент растайтын құжаттарды ұсынғаннан кейін 5 жұмыс күні ішінде қорытынды бақылауды тапсыруға міндетті. Емтиханға себепсіз келмеген студент оқу сабақтарының барлық түрлеріне қатысып, бағдарлама бойынша оқу жұмысының барлық түрлерін орындай отырып және қорытынды бақылауды тапсыра отырып, ақылы негізде пәнді қайта тапсыруға міндетті.
4.5. Емтихан нәтижесімен келіспеген студент комиссиялық қарауды талап ететін сұрақты сипаттап және пәнді көрсете отырып, емтихан бағалары жарияланған күні Университеттің жетекшілік ететін проректорының атына апелляция беруге құқылы.
4.6. Емтиханда алған 50 -ден асқан бағаны аралық аттестаттаудың сол кезеңінде жоғарылату мақсатында қайта тапсыруға жол берілмейді. Академиялық рейтингті көтеру үшін студент жазғы семестрде пән бойынша жұмыс оқу жоспарында қарастырылған оқу сабақтарының барлық түрлерін ақылы негізде баруға және қайтадан қорытынды бақылаудан өтуге құқылы.
5. Студенттер сабақ барысында ұялы телефондарды, смартфондарды, планшеттерді және басқа да электронды құрылғыларды оқытушының рұқсатымен ғана пайдалана алады.
Бағаланатын жұмыстарды (коллоквиум, емтихан) орындау кезінде: а) коллоквиум және емтихан кезінде сөйлесуге; б) электрондық және/немесе қағаз тасымалдағыштарды пайдалана отырып, оқу ақпаратын заңсыз пайдалануға; в) басқа біреудің жазбаша жауаптарын әдейі пайдалануға немесе басқа студентке емтихан парағын көшіруге рұқсат беруге; г) билет нөмірін әдейі өзгерту және т.б., тиым салынады. Жазбаша жұмыс парақтары көк немесе күлгін сиямен шарикті қаламмен ұқыпты және түсінікті түрде толтырылуы керек. Егер мәтін түсініксіз жазылса, сондықтан жауаптың мағынасын түсіну қиын болса, тексеруші мұны қате деп санауға құқылы. Қысқартуларға да жол берілмейді.
Академиялық адалдық қағидалары бұзылған жағдайда, оның ішінде плагиат фактісі анықталған жағдайда (жауаптың бірегейлігі 55%-дан кем), анықталған бұзушылық туралы акт жасалып, студентке апелляция беру құқығынсыз 0 балл (F бағасы) қойылады. Бұл ретте студент ағымдағы оқу жылының жазғы семестрінде ақылы негізде қайта оқу курсын өтуі тиіс.
6. Студент сабақ кезінде этикет пен мәдениетті сақтауы керек; сабаққа кесте бойынша кешікпей келу керек.
7. Студент дәрістерге, ОБӨЖ және практикалық сабақтарға, медициналық халатта болуға міндетті.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет