Білім және ғылым министрлігі


Ұлы дала аумағындағы прототүріктердің алғашқы мемлекеттік



Pdf көрінісі
бет24/190
Дата08.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#38651
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190
Ұлы дала аумағындағы прототүріктердің алғашқы мемлекеттік 
құрылымдары (б.з.б. ІV-б.з. Vғғ.) 
Қазақстан жеріндегі ғұндар (сюннулар) миграциясының кезеңдері. 
Сюнну туралы қытай деректеріндегі мәліметтер. Ғұндардың шежіресі мен 
этникалық тарихының мәселелері. Ғұн империясының әлеуметтік-саяси және 
экономикалық тарихы. Ғұндардың материалдық және рухани мәдениеті. 
Қазақстан территориясындағы ғұн дәуірінің археологиялық ескерткіштері. 
Жетісу мен Тян-Шаньдағы үйсіндердің этносаяси бірлестіктері. Үйсіндер 
туралы қытай жазба деректерінің мәліметтері. Үйсіндердің этникалық және 
тілдік құрылымы мәселелері. Үйсіндердің көрші елдермен және 
мемлекеттермен қарым-қатынасы. Үйсіндердің қоғамдық құрылысы. 
Үйсіндердің материалдық және рухани мәдениеті. Археологиялық 
зерттеулердің қазіргі таңдағы мәліметтері. Қазақстан территориясындағы 
қаңлылар. Қаңлы (Кангюй) жайлы қытай деректерінің мәліметтері. 
Қаңлылардың шығу тегі және этникалық тарихы. Б.з.д. ІІ ғ. - б.з. V ғасырдың 
бірінші ширегіндегі қаңлылардың территориясы мен көші-қон жерлері. 
Қоғамдық құрылысы. Материалдық және рухани мәдениеті. Қазақстан 
территориясындағы Қаңлы кезеңінің археологиялық ескерткіштері. Көрші 
халықтармен қарым-қатынасы. 
Ерте ортағасырлардағы Қазақстан 
Көне түркілер. Жазба және археологиялық деректер мәліметтері. 
Түркілердің шығу тегі мәселесі. Түрік, Ашина этнонимдері. Тайпалық құрамы. 
Түрік қағанатының пайда болуы және оның саяси тарихы. Түрік қағанатының 
көрші мемлекеттермен қарым-қатынасы. Түрік қағанатының Шығыс және 
Батыс түрік қағанаттарына бөлінуі. Түрік қағанатының Еуразия 
халықтарының этносаяси тарихында алатын орны. Қазақстан Батыс Түрік 
қағанаты құрамында: пайда болуы, территориясы, этникалық құрамы. 


29 
Әлеуметтік-экономикалық дамуы. Саяси тарихы. Тан империясымен қарым-
қатынасы. Батыс түрік қағанатының ыдырауы.
Жетісу және Оңтүстік Қазақстан территориясындағы Түркеш қағанаты. 
Түркештер туралы жазба деректердің мәліметтері. Түркештердің этногенез 
(шығу тегі) мәселесі. Орналасу территориясы және тайпалық құрамы. Түркеш 
мемлекетінің пайда болуы және күшеюі. Талас шайқасы (751 ж.). Жетісуда 
қарлұқтардың ықпалының күшеюі. Қарлұқтар туралы жазба деректердегі 
мәліметтер. Қарлұқтардың этногенезі. Қарлұқ тайпаларының орналасу 
территориясы және тайпалық құрамы. Қоғамдық құрылысы. Қарлұқ 
мемлекетінің саяси тарихы. Рухани мәдениеті. Археологиялық зерттеулер 
мәліметтері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   190




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет