Білім беру бағдарламасының І курс магистранты Урманова Ақмарал Джабировнадан 8-747-573-50-23 Өтініш



Дата31.12.2021
өлшемі16,26 Kb.
#21995
түріБілім беру бағдарламасы

Л.Н.Гумилев атындағы

Еуразия ұлттық университетінің

Басқарма төрағасы-ректор

Е.Б.Сыдықовқа

филология факультеті

қазақ тілі кафедрасының

7М01717 – «Қазақ тілі мен

әдебиеті»

білім беру бағдарламасының

І курс магистранты

Урманова Ақмарал Джабировнадан

8-747-573-50-23




Өтініш

Сізден магистрлік диссертациямның тақырыбын «Қазақ тілін үйрету аспектісіндегі жан-жануарлар атаулары» – «Названия животных в аспекте обучения казахскому языку» – «Animal names in the aspect of teacting the Kazakh language» және ғылыми жетекшім ретінде филология ғылымдарының докторы, профессор Құрманбаева Шынар Қапантайқызын бекітуіңізді сұраймын.



Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Филология факультеті қазақ тіл білімі кафедрасы 7М01717 – «Қазақ тілі мен әдебиеті» білім беру бағдарламасының 1-курс магистранты

Урманова Акмарал Джабировнаның

«Қазақ тілін үйрету аспектісіндегі жан-жануарлар атаулары» тақырыбындағы магистрлік диссертациясына

Негіздеме

Зерттеудің өзектілігі. Мемлекетік тіліміздің өз қызметін толық атқаруы үшін, елімізде мекендейтін халықтардың ол тілді білуі парыз. Біз көп ұлтты мемлекет болғандықтан қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне оқытуды жан-жақты жетілдіріп, оның өзекті мәселелерінің шешімін іздеу керектігі дәлелденіп отыр. Осы орайда мемлекеттік тілді дамыту, оның қолдану аясын одан әрі кеңейту және мәртебесін көтеру мәселесін барлық жерде кеңінен қолға алып, тікелей ұйымдастыру іс-шараларын жүргізу қажеттігін тұрақты күн тәртібіне қою қажет. Қазақ тілін оқыту әдістемесі туралы сөз болғанда бұл проблеманың ішінен басқа ұлт өкілдеріне қазақ тілін оқыту мәселесін жеке бөліп қарастырмаса болмайды. Сондықтан осы ұсынылып отырған тақырып жан-жақты толық зерттеуді қажет ететінін көрсетеді, дәләлдей түседі.

Зерттеудің мақсаты. Қазақ тілін өзге ұлт өкілдеріне үйретуде жан-жанулар атауларының деңгейлік лексикалық минимумын анықтау және оқытудың тиімді әдістемесін ұсыну.

Зерттеудің міндеттері. Жан-жануарлар атауларына байланысты лексикалық минимумды анықтау, оларды деңгейлерге сай сұрыптау, лексикалық минимумға қатысты мәтіндер жинақтау, мәтіндерге байланысты тапсырмалар жүйесін дайындау, интербелсенді жаттығулар ұсыну.

Зерттеудің нысаны. Қазақ тілін үйрету аспектісіндегі жан-жануарлар атауларының деңгейлік маңызын қарастыру.

Ғылыми жетекшісі,

ф.ғ.д., профессор Ш.Қ.Құрманбаева

Магистрант Д.А.Урманова

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет