«Биология» пәнінен жиынтық бағалауға арналған әдістемелік ұсыныстар 9-сынып


С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау



бет4/21
Дата27.10.2022
өлшемі1,05 Mb.
#45657
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

9.1С «Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша жиынтық бағалау


Оқу мақсаттары

9.3.2.1 Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін түсіндіру.
9.3.2.3 Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіру
9.3.2.4 Озон қабатының бұзылуы себептері мен салдарын түсіндіру

Бағалау критерийлері

Білім алушы:

  • Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін сипаттайды

  • Тірі ағзаларға парниктік эффектінің әсерін түсіндіреді

  • Озон қабатының бұзылуы себептері мен салдарын түсіндіреді


Ойлау дағдыларының Білу және түсіну деңгейі Қолдану
Орындау уақыты 20 минут
Тапсырма

  1. Қазақстанның кескін картасы берілген.


(а) Картада Қазақстанның аймақтарындағы қазба өндіретін 2 өндіріс орынын шартты белгілер арқылы белгілеңіз. (b) Осы өндірісте өндірілген қазбаның қоршаған ортаға әсерін сипаттаңыз.
_________________________________________________________________________
_________________________________________________________________________

  1. Парниктік эффект және озон қабатының бұзылуы - соңғы уақытта әлем жұршылығын толғандырып отырған экологиялық проблемалар.


(а) Cызбаны пайдалана отырып парниктік эффект туралы кестені толтырыңыз.

Парниктік эффект тудыратын газдар

Қайдан пайда болады?

Өсімдіктерге әсері

Жануарларға әсері

СО2




NO; NO2




(b) Сызбадан озон қабатының бұзылуына әкелетін факторларды (себептерді) анықтаңыз.
(с) Озон қабатының бұзылуынан туындайтын салдарларды атаңыз (кемінде 3).
10

Бағалау критерийлері

Тапсырма №

Дескриптор

Балл

Білім алушы

Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін
сипаттайды

1

кескін картада Қазақстанның аймақтарындағы 2 қазба өндіретін орынды белгілейді;

1

қазба өндіретін орынды белгілеуде шартты белгіні қолданады;

1

өндірілген қазбаның қоршаған ортаға әсерін сипаттайды;

1

Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін
түсіндіреді

2

парниктік эффектіні тудыратын газдардың (СО2, NO; NO2) пайда болу жолдарын анықтайды;

2

парниктік эффектіні тудыратын газдардың өсімдіктерге әсерін түсіндіреді;

2

парниктік эффектіні тудыратын газдардың жануарларға әсерін түсіндіреді;

2

Озон қабатының бұзылуы себептері мен салдарын
түсіндіреді

озон қабатының бұзылуын тудыратын факторларды анықтайды;

1

озон қабатының бұзылуынан туындайтын 1/2/3 салдарды атайды.

3

Барлығы




13

«Aдам қызметінің қоршаған ортаға әсері» бөлімі бойынша
жиынтық бағалаудың нәтижесіне қатысты ата-аналарға ақпарат ұсынуға арналған рубрика

Білім алушының аты-жөні __________________________________________



Бағалау критерийлері

Оқу жетістіктерінің деңгейі

Төмен

Орташа

Жоғары

Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған
ортаға әсерін сипаттайды

Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін сипаттауда қиналады


Кескін картада Қазақстанның аймақтарындағы қазба өндіретін өндіріс орындарын белгілеуде, шартты белгілерді қолдануда, өндірілген қазбаның қоршаған ортаға әсерін сипаттауда қателіктер жібереді

Пайдалы қазбаларды өндіру мен өңдеудің қоршаған ортаға әсерін дұрыс сипаттайды


Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіреді

Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін түсіндіргенде қиналады


Парниктік эффектіні туындататын газдардың СО2, NO; NO2 пайда болу жолдарын анықтауда, өсімдік/жануар ағзаларына әсерін түсіндіргенде
қателіктер жібереді


Парниктік эффектінің тірі ағзаларға әсерін дұрыс
түсіндіреді


Озон қабатының бұзылуы себептері мен салдарын
түсіндіреді

Озон қабатының бұзылуының
себептері мен салдарын
түсіндіруде қиналады


Озон қабатының бұзылуын тудыратын факторларды, озон қабатының бұзылуынан туындайтын салдарларды анықтауда қателіктер жібереді


Озон қабатының бұзылуы себептері мен салдарын
түсіндіреді


12


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет