Білім беру бағдарламасының атауы мен шифры: 7М01701 Қазақ тілі және әдебиеті



бет18/19
Дата07.01.2022
өлшемі3.73 Mb.
#20960
түріБілім беру бағдарламасы
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19

ҚОРЫТЫНДЫ

Шона Смаханұлы қазақ сатирасының дамуына, болмысты сатиралық пайымдаудың жанрлық түрлерінің баюына зор үлес қосты. Қазақ сатирасының даму тарихында неше алуан жанрлық түрлердің әрқайсысының өзіндік орны бар. Олардың әрқайсысы бір әлем. Шона Смаханұлының әлемінде осылардың бәрі бар: сатира, сарказм, юмор, ирония. Оның үстіне осылардың бәрі проза үлгісінде де, поэзия үлгісінде де өрнектелген, анық, ашық, айқын түрде ғана емес, астарлы, ауыспалы  түрде де кең қанат жайған. Аталған жанрлық түрлердің бәрінің негізінде күлкі жатыр: бірде қатты, бірде ащы. Күлкінің көлеңкесінде сын жатыр. Ол да сондай: бірде қатты, бірде ащы. Шона Смаханұлының шығармашылық мұрасының басты ерекшелігі шыншылдығымен сыншылдығында. 


Ер-азамат бойындағы ұлы қасиеттердің бастау-көзі оның елге, ұлтқа, ұлттың рухани құндылықтарына деген ыстық сүйіспеншілігі дер болсақ, халықтың қалың ортасынан шыққан ақын-жазушылар ішінде елді, ұлтты, ұлттың рухани құндылықтарынан дәл Шона Смаханұлындай өліп-өшіп сүйіп, өліп-өшіп қорғаған, өліп-өшіп жырлаған кісі көп емес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет