Білім берудеге инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасын құрайды



Дата27.11.2022
өлшемі20,98 Kb.
#52957

Білім берудеге инновациялық процестердің мәнін педагогиканың маңызды екі проблемасын құрайды. Олар – озық педагогикалық тәжірибені зерттеу, жинақтау және тарату проблемасы және педагогикалық – психологиялық ғылымдардың жетістігін практикаға енгізу прорблемасы. Соған сәйкес инноватика пәні, инновациялық процесстердің мазмұны мен механизмі осы кезгне дейін бір – бірінен оқшау қарастырылып келгнен өзара тығыз байланысты екі процестің тұтастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процесстің мазмұны мен механизмі осы кезге дейін бір бірінен оқшау қарастырылып келген өзара тығыз байланысты екі процестің тұтиастығы тұрғысынан қарастырылуы тиіс, яғни инновациялық процестің нәтижесі теориямен практиканың тоғысуында пйда болатын теориялық және практикалық жаңалықтарды қолдану болуға тиіс.
Бұның барлығы педагогикалық жаңалықты –жасау, игеру және пайдалануда басқару қызметінің маңыздылығына көз жеткізе түседі. Өйткені, мұғалім жаңа педагогикалық технологияның, теория мен концепцияның авторы, талдап жасаушысы, зерттекушісі, тұтынушысы және насихатшысы қөызметін атқарады. Осы процесті басқару мұғалімнің өз қызметінде әріптестерінің тәжірибесі немесе ғылымдағы жаңа идеялар, иәдістемелерді дұрыс таңдап, бағалау және қолдануын қамтамасыз етеді. Ал педагогикалық қызметте инновациялық бағыттылықты құазіргі заманғы білім беру, қоғамдық және мәдени даму жағдайында педагогикалық қызметтің инновациялық бағыттылығының қажеттігі бірқатар жағдалармен айқындалады.
Біріншіден, қоғмда жүріп жатқан әлеуметтік – экономикалық қайта құрулар білім беру жүйесін, әдістемесі мен түрлі типтегі оқу орындарының оқу тәрбие процестерін ұйымдатырудың технологиясын түбірінен жаңартуды талап етуде. Педагогикалық жаңалықты жасау, игеру және пайдалануға негізделген мұғ,алім мен тәрбиеші қызметінің инновыациялық бағ,ыттылығы білім беру саясатын жаңартудың құралына айналуда.
Екіншіден, білім беру мазмұнын ізгілендірудің күшеюі, пәндерінің көлемі мен құрамының үнемі өзгеріске ұшырауы, жаңа оқу пәндерінің енггізілуі жаңа ұжымдық формалар мен оқыту технологиясын үздіксіз іздестіруді талап етуде. Осы жағдайда мұғалімдер арасында педагогикалық білімнің рпөлі мен беделі арта түсіп отыр.
Үшіншіден, мұғалімнің педагогикалық жаңалықты игеру және қолдануцға деген қатынасы сипатының өзгеруі. Оқу — тәрбие процесінің мазмұнын қатаң тәртіпке бағындырып қойған жағдайда мұғалімнің өз бетінше бағдарлама оқулық таңдауцдан бұрын педаггикалыққызметінің жаңа әдіс т әсілдерін пайдалануға мүмкіншілігі болмайды. Егер бұрынғы уақытта инновациялық қызмет негізінен жоғарыда ұсынылған жаңалықтарды практи — када қолданумен шектелсе, қазіргі уақытта ол барынша баламалы, зерттеушілік сипат ала бастайды. Сондықтан да мектеп, білім беру органы басшыларының қызметіндегі маңызды бағыттардың бірі мұғалімдердің енгізген инновациясына талдау жасап, баға беру, оны іске асыруға, қолдануға қолайлы жағдай жасау болуы тиіс.
Инновациялық технологияға негізделген оқыту үдерісінде оқушы тұлғасының қалыптасуының ұйымдастыру-педагогикалық шарттарының жиынтығын жасақтауға болады. Олар:

  • оқытудың мақсаты мен міндеттерін түсіну және қабылдау оқу мотивациясын арттырады;

  • ақыл-ой еңбегінің технологиялық шараларын ұғыну;

  • технологиялық еңбек тәсілдері мен шараларын игеру;

  • технологиялық карталармен жұмыстану барысында өз бетімен білім мен тәрбие алу;

  • оқу үдерісіндегі қиыншылықтар мен кедергілерді құзыретті және оптимисті жеңе білу;

  • іс-әрекет тәсілдері мен жүйелі жинақталған білімді дамыту: сындарлы, ұйымдастырушылық, коммуникативті, гностикалық;

  • ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа және жаңаны қабылдау қабілетін дамыту;

  • оқу іс-әрекет сферасында мазмұндық және орындаушылық өзбеттілікті қалыптастыру.

Инновациялық технологиялар негізінде оқыту педагог-новаторлар тәжірибесіне сүйене отырып, оқу үдерісінде оқушыларды төмендегі өзгерістер болады деп айтуға болады:

  • енжар, тұтынушы ұстанымынан белсенді, жауапкершілігі артқан оқушыға ауысу, оларда өз оқуына деген жауапкершілікті алуға даярлықты байқауға болады;

  • өз беттілік деңгейінің тез өсуі (мазмұндық және орындаушылық);

  • оқу білігін игеруі (оқушыларда жүйелі білім және іс-әрекет тәсілдері пайда болады);

  • зерттеушілік, шығармашылық деңгейдің артуы;

  • ынтымақтастыққа, ұжымшылдыққа, жаңа технологияларды қабылдау қабілеттері дамиды (әлеуметтік қатынастар және әлеуметтік мәдениетке адекватты тәсілдік әрекет ету қабілеті көрінеді);

  • зерттеушілік міндеттерді шешуге әзірлік пен мотивацияның өзгеруінен құзыреттілік сезімі мен өздік өзектенудің пайда болуы.


Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет