Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі (БСҚа iqaa)



жүктеу 0.71 Mb.
Pdf просмотр
бет2/4
Дата12.03.2017
өлшемі0.71 Mb.
1   2   3   4

3.18 Модуль  (Modul)  –  құзыреттілік  терминдерімен  берілген,  меңгеру 

қиындығы  мен  сынақтық  бірліктермен  (кредиттермен)  сипатталатын  білім 

беру  нәтижелерінен  күтілетін  белгіленген  жиынтық  аясындағы  білім  беру 

процесінің логикалық құрылған, мазмұнды және әдістемелік тұтас бөлігі.

 

3.19 Білім  берудегі  модуляризациялау  (Modularisation)  –  жекелеген 



модульдерден  білім  беруден  күтілетін  нәтижелердің  құрылымын  және  білім 

беру бағдарламасының мазмұнын қарастыратын, оларды меңгеру үшін көлемі 

сынақтық бірліктермен (кредиттермен) сипатталатын, сонымен қатар, оқыту, 

білім  беру,  бағалау  және  т.б.  технологиялармен  жабдықталған  білім  беру 

процесінің модульдік құрылымы.

 

3.20 Өмір  бойы  білім  алу  (Lifelong  Learning)  –  барлық  деңгейдегі 

кәсіби  немесе  жалпы,  сонымен  қатар,  үзілістен  кейін  жалғастырылған, 

алдындағы білімнен кейін алынған білімнің кез- келген формасы.

 

3.21 Білім 

беру 

бағдарламасы/оқыту 

бағдарламасы 

(Study 

Programme)  –  бұл  білімнің  мазмұны  мен  көлемін,  оқу  үрдісінің 

ұйымдастыру  формасын,  курстарды,  модульдерді  меңгеру  реттілігі  мен 

мерзімін,  оқытудың,  аттестаттаудың  табыстылығын  тексеру  құралы, 

оқытудан күтілетін нәтижелерді, академиялық дәрежені алуға апаратын, оның 

ішінде құзыреттілікті қалыптастыруды қосқандағы ұйымдастыру- әдістемелік 

құжаты.


 

3.22 Бағдарламаның  білімдік  мақсаттары  (Educational  Goals  of  the 

Programme)  –  жоғары  білімді  мамандар  дайындаудың  белгіленген  бағыты, 

деңгейі  және  бейіні  бойынша  білім  беру  бағдарламасын  жүзеге  асырудағы 

күтілетін нәтижелердің жиынтығы.

 

3.23 Бағалау  (Assessment/Evaluation)  –  бұл  талдау  нәтижесінде 

жинақталған  мәліметтер  мен  айғақтарды  түсіндіру.  Баға  бағдарламаның 

білімдік  мақсаттарына  қол  жеткізу  деңгейін,  студенттердің  оқу  нәтижелерін 

айқындап,  бағдарламаны  жетілдіруге  қатысты  шешімдер  мен  әрекеттерге 

алып келеді.

 

3.24 Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясат  (Policy  in  the 

Field  of  Quality  Assurance)  –  бұл  жұмыс  ұжымында  жан-  жақты  талқылау 

негізінде  жоғары  басшылықпен  ресми  бекітілген  сапаны  қамтамасыз  ету 

саласындағы ұйымның негізгі бағыттары мен мақсаттары.

 

Сапаны  қамтамасыз  ету  саласындағы  саясат  ұйымның  даму  бағытын 



айқындайды.  Ұйымның  басшылығы  бұл  құжатта  өзінің  барлық  мүдделі 

тараптарына (тұтынушылар, қызметкерлер, жеткізушілер, жалпы қоғам және 

т.б.)  қатысты  ұстанатын  негізгі  басымдықтары  мен  құндылық  бағыттарын 

жария  етеді.  Сонымен  қатар,  бұл  құжатта  белгіленген  басымдықтар  мен 

құндылық бағыттарын  жүзеге  асыру  үшін  алдағы  уақытта  басшылықтың  не 

атқаратындығы көрсетіледі.

 

3.25 Білім беру біліктіліктерін тану (Recognition) – бұл бір жағынан, 

шетелдік  білім  беру  біліктіліктерінің  маңыздылығын  уәкілетті  органдардың 

ресми  растауы,  басқаша  алғанда,  шетелдік  біліктілік  иесінің  білім 


14 

 

және/немесе  кәсіби  қызметіне  қол  жеткізу  мақсатында  оның  қабылдаушы 



тараптың білім беру жүйесіне және жұмысқа орналасуына жағдай жасау.

 

3.26 Дипломға  қосымша  (Diploma  Supplement,  DS)  –  бұл  біліктілік 

иесінің  оқыған,  игерген  және  табысты  аяқтаған  сипатын,  деңгейін, 

контекстін,  мазмұнын  және  мәртебесін  сипаттау  үшін  пайдаланылатын, 

жоғары  білім  туралы  ресми  құжатқа  жалпыеуропалық  стандартталған 

қосымша.


 

3.27 Дайындық  бейіні  (Profile  of  Study)  –  жоғары  білім  беру 

бағытының  ерекшелігін  көрсететін,  білім  беру  бағдарламасының  негізгі 

типтік келбетінің, сипаттамасының жиынтығы.

 

3.28 Сыртқы аудиторлар комиссиясының ЖОО- на келуі (Site Visit 



of the External Expert Group) – бұл аккредиттеу процесінің жалпы танылған 

бөлігі  болып  табылатын,  сыртқы  бағалаудың  құрамдасы.  Сыртқы  аудитор-

сарапшылар  ЖОО-  на  олардың  өзін-  өзі  бағалау  материалдарын  тексеруге, 

профессор-  оқытушылар  құрамымен,  студенттерімен,  қызметкерлерімен 

сұхбаттасу  жүргізуге  және  ұсынылатын  қызметтерінің  сапасы  мен 

тиімділігін,  сонымен  қатар,  оларды  жетілдіру  бойынша  ұсынымдар  беруге 

барады. ЖОО- на барудың нәтижесі аудит бойынша есеп болып табылады.

 

3.29 Өзін-  өзі  бағалау  рәсімі  (the  Process  of  Self-  Evaluation)  – 

мамандандырылған  аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлері  негізінде 

ЖОО жүргізген, нәтижесінде өзін- өзі бағалау есебі әзірленетін ішкі бағалау 

процесі.

 

3.30 Білім  беру/оқыту  нәтижелері  (Learning  Outcomes)  –  бұл  оқу 

процесі  аяқталғанда  студенттің  нені  біліп  шығатыны,  түсінетіні  және  неге 

икемді болатынын білдіретін құзыреттіліктер жиынтығы.

 

3.31 Бірлескен дәреже (Joint Degree) – оқу бағдарламасы негізінде кем 

дегенде  екі  жоғары  оқу  орнымен  бірлесіп  тағайындалатын,  осы  оқу 

орындарымен бірлесіп, мүмкін басқа ЖОО- мен ынтымақтастықта әзірленген 

және/немесе ұсынылатын жоғары білім берудің біліктілігіне қатысты дәреже.

 

3.32 Жоғары 

білім 

берудің 

әлеуметтік 

өлшемі/әлеуметтік 

аспектілері  (Social  Dimension  in  Higher  Educatiоn)  –  көптеген  жастарға 

білім деңгейінің ең биігіне қол жеткізуге және жеке әлеуетін барынша ашуға 

мүмкіндік  беретін,  жоғары  білімге  қолжетімділік,  студенттерге  кеңес  беру 

мен ақпараттандыру, оларды материалдық қолдау мен қамтамасыз етудің тең 

мүмкіндіктері  және  әлеуметтік  бірлігі  процестерін  қамтитын,  Жоғары  білім 

берудің еуропалық кеңістігі жүзеге асыратын тетіктердің жиынтығы.

 

3.33 Жоғары білім берудегі стратегия (Strategy of Higher Education) 

– жоғары білім беру дамыту мен әрекеттерден туындайтын, осы мақсаттарға 

қол  жеткізу  үшін  қажетті  жоспарлаудың,  шаралар  қолданудың  және 

ресурстар бөлудің ұзақ мерзімді мақсаттарын анықтау.

 

3.34 Стейкхолдер  (Stakeholder)  –  белгілі  бір  саладағы  қабылданған 

шешімдердің нәтижесіне мүдделі адамдар, адамдар тобы немесе институт.

 


15 

 

3.35 Студент  (Student)  –  бакалавриат,  магистратура  және/немесе 

докторантура  білім  беру  бағдарламасы  бойынша  жоғары  оқу  орнында  білім 

алушы.


 

3.36 Студентке  орталықтандырылған  оқыту/білім  беру  (Student-

Centred  Approach  in  Education)  –  оқу  процесіндегі  акценттің  оқытудан 

(профессор-  оқытушылар  құрамының  негізгі  рөлі  білімді  «тарату»  ретінде) 

білуге  (студенттің  белсенді  білім  қызметі  ретінде)  аударылуына 

бағамдалатын,  жоғары  білім  берудегі  болондық  реформалардың  негізгі 

принципі.

 

3.37 Еңбек  шығыны/жүктеме  (Work  Load)  –  студенттердің  оқудан  

күткен  нәтижелеріне  табысты  қол  жеткізу  үшін  қажетті  ECTS  сынақтық 

бірліктеріндегі (кредиттердегі) оқу жүктемесінің сандық өлшемі.

 

3.38 Жұмысқа  орналастыру  (Employability)  –  бұл  жоғары  оқу 

орнының  бітірушілеріне  таңдаған  мамандығы  бойынша  перспективалық 

мансапты, экономика мен қоғамның дамуына үлесін қосуды қамтамасыз ете 

алатын  құзыреттіліктің,  білімнің,  дағды/машықтың,  ұғыну  мен  жеке 

сипаттамалардың жиынтығы.

 

3.39 Формальды,  формальды  емес  және  кенеттен  алынған 



білім/оқыту (formal, informal and non-formal education/training):

 

Формальды  оқыту  –  бекітілген  білім  беру  бағдарламасын  оқу 

орнының базасында игеру.

 

Формальды  емес  оқыту – «жартылай жүйеленген» оқыту деп атауды 

шамалайтын, оқыту компонентін құрайтын, жоспарланған қызмет барысында 

жүзеге  асырылатын  оқыту,  яғни  күнделікті  еңбек  жағдайлары  барысындағы 

оқыту.

 

Кенеттен  оқыту  –  адамның  күнделікті  өмірі  барысында  жүзеге 



асырылатын оқыту: жүмыста, отбасында және т.б.

 

Бергендегі  конференцияда  Еуропа  мемлекеттерінің  Білім  министрлері 



(2005  ж.)  формальды  емес  оқыту  мен  кенеттен  алынған  білім  мәртебесін 

ресми тануды ұсынды.

 

 

4 БЕЛГІЛЕР МЕН ҚЫСҚАРТУЛАР



 

 

Осы стандарттарда келесі белгілер мен қысқартулар қолданылады:

 

ЖОО – жоғары оқу орны;

 

МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты;

 

ҚОТ – қашықтықтан оқыту технологиялары;

 

ҚР БҒМ – Қазақстан Рсепубликасының Білім және ғылым министрлігі;

 

ҒЗЖ – ғылыми-зерттеу жұмысы;

 

БСҚА  (IQAA)  –  Білім  беру  сапасын  қамтамасыздандыру  тәуелсіз 

қазақстандық агенттігі;

 

ПОҚ – профессор- оқытушылар құрамы.

 

 


16 

 

5 ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

 

 

5.1 Білім 

беру 

ұйымдарын 



аккредиттеу 

рәсімі 


Қазақстан 

Республикасының  «Білім  туралы»  2007  жылғы  Заңының  9-1  бабы,  4 

тармағына  сәйкес  білім  беру  ұйымының  өтініші  бойынша  жоғары  оқу 

орнының қаражаты есебінен жүргізіледі.

 

5.2 Жоғары  оқу  орындарын  институционалдық  аккредиттеу  берілген 



осы стандарттар мен критерийлер негізінде жүргізіледі.

 

Стандарт 1. Миссия, стратегиялық жоспарлау және сапаны қамтамасыз 



ету саласындағы саясат

 

Стандарт 2. Менеджмент және ақпаратты басқару



 

Стандарт 3. Студенттер, студентке орталықтандырылған білім беру, 

оқыту және үлгерімді бағалау

 

Стандарт 4. Студенттерді қабылдау, оқыту нәтижелері, тану және 



біліктіліктер

 

Стандарт 5. Білім беру бағдарламалары: оларды әзірлеу, тиімділігі, 



үздіксіз мониторингтеу және мерзімдік бағалау

 

Стандарт 6. Профессор- оқытушылар құрамы және оқыту тиімділігі



 

Стандарт 7. Ғылыми- зерттеу жұмыстары (шығармашылық қызмет)

 

Стандарт 8. Ресурстар және студенттерді қолдау қызметтері



 

Стандарт 9. Жұртшылықты ақпараттандыру

 

Стандарт 10. Сыртқы  сапаны  мерзімдік  қамтамасыз  ету  және  кейінгі 



рәсімдер

 

5.3 Аккредиттеу  туралы  шешім  БСҚА-ның  Аккредиттеу  кеңесінде 



қабылданады.

 

5.4 БСҚА  Аккредиттеу  кеңесінің  құрамына  жоғары  оқу  орындарының, 



жұмыс  берушілердің,  студенттердің,  сарапшылардың,  мемлекеттік  емес 

ұйымдардың және қауымдастықтың өкілдері енеді.

 

 

6  ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ  АККРЕДИТТЕУ  СТАНДАРТТАРЫ 



МЕН КРИТЕРИЙЛЕРІН ЕНГІЗУДІҢ НЕГІЗГІ МАҚСАТТАРЫ

 

 



6.1 Институционалдық  аккредиттеу  стандарттары  мен  критерийлерін 

енгізудің негізгі мақсаттары:

 

6.1.1  сапаны 



қамтамасыз 

етудің 


халықаралық 

тәжірибесімен 

үйлестірілген, білім беру ұйымдарын аккредиттеудің ұлттық моделін енгізу;

 

6.1.2  ұлттық  жоғары  білім  беру  жүйесінің  бәсекеге  қабілеттілігін 



арттыру  үшін  Қазақстан  Республикасы  білім  беру  ұйымдары  қызметінің, 

кәсіптік  және білім  беру  бағдарламалары  сапасының  жоғары  стандарттарын 

орнату;

 

6.1.3  жылдам  өзгермелі  сыртқы  ортаның  талаптарына  сәйкес  сапаны 



қамтамасыз  етудің  ішкі  жүйесін  әзірлеу  мен  жетілдіруде  жоғары  оқу 

орындарына көмектесу және қолдау;

 


17 

 

6.1.4  жоғары 



оқу 

орындарында 

сапа 

мәдениетінің 



дамуын 

ынталандыру;

 

6.1.5  жоғары  оқу  орындарында  басқару  мен  менеджментті  жақсартуға 



жәрдемдесу;

 

6.1.6  мамандарды  даярлау  сапасын  жетілдіру  мен  үздіксіз  жақсартуға 



жәрдемдесу;

 

6.1.7  білім  беру  қызметінің  сапасы  туралы  сенімді  ақпаратты  ұсыну 



арқылы  қоғам  мүддесін  және  тұтынушылардың  құқығын  есепке  алу  және 

қорғау;


 

6.1.8  оқу  процесі  мен  ғылыми  зерттеулерде  тұрақты  инновацияны 

қолдау;

 

6.1.9  аккредиттеуден  өткен  жоғары  оқу  орындары  туралы  ақпаратты 



жұртшылыққа жария ету болып табылады.

 

 



7 ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫН ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ 

АККРЕДИТТЕУДІҢ ПРИНЦИПТЕРІ

 

 

7.1 Жоғары  білім  беру  сапасын  қамтамасыз  етудің  ұсынылған 

стандарттары келесі принциптерге негізделген:

 

7.1.1  жоғары оқу орындарын аккредиттеу рәсімі ерікті түрде өткізіледі;



 

7.1.2  жоғары  білім  беру  сапасының  негізгі  жауапкершілігі  білім  беру 

ұйымына жүктеледі;

 

7.1.3  сыртқы  бағалау  шынайы,  ашық  және  үшінші  тұлғалардан 



(мемлекеттік  органдардан,  жоғары  оқу  орындарынан  және  қоғамдық 

ұйымдардан) тәуелсіз жүргізіледі;

 

7.1.4  жоғары  оқу  орындары  ұсынған  ақпаратты  БСҚА  құпия  түрде 



қолданады;

 

7.1.5  Аккредиттелген  жоғары  оқу  орындары  туралы  еліміздегі  және 



шетелдегі  жұртшылықты  ақпараттандыру  ҚР  Білім  және  ғылым 

министрлігіне  ақпарат  ұсыну  және  агенттіктің  веб-  сайтында  аталған 

ақпаратты орналастыру жолымен жүргізіледі.

 

 



8  ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУДІ ЖҮРГІЗУ 

КЕЗЕҢДЕРІ МЕН РӘСІМДЕРІ

 

 

8.1  Институционалдық  аккредиттеу  рәсімі  халықаралық  және  ұлттық 

стандарттар мен нұсқаулықтарға сәйкес әзірленген.

 

8.2  Аккредиттеу рәсімі келесі кезеңдерді қамтиды:



 

 

1-кезең.

 

1) білім  беру  ұйымының  агенттікке  ЖОО  қызметінің  қысқаша 



сипаттамасымен аккредиттеу тапсырысын беруі;

 


18 

 

2) агенттік  пен  білім  беру  ұйымы  арасындағы  аккредиттеу  жүргізу 



туралы  шартқа  қол  қою.  Шартта  тараптардың  құқығы  мен  міндеттері, 

рәсімнің құны, аккредиттеуді жүргізу мерзімдері көрсетіледі;

 

3) ЖОО-  мен  өзін-  өзі  бағалау  процесі,  БСҚА  белгілеген  стандарттар 



мен нұсқаулықтарға сәйкес өзін- өзі 

бағалау 


туралы 

есепті 


әзірлеу 

жүргізіледі;

 

4) сыртқы  аудит  басталғанға  дейін  кем  дегенде  3  ай  бұрын  өзін-  өзі 



бағалау  есебінің  алғашқы  нұсқасын  агенттікке  ректордың  қолы  қойылған 

және елтаңбалы мөрмен расталған, өзін-өзі бағалау есебін дайындау комитеті 

мүшелерінің  қолы  қойылған  нұсқаны  сканерленген  электрондық  форматта 

ұсыну;


 

5)  есеп  бойынша  ескертулерге  жауап  ретінде  өзгерістер  мен 

толықтырулар енгізу және өзін-өзі бағалау есебін электронды нұсқада қазақ, 

орыс және ағылшын тілдерінде ұсынуы қажет. 

6)  қорытынды  есеп  сыртқы  аудит  басталғанға  дейін  бір  немесе  бір 

жарым  ай  бұрын  ұсынылуы  тиіс.  Оның  қолдары  қойылған  және  мөрмен 

расталған  нұсқасын  үш  тілде  электрондық  форматта,  сондай-ақ  ректордың 

қолы  қойылған  және  елтаңбалы  мөрмен  расталған,  өзін-өзі  бағалау  есебін 

дайындау  комитеті  мүшелерінің  қолы  қойылған  нұсқаны  бір-бір  данадан 

(қазақ және орыс тілдерінде), қосымшамен бірге қағаз түрінде ұсынуы қажет. 



2-кезең.

 

7) сарапшылар  тобының  жұмысын  регламенттеу  агенттік  бекіткен 



сыртқы бағалау бойынша стандарттар мен нұсқаулыққа сәйкес жүргізіледі.

 

8) агенттік  Қазақстанның  академиялық  қауымдастығының,  жұмыс 



берушілердің өкілдері, студент және халықаралық сарапшы құрамына енетін 

құзыретті сарапшылар (аудиторлар) командасын қалыптастырады;

 

9) команда құрамы тапсырыс беруші ЖОО-на сыртқы аудитке дейін 1-2 



ай  бұрын  хабарланады.  ЖОО  тарапынан  аудиторлардың  біріне  теріс  түсінік 

күдігі туындаған жағдайда, ЖОО жазбаша түсініктеме берілген хатты тіркей 

отырып,  сарапшыны  (аудиторды)  ауыстыру  үшін  агенттікке  өтініш  беруге 

құқылы;


 

10) 


сарапшылар  тобы  өзін-өзі  бағалау  материалдарымен  танысады, 

ЖОО-на  барып,  сыртқы  аудит  жүргізеді,  соның  негізінде  сыртқы  бағалау 

туралы есепті дайындап, агенттікке тапсырады;

 

11) 



ЖОО-да сыртқы аудитті жүзеге асыру 2-3 күн бойы жүргізіледі;

 

12) сыртқы  сапар  бойынша  есеп  пен  ұсынымдарды  сыртқы  аудиторлар 



аудит  басталған  кезеңнен  бастап  2  аптадан  асырмай  дайындайды,  комиссия 

төрағасы немесе хатшысы оны агенттікке жолдайды;

 

13) БСҚА 



ЖОО-ның  қызметін  бағалау  бойынша  сарапшылар 

(аудиторлар)  тобынан  алынған  есепті,  егер  бар  болған  жағдайда  ЖОО-на 

шағын дәлсіздіктерді жою үшін жолдайды;

 

14) жоғары оқу орны, қажет болған жағдайда есепті алғаннан кейін бір 



апта  ішінде  сарапшылар  тобының  төрағасымен  өзгерістерді  келісіп,  сыртқы 

19 

 

аудиттің  қорытынды  есебіне,  егер  дәлсіздіктер  болса,  аздаған  түзетулер 



енгізуге құқылы.

 

 



3-кезең.

 

15) Агенттік  өзін-  өзі  бағалау  материалдарымен  және  сыртқы  аудит 



бойынша  есебімен  танысқаннан  кейін  Аккредиттеу  кеңесіне  қорытынды 

дайындайды.

 

16) Аккредиттеу кеңесінің шешім қабылдауы.



 

 

9



 

АККРЕДИТТЕУ КЕҢЕСІНІҢ ШЕШІМ ҚАБЫЛДАУЫ

 

 

9.1 Аккредиттеу  кеңесінде  шешім  қабылдау  өзін-  өзі  бағалау  есебінің, 

сыртқы  сарапшылар  тобының  аудит  бойынша  есебінің  және  агенттік 

қорытындысының негізінде жүзеге асырылады.

 

9.2



 

Сарапшылар  тобының  оң  есебі  мен  агенттік  қорытындысы 

Аккредиттеу  кеңесінің  оң  шешім  қабылдауы  үшін  негізгі  шарт  болып 

табылады


 

9.3


 

Шешім  қабылдау  Аккредиттеу  кеңесі  бекіткен  критерийлер 

негізінде жүзеге асырылады.

 

9.4 Аккредиттеу кеңесі келесі шешімдердің бірін қабылдайды:



 

- толық мерзімге аккредиттеу (5 жыл);

 

- 3  жылға  дейінгі  мерзімге  шартты  аккредиттеу  (толық  емес 



аккредиттеу);

 

- аккредиттеуден бас тарту.



 

9.5 Аккредиттеу кеңесімен аккредиттеу туралы оң шешім қабылданған 

жағдайда БСҚА білім беру ұйымына институционалдық аккредиттеу туралы 

5 жылға жарамды куәлік береді.

 

9.6 Шартты аккредиттеу туралы шешім қабылданған жағдайда агенттік 



өкілдері  1-3  жылдан  кейін  ескертулердің  жойылуына  тексеру  (білім  беру 

ұйымына  бару  арқылы)  жүргізеді.  Ескертулерді  жою  фактісі  расталғаннан 

кейін  аккредиттеу  мерзімі  5  жылға  дейін  ұзартылады  (шартты  аккредиттеу 

мерзімімен  қосқанда).  Жоғары  оқу  орнын  қосымша  тексеру  бойынша 

шығындарды білім беру ұйымы көтереді.

 

9.7 ЖОО-н  аккредиттеу  туралы  оң  шешім  қабылданған  жағдайда  ҚР 



Білім  және  ғылым  министрлігіне  жіберіледі  және  агенттіктің  www.iqaa.kz 

сайтында ақпарат жарияланады.

 

9.8 Теріс 



шешім  қабылданған  жағдайда,  ЖОО  теріс  шешім 

қабылдағаннан соң бір жылдан кейін аккредиттеуге өтініш бере алады. 

9.9 Оң шешім қабылданған жағдайда 10 стандартқа сәйкес жоғары оқу 

орындары  жыл  сайын  аккредиттеу  ұсынымдарын  орындау  бойынша  өз 

жұмысына  үздіксіз  мониторинг  жүргізіп,  агенттікке  есеп  ұсынуы  және  5 

жылдан кейін  кезекті сыртқы бағалаудан өтуі тиіс.

 

 


20 

 

ИНСТИТУЦИОНАЛДЫҚ АККРЕДИТТЕУ СТАНДАРТТАРЫ МЕН 



КРИТЕРИЙЛЕРІ 

_______________________________________________________________

 

 СТАНДАРТ 1. МИССИЯ, СТРАТЕГИЯЛЫҚ ЖОСПАРЛАУ 



 ЖӘНЕ САПАНЫ ҚАМТАМАСЫЗ ЕТУ САЛАСЫНДАҒЫ САЯСАТ

 

1.1



 

Стандарттың жалпы ережелері

 

 

1.1.1  Жоғары  оқу  орнының  ұлттық  жоғары  білім  беру  жүйесінің 



контексінде  оқу  орнының  маңызы,  қойылған  мақсаттары  мен  міндеттері 

түсіндірілетін, ашық, айқын тұжырымдалған миссиясының болуы тиіс.

 

1.1.2  Жоғары  оқу  орны  стратегиялық  даму  жоспары  білім  беру 



саласындағы мемлекеттік саясаттың контексін сипаттауы, ал оның мақсатты 

индикаторлары  мен  көрсеткіштері  жоғары  оқу  орнының,  тұтастай  алғанда 

жоғары білім беру жүйесінің мақсаттары мен міндеттеріне қол жеткізу үшін 

өлшенетін және бағытталған болуы қажет.

 

1.1.3  Сапаны  қамтамасыз  ету  аясындағы  саясат  пен  процестер  сапа 



мәдениетінің  дамуын  қолдауы  қажет.  Ұжымның  барлық  мүшелері  сапаға 

жауапкершілікті  мойындарына  алуы  және  сапаны  әзірлеу  мен  қамтамасыз 

етуге қатысуы қажет.

 

 



1.2 Миссияны және стратегиялық жоспарлауды бағалау 

критерийлері

 

 

 

1.2.1  Миссияның  қолданыстағы  басқару  жүйесіне,  білім  беру  сапасын 



қамтамасыз  ету  саласындағы  саясатына  сәйкестігі,  оның  Ғылыми  кеңесте 

қабылдануы.

 

1.2.2  Миссияның,  мақсаттар  мен  міндеттердің  бар  ресурстарға,  ЖОО 



мүмкіндіктеріне және еңбек нарығының талаптарына сәйкестігі.

 

1.2.3  Профессор-  оқытушылар  құрамының,  студенттердің  және 



қызметкерлердің миссияны, мақсаттар мен міндеттерді әзірлеуге қатысуы.

 

1.2.4  Студенттердің  оқу  нәтижелілігін  арттыруға  бағытталған  ЖОО 



міндеттері.

 

1.2.5  ЖОО-ның  білім,  ғылым  және  әлеуметтік  қызметі  контексінде 



оның  институционалдық  тиімділігі  мен  беделін  арттыру  үшін  ЖОО-ның 

міндеттерін анықтау.

 

1.2.6  ЖОО  қызметінің  барлық  түрлерін,  сонымен  қатар  осы 



стратегияны  жүзеге  асыру  кезеңдері  бойынша  орта  мерзімді  және  қысқа 

мерзімді  кезеңдерге  арналған  іс-  шаралар  жоспарын  анықтайтын  Ғылыми 

кеңесте  (академиялық  сенатта)  бекітілген  стратегиялық  даму  жоспарының 

бар  болуы.  Стратегиялық  жоспардың  ЖОО  миссиясына,  мақсаттары  мен 

міндеттеріне сәйкестігі.

 


21 

 

1.2.7  Стратегиялық  жоспардың  ЖОО  материалдық  ресурстары  мен 



зияткерлік  активтеріне  сәйкестігі,  студенттердің,  ПОҚ  мен  қызметкерлердің 

сұраныстарын қанағаттандыруға бағытталуы.

 

1.2.8  Білім  беру  ұйымы  миссиясының,  мақсаттары  мен  міндеттерінің 



тиімділігін жүйелі бағалау.

 

1.2.9  Ресурстарды  бөлу  белгіленген  миссияға  жету  үшін  ЖОО-ның 



даму стратегиясына сәйкес жүргізіледі.

 

1.2.10  Білім  беру  қызметі  нарығындағы  жоғары  оқу  орнының 



бәсекелестік позициясын талдау және бағалау.

 

1.2.11  Жоғары  оқу  орнының  ішкі  және  сыртқы  ортасына  SWOT- 



талдаудың 

болуы 


(білім 

беру 


қызметі 

нарығындағы 

ЖОО-ның 

мүмкіндіктерін, басым және әлсіз жақтарын және ЖОО-ның дамуына келетін 

қауіп- қатерді бағалау).

 


Каталог: images -> doc
doc -> «Балалардың жазғы демалысын ауылдық кітапханада тиімді ұйымдастыру көздері»
doc -> Учебный план дисциплины одб. 01. Русский язык
doc -> №51 (8969) 26 декабря 2015 года, суббота
doc -> Самостоятельная работа с последующей проверкой. Оборудование: портрет писателя, иллюстрации к произведению. Ход урока
doc -> Жануарлар токсоплазмозын балау, алдын алу және күрес шаралары
doc -> Мастер-класс для аудитории педагогов «Формирование универсальных учебных действий средствами технологии развития критического мышления»
doc -> Есть сила благодатная в созвучье слов живых, и дышит непонятная святая прелесть в них
doc -> Урок по русскому языку в 9 а классе «Сложные предложения, их признаки. Основные виды сложных предложений»


Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет