Білім және ғылым министрлігі



бет16/30
Дата09.09.2022
өлшемі1.1 Mb.
#38763
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30
5.1.1. АЗОТ ТЫҢАЙТҚЫШТАРЫ
“Батыс Еуропадағы егіншіліктің бүкіл тарихы, егінің орташа шығымдылығымен анықталады да, ал ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің азотпен қамтамасыз етілу дәрежесіне байланысты”-деген болатын академик Д.Н.Прянишников.
Азот жер бетіндегі ең көп таралған элемент. Ол табиғатта бос күйінде және түрлі қосылыстар түрінде кездеседі. Ауа құрамының 78 % осы газ болса, жер қыртысында азот қосылыстары 0,04% құрайды.
Қоректік элемент ретінде өсімдік тіршілігінде азот маңызды рөл атқарады. Ол барлық ақуыз құрамына енеді де, өсімдік клеткасы протоплазмасының басты бөлігі болып саналады. Ақуызда азоттың мөлшері оның жалпы массасының салмағының 16-18 пайызыне тең болады. Азот фотосинтез құбылысына қатысатын хлорофилл мен протоплазманың клетка ядросының аса маңызды бөлігі - нуклеин қышқылдарының құрамында кездеседі. Сонымен қатар азот фосфатидтерде, алкалоидтерде, кейбір витаминдер мен ферменттерде және өсімдік клеткасындағы басқа көптеген органикалық заттарда болады.
Өсімдік үшін азот көзі болып есептелінетін, топырақтағы қосылыстарды мынадай топтарға бөледі:
1) азот қышқылының тұздары,
2) аммоний тұздары,
3) азотты қышқыл тұздары,
4) азоттың кейбір органикалық, қосылыстары (мочевина, амин қышқылдары).
Түйнек бактерияларының қатысуымен бұршақ тұқымдас өсімдіктер атмосферадағы бос азотты пайдаланады. Өсімдік нитратты азотты органикалық заттарды синтездеу үшін пайдалана алмайды. Ол әуелі аммиак түріне айналады.
Өсімдік қабылдаған нитратты азот аммиакқа дейін мына схема бойынша тотықсызданады:

нитрат нитрит ипонитрит гидросиламин аммиак
Бұл реакция нитратредуктаза, нитритредуктаза, гипонитритедуктаза, гидросиламинредуктаза ферменттерінің қатысында өтеді.
Нитраттардың тотықсыздануына ферменттерден басқа мыс, темір, молибден қатысады.
Аммиак және нитраттардың тотықсыздануынан топырақтан пайда болған аммиак, өсімдіктің анаэробты және аэробты тыныс алудың бастапқы сатысында пайда болған органикалық кетоқышқылдармен әрекеттеседі де алғашқы амин қышқылдарын түзеді. Мұны аминдеу реакциясы дейді.

Осы ферменттік реакциялар көмірсулар мен ақуызды заттардың алмасуының арасында байланыс болатынын көрсетеді. Аминдеу реакциясынан түзілген аспарагин, глютамин, аланин сияқты амин қышқылдары өздерінің амин топтарын басқа органикалық қышқылдарға ауыстыра алады. Бүл құбылысты қайта аминдеу реакциясы дейді.

Қайта аминдеу реакциясының амин қышқылын дезаминдеуі мен ақуызды синтездеуде маңызы үлкен. Дезаминдеу реакциясы жүргенде амин қышқылынан кетоқышқылы және аммиак түзіледі. Өсімдік пайда болған кетоқышқылын көмірсуларды синтездеуге жұмсайды, ал аммиак аминдеу реакциясына қатысады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   30




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет