«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы 11-сынып



бет1/10
Дата20.05.2022
өлшемі0,93 Mb.
#35179
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10



«Биология» пәнінен тоқсандық жиынтық бағалау спецификациясы
11-сынып
(жаратылыстану - математикалық бағыт)

МАЗМҰНЫ


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты 3

  2. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар 3

  3. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 11 сынып 3

  4. «Биология» пәні бойынша ойлау дағдыларының деңгейі, 11 сынып 4

  5. Ойлау дағдыларының деңгейіне байланысты тексерілетін мақсаттарды тоқсандарға бөлу 5

  6. Жиынтық бағалауды өткізу ережесі 5

  7. Модерация және балл қою 5

  1. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 6

  2. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 14

  3. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 20

  4. ТОҚСАН БОЙЫНША ЖИЫНТЫҚ БАҒАЛАУ СПЕЦИФИКАЦИЯСЫ 29
  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мақсаты


Тоқсандық жиынтық бағалау оқу бағдарламасы мен оқу жоспарының мазмұнына сәйкес, оқушылардың тоқсан барысында меңгерген білім, білік және дағдыларды анықтауға бағытталған.
Тоқсандық жиынтық бағалау күтілетін нәтижелерді және оқу жоспарында жоспарланған оқу мақсаттарына жету деңгейін тексереді.


  1. Тоқсан бойынша жиынтық бағалаудың мазмұнын анықтайтын құжаттар


Негізгі орта білім беру деңгейінің 11 сыныптарына арналған «Биология» пәнінен жаңартылған мазмұндағы үлгілік оқу бағдарламасы


  1. «Биология» пәні бойынша күтілетін нәтижелер, 11 сынып

Білу:


    • бастапқы биологиялық ұғымдарды;

    • заманауи өмірдегі жаратылыстану ғылымының мәнін;

    • негізгі биологиялық теориялар мен заңдардың мәнін;

    • атақты ғалымдардың жаратылыстану ғылымдарының қалыптасуы мен дамуына қосқан үлесін;

    • практикалық және эксперименттік жұмыстарды орындау барысында қауіпсіздік техникасының ережелерін;

    • микробиология, молекулалық, жасушалық биология негіздерін;

    • өсімдіктер және жануарлар ағзаларының ішкі ортасы мен мүшелер жүйесінің компоненттерін;

    • өсімдіктердің және жануарлардың негізгі топтарын;

    • тірі ағзалардың адам және табиғи кешен үшін маңызын;

    • эволюциялық дамудың негізі мен заңдылықтарын;

    • сұрыптау әдістерін; биогеоценоздар мен агроценоздардың құрылымын;

    • тірі ағзаларға қоршаған орта факторларының әсерін;

    • адам іс-әрекетінің қоршаған ортаға әсерін біледі.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет