Білімдегі жаңалықтар №1 (53), 2016 Республикалық ақпаратты-әдістемелік журнал



жүктеу 1.35 Mb.
Pdf просмотр
бет15/15
Дата03.03.2017
өлшемі1.35 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

и

скусство

 

воспитания

№ 1 (53) - 2016

81

сөзін  жалаң  жаттап  алып,  жасанды  дауыс 

жасаудың қажеті жоқ.

Көріністі сахналау барысында мәтіннің 

мазмұнын аша отырып:

1)  дыбысты  ойнату,  дауысты  икемдеу 

арқылы сюжетті шынайы жеткізу;

2)  қойылымға  қатысушы  кейіпкердің 

тілі  анық,  ойы  шұрайлы,  сөз  желісін 

жүйелі,  түйінді,  тұжырымды  жеткізуге 

әзірлеу қажет;

3)  диалогтік,  монологтік  сахналық 

шеберлікті көркем сөзбен үйлестіру;

4)  сахалық  қойылым  кейіпкерлерінің 

мінез-құлық  әрекетінің  дауыс  ырғағының 

бояуына сай болуын қамтамасыз ету.

Сахналық  қойылым  қою  барысын-

да  көрермен  алдында  сөйлеу  асқан 

талғампаздықты,  айрықша  шеберлікті 

қажет  етеді.  Сахнадағы  қимыл-қозғалыс, 

сөйлеу шеберлігі, көркем сөзді түрлендіріп 

жеткізу  өнері  -  сахналық  қойылым 

қоюдағы  бөлінбейтін  біртұтас  организм. 

Жасөспірімдерді  актерлік  өнерге  бау-

лу  кезінде  жасалатын  жаттығулар  бала-

ларды  еліктіріп,  қиялына  қозғау  салып, 

сезімін  оятуға  түрткі  болатын  өзіндік 

іздену 


тәжірибесімен 

ерекшеленеді. 

Әсіресе,  қозғалыс,  қимыл  арқылы  жаса-

латын  іс-әрекет  кезінде  сөзді  ыңғайына 

қарай  орайын  тауып  қолдануға  үйретуді 

түрлі  эксперименттік  тәжірибелер  жасау 

жаттығулары арқылы үйретуге болады.

Театрландырылған  ойынның  бір  түрі 

-  драмалау.  Драмалау  барысында  бала 

артистік,  дауыс  екпіндік,  ым-ишаралық, 

пантомималық  тұрғыда  образға  ене  оты-

рып, өзіне тиесілі рөлді сомдап шығады.

Драмалау үлгілері:

•  Жануарлар,  адамдар,  ертегілер  бейне-

сіндегі кейіпкерлер ойындары;

•  Мәтінге  негізделген  диалогтік,  моно-

логтік, рөлдік ойындар;

• 

Шығармашылық 



қойылымдық 

көрсетілімдер;

•    Бір  немесе  бірнеше  шығарма  бойынша 

қойылым қою.

Ал,  қолдың  көмегімен  ойналатын 

ойын түрлері екі түрден тұрады:

1)  қол  саусақтарының  көмегімен 

ойындық драматизацияны құру;

2) Бибабо қуыршағы - қолға ойыншық 

қуыршағын киіп, саусақтарды қозғалысқа 

келтіре отырып ойналатын ойын драмати-

зациясы.

Балалар театрының бірнеше түрі бар:

- ойыншықтар театры;

- саусақ театры;

- үстел үстіндегі театр;

- суреттер (картиналар) театры;

- стенд-кітапша театры;

- фланелеграф театры;

- трафарет театры;

- көлеңкелі театр.

Ғалымдардың айтуы бойынша, қандай 

да  бір  өнер  түріне  баулуды  балалардың 

кіші  жас  шамасында  (мектепке  дейінгі 

кезең,  бастауыш  сынып)  қолға  алған 

жөн. Себебі, осы шақта баланың кез кел-

ген  жаңа  дүниені  қабылдау  қабілеттілігі 

ерекше  болып  келеді.  Мектепке  дейінгі 

кезеңдегі  балалардың  театрландырылған 

үлгідегі  бағдарламасы  келесі  бөлімдер 

бойынша жүзеге асырылады:

Сахналандырылған  көрініс  (ойын)  – 

кез келген күнделікті өмір құбылыстарын 

түрлі  кейіпкерлер  бейнесіне  ене  отырып, 

көрермендер назарына ұсыну. Бұл арқылы 

балалардың шығармашылық қабілеттілігі, 

эстетикалық талғамы, ой-өрісінің кеңеюі, 

мінез-құлқының дұрыс қалыптасуына жол 

ашылады.  Сахналандырылған  ойынның 

үш сатысы бар:

- театрлық;

- әсемдік;

- дамытушылық.

Қимыл-ырғақтық  иілгіштік  (рит-

мопластика)  қимыл,  іс-әрекеттік,  рит-

микалық,  әуендік,  дене  қимылдарының 

ырғақтылығына  негізделген  жаттығулар 

мен  ойындар  жиынтығы.  Қимыл- 


Ө

негелі

 

тәрБие

82

Білімдегі жаңалықтар

ырғақтық  иілгіштік  баланың  зейінін, 

ерік-жігерін,  қозғалысын,  ойлау  үрдісінің 

оралымдылығын  дамытатын,  әуенділік, 

сезімдік,  шығармашылық  елестету,  ой-

қиял,  әуенге  орайластыра  табан  астын-

да  қозғалыс  ойлап  табу  қабілеттіліктерін 

шыңдауға 

мүмкіндік 

туғызатын 

музыкалық-ритмикалық  психологиялық 

жаттығулар жүйесі болып табылады.

Сөз  мәдениеті  және  сөйлеу  шеберлігі 

–  ойын  ойнау  және  сөздік  жаттығулар 

жасау  арқылы  сөз  сөйлеу  логикасын,  да-

уыс  екпіні,  сөздердің  дұрыс  айтылуының 

белгілі  бір  тәртіптік  жүйесі.  Мұнда 

жасөспірімдердің  сөйлеуі  мен  іс-қимылы 

қатар  жүретін  ойындардың  көмегімен 

орындалады.  Сахналық  ойындар  ойнау 

кезінде балалар образды бейнелеу арқылы 

сөйлеу мәдениеті мен шығармашылық ой-

қиялын  дамыту  мүмкіндігіне  ие  болады. 

Осыған байланысты жаттығулар үш түрге 

бөлінеді:

• тыныс алу және жасалымдылық;

мақамдық және дауыс ырғақтық;

•  сөздерге    қатысты    ойындық    шығарма-

шылық ойындар.

Қазіргі          кездегі      жасөспірімдерге  

жан-жақты  білім  мен  тәрбие  берудегі 

мәселелер  театрлық      шығармашылық    

мүмкіндіктерінің  толық  қолданылмай-

тындығымен түсіндіріледі. Оқушылардың 

театрға  және  театрлық  өнерпаздыққа 

деген  тұрақты  қызығушылықтарының 

төмендеуі  жағдайында  театр  өнерінің 

жалпы  дамытушылық  мүмкіндіктері 

көбінесе  сұраныссыз  қалуда.  Әйтсе  де, 

қазіргі  кезде  білім  беру  ұйымдарының 

қайта  бағдарлауға  бағытталған  бала-

лар 


шығармашылық 

қабілеттерін 

қалыптастыруды 

қамтамасыз 

ететін 

оқытудың  дамытушылық  ұстанымдарына 



негізделген қадамдар жасалуда.

Тұлғаның  шығармашылық  тұрғыда 

дамуы  үшін  көркемдік  шығармашылық 

сияқты  тәрбие  берудің  тиімді  құралын 

қолданбауға  әсте  болмайды.  Жалпы 

адамзаттық  рухани  құндылықтарды  иге-

руге  жетелейтін  және  ақиқаттылыққа 

деген 


шығармашылық 

қатынасты 

қалыптастыруда  жасөспірімдердің  өзін 

тануы,  өздігінен  ашылуы  және  өздігінен 

дамуының құралы мен тәсілі ретінде театр 

өнерінің өзіндік орны ерекше.



 



Поделитесь с Вашими друзьями:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет