Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы


 Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар



Pdf көрінісі
бет4/4
Дата09.09.2022
өлшемі264.44 Kb.
#38719
1   2   3   4
4. Оқу жүктемесінің ең жоғары көлеміне қойылатын талаптар 
 
57. Негізгі орта білім беру деңгейіндегі білім алушылардың апталық оқу 
жүктемесінің ең жоғары көлемі 5-сыныпта – 32 сағаттан, 6-сыныпта – 32 
сағаттан, 7-сыныпта – 34 сағаттан, 8-сыныпта – 35 сағаттан, 9 (10)-сыныпта – 
36 сағаттан аспауы тиіс. 
58. Білім алушылардың инвариантты және вариативті компоненттерден 
тұратын оқу жүктемесінің жалпы көлемі, сондай-ақ сыныптар бойынша 
апталық және жылдық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында белгіленеді. 
59. Апталық оқу жүктемесі үлгілік оқу жоспарында (инвариантты және 
вариативті компоненттер) анықталған оқу жұмыстарының барлық түрлерін 
қамтиды. Арнайы (түзеу) білім беру ұйымдарының оқу жоспарларында даму 
бұзушылығының түрін ескере отырып, міндетті түзеу компоненті 


23 
қарастырылған. 
Арнайы 
(түзеу) 
білім 
беру 
ұйымдарының 
оқу 
жоспарларындағы инвариантты, түзеу және вариативті компоненттер ерекше 
білім беруге қажеттіліктері бар білім алушыларды ескере отырып белгіленеді. 
Шет тілін оқытуға бөлінген вариативтік және гимназиялық компоненттер 
бағалауға жатады. 
60. Меншік 
нысандарына және ведомостволық бағыныстылығына 
қарамастан, білім беру ұйымдарында оқу жылының басталу және аяқталу 
мерзімін Қазақстан Республикасының білім саласындағы уәкілетті органы 
анықтайды. 
61. Сыныпты екі топқа бөлу қалалық білім беру ұйымдарында 
сыныптарда білім алушылар – 24-ке немесе одан артық, ауылдық жерлерде 
білім алушылар – 20-ға немесе одан артық, шағын жинақты мектептерде 
кемінде 10-ға толған жағдайда: 
1) оқыту қазақ тілінде жүргізілмейтін сыныптарда – «Қазақ тілі мен
әдебиеті»;
2) оқыту орыс тілінде жүргізілмейтін сыныптарда –«Орыс тілі мен 
әдебиеті»;
3) ағылшын тілі, шет тілі;
4) көркем еңбек (сынып толымдылығына қарамастан ұл және қыз балалар 
топтарына); 
5) информатика; 
6) гендерлік қағидат бойынша дене шынықтыру сабақтарын (қалалық 
жерде – әрбір топта кемінде 8 ұл бала (немесе қыз бала), ал ауылдық жерде – 
кемінде 5 ұл бала (немесе қыз бала) болғанда) жүргізу кезінде жүзеге 
асырылады. 
_______________ 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет