Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Ақымақтан қашып барам, ақымақтан! Кет, маған ке-



Pdf көрінісі
бет13/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20

«Ақымақтан қашып барам, ақымақтан! Кет, маған ке-
дергі жасама, кұтылуым керек!» - деп жауап берді.
Бұл жолы адам:
«Демінен  соқырлар  мен  саңыраулар  шипа  тапқан 
«Мәсих» емеспісің?» - деп сұрайды.

- 174 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
«Иә, менмін» - деп жауап береді.
Әлгі адам:
«Рухани  сырларға  ие,  сол  себепті  «Рухұллаһ»  сипаты-
на  ие  болған  рухани  түлға  сен  емессің  бе?  Сен,  өлген  біре-
уге дұға оқығаныңда, ол адам жем тапқан арыстан сияқты 
қабірінен атып тұратын!» - деді.
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм): «Иә, өліге оқитын менмін» 
- деді. Ол адам қайтадан:
«Ей,  көркем  бейнелі  Иса!  Балшықтан  құс  жасап 
ұшыратын сен емессің бе?» - деп, сұрайды.
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
«Иә,» - дейді.
Сонда адам:
«Ей, пәк Рух! Қалаған нәрсеңді істей аласың, сөйте тұра 
кімнен қашасың? - деп сұрады.
Иса (аләйһиссәләм):
«Алдымен  Рухты,  кейін  тәнді  жаратқан  Аллаһ 
Тағаламен  және  оның  сипаттарымен  ант  етемін,  ол 
дұғаны яғни Исми Ағзамды саңырау мен соқырға оқыдым, 
олар  жақсарды.  Және  сол  дуғаны  тау-таскд  оқыдым, 
ортадан  жарылды,  өлген  денеге  оқыдым,  тірілді,  ештеме-
сі  жоқ  пақырға  оқыдым,  бай  болды.  Бірақ,  сол  дуғаны  бір 
ақымақгың жүрегіне мейірім және мархабатпен мындаған 
рет  оқысам  да  пайдасы  тимеді.  Ол  ақымақ  қатты  тас 
сияқты болып; бірақ, сондада ақымақтығынан баз кешпе-
ді. Тастақ қум болды, оған шөп те шықпады!» - деді.
Бұл сөздерді естіген адам одан бетер таңданып, Хазіреті 
Исадан:
«Исми  Ағзам»  осыншама  нәрселерге  әсер  етіп,  шипа 
бола тұра не үшін ақымақтыққа әсер ете алмады? Әйтпесе, 
басқалары да ауру, оларға шипа болып, бұған болмауының 
хикметінің себебі не болуы мүмкін?» - деп сұрады.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 175 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
«Ақымақгық  -  Аллаһтың  қарғысына  ұшыраған  ауру. 
Басқалары  болса,  соқырлық  сияқты  Аллаһтың  қаһарына 
ұшырамаған  бәлекеттер.  Бәлекеттер  де  аурудың  бір 
түрі,  бірақ,  тек  тап  болған  адамға  ғана  жанымыз  ашиды. 
Ақымақтыққа келер болсақ, бұл да бір ауру, бірақ көбінесе, 
басқаларды жаралап, басқасына зиян тигізеді».
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Пайғамбарлардыңдемдөрі тасқада әсер етеді. Олардың 
сөздеріне  таулар  да  бас  иеді.  Бірақ,  ақымақ  адамға  олар 
шашқан хикмет маржанының бір данасы да тимейді!»
«Ақымақтық  -  Аллаһтың  бір  мөрі.  Оған  ешкім  шара 
таба алмайды».
«Таң самалы ақымақтығы себебінен Сәбәлықтарға өлім 
желі болған жоқ па?»
«Ақымақ  адам  зерек  болса  да,  онда  жақсылық  пен 
жамандықты,  дурыс  пен  бурысты  ажырататын  қасиет 
болмағандықган, ақымақ болып саналады».
"Ей,  дәруіш!  Абайла,  мұндай  адамдардан  киіктің  ары-
станнан қашқаны сияқты қаш! Олармен бір жерде болма!»
Ақымақтардың жағдайы Хазіреті Мәуләнә айтқан мына 
төмендегі хикаядағы қараңғыда пілді көрмек болғандардың 
жағдайына ұқсайды:
Үнділер  халыққа  көрсету  үшін  қораға  бір  піл  қояды. 
Пілді көрмек болған көп адамдар дереу қораға кіріп, пілді 
көруге  тырысты.  Бірақ  тас  қараңғы  қорада  ешкім  ештеңе 
көре  алмағандықтан  әрбірі  пілдің  әр  жағын  ұстап  көріп, 
оның қандай нәрсе екендігін түсінуге тырысты.
Тұмсығын ұстағандар: «Піл жұмыр мұржаға ұқсайды!»
Құлағын ұстағандар: «Жоқ, қалың желкен сияқты!»
Аяғына  қолы  тигендер:  «Жо-жоқ,  ғажайып  тіреуге 
ұқсайды!» Арқасын ұстағандар болса:
«Бәрің  қателесесіңдер,  ол  үстінде  отыруға  болатын  кең 
бір тақ сияқты!» - десті.

- 176 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Алайда, піл бәрінің айтқанындай емес еді. Ол ақымақтар 
«Таласты қойып, пілді жарыққа шығарып көрейік!» деген-
ге  ақылдары  жетпеді.  Осылайша  нақты  дұрыс  мәліметке 
жете алмады.
Құран Кәрімде ақымақтық   екі түрде керсетіледі. Бірін-
ші топ - кәпірлер мен мүшриктер, Аллаһ Тағала бұлар жай-
лы былай дейді:
«Өйткені, олар саңырау, соқыр әрі мылқау. Сондықтан 
ойланып та,  түсіне де алмайды». (Бақара, 171).
Әбу  Жәһил,  Әбу  Ләһәб,  Уәлид  бин  Мұғира  және  сол 
сияқты адамдар жүректеріне мөр басылып, саңырау, соқыр 
әрі  мылқау  болғандықтан  һидайәтқа  қол  жеткізе  алмады. 
Сондықтан олар:
«Біз  саған  сенсек,  Құрайыштың  әйелдері  бізді  айып-
тайды!»  немесе  «Пайғамбарлық  бізге  келуі  керек  еді. 
Өйткені,  біздің  мал-мүлкіміз  бен  балаларымыз  көбірек!» 
- деп, ақылға сыймайтын қисынсыз нәрселерді айтқан еді. 
Тіпті,  Расулұллаһтың  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  хақ 
пайғамбар  екендігін  ете  жақсы  біле  түра,  ақымақтықтары 
себебінен қырсығып, жоққа шығарды.
Және  сол  сияқты  бос  және  таяз  ақылмен  ой-пікірле-
рін  алға  тартқан  философтар  бір-бірін  жоққа  шығарса, 
пайғамбарлар  уахи  мен  иләһи  қолдауға  ие  болғандықтан 
үнемі бір-бірін мақұлдап отырған.
Құран  Кәрімде  айтылған  екінші  топтағы  ақымақтарға 
келер  болсақ,  бұлар  өздерін  ақылдымыз  деп,  санайтындар! 
Дүниеуи қалаулары мен тілектері оларды ғапылдыққа жете-
легендіктен, ақиқат оларға перделеніп қалған. Мұндай адам-
дар бір бәлекетке ұшыраған кезде ғана жартылай оянады.
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  ақымақтық  жайлы 
былай дейді:
«Ақымақтардан  қаш,  Иса  (аләйһиссәләм)  олардан 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 177 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қашқан.  Ақымақпен  сұхбаттасу  қаншама  қандардың 
төгілуіне себеп болған».
Тарихта  қайғылы  оқиға  ретінде  орын  алған  Ақсақ  Те-
мір  мен  Иылдырым  Бәязидтің  Анкара  соғысы  ақымақ 
қырсықтықтың нәтижесінде он мыңдаған мүсылмандардың 
қаны  төгіліп,  қаншама  әйел  жесір,  қаншама  бала  жетім 
қалды. Осы қайғылы оқиғаға себеп болған Ақсақ Темір төрт 
мың шақырым жол жүріп келсе де, ақыры қүр алақан кері 
қайтқан.
Құран Кәрім осы сияқты, яғни басқаша бір, ақымақтықтың 
көрінісін Қалам сүресінде былай баяндайды:
«Иемендегі  Сана  қаласына  жақын  жерде  бір  адамның 
жүзім, құрма және егін бақтары бар болатын. Ол егін жинау 
уақыты келген кезде пақыр, әлсіз және ғаріптерге көбірек 
үлес беретін. Қайтыс болған соң оның ұлдары:
«Отбасымызда  адам  көп,  малымыз  да  аз,  сондықтан 
пақырларға бермейік. Олар келіп сұрамай түрғанда өнімді 
жинап алайық» - деп келісті.
«Сондай-ақ:  "Егінге  ертерек  барайық,  ешбір  пақыр  ер-
месін!" деп, бір-бірлерімен сыбырлап, кеңесті».
«Егіндеріне келген кезде естері шығып:
«Шүбәсіз, біз басқа жерге келдік!» - десті. Өйткені, егін-
дері  күйреп,  қап-қара  болып  жатқан  еді.  Ақыры  бұлар 
иләһи ғибратты түсініп: «Бізге нендей өкініш! Расында біз 
азғын адамдармыз!"-деп, ақымақгықгарына өкінді».
Осы  оқиғадан  кейін,  яғни  сүренің  33-аят  кәримәсында 
Хақ Тағала Хазіреті былай дейді:

ن�ُ�َ�ْ�َ� ا�ُ��َ� ْ�َ� ُ�َ�ْ�َا ِةَ� ِ�َ�ْا ُباَ�َ�َ� َو ُباَ�َ�ْ�ا َ�ِ�َ�َ�
«Міне, азап деген осы. Ақиреттің азабы бұдан да үлкен. 
Әттең, білгенде ғой!»
Ақымақтықтан  ғапылдық  шығады.  Ғапылдық  бол-
са  үстіміздегі  уақытты  белгісіз  болашаққа  айырбастап, 

- 178 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
болашақтың  қамын  ойламау  деген  сөз.  Сол  себепті  Хақ 
Тағала Хазіреті:

��ِ�ِ��َ�ْ�ا َ�ِ� ْ�ُ�َ� َ� َو
«Ғапыл  болма!»  -  (Ағраф,  205)  деп,  негізінде  адамның 
ғапылдыққа салынуына себеп болған ақымақтықты сынай-
ды.
Ақымақтықтан  құтылған  адам  Раббысына  жақын  бо-
лады.  Оған  жақын  болған  адам  иләһи  билікке  ие  болады. 
Аллаһтың  әулие  құлдары  қоғамдағы  ең  ақылды,  түсінік 
пен  сана  тұрғысынан  ең  жоғарғы  адамдар.  Өйткені,  олар  - 
пайғамбар мирасшылары.
Хазіреті Мәуләнә жоғарыда айтылған хикаяға байланы-
сты сөздерінде былай дейді:
«Құрандағы  Асхаб  Даруан  қиссасын  оқыған  шығарсың. 
Оны оқысаң, оның мәнін түсіне түрып, неге қулық жасауға 
тырысасың?»
«Бірнеше ақымақ бағзы пақырлардың ризығын жеу үшін 
қулыққа  жүгінді,  жиналып  отырып  алып,  таң  атқанша 
ақымақтықпен қулық ойластырды».
«Әлгі  жаман  ниетті  ақымақтар  сырларын  Аллаһ 
(жәллә  жәләлуһу)  естіп,  пақырларға  хабарлап  қоймасын 
деп,  сыбырлап  сөйлесті.  Тіл  жүректен  жасырын  жүмыс 
істеуге тырысты».
«Алайда,  әкелері  кедейлердің  мейірім  бұлағы  сияқты 
еді. Сол салих адам риасыз түрде «өнім» жиналмай түрып, 
оннан бірін беріп, «бидай» сабанынан айырылған соң да он-
нан бірін беретін өді. Бидай үгітіліп, «ұн» болған соң тағы 
оннан бір бөлігін беретін еді. Ұннан «нан» жасалған кезде 
одан  да  оннан  бірін  беретін.  Әрбір  кірістің  оннан  бірін  бе-
ретін, осылайша егіннен түскен әрбір өнімнің оннан бірін 
пақырларға беретін. Жомарттықтың шыңы еді».
«Сол салих адам өлмей тұрып, осы дәстүрді жалғастыруды 
балаларына насихат етті».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 179 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ол: Шүбәсіз, барлық жеміс-жидекті өнімдерімізді ғайып 
әлемінен бізге жіберуші Аллаһ Тағала. Бізге әмір етілген он-
нан бірін беруіміз - Аллаһ Тағаланың осы нығметтерге жі-
берген бір күзетші, ол өніміміздің жойылып, құрып кетуінің 
алдын  алады!  Бұл  тұрғыда  абай  болыңдар,  пақырлардың 
хақысын  беріңдер!  Осылай  істесеңдер  Құдай  алдында  да 
жүздерің жарық болады!»
«Егер еккен тұқымдарың өспесе, өнім бермесе, не істей 
аласыңдар?»
«Осы  тамаша  ғибратты  сөздерді  естіген  үлдары 
әкелеріне Бұл түрғыда уәде еткенімен, ол қайтыс болғаннан 
кейін  дүниеқорлықтары  көздерін  жауып,  құлақтарын 
саңырау етіп, жүректерін өлтірді. Ақыры Қалам сүресінде 
айтылған қайғылы нәтижеге душар болды».
«Ей, адам! Абайлап қарасаң, көресің, пақырдың көңілін 
кәуәп қылып жеген ақымақ залым, негізінде өз жамбасын 
пісіріп жейді».
«Ей, адамі Енді ғапылдық мақтасын құлағыңнан алып 
таста! Асхаб Даруан сияқты пақырлардың ризығына көз 
тікпе!»
«Пақырлық пен мүқтаждық ішінде тырбанған адамның 
аянышты  хикаясына  көңіл  бөл!  Көңіл  науқастарының 
к&йғысын тыңдап, олардың қайғысын бөліс!»
«Мал-мүлікке  көбірек  жабыспа,  уақыты  келген  кезде 
оңай  ғана  тастайсың!  Әрі  оп-оңай  беріп  кетесің,  әрі  сау-
ап  табасың!  Сен  өзіңці  мықгап  устап  түрғанға  жабыс, 
ең  алғашқы  (әууәл)  да  сол,  ахир  (ең  соңғы)  да  сол.  Оны 
тапқың келсе, көңіл кемеңді батыратын қаншама нәпсілік 
ауыртпалықтар бар болса, бәрін ішіңнен шығарып таста, 
сонда ғана мүратыңа жетесің!»
«Пақырлық  пен  мүқгаждық  ішінде  қиналған  көңілдер 
түтінге  толы  үй  сияқты.  Сен  олардың  қайғысына  құлақ 
салу арқылы сол түтіндеген үйден терезе ашсаң, ол түтін 
шығады, сеніңде жүрегің сезімтал болып, рухың нәзік бола-
ды».

- 180 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Юнус Әмрә Хазіреті көңіл аулаудың берекетін қандай та-
маша айтады:
Бір міскінді көрген болсаң,
Бір ескіні берген болсаң,
Ертеңгі күні алдыңнан шығар,
Хак, киімін кигендей боп.
Және 
Мәуләнә 
Хазіреті 
кейбір 
шумақтарында 
ақымақтардың сипатын төмендегідей баяндайды:
«Ақымақ  адзм  барлық  адамдардың  өлімін  естісе  де  өз 
өлімін еш есіне түсіргісі келмейді».
«Әркімнің айыбы мен кемшіліктерін кдра қылды қырық 
жарғандай іздестіріп, көріп, айналасына таратады. Бірақ, 
ақымақтығынан өзінің зәрредай да айыбын көрмейді».
«Ол  дүниеге  салынып,  алданғаны  соншалық  -  барлық 
нәрсенің  кдлатындығын  өте  жақсы  біле  тура  тонаудан 
қорқады. Алайда, жалаңаш адамның өзін үрылардың тона-
уынан қорқуы қандай түсініксіз жәйт!»
«Адам дүниеге жалаңаш келген және жалаңаш болып өтеді. 
Солай  бола  тура  ұрылардан  жүрегі  жарылардай  қорқады! 
Өлім  сәтінде  байлығының  өзіне  тиесілі  еместігін  түсінеді. 
Бірақ, болатын нәрсе болып, өтетінде өтіп кетеді».
«Тірі  кезінде  оның  осы  мал-мүліктен  айырыламын  деп 
қорыққаны -етегіне шақпақ тастарды толтырып, өзін мал-
мүлік иесімін деп ойлап, солар үшін қорыққан балалардың 
қорқынышы  сияқты.  Егер  әлгі  шақпақ  тастарының  кей-
біреуін  қолынан  алсаң  жылап,  кейін  кайтарып  берсең 
қуанады. Балада ілім мен руханият бомағандықган жыла-
уы да күлуі де маңызды емес. Ақымақ та дүниенің уақытша 
байлығын өз малым деп, ойлағандықган сол жалған байлық 
үшін тура бала сияқты қорқады».
«Дүние өмірі бір түс сияқты. Дүниеде бай болу - түсінде 
қазына  тапкдн  сияқты.  Дүние  байлығы  белгілі  бір  заман 
ағымы  ішінде  ұрпақтан  -  ұрпаққа  жалғасып,  сол  дүниеде 
қалады».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 181 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Сен бір патша болсаң, айбынды - әшекейлі тәжің мен 
тағың,  есепсіз  мал-мүлкің,  әскерлерің  болса  да,  Аллаһтан 
басқа  нәрсенің  барлығы  сені  ақырындап  жойылуға  жете-
лейтіндігін жақсы білгейсің».
Юнус Әмрә Хазіреті қандай тамаша айтқан:
Мал иесі, мүлік иесі
Кәне, мұның алғашқы иесі?
Мал да жалған, мүлік те жалған,
Барып, енді сен аздап ермек ет!
Сол үшін Мәуләнә Хазіреті былай дейді:
«Өлім періштесі ғапыл байдың жанын алу арқылы оны 
ұйқыдан оятады. Ол адам шынайы өзінікі емес мал-мүлік 
үшін дүниеде тартқан қиыншылығына таң қалып, санын 
соғады. Бірақ, бұл оған ешбір пайда бермейді».
Жер  астына  кіргеннен  кейін  пақыр  қандай  жағдайда 
болса, бай да сол жағдайға тап болады. Ол жерде кім бұрын 
не  істесе,  алдында  соны  көреді.  Бұл  дүниеден  кеткендер 
құл  болсын,  патша  болсын,  Шырын  болсын,  Фәрхад  бол-
сын кеткендердің ол жердегі барлық қоры - не апарғанына 
байланысты. Ол жер - құлдардың сұлтан, сұлтандардың құл 
болған жері.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Сүйеніші  жел  болса,  қаншалықты  шыдай  алады?  Сен 
қабірде  жалғыз  қалғың  келмесе,  дүниең  ізгіліктер  мен 
жақсылыкка толсын!»
«Өлімсіз жалғыз Аллаһ екенін білгейсің. Әйтпесе мына 
ағып жатқан өлім селі тоқтамайды да дамылдамайды. Ке-
лулер мен кетулер бір -бірінің ізінен жүреді».
«Мен  осы  құрғақ  дүниеде  Хазіреті  Нұхтың  кемесі 
сияқтымын. Топан да ақтық демім. Кемем ғайып әлемінде 
тұзақтағы толқындарды күтіп тұр! Мен де үндеместердің 
арасына кіріп, жатып ұйықтаймын! Енді осыншама дауыс 
пен айғайым ақылы бар адамға жетпей ме?!»

- 182 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Нағыз  ақылдылық  иләһи  әмірге  мойынсұну,  міне  бұл  - 
орынды  бір  болашақ  қайғысы.  Сонымен  қатар  мәңгілікке 
шынайы  әзірленудің  шарты.  Сондай-ақ  Құран  Кәрімде 
Аллаһ Тағала ақыл туралы былай дейді:
«Ей ақыл иелері, менен қорқыңдар!» (Бақара, 197)
«Тек ақыл иелері ғана ойланып, ғибрат алады». (Бақара, 
269)
«Тек ақыл иелері ғана түсінеді». (Рағд, 19)
Хазіреті Пайғамбарға (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) бір 
адамды  көп  мақтаған  кезде  Пайғамбарымыз  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) үш рет: «Ақылы қалай?» деп сұраған.
Тағы бір хадисінде де:
«Ақылды адам - нәпсінің әуесқойлығына ермей, өлімнен 
кейінгіге әзірленген адам». (Тирмизи, Қиямет; 5) деген.
Хақ  Тағала  Хазіреті  ақыл  иелеріне  кезін  ашатын 
көріністер мен ғибратты оқиғалардан сабақ алуды үгіттейді. 
Дүниенің қасірет пен алдану жұрты, өмір болса - құндақ (бе-
сік) пен табыт арасындағы тар бір дәліз екендігін баяндай-
ды. Сонымен бірге фәни өмірге құлшылықпен бағыт беруді 
және қалай өмір сүрсе де, дүниеде соңғы аялдаманың қабір 
болатындығын ескертеді.
Ақыл  -  билігі  Құран  Кәрімнің  мағынасы  арқылы  шек-
телген  иләһи  нығмет.  Билігі  мен  шамасы  Құран  Кәрім 
арқылы шектелмеген ақыл болса, ол иесін ақымақтық пен 
азғындыққа жетелейді. Тарихта өзін ақылды санап нәпсісін 
пұтқа  айналдырған,  дүние  үшін  ақиретті  ұмытқан  залым, 
қиянатшыл  және  ақымақтар  өте  көп.  Сондықтан  шынайы 
ақылдылық  -  Аллаһ  берген  қабілеттерді  құлдық  орнымен 
Құран  мен  сүннетке  сай  түрде  қолдану  болып  табылады. 
Ғаззали Хазіреті былай дейді:
«Ақылды  созғаным  соншалық  -  үзіліп  кете  жаздады... 
Бірақ оныңда шектеулі екендігін, өз бетінше соңына дейін 
жете алмайтындығын көрдім. Тіпті, бір кезде ақылымнан 
алжасып  қала  жаздадым.  Міне,  сол  кезде  Хазіреті 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 183 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) руханиятын 
паналап, содан кейін барлық нәрсе аян (айқын) болды, мен 
соның арқасында кұтылдым».
Пайғамбарлық - ақылдан тыс нәрсе. Ақыл руханиятпен, 
яғни  жүрек  әлемімен  бірлесетін  болса,  сол  кезде  ғана  шы-
найы мәніне жетіп, нәпсінің қулықтарынан өзін қорғайды. 
Әйтпесе  нәпсінің  тұзағына  түсіп,  нәпсінің  құмарлықтары 
мен әуестіктеріне бағынышты болады.
Және  Құран  Кәрім  пайғамбарлардың  қиссаларында 
өздерін 
ақылды 
санайтын, 
бақытсыз 
залым, 
қиянатшылдардың  ақымақ  істерін  бір  ғибрат  көрінісі  ре-
тінде көрсетеді:
Хазіреті Мұсаның немере ағасы Қарун Аллаһ Тағаланың 
көптеген  сыйына  бөленген  адам  еді.  Сонымен  қатар  Тау-
ратты да ете жақсы оқитын. Оған сырлы ілімдерден "алхи-
мия ілімі" берілген еді. Зүһд пен тақуалыққа ие еді. Бірақ, 
Аллаһ Тағаланың оған қазына толы байлық беруі, Оны Хақ 
Тағалаға  жақындатудың  орнына  алыстатты.  Байлығын 
пұтқа  айналдырды.  Тіпті  Мұса  (аләйһиссәләм)  Қарунға 
зекетінің мөлшерін білдірген кезде ол:
«Бұларды мен таптым!» - деп жауап қайтарды.
Сөйтіп, дүние малы оны ақымақ қылғандықтан Хазіре-
ті  Мұсаға  (аләйһиссәләм)  жала  жабуға  талпынды.  Ақыры 
қазыналарымен бірге жер түбіне батып, жоқ болды, иләһи 
қаһарға ұшырады.
Екінші жағынан Хазіреті Хұсайынды шейіт қылған бей-
шара: «Бүгін мен дүниенің ең абыройлы адамын  өлтірдім!» 
- деп, рухани азғындығы мен ақымақтығын мойындаған.
Ақыл  -  адамдықтың  қасиеті  мен  абыройын  сақтауға 
қызмет ететін, адамды басқа жаратылыстан ажырататын ең 
қымбат қасиет. Жүрегі ояу ақылды адамдар адамгершіліктің 
қасиеті мен абыройына жетумен қатар отбасы мен халқын 
да асқақтатқан.
Мәселен,  II  Бәязид  дәуірі  -  Османлы  мәдениетінің  негі-
зі қаланған кез. Мәшһүр Италяндық сәулетші Леонардо да 

- 184 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Винчи,  II  Бәязидке  хат  жазып  Стамбұлдағы  мешіттер  мен 
басқа  да  ғимараттардың  жоспарын  өзі  жасауды  ұсынған 
кезде,  Бұл  хатқа  барлық  сарайдағылар  қуанды.  Нәзік  әрі 
терең тасаввуф түсінігіне ие II Бәязид болса, бұл ұсынысты 
қабыл алмай, былай деді:
«Егер бұл ұсынысты қабыл алатын болсақ елімізде шір-
кеу  сәулеті  басым  болып,  Ислами  сәулетіміз  дамымайды 
да өзіндік тұлғасы болмай қалады».
Бұл  көзқарас  -  ақылды,  парасатты  және  кеңіл  иесі 
мұсылманның  ұстанымы.  Сірә,  II  Бәязидтан  кейін  Ис-
лам  шекарасы  қаншалықты  жиырма  миллион  шаршы 
шақырымға  жеткен  болса,  Ислам  сәулеті  де  соншалықты 
шыңға  өрлеген.  Осы  түсініктің  арқасында  Ислам  рухы 
сәулетке  дарып,  қияметке  дейін  құнын  жоғалтпайтын  Су-
леймания және осыған ұқсас дара өнер туындылары керініс 
тапқан.
Османлы  мемлекеті  тарихқа  абырой  мен  мән-мағына 
беретін,  рухани-материалдық  тұрғыдан  адамзатқа  бағдар 
көрсеткен  дара  түлғалар  арқылы  620  жылдық  ұзақ  уақыт 
өмір  сүрген.  Өйткені,  Османлыда  Ислам  мен  Ислам 
мемлекетінің  жапғасуы  үшін  тұлғаларды  тәрбиелеу  -  ең 
басты міндет еді. Жеңіске үнемі түсінігі мол дана адамдар 
арқылы жеткен еді.
Дәл  сол  сияқты  Явуз  Сұлтан  Сәлім  ақыл  мен  жүрек 
күшін шегіне дейін қолдану арқылы, сол кездері өтіп шығуы 
мүмкін емес сияқты көрінген Сина шөлін Аллаһ Тағаланың 
жәрдемі, Расулүллаһтың (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ру-
ханиятымен өтіп, Мысырды жеңіп алған.
Жеңіс  кезінде  ең  жақын  досы  Синан  Паша  шейіт 
болғанда, одан айырылуды Мысырдың жеңісіне тең санап, 
қайғырып:
«Мысырды алдық, бірақ, Синан Пашадан айырылдық!» 
- деген болатын.
Жеңістен кейін ақылды әрі күшті қолбасшы Явуз:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 185 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Көңілім 
Африканың 
солтүстігінен 
Испанияға 
өтіп,  содан  Балқан  түбегінен  өтіп,  қайтадан  Стамбұлға 
қайтқысы  келеді!»  -  деп,  қалауын  айту  арқылы  шынайы 
мұсылманныңтүсінігін  білдірген,  бірақ  мұны  іске  асыруға 
сол кездегі жағдай мүмкіндік бермеді.
Иә,  ақыл  -  Аллаһтың  адамға  берген  нығметі.  Тіпті  сол 
арқылы  барлық  нәрсені  қолданып,  оқиғаның  барысын  ал-
дын  ала  көре  білуге  болады.  Сондай-ақ  хадис  қудсиде  Хақ 
Тағала Хазіреті:
«Кұлым сондай бір халге келеді, мен оның көретін көзі, 
еститін кұлағы боламын» - деген болатын.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет