Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Юсуф  (бауырларына):  «Бүгін  сендерді  беттеріңнен



Pdf көрінісі
бет16/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

«Юсуф  (бауырларына):  «Бүгін  сендерді  беттеріңнен 
қағып,  айыптамаймын.  Аллаһ  сендерді  кешірсін,  Ол 
мейірімділердің ең мейірімдісі» деді» (Юсуф, 92) деген аят 
кәримәны  оқып,  оның  және  басқаларының  бұрынғы  ай-
ыптарын  кешірді.  Осылайша  тарих  Мекке  алынған  күні 
теңдесі жоқ кешірімділік мерекесіне куә болды. Бұл, Аллаһ 
Тағаланың  «Сәттарүл-уйұб»  (Айыптарды  жасырушы) 
сипатының құлындағы ең тамаша көрінісі.
Шайыр Зия Паша осы оқиғаны басшылыққа ала отырып, 
былай дейді:
Жаратушының құдіреті бір күні залымдарға:
�َ�ْ�َ�َ� ُ�َا َكَ�َ�َا ْ�َ�َ� ِ�ا�َ�
 
«Ант етеміз Аллаһ, сені расында да бізден үстем етті. Біз 
шынында қателікке ұрыныппыз». (Юсуф 91)
Хадис шәрифте:
«Аллаһ Адамды Рахман суреті ретінде жаратты» делі-
неді.
Яғни адам барлық иләһи есімдерге ие. Аллаһтың барлық 
істері мен сипаттарына айна болады.

- 218 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хазіреті Мәуләнә жаратылыс хикметінің әр түрлі болу-
ын Хазіреті Мұсаның мына бір қиссасымен баяндайды:
«Ей,  жаратылыс  әлемінің  патшасы!  Неліктен  әлемді 
және адамды материалдық рухани мыңдаған өрнектермен 
реттеп, безендіріп, сосын жермен - жексен етесің?»
Аллаһ Тағала айтты:
«Ей, Мұса, әрине, сен бұларды ғапылдықпен, әуестікпен 
емес  біздің  тәртібіміз  бен  сырларымыздың  хикметін 
түсіну  үшін  сұрап  турсың.  Әйтпесе,  мүныңцы  үнатпай, 
сені азаптап саған ашуланар едім».
«Ей, Мұса, сен ол хикметті білесің. Тек халыққа мүның 
сырын  түсіндіріп,  жүректерін  қанағаттандыру  үшін 
сұрайсың».
«Ей,  Мұса,  гүл  мен  тікен,  топырақ  пен  судан  өсетіні 
сияқты, адасушылық пен һидайәт та жүректён шығады».
«Дұшпандық  пен  махаббат  жақындықтан;  ауру  мен 
денсаулық бір тамақтан туындайды».
Аллаһ Тағала артынан былай деді:
«Ей, ақыл иесі Мұса! Әйтеуір сұраған екенсің, келіп жа-
уабын тыңдап хикметін біл!»
«Ей, Мұса! Топыраққа бірдән егіп, сұраған сұрағыңның 
сырын біл!»
Мұса  егін  екті,  егіні  пісті.  Оларды  орды.  Сол  көзде 
құлағына баяу бір дауыс естілді:
«Ей, Мұса, неге алдымен егіп, сосын піскен соң орасың?»
Мұса (аләйһиссәләм) айтты:
«Уа,  Раббым,  егінде  әрідән,  әрі  сабан  болғандықтан  ор-
дым. Өйткені дән сабанның қамбасына лайық емес. Сабан 
да  бидай  қамбасына  зиянды.  Бұл  екеуін  араластыру  хик-
мет емес. Хикметі оларды електен өткізіп, айыру».
Аллаһ Тағала былай деді:
«Ей, Мұса, сен бұл ілімді кімнен үйреніп, сол арқылы осы-
лай істейсің?»

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 219 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Мұса (аләйһиссәләм)айтты:
«Уа,  Раббым,  маған  берген  мына  ерекшелік,  иләһи 
есімдердің көрінісі емес пе?»
«Сенің  жаратқандарыңның  ішінде  пәк  рухтар  да, 
қараңғы, лас рухтар да бар».
«Қабық ретіндегі тәндерде бір-бірінен өзгеше, бірі - інжу, 
екіншісі -моншақ сияқты».
«Бидай сабаннан айырылған сияқты, жақсы мен жаман 
мінездерді де айырып, жамандарды тәрбиелеу қажет».
Хазіреті Мәуләнә былай дейді:
«Бұл әлем мен адам хикмет пен сырлар қазынасы жасы-
рын қалмасын деп жаратылды».
Өйткені  Аллаһ  Тағала:  «Мен  жасырын  бір  қазына 
едім.  Білінгім  келді,  сөйтіп  мақлүқатты  жараттым!» 
-  деді.  Осыны  тыңцап  алып,  өз  қасиетіңці  жоғалтпай, 
өзіңді  жаратылыстың  хикметіне,  яғни  құлдық  пен  Хаққа 
қауыштыр!»
Әлемдегі  әрбір  зәррә,  Құрандағы  әрбір  әріп  және  адам-
дағы әрбір клетка ешбір нәрсенің босқа жаратылмағандығын, 
өздеріне  тән  бір  тілмен  "ей  адам,  әлі  оянбайсың  ба, 
жаратылысыңның  кемелдігіне  сай  бір  жолға  түспейсің 
бе?"  -  деп  айтып  тұрғанда  Аллаһ  Тағаланың  мына  аят 
кәримәларына көңіл аудару керек:
ِر�َ����ا َو ِ�ْ���ا ِفَ�ِ� ْ�اَو ِضْرَ�ْا َو ِتاَ�َ� ���ا ِ�ْ� َ� �ِ� �نِا
ِ ِب�َ�ْ�َ�ْا ِ��وُ�ِ ٍت�َ�َ�
«Көктер мен жердің жаратылуында, күн мен түннің бірі-
нен соң бірі келіп - кетуінде таза ақыл иелері үшін, расында 
да айқын ғибраттар бар».
ْ�ِ�ِ��ُ� ُ� َ��َ� َو اًد�ُ�ُ� َو �ً��َ�ِ� َ�ا َنوُ�ُ�ْ�َ� َ��ِ���َا

- 220 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ِضْرَ�ْا َو ِتاَ�َ� ���ا ِ�ْ� َ� �ِ� َنوُ���َ�َ�َ� َو
ِر����ا َباَ�َ� �َ�ِ�َ� َ�َ�� َ�ْ� ُ� ً�ِ��َ� اَ�َ� َ�ْ�َ� َ� �َ� �َ���َر
«Олар  тік  тұрғанда,  отырғанда,  қисайып  (жантайып 
жатқанда  әрқашанда)  Аллаһты  зікір  етеді,  көктер  мен 
жердің  жаратылысы  хақында  терең  ойлайды  (және  бы-
лай  дейді:)  Ей  Раббымыз!  Сен  бұларды  босқа  жаратқан 
жоқсың. Сені (барлық нұқсан сипаттардан) пәктейміз. Біз-
ді жәһәннам азабынан сақга!» (Әли Имран, 190-191)
Уа, Раббым! Бізге осы аят кәримәлардың мағынасынан 
бір үлес нәсіп ет!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 221 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ХАҚ ЖАРШЫСЫ
«Қайткенмен барлық нәрсенің жанының 
жаны - Аллаһ, олай болса жанның жанына 
дүшпан болудан қорық! Оның әмірлеріне 
мойынсұн!»
Хазіреті Мәуләна
Аллаһтың  қасиетті  есімдерінің  біреуі  -  «әл-Хақ».  Осы 
иләһи  сипаттың  шарты  бойынша  шынайы  әкімшілік  пен 
салтанат соған тән.
Хақтың  осы  салтанаты  мен  әкімшілігін  қабылдамаган 
адамдар,  ақыры  соңында  Хақтың  ауыр  азабына  душар  бо-
лып, азғындыққа ауытқиды. Хаққа сиыну, хаққа сену, істе-
ген  адам  үшін  абырой  керісінше,  нәпсіге  жалтақтау  болса 
азғындық пен қасірет болып табылады.
Адам ең тамаша түрде жаратылғандықтан, иләһи бұйрық 
бойынша  барлық  мақлұқтар  соның  әміріне  берілген.  Бұл 
оған  кейбір  ерекше  құқық  беріп,  абыройға  ие  еткен.  Ол 
Аллаһтың жер бетіндегі халифасы болуы себепті де, барлық 
мақлұқтарға әділдік және мейіріммен қарауға міндетті. Тіп-
ті,  қияметте  хайуандар  хақыларын  алып-бергеннен  кейін 
оларға «топырақ болыңдар!» делінеді ал адам болса, аяққа 
басқан хайуан хақына да қосымша жауап беретін болады.
Құран Кәрімнің жартысынан астамы, өткен қауымдардың 
өміріндегі  болған  ғибратты  оқиғаларға  толы.  Тәухид 
күресімен шаттыққа бөленгендер және керісінше күпірлік 
пен қарсы шыққандардың өкінішті соңдары, ақыл иелеріне 
ғибрат ретінде көрсетіледі.
Өлімнен  кейінгі  ғайыпқа  байланысты  ақиқаттарды 
түсінбеген  адам  әлсіздік  сезінген  кезде,  ғайыптың  тілі 

- 222 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
мен  жол  көрсетуіне  мұқтаж.  Бұл  міндеттер  арнайы  түрде 
міндеттелген  дара  құлдар  болған  пайғамбарлар  арқылы 
атқарылады.
Періштелер сәжде етуге  мәжбүр  болған Хазіреті Адам 
(аләйһиссәләм):
Көктің  тамашасының  сырларына  ие  Хазіреті  Ыдрыс 
(аләйһиссәләм):
Жер бетін топан суы арқылы күпірліктен тазартқан 
Хазіреті Нух (аләйһиссәләм):
Күпірлік елін дауылмен астын-үстіне шығарған Хазіре-
ті Һуд (аләйһиссәләм):
Азғындық  пен  тасқындық  үяларын  зілзәләлар  арқылы 
түбімен сілкіген Хазіреті Салих (аләйһиссәләм):
Нәмрудтың 
отын, 
тәуекелжәне 
мойынсуну-
мен 
гүлстанға 
айналдырған 
Хазіреті 
Ибраһим 
(аләйһиссәләм):
Ықылас,  адалдық,  тәуекел  және  мойынсұнуда  аты 
аңызға  айналған,  қияметке  дейін  қажылықта  барлық 
мүминдерге  қиссаларын  еске  салған  Хазіреті  Исмайл 
(аләйһиссәләм):
Ұрпағынан  Исрайл  ұлдарының  пайғамбарлары  келген 
Хазіреті Ысқақ (аләйһиссәләм):
Азғындық  пен  арсыздықтағы  шектен  шығушылықпен 
жердің  түбіне  батқан  «Содом  Гоморенің»  жабырқау 
пайғамбары Хазіреті Лут (аләйһиссәләм):
Тәухид байрағын шығыстан батысқа жеткізген Хазіре-
ті Зұлқарнайн (аләйһиссәләм):
Махаббат пен қасіретке күйіп, сабырда дараланған Ха-
зіреті Якуб (аләйһиссәләм):
Біраз  уақыт  құлдық,  содан  соң  зынданда  жалғыздық, 
жапа,  ауыртпалық,  машақат,  риязат  және  нәпсімен 
күрестен  кейін  Мысырға  жөне  көңілдерге  сұлтан  болған, 
айдан да жарық нұрға ие Хазіреті Юсуф (аләйһиссәләм):

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 223 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Кеңілге шабыт берген шешендігінен «Хатимұл Әнбия» 
деп аталған Хазіреті Шұғайыб (аләйһиссәләм):
Ақымақ  Перғауынды  қызыл  теңіздің  толқындарына 
көмген  мұғжизалы,  аса  таяқты  Хазіреті  Мұса 
(аләйһиссәләм):
Мусаға 
(аләйһиссәләм) 
барлықуақытта 
және 
барлықжерде  көмекші  болған  салих  бауыры  Хазіреті  Ха-
рун (аләйһиссәләм):
Хазіреті  Мусаға  иләһи  сырларды  үйреткен  Хазіреті 
Қызыр (аләйһиссәләм).
Зікірімен 
тау-тасты, 
жыртқыш 
жануарларды 
балқытқан ХазіретіДәуіт (аләйһиссәләм):
Айбынды  салтанатын  жүрегінің  сыртында  ұстаған 
Хазіреті Сүлеймен (аләйһиссәләм):
Жүз  жылдық  өлімнен  кейін  қайтадан  тіріліп, 
қияметтегі қайта тірілуге мысал болған Хазіреті Узәйр 
(аләйһиссәләм):
Терең  ойымен  сабырдың  қайрақ  тасы  болған  Хазіреті 
Әйюб (аләйһиссәләм):
Үлкен  шабытпен,  истиғфар,  дұға  және  зікірдің 
ақиқатына үңіліп қараңғылықты жарған Хазіреті Ілияс 
(аләйһиссәләм):
Әлемдерге 
үстем 
етілген 
Хазіреті 
Әлияса 
(аләйһиссәләм):
Иләһи  рахметке  бөленген  салих  пайғамбар  Хазіреті 
Зулкифил (аләйһиссәләм):
Хикметті 
насихаттарымен 
аңызға 
айналған, 
сыртқы  және  ішкі  дәрігерлердің  пірі  Хазіреті  Лұқпан 
(аләйһиссәләм):
Арамен екіге бөлінгенде де «ах!» демей, тәуекел мен мой-
ынсунуынан таймаған, зулымдыққа ушыраған пайғамбар 
Хазіреті Зәкәрия (аләйһиссәләм):
Әкесі  сияқты  шейіт  болып  өлген  Хазіреті  Яхия 
(аләйһиссәләм):

- 224 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Ерекше  қасиеті  -  нәпсіні  тазарту  болған,  мінәжат 
дуғаларымен  ауруларға  шипа  берген,  өлілерді  тірілткен, 
көкке көтерілген Хазіреті Иса (аләйһиссәләм):
Соңында  Хирадан  әлемді  оятып,  адамзатты  нурға 
бөлеген Хазіреті Мұхаммед Мұстафа (саллаллаһу аләйһи 
уә сәлләм) - бәріде осы ғайып әлемінің жаршысы болу мінде-
тін абыроймен атқарған.
Пайғамбарлардың  фәни  өмірлері  арқылы  жалғасып 
тұрған бұл иләһи міндет, олардың дүние сахнасынан кетуле-
рімен аяқталмай, пайғамбар ізбасарлары болған ғұламалар 
мен  шәйхтардың  мүбәрәк  қолдарымен  қияметке  дейін 
жалғаспақ.
Адамға ең қажетті нәрсе - жүрек көзімен көре білу және 
жүрек құлағымен ести білу. Құран Кәрімде баяндалғанын-
дай,  «саңырау»  және  «соқыр»  адамдар  дүниеден  де, 
ақиреттен де мақрұм қалады.
Нәмл сүресінің 80-81-аят кәримәларында:
«Әрине, сен өлілерге естірте алмайсың! Теріс бұрылып 
кетіп бара жатқан саңырауларға да естірте алмайсың!»
«Сен  соқырларды  адасушылықган  бұрып,  дұрыс 
жолға  сала  алмайсың.  Тек  қана  аяттарымызға  сеніп 
мойынсұнғандарға тыңдата аласың!» - делінеді.
Күпірлік,  қарсылық,  зұлымдық  пен  әділетсіздік  тари-
хы,  иләһи  қаһарлардың  қорқынышты  мысалдарына  толы. 
Аллаһ пен пайғамбарлар көрсеткен жолға бағынбай қарсы 
шыққандардың  ертелі-кеш  иләһи  құдіреттің  ащы  азабы 
мен  ауыр  көріністеріне  тап  болуы  -  бұлтартпас  шарт  әрі 
өзгермейтін иләһи бір заңдылық.
Хазіреті 
Мәуләнә 
осы 
ғибратты 
көріністерді 
шумақтарында былай көрсетеді:
«Желдің  Ад  қауымын  не  істегенін  көрмедің  бе?  Судың 
топанда не істегенін естімедің бе?"

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 225 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ол  өшпенділік  теңізінің  (Қызыл  теңіз)  Перғауынды 
қалай жүтқанын, Қарунның жерге қалай батқанын!»
«Әбәбил құстарының піл әскеріне не істегенін, тәңірмін 
деген  Нәмрудтың  басын  кішкентай  бір  шыбынның  қалай 
жегенін!»
«Луттың  азғын  қауымының  басына  тастың  қалай 
жауғанын  және  олардың  қандай  қараңғы  әрілас  бір  көдге 
көмілгендігін білмейсің бе?»
«Дүниедегі  жансыз  саналған  жаратылыстардың  бей-
не  бір  ақылды  адамдар  сияқты  пайғамбарларға  қалай 
көмектескендігін ұзақ баяндасам».
«Мәснәуи  соншалықты  үлкейіп,  соншама  ауқымды  бо-
лар еді, қырық түйе оны көтере алмас еді».
«Егер көзіңе саған жапа шектіруге әмір берілсе, көзің се-
нен жүз түрлі өш алар еді».
«Егер  тісіңе  сені  қинау  үшін  әмір  берілсе,  сен  тісіңнен 
қандай ауыр қиыншылықтар көрер едің».
«Медицина  кітабын  ашып,  аурулар  тақырыбын  оқы! 
Тән әскерінің не істегендігін көр!"
«Қайткенмен  барлық  нәрселердің  жанының  жаны 
Аллаһ; олай болса жанның жанына душпан болудан қорық! 
Оның әмірлеріне мойынсұн!»
Тарихтың  ғибратқа  толы  парақтары,  бейне  бір 
халықтардың қабірстаны сияқты.
Имансыздық,  арсыздық  және  зұлымдық  халықтардың 
ең  басты  жойылу  себептері  болып  саналады.  Имансыз,  за-
лым  қауымдардың  «өлім  сәті»  қандай  қорқынышты  азап 
пен иләһи қаһар көріністері. Содан бері мың тоғыз жүз жыл 
өтсе  де  қазіргі  күні  Помпей  бейне  бір  азғын  адамдардың 
тасқа  айналған  ғибрат  көріністерін  бейнелеуде.  Бейне  бір 
рухани хайуанға айналған адам бейнелері!
Бұл ғибрат көріністері олардың ақиқатын көре алмаған, 
оқиғаларға  нәпсілік  сезіммен  қараған  түсінігі  жоқ  таяз 
ақылдылар үшін қарапайым ескерткіш қана.

- 226 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Жер  түбіне  батқан  азғын,  арсыз  және  намыссыз 
бишаралардың  мекені  Содом-Гоморені  және  дүниені  езде-
ріне  бақытты  таң  санаған,  нәпсілерін  пұтқа  айналдырған 
Ад пен Сәмудтың тастан ойылған айбынды сарайлары қазір 
байғыздардың ұясы!
Мәриям сүресінің 98 аят кәримәсында:
«Біз  олардан  бұрын  алдымен  қаншама  нәсілдерді 
жойдық. Сен олардың қандай да бірінен (барлық) белгісін 
сеземісің немесе олардың ыңырсыған дауысын естимісің?»
Ағраф сүресі 179 - аят кәримәда:
«Ант  етеміз,  біз  жын  мен  адамдардың  көбін  жәһәннам 
үшін жараттық. Олардың жүректері бар, олармен түсінбейді. 
Көздері бар, олармен көрмейді. Құлақтары бар, Бұлармен 
естімейді. Олар төрт аякты хайуандар сияқгы. Тіпті одан да 
бетер. Олар, нағыз ғапылдыққа салынғандардың өздері».
Хашр сүресінің 20-аят кәримасында:
«Оттың (жәһәннам) достары мен жәннат достары бірдей 
емес. (Бірақ) жәннат иелері ғана мұраттарына жетеді» - де-
лінеді.
Түрімен де, кеңілімен де, яғни рухани-материалдық адам-
дар жәннат достары; түрі адам, рухани хайуан болғандар - 
жәһәннам достары.
Жәһәннам  достары  өздерін  көзіміз  ашық  деп  ойлай-
ды.  Алайда  олар,  хақтың  дәмін  білмейтін  бақыттан  құр 
қалушылар.
Рухани-материалдық  адамдар  -  ұйықтап  жатқанда 
да  жүрегі  ояу  болады.  Сондай-ақ  Хазіреті  Пайғамбар 
(саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Менің  көздерім  ұйықтайды.  Жүрегім  ұйықтамайды» 
- деген.
Көңілі  Раббысымен  бірге,  Рабтың  көретін  көзі,  еститін 
құлағы  болу  мәртебесіне  жеткен  мемлекет  адамы,  Сұлтан 
Алпарсланның мына бір халі бұл шындыққа тамаша бір мы-
сал:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 227 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Алпарслан 1071 жылы Малазгирт соғыс майданына кір-
мес бұрын аппақ киімдер киіп:
«Бұл  менің  кебінім!»  -  деді.  Яғни  өзін  әлем  абыройына 
емес, ынта мен толқыныспен шейіт болуға әзірленді. Оның 
ықыласы өзінен бес есе көп әскер қолы бар Ромен Диогенді 
жеңіп шықты. Әскерлеріне соғысқа кірмей тұрып, мынадай 
қысқаша үндеу жасады:
«Не  жеңіске  жетіп,  мақратыма  жетермін;  немесе  шей-
іт  болып  жәннатқа  кетермін.  Сендерден  кім  маған  ергісі 
келсе,  ерсін.  Ергісі  келмегендер  кетсін!  Бұл  жерде  әмірші 
Сұлтан  мен  әмірге  көнуші  әскер  жоқ...  Сірә  мен  бүгін  мен 
сендердің  қатарларыңдамын...  Сендермен  бірге  соғысатын 
жауынгермін...  Менің  артымнан  еріп,  өздерін  ұлы  Аллаһ 
жолына атап, шейіт болғандар - жәннатқа; аман қалғаңцар 
-  батырлыққа  қауышады.  Бөлек  кеткендерді  ақиретте  от, 
дүниеде бейшаралық күтіп түр».
Османлы  мемлекетінің  негізін  қалаушы  Осман  Ғази 
қайтыс болар алдында ұлы Орхан Ғази мен оның ұрпағымен 
жалғасатын 620 жылдық Ислам мемлекетінің басшылығына 
жасаған өсиетінің бір бөлімінде былай дейді:
«Ей,  ұлым!  Әскеріңмен,  байлығыңмен  тәкәппарланба! 
Шынайы  ғалымдар  мен  арифтерге  құрмет  көрсетіп  оларға 
сарайыңнан орын бер! Менің халімнен ғибрат ал. Мен әлсіз, 
шамасыз  күмырсқа  сияқгы  еш  лайық  болмасам  да  осы 
жерге келіп, Аллаһ Тағаланың қаншама көмегі мен сыйы-
на қауыштым. Сен де мен үстанған және бас иген тәртіпке 
бағын!
Хазіреті  Мұхаммед  Мұстафаның  (саллаллаһу  аләйһи  уә 
сәлләм)  дінін,  осы  ұлық  дінді  ұстанушыларды  және  Оның 
ізін басқан басқа адамдарды қарамағыңа ал! Аллаһтың хақы 
мен құлдарының хақын дәріпте! Дініміз белгілеген мемле-
кет қазынасындағы кіріске қанағат қыл!
Үнемі  әділ  әрі  қанағатшыл  бол!  Зұлымдыққа  жол  бер-
ме!  Зұлымдықтан  аулақ  бол!  Сені  зұлымдыққа  итермеле-

- 228 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
гендерді  еліңнен  алыстат,  бұлар  сені  өкінішті  нәтижеге 
ұрындырмасын!»
Осы баяндалған екі мысалдағы сияқты нәпсіден арылып 
құқықты  ұстанған  адамдар  шаттыққа  бөленіп,  адамзатқа 
бағдар  болғандығына  тарих  куә.  Құқықты  аяққа  басып, 
осылайша  нәпсісіне  құл  болған  адамдар,  бейшара  халге 
түсіп, тарихтың қоқысында ең төменгі дәрежеге тап болып, 
адамзаттың жүзіне күйе болып жағылған.
Уа,  Раб!  Біздерге  хақгы  ұстанып,  оны  көтеру  жолында 
болуды нөсіп еткейсің!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 229 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
АЛЛАҺТЫҢ ТАБИҒАТТАҒЫ ЗАҢДЫЛЫҚТАРЫНАН 
ТЫС НӘРСЕЛЕРДІҢ ХИКМЕТІ
«Ақыл иләһи тәрбие арқылы мүминдерге 
жаңбырдай рахмет болады, бірақ иләһи 
қаһарға, Рахманның шапалағына лайық 
болғандарға тамшысы да тимейді!»
Хазіреті Мәуләнә
Адамды  иманға  міндетті  етіп,  оны  осы  мақсатта 
дүниеге  жіберген  Аллаһ  Тағала  адам  өмір  сүріп  жатқан 
әлемді де әдетұллаһ деп аталатын кейбір иләһи заңдар мен 
қағидаларға байлаған. Мәселен, Күннің шығып батуы; күн 
мен  түннің  ауысуындағы  жүйе  т.б.  иләһи  жүйе  бойынша 
іске  асатын  осы  сияқты  жәйттер,  ешқашан  өзгермейді  де 
өзгертілмейді.  Негізінде  сиқырлық  пен  магнетизм  сияқты 
ерекше  нәрселер  де  әдетұллаһ  деген  заңдардың  кейбір 
бөлімін  қолданумен  іске  асады.  Бұл  әлемдегі  үйлесімділік 
әдетұллаһтың тұрақтылығына байланысты.
Сана және түсінікпен қамтылған адам баласының, тек осы 
мүмкіндіктер арқылы ақиқатқа жетуі мүмкін болғанымен, 
кейде ғапылдыққа байланысты ақиқатқа жетуі қиын бола-
ды. Мүндай жағдайда адамзатты Хаққа шақыруға міндетті 
пайғамбарлардың  табысты  болуы  үшін  Жаратушымыз  өзі 
белгілеген заңдармен түсіндірілмейтін көріністер көрсетеді. 
Пайғамбарлардың  мұғжиза  түрінде  көрсеткен  ғажайып 
істері,  міне  осы  мәселенің  нәтижесі.  Бұл  ақылы  жетпеген 
және  теріс  жолға  түскендердің  сылтау  айту  жолын  жабу 
үшін жасалады.
Адамның  пікірінше,  әдетұллаһқа  жатпайтын  мұндай 
көріністер -Рабтың адамзатқа берген үлкен жәрдемі, сыйы. 

- 230 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сол себепті пайғамбарлар міндеттерін атқару кезінде үлкен 
тығырыққа тірелмейін-ше Бұл жолға жүгінбейді... Олардың 
ізбасарлары  болған  әулиелер  де  өздерінің  шамалары  мен 
қабілеттеріне  қарай  сол  қажеттілік  бойынша  кереметтер 
көрсетеді.  Бірақ,  басты  мәселе  -  кереметемес,  истиқаметте 
болу. Өйткені керемет - ғибадат емес.
Бұл турасында көптеген мысал беруге болады:
Хазіреті  Мұсаға  сенген  қауымы  сыпти,  имансыз 
Перғауын қауымы қыпти деп аталады. Перғауын мен қыпти 
қауымының  сыптиларға  жасаған  зұлымдықтары,  олар 
Қызыл теңізге тұншығып жоқ болғанға дейін жалғасқан.
Хазіреті  Мұсаның  бір  мұғжизасы  таяғымен  Ніл  өзенін 
ұрып, Нілдің суы қыптиларға қан сияқты болғаны еді. Ніл 
сыптилар  қолданған  кезде  бұрынғы  тұнықтығын  сақтап; 
қыптиларға қан болатын.
Мәуләнә (құддисә сирруһ), сыптилар мен қыптилардың 
арасындағы  осы  рухани  айырмашылықты  былайша  баян-
дайды:
Бір  қыпти  күйіп  -  жанып,  бір  сыптидың  үйіне  келеді. 
Өзін аянышты көрсетіп:
«Мен  сенің  досың  әрі  туысқаныңмын.  Қазір  саған 
қатты мұқтаж болып тұрмын».
«Өзіңе арнап Нілден бір аяқ су ал, бұл ескі досың сенің 
қолыңнан су ішсін!»
«Өзің  үшін  толтырсаң,  ол  қан  болмайды.  Саф  әрі 
сиқырдан аулақ болады!» - деп, көп жалбарынады.
Сыпти  қыптидың  мүғжизаны  түсінуі  үшін  Нілден  бір 
аяқ  су  алады  да  аузына  апарып  жартысын  ішеді.  Аяқты 
қыптиға ұсынып:
«Қане іш!» - дейді.
Қыпти қуанып басын созды, бірақ су қып-қызыл қан бо-
лады. Сонда сыпти аяқты өзіне тартты. Қан қайтадан тұнық 
суға  айналды.  Қыпти  ашуланып,  ашуы  басылғанша  отыр-
ды. Сосын сыптиға қарап:

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 231 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ей бауырым! Бұл түйінді қалай шешуге болады? Мұның 
сыры не?» - деп сұрайды.
Сыпти:
«Нілдің Бұл тәтті әрі тұнық суын тек Мұсаның дініне 
сенген адамдар ішеді. Сен де Перғауынның жолынан шығып, 
Мұсаның жолына түссең ғана бұл судың тунықтығы мен 
дәміне қол жеткізе аласың!» - деді.
Сыпти қыптиға насихатын жалғастыра отырып:
«Аймен тату болсаң ғана жарығын көре аласың!» (Бұл 
жерде ай дегені Хазіреті Мұса (аләйһиссәләм); жарығы де-
гені пайғамбар муғжизасы).
«Аллаһтың қас құлдарына деген дұшпандығың сені соқыр 
әрі саңырау етіп, араларыңа мыңдаған перде тартылған!
«Азғындық пен күпірлік сахарасында көрместікпен ке-
зіп, ақиқатты көрмейсің!»
«Таудай  күпірлігіңді  истиғфармен  ерітсең,  һидайәтқа 
қол  жеткізесің!  Сол  кезде  мағрифатқа  жеткендердің 
нәсібінен сен де үлесіңді ала аласың!»
«Аллаһ (жәллә жәләлуһү) Нілдің суын кәпірлерге харам 
етсе, сен қулық жасап, яғни мені пайдаланып, оны қалай 
ішесің?»
«Ей, қыпти, иләһи әмірді тастап су болу Нілдің қолынан 
келсін бе?!» Осы сөздерден соң қыптидың кеңіліндегі мүнар 
сейіліп, ақиқат күнінің нүрын көре бастады. Күпірлік пен 
қарсылығына өкініп, сыптиға:
«Маған сен дүға қыл! Өйткені жүрегімнің қараңғылығы 
мен күнәмнің көптігінен мендедүға ететін ауыз жоқ! Сен 
дұға  ет,  оның  әсерінен  шын  жүрегімнің  құлпы  ашылып, 
мен сияқты жаман адамға жақсылардың ортасынан орын 
тисін!..  Осы  орынарқылыібіліс  нәпсімнің  қулдығынан 
құтылып, періштелермен дос боламын. Сенің дұғаң маған 
салихтардың  демі  сияқты  әсер  етеді,  өтінем  дұға  ет!»  - 
деді.

- 232 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Сосын сыпти сәжде етіп Аллаһқа былай жалбарынды:
«Ей,  анық  және  жасырын  барлық  нәрсені  білетін  Раб-
бым!  Құл  сенен  басқа  кімге  алақан  жаяды?  Дұға  сені-
кі,  оны  қабыл  алуда  сенің  қолыңда.  Әууәл  (алғашқы)  да 
сенсің,  ахир  (соңғы)  да  сенсің!  Біз  ортада  түк  емеспіз.  Ей, 
көңілімізді дуғаға бейімдеуші! Дұғамызды қабыл алу сенің 
мейіріміңнің арқасында ғана болады».
Сыпти  осылайша  шын  көңілімен  Аллаһ  Тағалаға  жал-
барынып жатқанда, қыптидың көңілінде бірден екініш үні 
көтерілді.  Көздерінен  жас  ақты.  Дереу  сыптидың  қолына 
жабысып:
«Қане, тез! Осы уақытқа дейін өмірімді босқа өткізгенім 
жетер!  Маған  иман  бақшасына  кіруге  көмектес!  Не  ай-
татынымды, не істейтінімді айт! Ертерек осы күпірлік 
қараңғылығынан құтылайын!
Өйткені,  рухыма  бір  шоқ  түсті.  Мен  сияқты  ібіліске 
періштелік  жол  ашылды.  Сен  сияқты  қолымнан  ұстап, 
һидайәтқа апаратын досым бар мен қандай бақыттымын! 
Сен  гүлдері  солмайтын,  мәңгілік  жәннат  бақшасындағы 
көшет сияқтысың, мені сол бақшаның ләззатына бөледің!
Мен  су  ішу  үшін  сенің  өзеніңе  келдім,  сол  жерде 
ақикдттың теңізін таптым. Және сол теңізден көптеген 
інжу-маржандарға қол жеткіздім» - деді.
Сыпти бір аяқ су алып қыптиға ұсынды:
«Енді ішуіңе болады!» - деді.
Бірақ қыпти суға қараған да жоқ. Былай деді:
«Мен  «Аллаһ  мүминдердің  жанын  сатып  алды»  сыры-
нан бір шәрбәт іштім, соның фәйізімен махшарға дейін мен 
шөлдемейтін  болдым.  Өзендер  мен  бұлақтарға  су  берген 
Аллаһ,  менің  көңілімнен  бір  бұлақ  ағызды,  сөйтіп,  күйіп-
жанған ішім су ішуден баз кешті. Содан бір рухани су іштім, 
оның дәмі дүниенің суларында жоқ. Мен Нілден су ішу үшін 
иман есігіне келген едім, бірақ иман нүрының иесіАллаһ сый-
сияпатына бөлеп, мені рухани Нілге айналдырды».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 233 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Осы ақиқатты түсіне алмай, мөлдір әрі түп-түнық су 
ішудің орнына қызыл қанды жұтқандарға нендей өкінішті 
екендігін  түсіндім!  Олардың  ішіндегі  тунып  түрған 
ғапылдыққа орай тек Нілдің ғана емес, бүкіл әлемнің сула-
ры олар үшін қан болып ақса да орынды!»
Мәуләнә (құддисә сирруһ) жансыз саналған нәрселерден 
туындаған  пәлекеттердің  бос  бір  табиғат  оқиғасы  емес, 
иләһи тәртіп иләһи әмір бойынша іске асқандығын, түсінігі 
бар адамдарға ғибрат көрінісі екендігін мына жолдарымен 
түсіндіреді:
«Ніл  өзені  мен  Қызылтеңіз,  Аллаһтың  әмірі  бойынша 
Мұса мен (аләйһиссәләм) оның артынан ергендерге жол бе-
ріп, Перғауын мен әскерлеріне сол жолды жауып, жойып жі-
берген».
«Осылайша  Аллаһ  Тағала  ақылсыз  деп  ойлаған  Ніл  мен 
Қызылтеңізге  өздеріне  тән  бір  түсінік  беріп,  олар  Мұса 
(аләйһиссәләм) мен Перғауынды ажырата алатын болды».
«Керісінше,  ақылы  бар  Қабыл  ақылдың  әлсіздігінен 
қарсы шығып, бейне бір ақыл мен түсініктен жұрдай халге 
түседі. Өлтірген бауырының денесін не істерін білмей, есі 
шығады».
«Қабыл әйел үшін салих бауыры Әбілді өлтіреді. Денесін 
не істейтінін білмейді. Сосын өлген қарғаны екінші қарға 
жерді қазып, көмгенін көреді де:
«Маған  не  болған!  Бір  қарға  құрлы  бола  алмадым  ба!» 
дейді.
«Ақыл  иләһи  тәрбие  арқылы  мүминдерге  жаңбыр 
сияқты  рахмет  болады,  бірақ  иләһи  қаһарға,  Рахманның 
шапалағына лайық болған адамға тамшысы да тимейді».
"Бұл  хал  пайғамбарлардың  мүғжизаларында  үнемі 
байқалады. Олар тасқа және таяққа рух береді».
«Әбу Жәһилдің қолындағы тастарға Пайғамбарымыздың 
мұғжизасы ретінде тіл бітіп:
«
ِ�ا ُل� ُ�َر ٌ��� َ�ُ� ُ�ا ��ِا َ�َ�ِا َ�
» деген.

- 234 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет