Биохимия кафедрасы



бет4/6
Дата09.09.2022
өлшемі231,08 Kb.
#38723
1   2   3   4   5   6

Нағыз ГП өкілдері

Муцин


Муциндер – шырыш белоктары.
  • ауыз қуысында кездеседі,
  • барлық шырышты қабықтарды қоршап жатады:
  • ас қорыту,
  • тыныс алу,
  • зәр шығару жолдары,
  • балықтар мен қосмекенділердің сыртқы жабыны

Муциннің құрамында глюкоза, галактоза, фукоза және т.б. моносахаридтер бар. Муциннің тұтқырлығы оның құрамындағы сиал қышқылдарының мөлшеріне байланысты.
Муциннің маңызы: қорғаныштық – АҚЖ, тыныс алу, зәр шығару жүйелерінің шырышты қабатының құрамына кіріп, оларды құрғап кетуден, физикалық және химиялық факторлардың әсерінен қорғайды.

Протеогликандар


Протеогликандар жоғары молекулалы көмірсу-белоктық қосылыстар. Протеогликандардың нағыз гликопротеидтерден ерекшеліктері:
  • Көмірсу мөлшерінің көп және жүйелі болуында;
  • Кездесетін орнының шектеулі екенінде;
  • Белгілі бір қызметті ғана атқара алуында.

  • Протеогликандар негізінен дәнекер тінінің (дәнекер тінінің құрғақ массасының 30% н құрайды) негізгі затында, буынаралық және синовиальды сұйықтықтарда, шеміршекте кездеседі.

Протеогликандардың өкілдері

  • Гиалуропротеид, оның құрамындағы белоктың үлесі 2-2,3%, қалған бөлігі гиалурон қышқылы. Буын сұйықтығында кездесіп, майлау ролін атқарады.
  • Хондромукоидтер, оның құрамында 10% белок, 90% хондроитинсульфат болады. Бұл заттар шеміршек және сүйек тінінің оссификациясында маңызды орын алады, фибриллогенезге, митозға қатысады.

Гликозамингликандар (ГАГ)


Протеогликандардың простетикалық тобы гликозамингликандар (ГАГ) деп аталады.
ГАГтар қайталанып келетін дисахаридтік бірліктерден тұрады.
ГАГтар жеке түрде кездесіп, өз бетінше қызмет атқара алады. Маңызды 3 өкіліне тоқталамыз:
  • гиалурон қышқылы,
  • хондроитинсульфаттар,
  • гепарин.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет