Білім сапасы: түсінігі, тәсілдері, тенденциялары



Дата26.01.2023
өлшемі13,02 Kb.
#63066
түріОқулық

Эссе
Білім сапасы: түсінігі, тәсілдері, тенденциялары
Кіріспе
Қазіргі кезде Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министірлігі мектеп кезден бастау алған білімнің, оған қолданылатын тәсілдерге, оқушылардың пайдаланатын оқулықтарына, жабдықталған арнайы кабинеттердің болуына көптеп көңіл бөлуде. Сонымен қатар білімге деген сапаны да талапты да күшейтіп отыр.
Негізгі бөлім
Нақтырақ тарих пәніне келетін болсақ, тарих түсінігі сонау XX- ғасырдан бастау алған. Тарих пәніне түсінік бере кететін болсам бұл – тіршіліктің пайда болуынан бастап, осы кезге дейін болған құбылыстардың барлығын зерттеп, нақты дәлелдемелер мен қазба жүйесіне сүйене отырып жасалатын тұжырым. “Ел болам десең - бесігіңді түзе” демекші қазір, мектептерде тарих пәнін оқыту бесінші сыныптан бастау алған және осы білім алу барысында оқушылар он бірінші сыныпты, яғни мектеп қабырғасын бітіріп шыққанға дейін тіршіліктің пайда болуынан бастап, адамзат тарихының қалыптасуы және өз елінің тарихының қалыптасуы кезеңдерін толық біліп шығады. Тарих өте қызықты пәндердің бірі. Тарихты оқыту барысында көптеген әдіс-тәсілдемелерді қолдануға болады. Мысалға, тақырыпқа байланысты бейне материалдар, презентациялар не болмаса дөңгелек үстел, дебат арқылы сабақты қызықты әрі оқушыларға түсінікті етіп өткізуге болады. Жалпы, бұл ғана емес сонымен қатар оқушыларды топқа бөлу арқылы, түрлі көрнекіліктерді пайдалану арқылы да сабақты оңай әрі қызықты етуге де болады. Мысалға: қарапайым кубикті алып, соның әр қырына тақырыпқа байланысты сұрақты жабыстырып, сол кубикті үстел үстіне тастау арқылы әр оқушыға сұрақтар қою арқылы сабаққа қорытынды жасауға болады.
Қорытынды
Менің ойымша тарих пәні, қашан да өзектілігін жоғалтпайды. Тарихтың бізге бергені де берері де мол. Болашақта тарих пәнінің сапасы қазіргіден де жоғарлап, түрлі тәсілдерді пайдалану көбейеді деп ойлаймын.

Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет