Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


Мәшһүр  мутасаввуф  Атпазари  Осман  Хазіретінің



Pdf көрінісі
бет14/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20

Мәшһүр  мутасаввуф  Атпазари  Осман  Хазіретінің  бас 
уәзір Көпрүлү Меһмед Пашаға жасаған насихаты өте мәнді. 
Бір сұхбатында Осман Хазіреті бас уәзірге:
«Сіз  біздің  шекпенімізді  кисеңіз,  сіздің  дәстүріңіз  бен 
ұстанымыңыз бұзылады. Біз сіздің ішігіңізді кисек, біздің 
жолымыз  бен  үйлесімділігіміз  бұзылады.  Сол  себепті 
әркімнің  өзі  ұстанымы  мен  дәстүрі  бойынша  әрекет  етке-
ні  дұрысырақ»  -  деп,  ақылды  бағыт-бағдар  мен  қабілетке 
қарай қолдану керектігін айтқан.
Хазіреті Мәуләнәдан ақылды кеңіл ерлеріне бір өсиет:
«Ей,  ақылды  адам!  «Сен  жер  бетіндегілерге  мейірімді-
лік  жасасаң,  көктегілерде  саған  мейірімділік  жасайды!» 
-дегенхадис  шәрифке  құлақ  сал!  Өзіңнен  төмендегілерге 
аянышпен  қарасаң,  сенен  жоғарғылар  да  саған  аянышпен 
қарайтын болады!»
«Досыңнан бір жапа шексең, оның саған мың опасы тие-
тіндігін ұмытпа! Өйткені, ізгілік күнәға қарсы шапағатшы 
сияқты».
Аллаһ Тағаланың Құран Кәрімде бізге үйреткен дұғасы 
қандай мәнді:
ِن�َ��ِ�ْا�ِ� �َ��ُ�َ� َ�  َ��ِ���ا �َ�ِ�اَ� ْ�ِ�ِ َو �َ�َ�ْ�ِ�ْ�ا �َ���َر
ٌ�� ِ�َر  ٌفُؤَر َ���ِا �َ���َر ا�ُ�َ�َا َ��ِ���ِ� ��َ� �َ�ِ��ُ�ُ� �ِ� ْ�َ� ْ�َ� َ�

- 186 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей,  Раббымыз!  Бізді  және  бізден  бұрын  келіп-кеткен 
мүмин  бауырларымызды  кешіргейсің!  Жүрегімізде  иман-
ды  бауырлары-мызға  қарсы  ешбір  өшпенділік  қалдырма! 
Ей, Раббымыз! Шүбәсіз, сен өте мейірімді, асқан мархабат 
иесісің!» (Хашр, 10)
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 187 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ЖАРАТЫЛЫС ҚАМАЛЫ
«Бұл топырақ тәннің қалауларынан 
құтылмайынша, иіліп абылхаят иесіне 
сәжде ету және сол рухани дарияның суы-
нан тойып ішу мүмкін емес».
Хазіреті Мәуләнә
Дария  жағасында  бір  қамал  бар  еді.  Қамал  биіктеу 
болғандықтан  одан  асып,  дарияға  жету  мүмкін  емес  еді. 
Қамалдың  үстінде  шөлден  өртенген  қайғылы  бір  адам  бар 
болатын.  Оны  суға  жеткізбей  тұрған  үстінде  отырған  биік 
қамал  еді.  Әлгі  адам  қамалдың  үстінде  тұрып  суға  ынтық 
болған балық сияқты бұлқынып тұрды.
Кенеттен қамалдың үстінен бір кірпіш сынығын жұлып 
алып,  суға  лақтырды.  Кірпіш  суға  түскен  кезде  шығарған 
дауысын абылхаяттай сезінді. Ол судың дауысының әуеніне 
тәнті  болды.  Шөлдің  михнатын  тартқан  бұл  адам,  судың 
дауысынан  алған  ләззатқа  батып,  қамалдың  кірпіштерін 
қопарып-қопарып, суға лақтыра бастады.
Су оған:
«Әй,  дәруіш!  Маған  бұлай  жанталасып,  кірпіш 
лақтырғаның несі?! Уайымың не?» - деп, дауыстады.
Шөлден қатқан дәруіш былай жауап берді:
«Ей,  су!  Оның  маған  екі  пайдасы  бар.  Сондықган  Бұл 
өнерден, яғни кірпіш лақтырудан, бас тартпаймын».
«Бірінші  пайда:  Судың  дауысын  тыңдау,  шөлдеген 
адамға ән ырғағы сияқты».
«Және де судың дауысы өлген адамға, сол дауыс арқылы 
қайта тірілуге мүмкіндік туғызатын Исрафил періштенің 
сүрі сияқты».

- 188 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Және  бұл  дауыс,  көктем  маусымындағы  берекелі 
жаңбыр сияқты. Бау-бақшалар, сол аспан көз жастарымен 
мауқын басып, жанданып, түрленеді».
«Және Бұлдауыс жоқшылықган қиналған пақырлар мен 
мүқгаждарға зекет беруге шақыратын дауыс».
«Және бұл дауыс Йеменнен Аллаһ Расулына (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) келген Рахманидем іспеттес».
«Расулүллаһ  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  Уәйсәл 
Қараниды  меңзеп,  «Мен  Йеменнен  келген  Рахманидемді 
сезгендеймін» - деген».
«Жәнеде  Бұлдауыс  -  Аллаһ  тарапынан  күнәһарларға 
келген  Аллаһ  Расулының  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
шапағат иісі».
«Және  бұл  дауыс  әлсіреген  Яқубтың  рухына  жеткен 
әсем әрі жағымды Юсуфтың иісі».
«Және де бұл дауыс Мәдина Мунәууәрадағы Хадра (көк) 
күмбездің мүнараларынан ғашықтарға жеткөн таңғы са-
мал іспеттес».
«Және де бұл дауыс бейшара әлсіз жәнө жалғыз Мәжнүнге 
жеткен Ләйләнің қуаныш самалы».
«Және де бұл дауыс қайғылы да жетім көңілге жайылған 
жылы қүшақ».
«Екінші пайдасы мынау: Әрбір алған кірпіштен қамал 
аласарып барады. Менде сол дәрежеде, ей су, саған жақындап 
бара жатырмын».
МӘСНӘУИ:
«Ей,  саналы  адамі  биік  қамалдың  кірпіштерін 
азайтқанда әрине қамал аласарады».
«Қамал аласарған сайын сен суға жақындайсың, сөйтіп, 
ол кірпіштердің қамалдан ажыратылуы қауышуға дәнекер 
болады».
«Аллаһқа сәжде ету әлгі жабысқан кірпіштерді қопару 
арқылы болатыны сонша, бұл амал Аллаһқа жақындықты 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 189 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
тудырады.  Өйткені,  Құран  Кәрімде  «Сәжде  ет  те, 
жақында!» (Алак, 14 аят) деп бұйырылған».
«Бұл  жаратылыс  қамалы  биік  болған  сайын,  мына  ба-
сты июге яғни сәжде етуге кедергі болады!»
«Бұл 
топырақ 
тәннің 
құмарлықтарынан 
құтылмайынша, иіліп абылхаят иесіне сәжде ету және сол 
рухани дарияның суынан қанып ішу мүмкін емес».
«Қамалдың  устінде  отырып,  кім  қатты  шөлдесе,  сол 
адам қамалдың тасы мен кірпішін тезірек қопарады».
«Судың  дауысына  кім  көбірек  ғашық  болса,  өзіне  перде 
және кедергі болып тұрған жаратылыс қамалының үлкен 
бөлшектерін қопарады».
«Ол адам судың дауысына тәнті болып, судың дауысы-
нан басқаны естімейді».
«Күндерін  олжа  санап,  тезірек  борышынан  құгылуға 
тырысқан адам қандай бақытты!»
Шәйх  Сағди  адамды  -  «Бір  неше  тамшы  қан,  мыңдаған 
қауіп-қатер» - деп танымдайды.
Хикаядағы  дарияға  қауышуға  кедергі  болып  түрған 
қамал - адамдағы нәпсінің әуестіктері мен ақиқатқа жетуге 
кедергі болған мына фәни дүниегетән бітпейтін, таусылмай-
тын, шексіз қалаулар әсіресе «мендік» сезімі.
Дария  болса  -  иләһи  махаббат  пен  мағрифат.  Жүрегі 
иләһи махаббатқа шөлдеген адамдар сол дарияға жету үшін 
өмір бойы ынтық болады. Сол махаббат пен мағрифат дария-
сынан келген әрбір дауыс пен дем оларды шексіз ләззаттарға 
бөлеп, Хақтың пәк сапарына әзірлейді.
Иләһи махаббатқа ынтық адам үшін Бұл дүние - түсінік 
пен санаға үсынылған хикмет айнасы. Адам тәні түрғысынан 
емес, рухы түрғысынан қасиетті болғандықтан, құлдықтың 
кемелдігіне рухының тереңдігіне қарай жете алады. Құран 
Кәрімде мадақталған сипат осы.

- 190 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Иләһи махаббат пен ақиреттік ләззаттардан мақрұм бо-
лып,  әр  түрлі  ойын-сауықпен,  хайуандықпен  өткен  дүние 
күнінің  қайырлы  өлім  кеші  болмасы  белгілі.  Бұл  қараңғы 
түннің  бақытты  таңы  атпасы  да  хақ.  Иләһи  ғибрат  сахна-
лары мен оқиғалардың алдында көз жұму, мақсатсыз өмір 
өткізу,  өлімнің  беймәлім  қасіреттерінің  ішінде  жоқ  болу 
-  адамдық  атақ-абыройға  жат  нәрсе!  Нәпсіге  тән  дүние 
емірінің әшекейлері - жағымсыз нәтиже, қуаныштары бол-
са жәһәннам тарсылдарына толы.
Хадис шәрифте:
«Өліктермен отырушы болмаңдар!» - делінеді.
Сахабалар:
«Ей, Аллаһтың Расулы! Өліктер кімдер?» - деп сұрайды.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Өліктер - дүниеге құмар адамдар» - дейді.
Егер адам өліктерден айырмашылығы жоқ ғапылдармен 
бірге  болса,  олардағы  өлім  зәһәрін  байыбына  бармай-ақ 
ішіп  қояды.  Осы  әсерден  оның  жүрегі  де  өлі  жүректердің 
қатарына қосылады.
Бір  ғана  шара  рухани  тірілермен  бірге  болу.  Олардан 
алыс болған кезде жұқа да терең мағыналарына көңіл бөліп, 
Құран Кәрім оқу.
Хадис шәрифте:
«Аллаһпен  (жәллә  жәләлуһу)  сөйлескісі  келген  адам 
Құран Кәрімді оқысын!» - делінеді.
Құран  Кәрімнің  бағытымен  жүрген  адам  Құран  мен 
Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) ахлағын 
бойына сіңіреді.
Құран  Кәрімдегі  пайғамбар  қиссаларымен  байланыста 
болып, мәлімет алады. Сол руханияттан оның көңіліне фәйз 
жаңбырлары жауады.
Бір  риуаятта  Хазіреті  Жәбир  (радиаллаһу  анһу)  былай 
дейді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 191 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Аллаһ Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) үйіне 
бардым. Есігін қақтым.
«Бұл кім?» - деді.
«Мен!» - деп жауап бердім.
Аллаһ Расулы (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) «мен» деге-
німе разы болмады. Өйткені «мен» деген сөзде тәкәппарлық 
пен  астамшылық  бар».  Хазіреті  Мәуләнә  бұл  қиссаны  бы-
лайша баяндайды:
«Жүрегі  өртенген  ғашық  жардың  есігін  қақгы.  Бірақ, 
«кімсің?» деген сұрағына «менмін!» деген кезде, жар:
«Кет! Сенің ішке кіретін уақытың емес! Мұндай рухани 
нығметтердің ортасында шикі рухтарға орын жоқ!» - деді.
«Ол бейшара есік алдынан кері қайтгы. Бір жыл сапарда 
жүріп, жарға деген ынтықтық пен сағыныш алауына оран-
ды».
«Ол  жаралы  ғашық  пісіп,  кейін  қайтты.  Қайтадан 
жардың үйіне бет алды».
«Аузынан әдепсіз сөз шықпасын деген мыңдаған қайғы, 
қорқыныш, әдеппен есік қақты».
«Жары:
«Есік алдындағы кім?» - деп дауыстаған кезде:
«Ей,  көңілімді  аулап  алған  жан!  Есіктегі  де  Сенсің!»  - 
деп жауап берді».
«Жары болса:
«Енді қазір мен сияқтысың: Ей, маған айналған адам! 
Ішке кір! Үйдің ішіне екі «мен» сыймас еді» - деді.
Содан соң:
«Ей, нәпсісін бір жылда жеңіп, астына басқан адам! Кел, 
ішке кір! Сен енді бақшадағы тікендер сияқты гүлге қайшы 
емессің! Сен енді гүлдерге патша боласың! Көріністегі екеу-
лікті тастап, ендімен болдың!» - деп сөзін жалғастырды.
Тағы Мәуләнә (құддисә сирруһ) былай дейді:
«Кімде-кім Хақтың есігінде «мен» және «біз» дейтін бол-
са, ол адам �

 жоққа шығару шөлінде адасып жүр деген сөз. 

- 192 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ондай адамдар достың есігінен кіре алмайды».
Иненің  көзінен  ұшы  айыр  жіп  өтпейтіндігін  білу  ке-
рек.  Жіптің  барлық  талшықтары  бірлесіп,  бір  болған  кез-
де  ғана  иненің  көзінен  етіп,  міндетін  атқарады.  Ғашық 
та  қауышудың  инесінің  көзінен  өтуі  үшін  сағыныш  оты 
арқылы жіп сияқты болуы керек.
Әрине,  адамның  Аллаһ  жолында  рухын  тәрбиелеп, 
вұслат  инесінің  көзінен  өтетіндей  жіңішкеріп,  нәпсінің 
қүмарлықтарынан арылуы, әрине, оңай емес.
Бірақ,  иләһи  нығметке  бөлену  үшін  осы  рухани  күйге 
ену шарт. Өйткені, аят кәримәда:
ْ�ُ�َ� ُ�ِّ�َ�ُ� َ� �َ�ْ�َ� اوُ�َ� ْ�َ� ْ�اَو �َ�ِ��َ�َ�ِ� اُ����َ� َ��ِ���ا �نِا
ِط�َ� َ�ْ�ا ِّ� َ� �ِ� ُ�َ� َ�ْ�ا ُ�ِ�َ� ��� َ� َ��� َ�ْ�ا َن�ُ� ُ�ْ�َ� َ� َو ِء�َ����ا ُباَ�ْ�َا
«Аяттарымызды  өтірікке  шығарып,  олардың  алдында 
тәкәппарланғандарға  көктің  есіктері  ашылмайды.  Олар, 
түйе  иненің  көзінен  өткенше  жәннатқа  кіре  алмайды» 
(Ағраф, 40).
Бұл  тәкәппарлық,  менмендік  пен  мендік  дағуасы 
жолындағы  адамдар  Аллаһтың  жолында  өткінші  мендік 
пен нәпсілерінен арылып, саф рух болғанға дейін Аллаһтың 
бірлігінің жәннатына кіруге лайық бола алмайды. Мұндай 
адамдар  тек  шариғат  үкімдері  мен  тариқат  жолдарын 
үйреніп,  кәміл  мүршидтің  тәрбиесінде  нәпсісін  тазартып, 
жүрегін  сафтау  арқылы  көңілдерін  шайтанның  сипаты 
болып  саналатын  мендіктен  тазартқан  кезде  ғана  оларға 
аспанның есігі ашылады. , Адамдағы нәпсі мен мендік түйесі 
тек ғашықтық, жоқшылық және 
َ�
 қылышымен жонылып, 
яғни «еш» екендігін сездіру арқылы ғана жолға келеді. Рах-
мет пен нығметке бөлену үшін шарт болып саналатын сынақ 
инесінің қиын көзінен табыспен өте алады.
Юнус  Әмрә  Хазіреті  хақ  жолында  «мендіктің» 
болмайтындығын былай жеткізеді:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 193 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сенің «мен» дегенің,
Руханиятта тәсіл емес.
Біз сияқты есік құлдарына,
Қырын қарау дұрыс емес.
Екіншіден, құл көңілі мен рухында жарқыраған нүрды 
өзімнен шықты деп санап алданбай, мұның сый ретінде бе-
рілген иләһи нәсіп екендігін түсініп, шүкіршілік етуі керек. 
Әйтпесе, осындай сыйғатәкәппарланып, осы нұрды өзімнен 
шықты деу үлкен бейшаралық болып саналады. Осылайша 
пайғамбар мен әулиенің нұрынан пайдаланғаннан кейін қол 
жеткізгендері  арқылы  қайтадан  мендік  танытқандардың 
ақыры  қайтадан  қараңғылыққа  бату.  Бұл  жағдай  адамды 
Аллаһқа  құл,  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм) 
үммет болу абыройынан бірте-бірте алыстатады. Ислам та-
рихы Қарун қиссасы сияқты осының көптеген мысалдары-
натолы.
Сол  үшін  нығметке  емес,  оны  жіберушіге  назар  салып, 
азғындықтың шүңқырына түспеу керек. Хазіреті Мәуләнә 
жырларында бұл мәселені былай баяндайды:
«Адам  бір  күні  өзінің  шынайы  мекеніне  жетуі  үшін 
көптеген үйлер мен керуен сарайды тәрк етуі керек!»
«Отқа  қыздырылған  темірдей  қызыл  түс  оныкі  деп 
ойлама! Өйткені ол - оттың уақытша берген жарығы мен 
ыстығы ғана».
«Егер  терезе  мен  үйдіжарық  түрде  көрсең  сен  оларды 
жарықдеме, өйткені жарық беріп түрған - күн».
«Күн 
өзінен 
шағылысқан 
жарыққа 
мақтанып 
түрғандарға былай дейді:
«Ей, түсінігі жоқ менменшіл! Аздап сабыр ет, мен мына 
таудың немесе мына дарияның артына барып, көкжиектен 
жоқ болайын, сол кезде ақиқатты түсінесің».
«Сол  сияқты  тәнің  де  сұлулық  пен  пәктікке  назда-
нып  мақтанады,  бірақ,  негізгі  күш  пен  қуат  оның  ішінде 
жасырылған рухқа тиесілі екендігін білсін».

- 194 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Міне,  осы  ақиқатты  түсініп,  мендіктен  қүтылғандар, 
яғни нәпсінің жыртқыш тырнағынан құтылып, өлмейтұрып 
өлгендер, осы жағдайлар-дың сыйы ретінде сүлу болып тірі-
леді.  Тірілгенде  Аллаһ  Тағала  олардың  көретін  көзі,  ести-
тін құлағы, жүретін аяғы, үстайтын қолы болады. Құл осы 
мәртебеде үлкен қауышуға куә болады. Хақтан басқаға на-
зар  салмайды.  Юнус  Әмрә  Аллаһқа  қауышқаннан  кейінгі 
халдің өзін қалай тәнті еткендігін тамаша баяндайды:
Жандардың жанын таптым,
Бұл жаным талан болсын!
Ащы зияннан өттім
 Дүкенім талан болсын!
Менмендігімнен өттім,
Көзімнің пердесін аштым,
Досыма қауыштым
Күмәнім талан болсын!
Юнус қандай жақсы айттың,
Бал-шекер жегенсің,
Балдың балын таптым
Ұям талан болсын!
Құлдың қол жеткізетін жоғары мәртебелерінің бірі - тек 
қана  Раббысының  шрінісіне  ие  болып,  Раббысынан  басқа 
ештемені көрмеу. Бұл мәртебеге жеткен құл Хақ жолында 
фәни болады деген сөз. Бұл мәртебеде бір үлкен мұтасаввүф 
айтқан мына бір ақиқат терең түсініледі:
"Аллаһтың  айқындығы  соншалық,  айқындығының 
күштілігінен көрінбейді?"
Бейне 
бір 
күннің 
өзіне 
қараған 
көздерді 
шағылыстыратындай  жарық  сәуле  шашқан  кезде  оның 
сәулесінің  жарықтығынан  өзі  көрінбейтін  халге  келуі 
сияқты.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 195 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл мәртебе - Мүшәһәдә мәртебесінің соңы болып санала-
ды. Бұл -сәйри-махабби мәртебесі. Яғни, жүректің нәпсінің 
сипаттарынан  және  тұтқындығынан  толық  қүтылуы.  Құл 
көпшіліктің  ішінде  болған  кезде  Раббысымен  бірге  болған 
кезінде де көпшілікпен бірге болу сипатына қол жеткізеді.
Көпшіліктің  арасында  Аллаһпен  бірге  болу  халін  мына 
бір оқиға қандай тамаша көрсетеді:
Мұхаммед  Париса  Хазіреті  қажылыққа  кетіп  бара 
жатқанында  Бағдатқа  соғады.  Көшеден  өтіп  бара  жатып, 
зергерлікпен айналысатын нұрлы жүзді бір жігітті көреді. 
Жігіттің  ісі  қауырт  болғандықтан  үнемі  бір  нәрсемен 
шұғылданып  жатады.  Хазіреті  Пір  оның  дүниемен  осын-
шама айналысқанын керіп, ренжіп, ішінен: «Тура ғибадат 
ететін  шағында  өзін  осыншама  дүние  ісіне  арнаған!»  -  деп 
ойлайды.  Бір  сәт  мұрақабаға  барғанда  алтын  сататын  бұл 
жігіттің  жүрегінің  Аллаһпен  бірге  екендігіне  куә  болып, 
таң қалады. Бұл хал көпшіліктің ішінде бола тұра Аллаһпен 
бірге болып, сонымен рухани оңаша қала білу, көпшілікте 
бірлік халін ұстана білу болып табылады.
Раббысымен  бірге  болған  кезінде  көпшілікпен  бірге 
болуға келер болсақ, ол - пайғамбарлар мен қас құлдардың 
халі.  Тірі  жүректерге  тән  бір  жағдай,  үмметтің  қасіретіне 
ортақтасып, олардың қайғысын бөлісудің белгісі.
Расулұллаһтың 
(саллаллаһу 
аләйһи 
уә 
сәлләм) 
Миғражда  Раббысына  бізге  мәні  беймәлім  екі  садақтың 
арасы,  тіпті,  одан  да  таяу  қашықтыққа  дейін  жақындаған 
қауышу  сәтіндегі  халі,  осының  нақты  бір  мысалы.  Хазі-
реті  Пайғамбар  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  сол  иләһи 
қауышу сәтінде де үмметін ойлап, Аллаһ Тағалаға былайша 
мінәжат еткен:
«Иләһи! Құзырыңа үмметімнің нұқсан ғибадаты және 
күнәсімен келдім».
«Иләһи!  Сенен  анамды  да,  әкемді  де  сұрамаймын, 
үмметімді сұраймын, үмметімді уа Раббым!»

- 196 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Міне, осы рухани пәк халдерден тиесілі үлесін алған адам-
дар, қандай жағдайда болмасын, Аллаһпен бірге болады. Бұл 
мәртебеде:  «Мен  оның  көретін  көзі,  еститін  құлағымын!» 
құдси  хадисінің  шынайы  мағынасы  көрініс  табады.  Бұл 
мәртебе - Құран Кәрімдегі: «Атқан кезде сен атқан жоқсың, 
Аллаһ  атты»  (Әнфал,  17)  аят  кәримәсында  баяндалған 
мәртебе.  Ең  үлкен  ерекшелігі  Мұхаммеди  мәртебе  бо-
луы.  Бұл  үмметтің  кәміл  әулиелері.  Хазіреті  Мүхаммед 
(саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  пайғамбарымызға  деген 
махаббатының  күшіне  қарай  бұл  халден  көрініс  несібесін 
алады. Тіпті осы мәртебеге жете алмаса да, ықыластарының 
дәрежесіне қарай бір мәртебеге қол жеткізеді.
Бұл мәртебеге жеткендер:
«Мен мен емеспін. Бұл дем соныкі!» - деген адамдар.
Сондықтан,  олардың  әрбір  «мен»  деген  сөзі  салыстыр-
малы  айтылған  сөз.  Өйткені,  олар  «мендіктен»  ажыраған. 
Әсрар Дәдә мұны тамаша баяндайды:
Мен мен дегенім, мен дегенім - Сенсің, Жаным дегенім, 
тән дегенімнің бәрі - Сенсің.
Сондай-ақ басқа бір шайыр «мендіктің» адам үшін перде 
екендігін, одан құтылу қажеттілігін былай баяндайды:
Мен бұл жолды осылай таптым,
«Мендік» маған перде екен.
Оқыдым, түсіндім, білдім,
«Мендік» маған перде екен.
Қалайша бидай дәні ақыры нан болып пісіп бір тіршілік 
иесінің бойына кіріп, кірген тіршілік иесінің бір бөлшегі бо-
латын болса;
Қалайша  бір  сүрме  тасы  үгітіліп  ұсатылып,  көзге 
жағылған кезде, оның тастық қасиеті жойылып, көзге жа-
нар болып, көзге күш беретін болса;
Қалайша  бір  өзен  көлге  қауышқан  кезде,  оның  езендік 
қасиеті бітіп, көлге айналып, көлдің бір бөлігі болатын болса;

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 197 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Адам  да  сол  сияқты  әулие  құлдың  руханият,  фәйз  бен 
назарына  бөленетін  болса,  оның  рухында  кәмілдік  пен 
парасаттық  бастайды.  Оның  көңілі  оқиғалар,  заттар  мен 
мақлүқаттар алдында өлімнен қайта тіріледі.
Темендегі қисса осы халге тамаша бір мысал:
Бір  күні  Телемсан  патшасы  Сұлтан  Яхия  сарай 
өкілдерімен  бірге  қаланы  аралауға  шығады.  Оның  және 
оның қасындағылардың айбыны мен көрінісінен қорыққан 
халық  құрметпен  тік  түрып  «Хан  ием,  кепжаса!»  деп, 
қошамет ете бастайды. Бірақ Сүлтанның көзіне бұл кепші-
лік емес, сәл ілгеріде жалғыз, қарапайым, дүниеден аулақ, 
айналасына нүр шашқан бір адам түседі. Қасындағылардан 
әлгі нұр жүзді қарт кім деп, сұрағанда:
«Сұлтаным, ол мәшһүр Тунистік Шәйх. Бір үңгірде жеке 
өмір сүреді» - дейді.
Сұлтанның көкейін көптеген сұрақтар кернеп, Тунистік 
Шәйхтың қасына ат басын бұрады, ойындағы сұрақты одан 
сұрамақ болып:
«Үстімдегі мына жібек киіммен намаз оқуға бола ма?» - 
дейді.
Тунистік  шәйх  бұл  сұраққа  жауап  бергісі  келмей,  оны 
сарайдағы ғалымнан сұрауын өтінсе де, Сұлтан өтінішінен 
бас тартпаған соң, былай деді:
«Бір  итті  ойласаңыз,  бір  хайуанның  жемтігін  тауып 
алып, оны ауызы толғаншажеп, іш-сыртын нәжіске батыр-
са да, сарыған кезде кірленбеу үшін аяғын көтеруге тыры-
сады!»
Сұлтан қаһарланып:
«Не айтпақсың?» - деді.
«Менің айтпақ болғаным, сіздің асқазаныңыз бен тәніңіз 
ең  ауыр  харамдар  мен  құл  хақысына  толы.  Осылай  бола 
түра,  сіз  менен  "жібек  киіммен  намаз  оқуға  бола  ма?"  деп 
сұрайсыз?!»

- 198 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл  мәнді  сөздер  Сұлтанның  көңіліне  қатты  әсер  етті. 
Осы әсердің берекетімен дереу үстіндегі сырмалы киімдер-
ді  шешіп,  лақтырып  тастады.  Сосын  беліндегі  қылышын 
лақтырды. Өзіне таңдана қараған халыққа:
«Мұсылмандар!  Менде  хақтарың  болса  кешіріңдер, 
өздеріңе  патша  тауып  алыңдар!»  -  деп,  тунистік  шәйхтың 
соңынан еріп оның шынайы шәкірті болды.
Сұлтан  Яхия  шәйх  Хазіретінің  рухани  тәрбиесінде  сон-
дай бір үлкен мәртебеге қол жеткізді. Тунистік шәйх халық 
езінен дұға сұраған кезде былай дейтін болды:
«Дұғаны Яхиядан сұраңдар, өйткені, оның орнында мен 
болсам, оның істегенін істей апмас едім. Егер дүниедегі басқа 
сүлтандар оның қол жеткізген бақыттылық қазынасын біл-
генде,  олар  да  Яхия  сияқты  барлық  нәрсесін  пида  ететін 
еді».
Әулиелер адамдарды жаратылыстары мен жағдайларына 
қарай тәрбиелейді. Сондықтан осы оқиғаға сүйене отырып, 
«Исламда  әкімшілік  мансапта  болу  дүрыс  деп  саналмай-
ды" деген қорытынды шығармау керек. Бұл жердегі мәселе 
Сүлтан Яхияның жағдайымен байланысты. Өйткені, Сұлтан 
Яхия кептеген құлдың хақын аяққа таптап, денесін харам-
дармен  толтырғандықтан  оның  жолға  келуі  мен  тазаруы 
өзгеше  болған.  Әйтпесе  әулиелердіңжол  көрсетуінде  бүдан 
басқатүрде өрбіген мысалдар да бар. Бұлар - Ақшәмсәддин 
Хазіреті  мен  Әбул  Уәфа  Хазіреті  және  Фатих  сұлтан  Мех-
мед  хан  арасында  болған  оқиға  сияқтылар.  Мысалы: 
Ақшәмсәддин Хазіреті Фатихтің өзінің сұхбатынан алатын 
рухани  фәйіз  бен  ләззатынан  мемлекет  ісіне  нұқсан  келті-
ретін халге келмеуі үшін жеңістен кейін СтамБұлда тұрмай 
Гойнүкке көшіп кеткен. Сол өлшемді устанған ӘБұл Уәфа 
Хазіреті де өзімен жолығуды қалаған Сұлтан Фатихқа мы-
надай хабар жібереді:
«Патшамыз  Фатихтің  нәзік  де  шабытты  көңілі  бар. 
Бұл жерге кіріп, біздің әлеміміздің дәмін алар болса, қайтып 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 199 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
қолынан  шығарғысы  келмей,  мемлекет  басына  қайтпай 
қалады! Өйткені, бұл үммет пен мүлік саған аманат. Ол 
сияқты лайық бір адам келіп, оның орнын баспайтын бол-
са, мулік пен үммет зиян тартады. Ол да, мен де күнәһар 
боламыз!
Сосын  рухы  осы  жердің  рухани  атмосферасына  то-
лып,  қолындағы  барлық  нәрсесін  осы  жерге  атайтын  бо-
лады.  Жесірге,  жетімге,  бишараға,  пақырға  таралатын 
барлық  мүліктер  осы  жерге  құйылады!  Сонымен  қатар 
мүридтердің  көңілінде  дүниеге  деген  махаббат  оянып, 
тәртібіміз бұзылатын болады!
Патшамызға  біз  бұл  жердендүға  мен  ілтипат  ете-
міз.  Көіңілі,  көңіліміздің  арасында.  Қажеттілікке  қарай 
онымен  рухи  қарым-қатынасымыз  бен  иршадымыз  (жол 
көрсету) осылай болмақ!»
Азиз Махмұд һудайи Хазіретінің рухани тәрбиесі де ете 
мәнді.
Азиз  Махмұд  һудайи  Хазіреті  басында  жай  ғана  қазы 
болып  жүргенінде  Мұхаммед  Уфтадә  Хазіретінің  иршады 
арқылы  барлық  атақ,  мансап  пен  дүниеуи  байланыстар-
дан  алыстатылған  болатын.  Өйткені,  оған  қолданылатын 
тәрбие  әдістемесі  осыны  қажет  еткен  еді.  Ақыры,  әлемнің 
сұлтандарын  тәрбиелейтін  мәртебеге  жетті.  Бірақ,  өзі 
жоқшылық  сынақтарымен  өскен  һудайи  Хазіреті  болса, 
басқа тәсілдер қажеттілігі бойынша әлем сұлтандарын тақ 
үстінде  тоқтық  халіндегі  дүниеуи  мансап  пен  абыройдың 
ішінде тәрбиелеген. Олардың дүниеге тән барлық нәрсесін 
жүректерінің  сыртына  шыгартқан.  Әсіресе  І-Ахмед  Хан 
онымен  бірдей  болғаны  соншалық  -  атын  жазбағанда 
өлеңдерін бір-бірінен ажырату мүмкін емес.
Қысқасы қас құлдарды тәрбиелеудің түрлі әдістемелерін, 
яғни  баршылықта  немесе  жоқшылықта  қолданылатын 
иршад  тәсілін  жақсы  түсіну  керек.  Бұлар  тәрбиеленуші 
адамдардың  рухи  болмысына  қарай  әртүрлі  болады. 

- 200 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сондықтан  бұл  мәселені  түсінбегендіктен  Кәлимұллаһ 
Хазіреті  Мұсаның  иршадына  қарамастан  нәпсісіне  ер-
ген  Қарунның  ақыры  өте  аянышты  болған.  Оның  ақыры 
-  ақылы  мен  түсінігі  бар  адам  үшін  ғибратты  бір  ескерту. 
Сондықтан  бұл  мәселеде,  яғни  әртүрлі  халде  иршад  пен 
сынақта,  ең  дүрысы  Хақ  Тағалаға  мойынсүну.  Бұл  да  Ха-
зіреті  Пайғамбарға  (саллаллаһу  аләйһи  уә  сәлләм)  деген 
шынайы махаббат және бір кәміл мүршидке шын көңілмен 
байлану арқылы болады. Хазіреті Мәуләнә:
«Өзінен (барлық нәпсінің құмарлықтарынан) құтылып, 
кәміл  мүршидтің  көңілімен  бірге  болған  адамдар  қандай 
бақытты!» - дейді.
Адамның  ар-ожданы  да  тәнге  байланысты  өмір  жолын-
да емес, мәңгілік әлемде мәртебесіне жететін махаббат пен 
ғашықтық жолында болуды ескертеді.
Құран  Кәрім  махаббаты  шөлдеген  көңілімізге  береке-
лі  көктем  жаңбыры  сияқты  жаумайынша,  Мұхаммеди 
маусымның әсемдігіне қауыша алмаймыз.
Көңіл  бақшалары  жаңбырға  ғашық  топырақ  сияқты 
салих  амал  жаңбырын  күтеді.  Өйткені,  осы  жаңбырлар 
арқылы Жаратушысы үшін жаратылғандарға мейірім, мар-
хабат,  хикмет  пен  махаббаттың  көшеттері  көгереді.  Адам 
әлем  кітабының  мазмұны,  жаратылыстың  ең  шарапатына 
айналады.  Раббтың  көретін  көзі,  еститін  құлағы  болады. 
Қолынан, тілінен және көңілінен үммет пайда кереді.
Мәснәуидегі  Хазіреті  Омар  (радиаллаһу  анһу)  қиссасы 
осы халді тамаша суреттейді.
Рим елшісі Мәдинаға бір саяси кездесу үшін келеді. Хазі-
реті Омардың сарайын сұрайды. Сұраған адамдары оған:
«Халифаның аты әмірші жәнө халифа деп барлық әлемге 
жайылса да оның дүниелік сарайы жоқ. Әсем көңіл сарайы 
ғана бар. Оның дүниеге тиесілі жалғыз ғана пақырлар мен 
ғаріптер  түратын  бір  баспанасы  бар.  Бірақ  сенің  көзің 
оның рухани сарайын көрмейді!» - дейді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 201 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Бұл айтылғандарға Рим елшісі таң қалады. Жүгін, атын, 
сый-сияпатын тастап, Хазіреті Омар Фаруқты іздеуге кірісе-
ді. Халифаны барлық жақтан сұрайды. Өз-өзіне таңданып:
«Демек, дүниеде осындай патша да бар болды ғой, бір рух 
сияқты,  айналасындағы  назарлардан  жасырын  қалады!» 
-  деп  күбірледі.  Халифаға  тағзым  ету  үшін  Оны  іздеуін 
тоқтатпады.
Бір араб әйел:
«Әне,  сен  іздеп  жүрген  Халифа  мына  құрма  ағашының 
астында!  Барлық  адам  төсектерінде  жатса,  Ол,  керісін-
ше,  қумның  үстінде  жатады!  Барып,  құрма  ағашының 
көлеңкесінде жатқан Хақтың көлеңкесін көр!» - дейді.
Ұйықтап жатқан Хазіреті Омардан елшіге айбын мен ру-
хына хош бірхал келеді. Елші махаббат пен айбарлық, бір-
біріне кереғар қасиет бола тұра, бұл қайшы қасиеттердің өз 
рухында қалай бірлескеніне таң қалады. Өзіне-өзі:
«Мен  императорды  көріп,  олардың  алдында  қажыр 
жинаған адаммын! Олардан ешқандай айбын көрмесем де, 
Бұл кісінің айбаты мен махаббаты таң қалдырды».
«Бұл халифа қарусыз, қорғансыз жерде үйықгап жатыр. 
Мен болсам оның алдында бар тәніммен дірілдеп түрмын! 
Бұл не жағдай? Бұл не болғаны! Демек, Бұл Хақтың айбы-
ны. Мына шекпен киген адамдікі де емес!» - дейді.
Рим елшісінің көңілі осылайша толқып тұрғанда, Хазі-
реті Омар (радиаллаһу анһу) ұйқысынан оянады. Рим елшісі 
Хазіреті Омарға тағзым етіп, сәлем береді. Халифа сәлемін 
алады.  Одан  кейін  жүрегі  толқыған  елшіні  жан  сарайына 
апады, жанын жайбарақат етеді. Қиналған көңілін басады. 
Оған жылы, сырлы, терең сөздерді айтады.
Елші хал мен мәртебеге куә болады.
Хазіреті Омарға жат болып келген елші, жарға (дос) ай-
налады. Осы сұхбаттан шабыттанып, есінен танады. Есінде 
елшілік те, хабар алмасу да қалмайды.
Ондағы осы халді сезген Хазіреті Омар (радиаллаһу анһу) 
басқаша бір ынтамен сұхбатын жалғастыра береді. Жанның 

- 202 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
орны мен рухтың сапары туралы айтады. Уақыттан тыс за-
маннан,  қадірлі  әулиелердің  пәк  мәртебелерінен,  жанның 
осы  дүниеге  келгендегі  шексіз  саяхаты  туралы  сөз  бастай-
ды.
Ақыры,  елшінің  кеңілінде  иманның  күні  туып, 
Халифаның  алдында  иман  айтып,  бақыттылық  керуеніне 
қосылады.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Мүршид кәміл еді. Шәкірт, яғни елші, болса ақиқатты 
түсінуге ынтық еді».
«Әринө  мүршид,  мүридтің  қабылетті  екендігін  көрген 
кезде,  оның  пәк  көңіліне,  пәк  парасаттылық  пен  тәухид 
дәнін егеді».
Салих адам жүзінде жарқыраған ізгілік нүрынан таны-
лады. Жүзі айналаға тыныштық пен кеңіл ізгілігін шаша-
ды.
Пасық адам да жүзінен белгілі болады. Ол жамандық пен 
қараңғылық шашады.
Арифтің  назары  иләһи  ақиқат  пен  хикметке  толы 
және  қабілетті  жүрегі  бір  магнит  сияқты  тартып  әкетеді. 
Арифтің  назарының  бұл  күші  тізбектеліп,  Аллаһ 
Расулының (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) сипаты арқылы 
қараңғылықтан  арылып,  сафтыққажеткені  соншалық, 
мүбәрәк тәні де басынан-аяғына дейін иләһи нұрға бөленген 
еді. Сондықтан да, жерге көлеңкесі түспейтін.
Сүлеймен Челеви Бұл ақиқатты мына шумағында тама-
ша баяндайды:
Кеудесі бастан - аяқ нұрдың көші,
Нұр белгілі, нұрдың болмас көлеңкесі!
Пакістанның  рухани  сәулетшісі  Мұхаммед  Икбал  бір 
күні Мәдинадан қайтқан қажыларды зиярат етуге барады. 
Сұхбат етіп отырып, олардан:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 203 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Мәдина  Мунәууәраны  зиярат  еттіңдер!  Мәдинаның 
рухани  базары-нан  көңілдеріңді  қандай  сыйлықпен 
толтырдыңдар? 
Әкелген 
материалдық 
сыйлықтар, 
тақиялар, тәсбихтар, жайнамаздар аз уақыттан кейін ескі-
ріп,  тозып  бітеді.  Тозбайтын,  көңілге  жан  беретін  Мәдина 
Мунәууараның рухани сыйлығын әкелдіңдер ме?
Сыйлықтарыңның  ішінде  Хазіреті  Әбу  Бәкірдің 
турашылдығы  мен  мойынсүнғыштығы,  Хазіреті  Омардың 
әділдігі, Хазіреті Османның иманы, үяты және жомарттығы, 
Хазіреті  Әлидің  сезімталдығы  мен  жиһады  бар  ма?  Қазір 
мыңдаған  қасірет  шеккен  Ислам  Әлеміне  кеңілімізден 
Пайғамбар ғасырының атмосферасын бере аламыз ба?"-деп 
сұрайды.
Иқбал  -  Ислам  әлемінің  қайғысы  мен  иесіздігі  үшін 
қиналған, Ислам рухын өмірде іске асыра алмаудың азабын 
шеккен, Исламның үлкен шайыры мен ойшылы.
Бір хадис шәрифте:
«Дүние  мен  ақирет  күңдес  әйелдер  сияқты.  Біреу-
ін  қаншалықты  разы  етсең,  екіншісін  соншалықты 
ашуландырасың», - делінген.
Дүниеге  шақыру  үні  көңілде  қаншалықты  орын  тепсе, 
ақирет насихаты оған соншалықты оғаш көрінеді. Ақиретке 
шақыру үні орнығатын болса, дүниеге шақыру пікірі оған 
бөтен болады.
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Бұл  дауыстардың  біреуін  естісең,  екіншісін  тіпті 
естімейсің!  Өйткені,  сүйген  адам  сүйгенінен  жағымсыз 
нәрсені естімейді де көрмейді».
«Бірақ, былай істесем бе, былай істесем бе деп күмәндану 
рух үшін қапас. Оны ешбір жаққа жібермейді».
«Рухты  дүние  сүйіспеншілігі  бір  жаққа,  ақирет 
сүйіспеншілігі екінші жаққа тартады. Екеуі де "дұрыс жол 
- менің жолым!» - дейді».
«Ей,  жол-жосықты  білмейтін  адам!  Бұл  күмәннан 
нәпсіңді құтқарғың келсе, өзіңе жол көрсетуші ізде! Жол-

- 204 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
да аң-таң болып жүргің келмесе, марал сияқты сені шексіз 
сулулықтарға апаратын бір әулиенің соңынан ер! Әйтпесе, 
әрі гулстанды алыстан алаулаған отдеп ойлап, орныңнан 
қозғалмай  сулулықтан  макрум  қаласың,  әрі  дүниенің 
шөлінен көрген сағымның соңынан жүгіресің, бірақ, абылха-
ят деп, ойлаған сол сағымның сенің алқымыңа тығылатын 
қызған қумнан басқа ештеңе емес!»
«Егер осы халге ұшырағың келмесе, көңіліңнің құлағына 
ғапылдық  мақтасын  тықпа!  Хақ  достарының  сөзіне 
қулақ салып, Хазіреті Пайғамбардың (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) жолында Қытмир бол!»
Шеті қияметке тірелетін ғашықтық керуендері Соған де-
ген  махаббат,  іңкәрлік,  ғашықтық  пен  көз  жасымен  басы-
лып, жұбаныш табатын болады. Іші алаулаған Юнусымыз 
қандай тамаша айтқан:
Ғашықтығыңмен ғашықтар
Жансын уа, Расулаллаһ!
Ішіп ғашықтықтың шарабын,
Қансынуа, Расулаллаһ!
Сол сені сүйгендерге
Шапағат ет соларға,
 Мүмин болған тәндерге
Жансың уа, Расулаллаһ!
Ғашықпын сол сүйікгіге,
Бұлбұлмын сол гүлбаққа,
Сені сүймеген, отқа
Жансын уа, Расулаллаһ!

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет