Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру



жүктеу 0.83 Mb.
Pdf просмотр
бет6/9
Дата03.03.2017
өлшемі0.83 Mb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9

 

2

 



 

Шет тілі (кәсіби)

 

2*

 



 

Педагогика

 

2

 



 

Психология

 

2

 



2)

 

Таңдау компоненті (ТК)



 

12

 



2

 

Бейіндеуші пәндер



 

22

 



1)

 

Міндетті компонент (МК)



 

2

 



2)

 

Таңдау компоненті (ТК)



 

20

 



 

Теориялық оқыту бойынша барлығы

 

42

 



3

 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)



 

кемінде 13

 

1)

 



Практика (педагогикалық, ғылыми-зерттеу)

 

кемінде 6**



 

2)

 



Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын 

кемінде 7

 


магистранттың ғылыми-зерттеу жұмысы (МҒЗЖ)

 

4



 

Қорытынды аттестаттау (ҚА)

 

4

 



1)

 

Кешенді емтихан (КЕ)



 

1

 



2)

 

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау (МДРҚ)



 

3

 



 

Барлығы


 

кемінде 59

 

* Педагогикалық мамандықтар бойынша базалық пәндер цикліндегі шет тілі 



(кәсіптік) пәні бойынша кредит саны 3-еуді құрайды, тиісінше таңдауы 

компоненті 11 кредиттен тұрады.

 

** Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығына кірмейді. Қажет болғ ан жағдайда ЖОО практикаға 



бөлінген кредит санын көбейте алады. 

      29. Бейіндік бағыттағы магистратураның білім беру бағдарламасының мазмұны 

2-кестеге

 сәйкес белгіленеді. 

2-кесте 

Р/с №


 

Пән және қызмет түрлерінің атауы

 

Кредит бойынша көлемі



 

1

 



2

 

3



 

 

Оқу мерзімі**



 

1 жыл


 

1,5 жыл


 

1

 



Базалық пәндер (БП)

 

8



 

10

 



1)

 

Міндетті компонент (МК)



 

5

 



5

 

 



Шет тілі (кәсіби)

 

2



 

2

 



 

Менеджмент

 

1

 



1

 

 



Психология

 

2



 

2

 



2)

 

Таңдау компоненті (ТК)



 

3

 



5

 

2



 

Бейіндеуші пәндер (КП)

 

10

 



26

 

1)



 

Міндетті компонент (МК)

 

1

 



3

 

2)



 

Таңдау компоненті (ТК)

 

9

 



23

 


 

Теориялық оқыту бойынша барлығы

 

18

 



36

 

3



 

Оқытудың қосымша түрлері (ОҚТ)

 

кемінде 6



 

кемінде 8

 

1)

 



Практика (өндірістік)*

 

кемінде 2



 

кемінде 4

 

2)

 



Магистрлік диссертацияның орындалуын қамтитын 

магистранттың эксперименталды- зерттеу жұмысы 

(МЭЗЖ)

 

кемінде 4



 

кемінде 4

 

4

 



Қорытынды аттестаттау (ҚА)

 

4



 

4

 



1)

 

Кешенді емтихан (КЕ)



 

1

 



1

 

2)



 

Магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау 

(МДРҚ)

 

3



 

3

 



 

Барлығы


 

кемінде 28

 

кемінде 48



 

*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне 

кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте 

алады.


 

**Оқу мерзімінің ұзақтығы магистранттардың бұған дейінгі дайындық деңгейіне 

және алған мамандығына байланысты осы стандартқа сәйкес анықталады.

 

      30. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық қызметке кәсіптік педагогикалық бейіндегі 



бағдарламаларды қосымша меңгеріп, негізгі дипломға қосымша тиісті куәлік берілгеннен кейін ғана жіберіледі.  

      31. Бейіндік магистратураны бітірген тұлғалар үшін педагогикалық бейіндегі білім беру бағдарламасының мазмұны 

3-

кестеге


 сәйкес белгіленеді. 

3-кесте 


Р/с №

 

Пәндердің және қызмет түрлерінің атауы



 

Кредит бойынша 

көлемі

 

1



 

2

 



3

 

1



 

Базалық пәндер (БП)

 

7

 



1)

 

Міндетті компонент:



 

5

 



 

Ғылым тарихы мен философиясы

 

2

 



 

Педагогика

 

3

 



2)

 

Таңдау компоненті



 

2

 



 

Теориялық оқыту бойынша жалпы саны

 

7

 



2

 

Практика (педагогикалық)



 

кемінде 3*

 

*Практикаға бөлінетін кредиттер саны жалпы еңбек сыйымдылығының көлеміне 



кірмейді. Қажет болған жағдайда ЖОО практикаға бөлінген кредит санын көбейте 

алады.


 

      33. Магистратурада оқыту мемлекеттік, орыс және ағылшын тілдерінде жүргізіледі. Оқу тілін магистранттың өзі 

таңдайды. 

      34. Білім беру қызметін ұйымдастыру оқу процесін, білім беру мазмұнын жоспарлау, оқу сабақтарын жүргізу 

тәсілдерін, магистранттың өзіндік жұмысын, олардың оқу жетістіктерін қорытынды бақылау нысандарын таңдау арқылы жүзеге 

асады. 


      35. Білім беру мазмұнының құрылымы білім берудің есептеу-өлшегіш құралдары: оқу жоспары мен бағдарламаларына, 

оқу жүктемесінің көлеміне, академиялық кезеңдер ұзақтығына, академиялық сабақ түрлеріне, оқу материалының көлеміне 

қойылатын талаптарға сәйкес анықталады. 

      36. Білім беру қызметін жоспарлау мен ұйымдастыру оқу жоспарының негізінде жүзеге асады. 

      Оқу жоспарлары үлгілік (ҮОЖ), жеке (ЖОЖ) және жұмыстық (ОЖЖ) болып бөлінеді. 

      37. ҮОЖ осы стандарт негізінде магистратураның нақты мамандықтары бойынша әзірленеді және оны білім беру 

саласындағы уәкілетті орган бекітеді. 

      ҮОЖ-да міндетті компоненттің әрбір оқу пәнінің еңбек сыйымдылығы және әрбір оқу қызметінің түрі (практика, МҒЗЖ 

(МЭЗЖ), кешендi емтихан, магистрлік диссертацияны жазу және қорғау) кредитпен анықталады, ал оқу пәндерінің әр циклі 

бойынша таңдау компоненті кредиттердің жалпы санымен көрсетіледі. 

      38. ҮОЖ-ға қосымша жыл сайын жоғары оқу орны таңдау компонентіндегі барлық пәндердің жүйеленген, аннотацияланған 

тізімі болып табылатын элективті пәндер каталогын (ЭПК) жасайды. 

      ЭПК-де әр оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері көрсетіледі. ЭПК магистранттарға элективті оқу 

пәндерін баламалы таңдау мүмкіндігін қамтамасыз етуі тиіс. 

      39. Мамандық бойынша ҮОЖ мен ЭПК негізінде магистрант эдвайзердің көмегімен ЖОЖ құрады. ЖОЖ әрбір магистранттың 

жеке білім алу траекториясын анықтайды. 

      ЖОЖ-ға ҮОЖ-дан міндетті компонент пәндері мен оқу әрекетінің түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), кешенді емтихан, 

магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) және ЭПК-дан таңдау компоненті пәндері кіреді. 

      40. ОЖЖ оқу жылына мамандықтардың ҮОЖ-ы мен магистранттардың ЖОЖ-ы негізінде жасалады және оны Ғылыми кеңестің 

шешімі негізінде білім беру ұйымының басшысы бекітеді. 

      ОЖЖ-да оқу жылында оқытылатын пәндер тізбесі және олардың кредитпен санағандағы еңбек сыйымдылығы, оқытылу реті, 

оқу сабақтарының түрлері, бақылау нысандары, сондай-ақ оқу қызметінің басқа да түрлері (практикалар, МҒЗЖ (МЭЗЖ), 

кешенді емтихан, магистрлік диссертацияны ресімдеу және қорғау) айқындалады. 

      ОЖЖ оқу сабақтарының кестесін құруға және оқытушының оқу жұмысының еңбек сыйымдылығын есептеуге негіз болады. 

      41. ЭПК, ЖОЖ және ОЖЖ-ның нысанын, құрылымын, әзірлеу және бекіту ретін жоғары оқу орны өзі анықтайды. 

      42. Барлық оқу пәндерінің мазмұны оқу бағдарламаларымен анықталады. Оқу бағдарламалары үлгілік, жұмыс және 

силлабус болып бөлінеді. 

      43. Үлгілік оқу бағдарламалары (ҮОБ) міндетті компонент пәндері бойынша әзірленеді және оларды білім беру 

саласындағы уәкілетті орган бекітіледі. 

      44. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустар (магистранттарға арналған пән бағдарламалары) оқу жоспарының барлық 

пәндері бойынша әзірленеді және оларды жоғары оқу орны бекітеді. Бұл ретте, оларды әзірлеу міндетті компонент пәндері 

бойынша үлгілік оқу бағдарламалары негізінде жүзеге асырылады, ал таңдау компонентінің пәндері бойынша жоғары оқу орны 

өзі әзірлейді. Жұмыс оқу бағдарламалары мен силлабустардың формасын, құрылымын, әзірлеу және бекіту т әртібін жоғары 

оқу орнының өзі анықтайды. 

      45. Магистрант ғылыми жетекшісінің көмегімен жасалатын жеке жұмыс жоспары негізінде оқиды. 

      46. Магистранттың жеке жұмыс жоспары оқудың толық кезеңіне жасалады және мынадай бөлімдерден тұрады: 

      1) ЖОЖ (қажет болған жағдайда жыл сайын нақтыланады); 

      2) ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысы (тақырыбы, зерттеу бағыты, мерзімі және есеп беру нысаны); 

      3) практика (бағдарламасы, базасы, мерзімі және есеп беру нысаны); 

      4) негіздемесі мен құрылымы көрсетілген магистрлік диссертация тақырыбы; 

      5) магистрлік диссертацияны орындау жоспары

      6) ғылыми жарияланымдар мен тағылымдамалардан өту жоспары. 

      47. Магистратурадағы оқу сабақтары инновациялық технологиялар мен оқытудың интерактивті әдістерін қолдана отырып 

жүргізілуі тиіс. 

      48. Оқу процесін жоспарлау кезінде жоғары оқу орны білім беру бағдарламасы компоненттерін бөлу нормаларын осы 

стандартқа 

1-қосымшаға

 (ғылыми және педагогикалық бағыттар үшін) және 

2

,  


3-қосымшаларға

(бейіндік магистратура үшін) 

сәйкес басшылыққа алады. 

3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын 

талаптар 

      49. Магистранттың оқу жүктемесінің көлемі оның оқу жылы ішінде әр пән немесе оқу жұмысының түрі бойынша игеретін 

кредит санымен өлшенеді. 

      50. ПОҚ оқу жүктемесін жоспарлау кредитпен немесе аудиториялық оқу сабақтарын кесте бойынша немесе оқу жұмысының 

басқа түрлері үшін жеке бекітілген график бойынша оқытушының магистранттармен байланыс жұмысының уақытын білдіретін 

академиялық сағаттармен жүзеге асырылады. 

      Студиялық және зертханалық сабақтардан өзге аудиториялық жұмыстың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. 

Студиялық сабақтар үшін бір академиялық сағат 75 минутқа және зертханалық сабақтар үшін 100 минутқа тең.  

      Магистрант практикасының барлық түрлерінің, ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының және қорытынды 

аттестаттаудың бір академиялық сағаты 50 минутқа тең. 

      51. Оқу жұмысының көлемін жоспарлау кезінде бір кредит: 

      1) семестр түріндегі академиялық кезең бойындағы магистранттың аудиториялық жұмысының; 



      2) кәсiби практика кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының; 

      3) ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы кезеңіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының; 

      4) магистранттың магистрлiк диссертацияны жазу және қорғау бойынша жұмысының; 

      5) магистранттың кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру кезіндегі жұмысының 15 академиялық сағатына тең 

екенін ескеру қажет. 

      52. Магистранттардың оқу жүктемесі академиялық сағаттардың ұзақтығымен және оқу жұмыстарының түрлері үшін 

академиялық сағатпен ілесе жүретін оқу сағаттарының көлемдерімен (50 минуттық байланыс сағаттары) анықталады.  

      53. Аудиториялық жұмыстың бір сағаты 50, 75 немесе 100 минутқа тең болуы мүмкін. Магистранттардың аудиториялық 

жұмысының академиялық сағаттары тиісті МӨЖ сағаттарымен толығады, осылайша бір кредитке магистранттың семестр 

түріндегі академиялық кезеңінің бір аптасындағы жиынтық оқу жүктемесі 3 сағатқа тең болады.  

      54. Практиканың әр академиялық сағаты магистранттың қосымша жұмысының тиісті оқу сағаттарымен (50 минуттан) 

толықтырылады: педагогикалық практика үшін – 1 сағат, өндірістік практика үшін – 4 сағат және зерттеу практикасы үшін 

– 7 сағат. 

      55. Магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысының, магистранттың магистрлiк диссертацияны 

орындауын қоса алғанда, әрбiр академиялық сағаты 7 сағаттық МӨЖ-бен толықтырылады. 

      56. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты магистрлік диссертацияны жазу және қорғау немесе 

кешенді емтиханға дайындық және оны тапсыру бойынша магистранттың оқытушымен байланыс жұмысының бір сағаты (50 минут) 

болып табылады. Магистрантты қорытынды аттестаттаудың әр академиялық сағаты 6 сағаттық МӨЖ -бен қамтамасыз етіледі. 

      57. Кредиттік оқыту технологиясында магистранттардың өздігінен орындайтын жұмысының көлемі артады, ол екі түрге 

бөлінеді: оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы (ОМӨЖ) және магистранттың өзі орындайтын 

жұмысы (МӨЖ). 

      58. Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін магистранттың өзіндік жұмысы жеке график бойынша оқытушымен 

байланыста орындалатын магистранттың аудиториядан тыс жұмыс түрі болып табылады және жалпы оқу кестесіне енбейді. ОМӨЖ 

барысында оқу бағдарламасындағы анағұрлым қиын сұрақтар, үй тапсырмалары, курстық жобалар (жұмыстар) бойынша 

консультациялар өткізіледі, МӨЖ тапсырмаларының орындалуына бақылау жүргізіледі. 

      59. ОМӨЖ бен МӨЖ-дің өзіндік жұмыстың жалпы көлеміндегі арақатынасын жоғары оқу орны өзі анықтайды. 

      60. Дәріс пен практикалық (семинар) сабақтар кезіндегі магистранттың оқытушымен жұмысының байланыс сағаттары 

жиынтығында әр байланыс сағаты 2 сағат МӨЖ-бен қамтамасыз етіледі. 

      61. Студиялық және зертханалық сабақтар, магистранттың ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмыстары, 

қорытынды аттестаттау сияқты оқу жұмысының түрлері үшін МОӨЖ сағаттарын жоспарлау қажеттілігін және оның көлемін 

жоғары оқу орны өзі белгілейді (мысалы, магистрлік диссертацияны орындау барысын бақылау үшін).  

      62. Оқу жылы академиялық кезеңдерден, аралық аттестаттау кезеңінен, практикалардан, демалыстардан, магистранттың 

ғылыми-зерттеу/эксперименталды-зерттеу жұмысынан және соңғы курста қорытынды аттестаттаудан тұрады. 

      63. Академиялық кезең ұзақтығы 15 апта болатын семестрден тұрады. 

      64. Әр академиялық кезеңнен кейінгі аралық аттестаттаудың ұзақтығы кемінде 2 аптаны құрайды. 

      65. Аралық аттестаттау кезеңінде барлық оқытылған пәндер бойынша қорытынды бақылау жүргізіледі және ағымдағы 

үлгерім бағаларын (ағымдағы және межелік бақылаулар бойынша бағалардың арифметикалық ортасы) ескере отырып, пәндердің 

қорытынды бағалары шығарылады. 

      Пән бойынша қорытынды бағада ағымдағы үлгерім бағасының үлесі 60 %-дан, ал қорытынды бақылау бағасының үлесі 30 

%-дан кем болмауы тиіс. 

      66. Оқу жылы ішіндегі демалыс ұзақтығы соңғы курсты қоспағанда, курстарда 7 аптадан кем болмауы тиіс.  

      67. Магистранттардың кәсіби практикасы бекітілген академиялық күнтізбе мен магистранттың жеке жұмыс жоспарына 

сәйкес осы стандартпен және мамандық бойынша ҮОЖ-бен белгіленген көлемде жүргізіледі. 

      68. Практикалардың ұзақтығы магистранттың практика кезіндегі 30 сағатқа тең апта бойғы (5 күндік жұмыс аптасы 

кезінде күніне 6 сағат) нормативті жұмыс уақытын есепке ала отырып, аптамен анықталады. Апта санын шы ғару үшін 

практиканың кредитпен есептелген көлемін тиісті практика түрінің байланыс сағатымен есептелген еңбек сыйымдылығына 

көбейту керек және оны магистранттың апта бойғы жұмысының ұзақтығына, яғни 30 сағатқа бөлу керек.  

      Практиканың 1 кредитінің еңбек сыйымдылығы педагогикалық практика үшін 30 сағатты (50 минуттан), өндірістік 

практика үшін 75 сағатты (50 минуттан), зерттеу практикасы үшін 120 сағатты (50 минуттан) құрайды. 1 кредитке сәйкес 

келетін практиканың ұзақтығы аптамен есептегенде педагогикалық практика үшін 1 аптаны, өндірістік практика үшін 2,5 

аптаны, зерттеу практикасы үшін 4 аптаны құрайды. 

      69. Магистранттарды қорытынды аттестаттау және МҒЗЖ, МЭЗЖ аптамен жоспарлау 54 сағатқа тең магистранттардың апта 

бойғы жұмысының нормативті уақытына (6 күндік жұмыс аптасы кезінде МӨЖ-ді қоса есептегенде күніне 9 сағат) сүйене 

отырып анықталады. 

      МҒЗЖ, МЭЗЖ бір кредитіне магистрант жұмысының 120 (15х8) сағаты, яғни 2,2 апта сәйкес келеді. 

      Қорытынды аттестаттаудың бір кредитіне 105 (15х7) сағат, яғни 2 апта сәйкес келеді. Оның ішінде 15 байланыс 

сағаты магистранттың оқытушымен жұмысына, 90 сағаты МӨЖ-ге бөлінеді. 

      Кешенді емтиханға дайындалуға және тапсыруға 1 кредит, яғни 2 апта бөлінеді. 

      Магистрлік диссертацияны ресімдеуге және қорғауға 3 кредит, яғни тиісінше 6 апта беріледі. Магистрлік 

диссертацияны орындау процесінің өзі алдын ала магистранттың ғылыми-зерттеу (эксперименталды-зерттеу) жұмысы барысында 

жүргізіледі. 

      70. Магистранттардың қосымша оқу қажеттіліктерін қанағаттандыру үшін, оқу жоспарларындағы академиялық 

айырмашылықты немесе академиялық қарызды жою үшін, игерген кредиттері өз ЖОО-да міндетті түрде қайта есепке алынатын 

жағдайда басқа ЖОО-да оқу пәндерін оқып-үйрену үшін, үлгерімнің орташа балын (GPA) көтеру үшін ұзақтығы кемінде 6 апта 

жазғы семестр (бітіруші курстан өзге курстарда) енгізілуі мүмкін. 

      71. Магистрлер даярлау бойынша білім беру процесінің аяқталуының негізгі өлшемі: 

      1) ғылыми және педагогикалық дайындық бойынша - 59-дан кем емес кредитті, оның ішінде теориялық оқытудың 42-ден 

кем емес кредитін, практиканың 6-дан кем емес кредитін, ғылыми-зерттеу жұмысының 7-ден кем емес кредитін игеруі; 

      2) бейіндік дайындық бойынша – кемінде 28 кредитті (оқу мерзімі – 1 жыл) және кемінде 48 кредитті (оқу мерзімі – 

1,5 жыл), оның ішінде теориялық оқытудың тиісінше кемінде 18 және 36 кредитін, практиканың тиісінше кемінде 2 және 4 

кредитін, эксперименталды-зерттеу жұмысының тиісінше кемінде 4 және 4 кредитін игеруі болып табылады. 

      Магистратураның білім беру бағдарламасын мерзімінен бұрын меңгеріп, оған қойылатын талаптарды орындаған жағдайда 

магистрантқа оқу мерзіміне қарамастан «магистр» академиялық дәрежесі беріледі. 

      72. Бейіндік магистратураны бітірген магистрант педагогикалық бейіндегі пәндер циклін меңгеріп, педагогикалық 

практикадан өткен жағдайда ғана ғылыми және педагогикалық қызмет атқара алады. Осы пәндер циклі және педагогикалық 

практика қосымша академиялық кезең ішінде меңгеріледі, оны аяқтаған соң негізгі дипломға белгіленге н үлгідегі тиісті 



куәлік қоса беріледі. 

      73. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқудың толық курсын меңгерген, бірақ ғылыми-зерттеу 

компонентін орындамаған магистрантқа келесі оқу жылында ақылы негізде ғылыми-зерттеу компонентінің кредиттерін қайта 

игеруге және диссертацияны қорғауға мүмкіндік беріледі. 

      74. Магистратураның білім беру бағдарламасы теориялық оқытуының толық курсын меңгерген, бірақ белгіленген 

мерзімде магистрлік диссертациясын қорғамаған магистрантқа магистратурада оқу мерзімі ақылы негізде ұзартылады. 

      75. Жоғары оқу орны магистратураның оқу процесін алынған лицензияға сәйкес ұйымдастырады және білім беру 

қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарын сақтауы тиіс. 

      76. ЖОО білім беру қызметін тиісті материалдық-техникалық базамен, білікті профессорлар-оқытушылар құрамымен, 

кітапхана қорымен, Интернет және басқа да ақпараттық қорлармен, қаладан тыс жерлерден келген магистранттарды 

жатақханамен және басқа да қолдау қызметімен қамтамасыз етеді. 

      77. Материалдық-техникалық қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: 

      Магистратураның білім беру бағдарламасын іске асыратын жоғары оқу орнында қолданыстағы санитарлық-техникалық 

нормаларға сәйкес келетін және оқу жоспарында көзделген теориялық және практикалық дайындықтың барлық түрлерін 

жүргізуді, сондай-ақ магистранттың ғылыми-зерттеу және эксперименталды-зерттеу жұмыстарының нәтижелі орындалуын 

қамтамасыз ететін материалдық-техникалық базасы (аудиториялық қор, компьютерлік сыныптар, зертханалар, құрал-жабдықпен 

қамтамасыз ету, қор материалдары) болуы тиіс. 

      78. Оқу-әдістемелік қамтамасыз етуге қойылатын талаптар: 

      1) Оқу процесін оқу-әдістемелік және ақпараттық қамтамасыз ету магистранттардың магистратураның білім беру 

бағдарламасын сапалы меңгеруіне кепілдік беруі тиіс. 

      2) Білім беру бағдарламасын іске асыру халықаралық ақпараттық желілерге, электронды деректер қорларына, 

кітапхана қорларына, компьютерлік технологияларға, оқу-әдістемелік және ғылыми әдебиеттерге еркін қол жеткізу 

мүмкіндігімен қамтамасыз етілуі тиіс. 

      3) Кітапхана қоры мен электронды және магнитті тасымалдаушылардағы оқу әдебиеттерімен қамтамасыздандыру білім 

беру қызметін лицензиялау кезінде қойылатын біліктілік талаптарына сәйкес келуі тиіс.  

      79. Практикаларды ұйымдастыруға қойылатын талаптар: 

      Ғылыми және педагогикалық магистратурадағы білім беру бағдарламасына практиканың екі түрі кіреді: 

      1) білім беру ұйымдарында өткізілетін педагогикалық практика; 

      2) диссертацияны орындау орны бойынша өткізілетін зерттеу практикасы. 

      Педагогикалық практика оқытудың практикалық дағдылары мен әдістемесін қалыптастыру мақсатында өткізіледі. 

      Педагогикалық практика теориялық оқыту кезеңінде оқу процесінен қол үзбей өткізіледі. Осы ретте магистранттар 

бакалавриатта сабақ жүргізуге тартылуы мүмкін. 

      Магистранттың зерттеу практикасы отандық және шетелдік ғылымның жаңа теориялық, әдіснамалық және технологиялық 

жетістіктерімен, ғылыми зерттеудің, эксперименталды деректерді өңдеу мен интерпретациялау дың қазіргі әдістерімен 

таныстыру мақсатында жүргізіледі. 

      Бейіндік магистратураның білім беру бағдарламасы өндірістік практиканы қамтуы тиіс. 

      Магистранттың өндірістік практикасы оқу процесінде алған теориялық білімін бекіту, оқып жатқан мамандығы бойынша 




Поделитесь с Вашими друзьями:
1   2   3   4   5   6   7   8   9


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет