Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет42/190
Дата08.09.2022
өлшемі1.52 Mb.
#38651
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
Еуропа археологиясы 
Еуропа археологиясының тарихы 
«Археология» термині. Бабыл (Вавилон) патшасы Набонид. Геродот 
еңбектеріндегі Мысыр пирамидалары, свайлық қоныстар, т. б. Фукидиттің 
«Археологиясы». Периэгесис. Павсаний (б. з. ІІ ғ.) және оның «Элиадаға 
сипаттама» еңбегі. Ежелгі қауым туралы Страбон, Лукреций, т. б. ойшылдар 
тұжырымдамалары. Қайта өрлеу дәуіріндегі көне дәуірге деген қызығушылық. 
Көне мүсіндерге арнап соғылған Ватикандағы сарай. Лев Х декреті. Венеция, 
Париж, Мадрид, Мюнхен, Прага қалаларында ежелгі дәуір бұйымдары 
коллекциясын жинастыру. Археологиялық материалдарды жүйелеудің 


48 
алғашқы қадамдары. Геркуланумдағы (1711), Помпейдегі (1748) қазба 
жұмыстары. «Археология атасы» Винкельман (1717-1768). Грекия, Кіші Азия, 
Сирия, Палестина жерлеріндегі алғашқы археологиялық экспедициялар. 
Алғашқы ғылыми қауымдастықтардың құрылуы. Британ музейі (1753-1756). 
Кельттер академиясы (1804). Дат ұлттық ежелгі дүние музейі (1807). Дания 
солтүстігіндегі ежелгі дүниені зерттейтін корольдік қоғамы (1825). 
Нюрнбергтегі ұлттық музейі, Майнцтағы Рим – Герман орталық музейі (1852), 
Сен-Жермен-ан-Ле ұлттық музейі (1862), т. б. Археологиялық мәліметтерге 
түсініктеме берудің алғашқы қадамдары. Үш ғасыр жүйесі. Томсен, Ворсо, 
Нильсон секілді ғалымдардың кезеңдестіруі. Морганның мәдени-тарихи 
кезеңдестіруі. 
Палеолиттің ашылуы. Археология дамуына геология ғылымының 
қосқан үлесі. Павиленд, Льеж, Кент үңгірлеріндегі ертедегі хайуанаттар 
қалдықтарымен қатар адам сүйектері мен тас құралдарының ашылуы. 
Жоғарғы палеолит. Палеонтолог Э. Лартенің археологиялық ізденістері. 
Лартенің Ле-Мустье, Ла-Мадлен үңгірлеріндегі қазба жұмыстары және оның 
алғашқы палеолит өнері сақталған ескерткіштерді табуы. 
Неолит, қола мен темір дәуірлерін зерттеудің басталуы. Д. Леббоктың 
«Тарихқа дейінгі уақыт» атты еңбегіндегі «палеолит», «неолит», «ерте 
неолит» терминдері. Свай қоныстары. Террамаралар. Кранногалар. Гальштат, 
Ла-Тен ескерткіштері. Кельттер. Латен мәдениеті. 
Гал қалаларының қазбалары: Бибракте және Алезия. Скифтер. Ресейдегі 
скиф обаларының археологиялық қазбалары. А. П. Мельгунов, П. И. 
Сумарковтың Қырымда ежелгі-грек қалаларын зерттеуі. И. А. Стемпковский 
және Боспор мемлекетінің территориясындағы археологиялық зерттеулер. 
Этрускілер. Этрускілердің молалары мен қоныстары. Қабырғадағы этрускілік 
көркем сурет. Ескерткіштері: Чиусти, Вейни, Орвието және басқалар. 
Үңгірлік өнердің ашылуы. Савтуола үңгірлерінің қазындысы. Альтамир 
(Испания) және алғашқы қауымдық өнердің табылуы. Археологтар 
арасындағы пікірталас. Арлэ, Пьетт, Мортилье және басқалардың Альтамир 
полихромдық суреттерінің шынтуайттығы туралы көзқарастары. Сүйектен 
жасалған әйел бейнелі Брассемпуи статуэткасы. Ла-Мут, Тейяк, Камбарель, 
Фон-де-Гом, Тюк д`Одубер, «Үш ағайындар» және басқа да үңгірлердегі 
қабырға суреттері. 
ХІХ ғ. соңғы ширегіндегі антикалық археология. Пергам, Дельфа, 
Афина, Олимпия, Самофракиядағы қазбалар. Г. Шлиманның Микенада, 
Итакада, Орхомде және Тиринфте қазба жүргізіп ежелгі Трояны іздеуі. Эгей 
өркениеті. Крит-Микен мәдениетінің зерттелуі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   38   39   40   41   42   43   44   45   ...   190




©emirsaba.org 2022
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет