Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Ей, от! Ибраһимге салқын да қауіпсіз бол!»



жүктеу 2.22 Mb.
Pdf просмотр
бет11/20
Дата15.03.2017
өлшемі2.22 Mb.
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20

«Ей, от! Ибраһимге салқын да қауіпсіз бол!» (Әнбия, 69) 
әмірі  бойынша  от  оны  жандырмады.  Айналасы  гүлстанға 
айналды.  Ол  отқа  Нәмруд  пен  ізбасарлары  түскен  де, 
денелерінің күлі де қалмас еді. Өйткені, оларда Ибраһимнің 
қасиеті жоқ, Нәмрудтың қасиетіне ие еді.
Аллаһ  Расулы  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Бәдір 
соғысында  екі  жақ  қарама-қарсы  келген  кезде  жерден 

- 146 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бір  уыс  топырақ  алып,  дұшпандар  жаққа  лақтырды.  Әлгі 
топырақ  дұшпан  жағындағылардың  көздеріне  түсіп,  бәрі 
көздерін  уқалауға  мәжбүр  болды.  Жеңілуге  себеп  болды. 
Осы кезде төмендегі аят кәримә түсті:
�َ�َر َ�ا ��ِ�َ� َو َ�ْ�َ�َر ْذِا َ�ْ�َ�َر �َ� َو
«(Хабибім!  Ол  топырақты)  лақтырған  кезде  сен  атқан 
жоқсың! Бірақ Аллаһ атты» (Әнфал, 17) - дейді.
Сол  кезде  Хазіреті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм) Хақ Тағаланың ісіне құрал болған еді. Осы сияқты 
әулиелер  де  осылайша  Рабтың  ісіне  құрал  болады.  Кейде 
иләһи құдірет солар арқылы көрінеді. Шексіз іс атқарушыға, 
яғни иләһи ерікке, айна болады. Хақ Тағаланың рұқсатымен 
іс жүргізеді.
Жүрегінде  Нәмрудтық  сезімдерден,  яғни  тәкәппарлық 
пен пайдакүнемдіктен үлес алған адамдар жойылудан және 
шайтанның тырнағынан құтылуы үшін кәміл тәрбиешінің 
тәрбиесіне  кіріп,  қауіптен  шығуы  шарт.  Сондай-ақ 
қапастағы құс Үнді құстарының ишараттары мен тәлімдерін 
Бұлжытпай орындау арқылы сәлеметке жетті. Ерекше, қас 
құлдардың  қатарына  қосылды.  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ) 
былай дейді:
«Өлмей  тұрып,  өлген  адамдар  нендей  бақытты,  оның 
рухы ақиқат бақшасының иісін сезеді».
Хадис құдсида Аллаһ (жәллә жәләлуһу) былай дейді:
«Мені  кім  сүйсе,  соны  өлтіремін!  Мен  кімді  өлтірсем, 
оның құны маған тән. Кімнің құны менің мойнымда болса, 
мен оған құн боламын».
Хазіреті Мәуләнә:
«Менің құным Аллаһ Тағаланың куәлігі» - дейді.
Артынан мына дұғаны оқып, жалбарынып мінәжат етеді:
«Ей,  Патша  бола  тұра  тәжі  мен  тағы  жоқ  Раббы-
мыз! Біз сияқты бейшара және жетімдерге тағылған осы 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 147 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қатты, ауыр нәпсі кісенін, сенен басқа кім шеше алады?»
«Бізді бұл арам нәпсінің қолынан кұтқар, оның пышағы 
сүйегімізге тақап қалды».
«Иләһи, қолымыздан ұста, бізді сатып ал! Көңілімізден 
ғапылдық  пердесін  аш!  Бірақ,  тәсәттүр  (ештік  сезімімізді 
жойып) пердемізді жыртып бізді ұятқа қалдырма!»
Әмин!

- 148 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
НӘПСІ  ҚҰТЫРҒАН  АРЫСТАН  СИЯҚТЫ
«Ей дәруіш! Мұса да Перғауын да сенің 
болмысыңда бар. Бұл екі дұшпанды өзіңнен із-
деу керек! Уахидың сәулесімен жарқыра, сендегі 
Мұса, сендегі Перғауыннан басым түседі».
Хазіреті Мәуләнә
Ұшы  қиырсыз  бір  орманда  бір  азулы  арыстан  өмір 
сүретін.  Оның  жасаған  зұлымдығынан  ормандағы  барлық 
жануарлар  қорқатын.  Өйткені,  еш  күтпеген  жерде, 
күтпеген  уақыттарда  сол  азулы  арыстан  жануарларға 
әртүрлі  тұзақ  құрып  жандарына  қауіп  төндіретін.  Ақыры 
аңдар осылай үрейлі өмір сүргілері келмей, бір шара іздей-
ді. Әбден ойланғаннан кейін кеңес құрып араларынан біреу-
ді арыстанға жібереді:
«Ей, орманның патшасы арыстан! Күн сайын біреумізді 
ұстап, жейсің! Бұған айтарымыз жоқ. Бірақ бұл қиыншылық 
неліктен?  Сен  орманның  патшасысың  тағыңда  отыр,  біз 
саған күн сайын ішімізден біреуін жіберейік, сен де рахат-
танып жейсің. Осылайша сен де, біз де тыныштықпен өмір 
сүреміз!» - дейді.
Арыстан бұл ұсынысты қабылдаудан бас тартты:
«Бұл ұсыныстарың бір қулық па, адалдық па? Адалдық 
болса,  бұл  айтқандарың  дұрыс,  бірақ,  мен  қулыққа  шы-
дай  алмаймын!  Өйткені,  кесірткелер  мен  жыландарға  көп 
шағылғандықтан,  бұл  істе  тәжірибем  бар.  Әрі  еңбек  етіп, 
табуға бола тұра, маған неге жалқаулыққа кеңес бересіңдер? 
Неге себептерге жүгінбей, тәуекел етуімді қалайсыңдар?» - 
дейді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 149 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аңдар арыстанды риза ету үшін әртүрлі сөздерді айта ба-
стады:
«Ризық 
үшін 
еңбек 
ету 
халықтың 
сенімінің 
әлсіздігінен  туындайды.  Мұндай  адамдардың  табыстары 
тойымсыздығының мөлшеріндей қол жеткізген рияның та-
бысы. Аспаннан жаңбыр жаудырған Аллаһтың, рахымымен 
нан беруге де, әлбетте, күші жетеді!» - десті.
Арыстан:
«Аяғым  бола  тұра,  езімді  қалай  мүгедек  етейін? 
Тырнақтарым бола тұра, олардың күшін қалай жасырайын?» 
-  деп,  тағы  да  қабылдағысы  келмесе  де,  соңында  айтылған 
ұсыныстың тартымдылығына көніп, ризашылығын білдірді.
Енді күн сайын бір аң келіп, өзін арыстанға бере бастай-
ды. Бір күні кезек қоянға келеді. Аңдар:
«Е, не істейсің, бұйрық солай! Көпшіліктің рахаты үшін 
біріміздің  өлуіміз  керек!  Қане  уақыт  өткізбей  жолға  түс! 
Арыстанды ашуландырып алмайық» - дейді.
Бірақ, қоян аяғын ауыр басып жүріп алды. Мұны көрген 
аңдар сасқалақтап:
«Ей,  қырсық  қоян!  Осыншама  уақыт  біз  сөзімізге  берік 
және адал болып келдік. Сол үшін жанымызды пида еттік. 
Сен  енді  бізді  жаман  атқа  қалдырасың  ба?!»  -  деп  қоянды 
кінәлады.
Қоян да:
«Достар,  ашуланбаңдар,  маған  мүмкіндік  беріңдер, 
құлағым арқылы онымен бір ойын ойнайын, осылайша мен де 
азғын бәледен құтылайын, сендер де құтылыңдар!» - дейді.
Аңдар бұл пікірді келекемен қабылдап:
«Қатардағы  әлсіз  бір  қоян  екеніңді  ұмытып,  шектен 
шықпа! Қандай сөздерді айтасың? Сенен де мықтылар мұндай 
сөздерді естеріне алған да жоқ! Сен осы тәкәппарлығыңмен 
басымызға  қайғы  әкелесің!  Әйтпесе,  айтқандарың  сен 
сияқты бір бейшараға жараспайды» - дейді.

- 150 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қоян былай дейді:
«Достар! Бұл сөздерді маған Аллаһ аян етті. Сондықтан 
мен  сияқты  әлсіз  біреуде  осындай  қуатты  пікір  пайда  бол-
ды.  Аллаһтың  бал  арасына  үйреткен  өнер  мен  мағрифаты, 
арыстанда  да  жоқ,  қашырда  да  жоқ,  тіпті  адамда  да  жоқ 
екендігін көрмейсіңдер ме!»
Қоянның батылдығы мен ақылына таң қалған аңдар бы-
лай деді:
«Болмаса Бұл істің сырын айт! Ойлаған қулығың не? Бір 
– бірінің пікірін сұрап ақылдасу ақылға көмек болады, көзді 
ашып, табысқа жеткізетіндігін де білесің».
Көреген  қоян  мұндай  жағдайда  пікір  айту  ақылдасу 
емес, сырды ашу болатындығын және осының нәтижесінде 
атқарылатын ісінің бұзылатындығын ойлап, аңдардың бұл 
талаптарын орындамады.
«Әрбір  сырды  айтуға  болмайды.  Тағдырдың  айбыны 
оның  жасырындығында  емес  пе?  Тағдыр  қаншама  көп  бі-
лем  дегендердің  өзін  шарасыз  қалдырмай  ма?  Сондықтан 
істің  соңының  не  болатындығын  алдын  ала  ашық  айту 
мүмкін  емес,  кейде  тақ  деген  жұп,  жұп  деген  тақ  болады. 
Айнаға қарсы сөз айтқандар оны буландырып ештеме көре 
алмайды.  Сол  үшін  арифтер  пікір,  ойға  түйгендері,  ақша 
және  мәзһәбтары  хақында  көп  сөз  айтпаған.  Өйткені, 
Бұлардың дұшпаны көп, бұл тұрғыда аздаған мәліметті біл-
се,  мыңдаған  тұзақ  құрады.  Сонымен  қатар  сыр  басқа  бір 
адамға айтылған кезде онымен қоштасу керек. Өйткені, екі 
кісіге жеткен сыр, сыр болмайды, жайылып кетеді,» -деді.
Осылайша  аңдармен  ұзақ  сөйлескен  қоян  біраз  уақыт 
өткеннен кейін олардың үрейлі де қорқынышты көздерінің 
алдында жолға түсті. Бірақ, жолда да уайым-қайғысыз се-
кіріп, ойнап бара жатты.
Осы кезде арыстан күн сайын өзіне келетін ризығының 
кешіккені  үшін  ашуланып,  тойымсыздығынан  жерді  тыр-
малап, ақырып тұрды. Өзіне-өзі:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 151 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мен онсыз да «ол төмендердің уәделері шикі және бос, 
олар  уәделерінде  тұрмайды!»  деп,  айтқанмын.  Қалайша 
құлағыма алдамшы сөздерді айтып, көзімді байлаған! Мен 
енді олардың терісін соймаймын ба?!» - деп сөйледі.
Дәл осы кезде ақылды қоян шыға келді. Аштығынан от 
шашқан арыстан ашумен күркіреп:
«Қайда жүрсің? Неге кешіктің?» - деді.
Қоян  өтірік  сасқалақтап,  алдымен  терлерін  сүртті.  Со-
сын  арыстанға  езінің  кінәсіз  екендігіне  сендірмек  болып, 
қарапайым керінуге тырысып:
"-Тақсыр, мен сыйлауда кемшілік жібергем жоқ. Рұқсат 
етсеңіз, себебін айтайын!" - деді.
Арыстан сол ашумен:
«Ей,  ақымақ!  Патшаның  құзырына  уақытсыз  келудің 
қандай  себебі  болуы  мүмкін?!  Ақымақтың  себебінің 
кінәсынан  да  бетер  екендігін  білмейді  деп,  ойлайсың  ба? 
Мен  сенің  надан  сылтауыңды  біліміме  у  ететін  қоян  еме-
спін,» -деді. Қоян жалбарына түсіп:
«Патшам!  Барлық  өзендерге  су  беретін  үлкен  теңіздер 
де  сал-сабанды  басына  көтереді.  Сен  де  бұл  бейшараны 
патшалық  мәртебеңнің  зекеті  ретінде  тыңда!  Зұлымдыққа 
ұшырап,  жаны  күйген  бұл  бейшараның  себебіне  құлақ 
сал!»
Ақыры  осындай  сөздерге  тоқтау  үшін  арыстан  білмек 
болып,  шешкен  кезде  қоян  алдында  ойлағанындай  сөйлей 
бастады:
«Мен таң сәріде жолға шығып, келе жатыр едім, қасыма 
маған жолдас болу үшін тағы бір қоян ере шықты. Бірақ, бір 
сәтте алдымыздан бұрын-соңды көрмеген бір арыстан шыға 
келді.  Бұл  жыртқыш  менімен  құзырыңызға  келе  жатқан 
әлгі  жолдасыма  шапты,  екеумізді  де  өлтірмек  болды,  мен 
оған:
«Біз патшалар патшасының құлымыз, бізге тиіспе!» - де-
дім.

- 152 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бірақ, әлгі азғын арыстан бізді босатып, сізден кешірім 
сұраудың  орнына  қорқынышты  түрде  ақырып,  шегінен 
шығып:
«Ол сондай кім? Бұл орманның патшасы менмін! Менің 
құзырымда оның атын аузыңа алуға қалай батылың бара-
ды?» - деді.
Сосын  одан  бетер  қорлап,  жолдасымды  тұтқынға  алыл, 
бұл жағдайды, яғни мықтылығын жеткізуім үшін мені сізге 
жіберді.
«Ей,  патшалардың  патшасы!  Жолдасым  менен  үш  есе 
үлкен  еді,  семіз  әрі  әдемі  еді.  Бірақ,  осыдан  кейін  бұл 
жол  жабылды.  Енді  сізге  жіберілетін  күнделікті  азықтан 
үмітіңізді үзіңіз, не болмаса әлгі жүректі арыстанды өлтіріп 
біздің жолымызды ашыңыз!»
Осы айтылғандарды сабырсыздана естіген арыстан ашуға 
бұлығып:
«Кім бұл қорлап жүрген? Бұл орманда меніңғана үкімім 
жүреді. Ол кім екен, тез айт?» - деді.
Қоян жағдайға риза болып, екінші арыстанды қолынан 
келгенінше әсерлеп түсіндіріп, азғын арыстанның намысы-
на тиді. Ақыры арыстан шыдай алмай.
«Алдыма  түс!  Ол  немені  көрсет!  Оның  да,  ол  сияқты 
жүздегенінің де жазасын тарттырайын! Егер өтірік айтқан 
болсаң, әрине, саған шамам жетеді,» - деп гүрілдеді.
Екеуі жолға шықты. Қоян алдын ала белгілеп қойған бір 
құдыққа  қарай  жол  бастады.  Өйткені,  бұл  терең  құдықты 
арыстанның  басына  тұзақ  етіп,  таңдаған  еді.  Арыстан 
мәселені біліп қоймас үшін және оның ашуын жаңалау үшін 
істі бітірмек болып, құдыққа  жақындаған кезде біраз кейін 
қалды. Ашулы арыстан дереу ескертіп:
«Неге аяғыңды баспайсың? Артта қалушы болма, қане, 
алдыма түс!» - деді.
Қоян үрейленген дауыспен:
«Ойбай,  патшам!  Менде  қорыққаннан  қол-аяқ  қалған 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 153 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жоқ!  Жаным  дірілдеп  тұр,  жүрегім  дүрсілдеп  кетті.  Мына 
сарғайған  түрім  ішімнің  қандай  халге  келгендігін  айтпай 
тұр ма?» - деді.
Арыстанның тынысы тарылып:
«Сен  маған  ауруыңның  себептерін  айтпа!  Неге  кейін 
қалдың?» - деді.
Қоян сол баяғы қорқыныш пен үрей үстінде тасты орны-
на қойды:
«Өйткені  сұлтаным,  Әлгі  арыстан  алдымыздағы 
құдықтың ішінде! Мен жақындай алмаймын, бір рет қатты 
жүрегіме тиді!» - деді.
Арыстанның ашуы мен ызасы шегіне жетті. Қоянға:
«Қорықпа,  алға  жақында!  Менің  тырнағымнан  пайда 
болған жара оған өлім соққысы болады!» - деп, оны қасына 
алды, ызамен құдықтың аузына жақындады. Ішіне қараған 
кезде судан өзімен қоянның бейнесін көрді.
Дереу ырылдай бастады, құдықтағы бейнесі де ырылда-
ды. Қоян бұл мүмкіндікті де жақсы пайдаланды:
«Көрдіңіз бе, сұлтаным? Сізге қалай қарсы шығады?» - 
деді. Арыстан көзі қызарып:
«Бір жерде екі сұлтан болмайды; оны жарып тастау ке-
рек» - деп гүрілдеді.
Содан соң: «Күп» - деп құдыққа секірді.
Осылайша аңдарға жасаған зұлымдықтарының өкінішті 
нәтижесін көрді.
Ол зұлымдықтар оған иләһи қаһардың тырнағында өлім 
шұңқыры болды.
Парасатты  қоян,  жасыл  далада  секеңдеп,  аңдарға 
құтылғандықтарын  сүйіншіледі.  Алдында  келеке  етіп 
айыптағандар  бұл  жолы  айналасын  қаумалап  алды.  Оны 
орталарына алды. Құрмет көрсетіп:
«Сен аспаннан түскен періштесің бе? Әлде арыстандардың 
Әзірейілмісің? Ол залымды қандай қулықпен жеңдің?

- 154 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Қоян былай деп жауап берді:
«Бұл Аллаһтың сыйы. Әйтпесе қоянның қолынан мұндай 
іс қайдан келсін! Мен тек қана Аллаһқа тәуекел еттім. Раб-
бым  маған  сол  арыстанға  қарсы  бойыма  күш,  көңіліме 
нұр  берді.  Осылар  маған  батылдық  пен  батырлық  берді. 
Ақылымды қолдануды, яғни нәзік ойлауды, үйретті. Осы-
лайша, менде сол азулы арыстанды тізе бүктіретіндей иләһи 
бір құдірет пайда болды да, сол залымға бас имей, жанымды 
құтқаруға қол жеткіздім, қауіптен құтылдым».
МӘСНӘУИ:
«Ей,  адам!  Сенің  нәпсің  бұл  дүние  құдығының  түбіне 
тойымсыздықтан,  ашкөзділіктен  секірген  қапастағы 
арыстан  сияқгы.  Нәпсіңді  жеңіп,  қоян  сияқты  еркін  кез. 
Сен қоян сияқты руханият гауһарының қадірін біліп оны 
кемелдендірсең,  руханият  сахнасында  ішіп-жеп,  рахатқа 
бата  аласың.  Нәпсің  сияқты  өсек-өтірік  пен  талас-тар-
тыс құдығының түбінде жойылып кетпе!»
Ғашық  Юнус  нәпсімен  күресі  жолында  көңілінің  хал-
дерін  сезіне  отырып  оны  біресе  ауыр,  біресе  жеңіл  түрде 
қандай тамаша баяндайды
«Бір сәт келер Иса сияқты өлгендерді тірілтер,
Бір сәт келер тәкәппарлық үйіне Перғауын мен Хаман 
болар!
Бір сәт келер Жәбірәйілге рахмет шашар әрбір мекен,
Бір  сәт  келер  жолдан  адасып  міскін  Юнус  қайран 
қалар!»
Әбу Мүжәһид (радиаллаһу анһу) былай дейді.
«Аллаһ  жаратқан  ең  ақымақ  болмыс  -  нәпсі.  Өйткені, 
үнемі өзіне теріс нәрсені қалайды».
Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  нәпсіні  жаратқан  кезде:  «Сен 
кімсің, мен кіммін?» - деп сұрайды. Нәпсі былай деп жауап 
береді: «Сен сенсің, мен менмін!»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 155 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті  Мұсаның  (аләйһиссәләм)  кезінде  жасырын 
ілімдер,  оның  ішінде  әсіресе  сиқыршылық  дамыған  еді. 
Сондықтан Хазіреті Мұса да аса таяғын жерге тастаған кезде 
айдаһар сияқты керген. Сонымен бірге ол, таяғымен Қызыл 
теңізді ұрған кезде теңізден жол ашылып, үмбеті өтіп кет-
ті.  Тасаввуф  ғалымдары  ишари  мағына  ретінде  Хазіреті 
Мұсаның таяғының нәпсіні білдіретіндігін айтқан. Хазіре-
ті Мұса сол таяққа сүйенетін. Аллаһ Тағала оны тастатқан 
кезде,  нәпсінің  қандай  үлкен  жыртқыш  екендігін  біліп, 
қорыққан. Өйткені Раббы Мұсадан сұраған еді:
«Қолындағы не?»
«Уа Раббым! Таяқ».
«Оны не істейсің?»
«Оған сүйенемін».
«Менен  басқа  сүйенетін,  паналайтын  нәрсе  жоқ  екенді-
гін білмейсің бе? Оны қолыңнан таста!»
Хазіреті  Мұса  таяқты  тастаған  кезде  оның  ақиқатын 
көреді.  Содан  ол  нәпсісін  тазартып,  оның  ақиқатын  білу 
арқылы  қауымын  жолға  салып,  сиқыршылардан  басым 
болған еді.
Зұлқарнайн (аләйһиссәләм) өлім қаупі мен нәпсінің ке-
дергісінен  құтылуға  тырысқан  бір  қауымға  жолықты.  Ол 
жердегі адамдардың қолдарында дүние байлығынан ештеңе 
жоқ  еді.  Жидек  жеп,  күн  керетін.  Жидектерін  қорғауға 
қатты көңіл бөлетін. Сонымен қатар бұл қауымда әркім өз 
қабірін  қазып,  күн  сайын  тазалап,  құлшылықтарын  осы 
жерде  жасайтын.  Зұлқарнайн  (аләйһиссәләм)  бұлардың 
патшасын шақыртады.
Патша:
«Маған ешкім керек емес. Мен кімге керек болсам қасыма 
келеді» - дейді.
Зұлқарнайн (аләйһиссәләм) осы сөзден кейін патшаның 
қасына барып:

- 156 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мен сені шақырғанда неге келмедің?» - деді.
Патша:
«Сенің маған қажетің жоқ, егер болса, келер едім» -деп 
жауап берді.
Сонда Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):
«Мұндай халді сізден басқа ешкімнен кергем жоқ?» - де-
генде патша:
«Иә,  біз  алтын  мен  күміске  көңіл  бөлмейміз.  Өйткені, 
Бұлардан  аздап  адамның  қолына  түссе,  одан  да  артығын 
сұрап,  мазасы  кететіндігін  көрдік.  Сол  себепті  дүниенің 
соңынан ермейміз,» - деді.
Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):
«Мына  қабірлер  не?  Неге  бұларды  қазып,  осы  жерде 
құлшылық етесіңдер?» - деп сұрады.
Патша:
«Дүниенің  соңынан  жүгірмеу  үшін  осылай  жасадық. 
Қабірлерді көріп сол жерге кіретінімізді есімізге түсіргенде 
барлық нәрседен баз кешеміз,» - деді.
Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):
«Неге  жеміс-жидектен  басқа  нәрсе  жемейсіңдер?  Мал 
өсіріп сүті мен етінен пайдалансаңдар болмай ма?» - деді.
Патша:
«Асқазанымыздың тірі жануарларға қабір болғандығын 
қаламаймыз.  Жеміс-жидектермен  өмір  сүреміз.  Онсыз  да 
ары  өткеннен  кейін  ешбірініңдәмін  сезе  алмаймыз»  -  деп 
жауап берді.
Хазіреті  Әли  (радиаллаһу  анһу)  былай  дейді:  "Пақыр 
тойымсыз адам, бай - қанағатшыл адам». Өйткені, шектен 
тыс  қалаулар  мен  сұраулардың  шегі  жоқ.  Мұндай  шексіз 
қалаулар мен сұраныстары бар адамдардың ешқашан көздері 
тоймайды.  Олардың  көңілдерін  жаулап  алған  ашкөзділік 
ол жерде ықылас пен иләһи ғашықтыққа азғантай да орын  

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 157 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қалдырмайды.  Сол  үшін  өмірлерін  тек  қана  дүние  мүлік 
жинап, көздерін иләһи және рухани ақиқаттарға жүмумен 
еткендердің  соңы  өкініш.  Бұлар  дүниеден  үш  түрлі 
өкінішпен өтеді.
1)   Жинағандарына тоймау,
2)   Үміт еткеніне жете алмау,
3)    Әр  түрлі  көңіл,  парасаттылық  және  руханияттан 
мақрұм болу.
Аллаһ Тағала былай дейді:
ً��ِ�َو ِ�ْ�َ�َ� َن�ُ�َ� َ�ْ�َ�َ�َا ُ��َ�َ� ُ�َ�َ�ِإ َ� َ���ا ِ�َ� َ�ْ�َاَرَا
«Ей,  Расулым,  нәпсіқүмарлығын  өзіне  тәңір  еткен 
(ғапыл) адамды көрдің бе? Енді сен оған өкіл боласың ба?» 
(Фұрқан, 43)
ُ��َ�َ� ُ�َ�َ�ِإ َ� َ���ا ِ�َ� َ�ْ�َاَرَا
«Ей, Расулым, әуестігін тәңір етіп, алған адамды көрдің 
бе?» (Жасия, 32)
Осы екі аят кәримә адам баласының өзін тозаққа түсіретін 
жамандығы мен әлсіздігін білдіреді.
Өзіне  Аллаһ  тарапынан  берілген  нығметтерді  ұмытып, 
қарапайым  бір  нәпсі  әуестігінің  құлы  болып,  ақиретін 
қауіпке 
ұшыратқандар 
жайлы 
Фәридүддин 
Аттар 
Хазіретінің баяндаған мына бір қиссасы өте тамаша мысал:
Патшаның ерекше ілтипатына ие болған бір тазысы бар 
болатын. Аң аулауда шебер еді. Патша оған ерекше мән бе-
ріп, ылғи аңға шыққан сайын қасына алып жүретін. Қарғы 
бауын әшекейлеп, аяқтарына алтын-күмістен жасалған бі-
лезік  тақтыртқан  еді.  Арқасына  сырмалы  атлас  жабылған 
еді.
Бір  күні  патша  сол  итін  ертіп,  уәзірлерімен  бірге  аңға 
шықты.  Қарғы  баудың  жібек  жібін  қолына  алып,  айбын-
ды  түрде  алға  жылжыған  сұлтан  көңілді  болатын.  Бірақ, 

- 158 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
бір  сәтте  осы  кеңілділігін  басатын  бір  нәрсеге  көзі  түсті. 
Жақсы көрген иті патшаны ұмытып, басқа нәрсемен айна-
лысып кетеді. Патша көңілсізденіп, қолындағы жібек жіпті 
тартқанымен, ит қасарысып алдындағы сүйектің сынығын 
кеміре береді. Бұл жағдайға таң қалып, ашу кернеп:
«Көз алдымда мені ұмытып, басқа нәрсемен айналысу де-
ген не?!» - деп айғайлады.
Қатты  ренжіді.  Итінің  Бұл  опасыздық  пен  салқын  се-
зімі  оның  жанына  қатты  батқан  еді.  Ит  қой  деп,  кешірім-
мен  қарағысы  да  келмеді.  Себеп  соншама  құрмет,  ілтипат 
пен  сыйға  қарамастан  итінің  бір  сәтте  бір  сүйек  үшін  өзін 
ұмытқаны еді. Ашуланып:
«Мына  әдепсізге  жол  беріңдер!»  -  деді.  Ғапыл  тазы  бұл 
ашудың мағынасын түсінді, бірақ кеш еді, қолдан келетін 
ештеңе қалмаған еді. Тіпті, айналасыңцағылар патшаға:
«Хан ием, үстіндегі әшекей, алтын-күміс - бәрін алып со-
сын жіберейік!» - дегенде, патша:
«Жоқ! Жіберіңдер солай кетсін!» - деді. Артынан:
«Жіберіңдер,  солай  кетсін!  Сол  қалпында  сусыз, 
ыстық,  иен  шөлде  бейшара  болып,  ас-сусыз  жүрсін, 
сол  үстіндегілерге  қарап,  айырылған  сый-сияпатының 
қиыншылығын тартсын!» - деді.
Аллаһ  Тағаланың  берген  нығметтерінің  қадірін  білмей, 
қарапайым,  фәни,  әрі  түкке  тұрғысыз  пайданың  соңынан 
еріп, жоқ болып кетіп жатқан адамдардың халін керсететін 
осы қисса қандай ғибратты! Осы халге тап болған адам ақыр 
соңында Бұл фәни әшекейлердің бос нәрсе екендігін көреді, 
бірақ, бәрі бітеді.
Хазіреті  Иса  (аләйһиссәләм)  кезінде  болған  мына  бір 
оқиға да Бұл ақиқатты анық көрсетеді:
Бір еврей Исамен (аләйһиссәләм) жолдас болмақ болып, 
былай дейді:
«Сенімен бірге жүріп, бірге сұхбаттасқым келеді!»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 159 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті  Иса  Бұл  тілегін  қабыл  алады.  Бірге  жолға 
шығады. Бір өзеннің жағасына келіп, тамақтануға отырады. 
Қолдарында үш шелпек бар еді. Екеуін жеп, біреуі қалады. 
Бір кезде Иса (аләйһиссәләм) су ішуге өзенге барып, су ішіп 
қелсе, қалған шелпек жоқ. Сосын:
«Шелпекті кім алды?» - деп сұрайды.
Еврей:
«Білмеймін» - дейді.
Сонда Хазіреті Иса сол кезде ештеңе дей қоймайды, бірге 
жол жүре береді. Біраз жол жүрген соң Иса (аләйһиссәләм) 
жол  үстінде  екі  лағы  бар  киікті  көреді.  Бір  лақты  қасына 
шақырады. Лақ келеді. Иса (аләйһиссәләм) мен қасындағы 
еврей  сол  лақты  сойып  жейді.  Сосын  Хазіреті  Иса  киіктің 
лағына:
«Аллаһтың бұйрығымен орныңнан тұр!» - дейді.
Киіктің  лағы  дереу  атып  тұрып,  кетіп  қалады.  Иса 
(аләйһиссәләм) еврейге бұрылып:
«Саған  осы  мүғжизаны  көрсетушінің  құрметі  үшін 
сұраймын: Шелпекті кім алды?» - дейді. Ол адам тағы:
«Білмеймін» - деп жауап береді. Бір өзенге барады. Иса 
(аләйһиссәләм)  еврейдің  қолынан  жетелеп,  судың  үстінен 
жүріп, өтіп кетеді. Хазіреті Иса қайтадан:
«Саған  осы  мүғжизаны  көрсетушінің  құрметі  үшін 
сұраймын; шелпекті кім алды?» - деп сұрады.
Еврей тағы да:
«Білмеймін!» - деп, жауап береді.
Жүре береді. Құмдауыт бір жерге келіп отырады. Хазіре-
ті Иса құмды жинап үлкен төбе жасайды. Сосын:
«Аллаһтың бұйрығымен алтын бол!» - дейді.
Құм  төбе  дереу  алтынға  айналады.  Иса  (аләйһиссәләм) 
төбені үшке бөліп, еврейге былай дейді:
«Біреуі  менікі,  біреуі  сенікі,  үшіншісі  шелпек  жеген 
адамдыкі!» - дейді.

- 160 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Көздері алтынға шағылысқан еврей, сонда дереу:
«Шелпекті жеген мен!» - дейді.
Сонда Хазіреті Иса:
«Алтынның бәрін сен ал!» - деп, өзімен дос болмақ болған, 
бірақ, дүниенің соңынан ерген өтірікші, тойымсыз еврейді 
тастап кетеді.
Ғапыл еврей дүние малына алданып, алдамшы мастыққа 
салынып отырғанда, қасына екі тойымсыз адам келеді. Ал-
тынды көріп, оларды алмақ болып, еврейді өлтірмек бола-
ды. Еврей жаны үшін:
«Өтінем  өлтірмеңдер!  Алтын  үшеуміздікі.  Бөліп  ала-
мыз. Бірақ, алдымен біреуіміз қаладан азық алып келейік! 
Қарнымызды тойдырып алайық, содан кейін алтынды бөліп 
алармыз» - дейді.
Бұл пікірді бәрі мақұлдайды. Біреуін қалаға азық әкелуге 
жібереді. Бірақ, кеткен адам жолда арамдық ойлап:
«Алтынды  неге  үшке  бөлем?  Қаладан  алған  азықтың 
соларға  тиесілісіне  у  қосамын.  Олар  оны  жеп,  өледі.  Осы-
лайша алтынның бәрі маған қалады» - деп шешеді.
Ойлаған  ісін  істейді.  Жолдастарына  тиесілі  тамаққа  у 
қосады.  Бірақ,  ол  осылай  істеп  жүргенде,  жолдастары  да 
тойымсыздықтан өзара:
«Алтынды неге үшке бөлеміз?! Екіге бөліп алсақ, көбірек 
тиеді.  Қалаға  кеткен  жолдасымызды  келгеннен  кейін  бір 
сылтаумен өлтірейік. Әкелген тамағына тойып алып, сосын 
алтынды бөліп алармыз» - дейді.
Сөйтіп,  ойлаған  істерін  жүзеге  асырады.  Қаладан 
қайтқан жолдастарын бір сылтаумен өлтіреді де әкелген улы 
тамақты  тойып  жеп  алады.  Аздан  соң  алтынның  қасында 
бұратылып-бұратылып жан тапсырады. Осылайша, үйілген 
алтын  ортада,  ал  үш  тойымсыз  өлген  күйде  дүниелік  бір 
тебенің қасында қалады.
Аз уақыттан кейін Иса (апейһиссәләм) хауарилерін ертіп, 
сол жерден өтеді. Осы көрініске куә болып, хауарилеріне:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   20


©emirsaba.org 2019
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет