Бір шоқ ГҮЛ мәснәуи бақшасынан Осман Нұри топбаш хикмет баспа үйі Хикмет баспа үйі « Жер жүзіне абзал пенделерім мұрагерлік етеді!»


«Таяқ  Хазіреті  Мұсаның  қолында  айдаһар  бо-



Pdf көрінісі
бет17/20
Дата15.03.2017
өлшемі2,22 Mb.
#9990
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20

«Таяқ  Хазіреті  Мұсаның  қолында  айдаһар  бо-
лып,  Перғауынды  қорқытып,  сиқыршылардың  жерге 
тастағандарын әп-сәтте жоқ қылады».
Мәуләнә (құддисә сирруһ) сөзін ары қарай сабақтап:
«Олай болса, жансыз нәрселерді осы зікір етуші тастар 
және таяқпен салыстыр!»
Хазіреті 
Пайғамбар 
Мырзамыз 
(саллаллаһу 
алейһиуәсәлләм) қасына Хазіреті Әбу Бәкір, Хазіреті Омар 
және Хазіреті Әлиді (радиаллаһу анһу) ертіп Ұхұдқа шыққан 
еді. Ұхұд, үстіндегі бұл рухани түлғалардан толқып тербе-
леді. Пайғамбарымыз (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Тыныштал, ей, Ұхүд! Үстіңде бір пайғамбар, бір сыддық 
(адал адам) және екі шейіт бар!» - деді.
Осы сөздерден кейін үлкен тау, тынышталады.
Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  хал  тілімен  жансыздарды 
сөйлетеді. Олар:
«Біз  Аллаһты  білеміз  және  Оған  мойынсұнамыз. 
Кездейсоқ және босқа жаратылмағанбыз».
«Біз,  барлық  жансыздар,  Қызылтеңіз  сияқтымыз. 
Сірә,  ол  батырып  жоятын  Перғауын  мен  оның  қауымын, 
Аллаһтың көмегімен Хазіреті Мүса қауымынан ажырата 
білді».
«Сол сияқты, сол бейшара әрі бас көтеруші Қарунды жер 
түбіне батырып, қүртқан да біз!»
«Бізді ай сияқты ойлаңдар, ол Аллаһ Расулының ишара-
ты мен әмірін естіген кезде дереу бөлініп, аспанда екі бөлек 
болып көрінді».
Хазіреті Мұхиддин Араби былай дейді:
«Барлық жаратылыс езіне тән түрде Аллаһты зікір ете-
ді. Бірақ, олардың бұл халдері бір-бірінен өзгеше. Бірінші 
дәрежеде жансыздар. Яғни тас, топырақ, су, қазбапар және 
т.б жансыздар әлемі.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 235 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әнбия сүресінің 79-аят кәримәсында:
«Құстар мен тәсбих ететін тауларды Дәуітке бас идірдік. 
(Мүны) істеген біз!» - делінеді.
Жансыздардан  кейін  өсімдіктер  келеді.  Бұлардың  су, 
ауа  және  жарық  сияқты  кейбір  қажеттіліктері  бар.  Жан-
сыздардан гөрі кемелдірек. Топырақтан сорып алған кейбір 
химиялық  заттарды,  иләһи  тәртіппен  реттеп,  түрлі  түсті 
гүлдер, жапырақтар және жемістер шығарады.
Одан кейін жануарлар келеді. Бұлардың өмірлік мәндері 
өсімдіктерден  де  күрделі.  Сол  себепті  қажеттіліктері  де 
көп.
Адамның зауалда да кәмілдікте де түсінігі кең. Бұл оның 
иман  міндетін  арқалауының  табиғи  нәтижесі.  Расында, 
адамды менмендік, қиял, ой, дүниелік қүмарлықтар үнемі 
ғапылдыққа жетелейді.
Хаж сүресінің 18-аят кәримасында осы төрт топтың ха-
лін жағдайына қарай қандай тамаша суреттейді:
«Көктер  мен  жердегілер,  күн,  ай,  жұлдыздар,  таулар, 
ағаштар, хайуандар жөне адамдардың көбі Аллаһқа сәжде 
еткенін көрмейсің бе!»
Демек,  жанды-жансыз  барлық  әлем,  иләһи  тәртіпке 
бағынады.  Пайғамбарымыздың  өзі  тек  ездеріне  берілген 
иләһи  мүмкіндіктеріне  қарай  ғайыпты  біле  алады.  Шәйх 
Сағди Гүлстанында былай дейді:
Бір адам Хазіреті Яқубтан:
«Ей,  жүрегі  нұрлы,  ақылды  пайғамбар!  Юсуфтың 
көйлегінің  иісін  Мысырдан  келе  жатқанда  білдің,  неге 
қасыңдағы  құдыққа  тасталған  кезде  оны  көрмедің?»  -  деп 
сұрайды.
Яқуб (аләйһиссәләм):
«Біздің  Бұл  мәселеде  қол  жеткізетін  иләһи  нәсіп, 
найзағайдың  жарқылы  сияқты.  Сол  себепті  ақиқат  бізге 
кейде көрінеді, кейде көрінбейді!» - деп жауап береді.

- 236 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Аллаһ Тағала Ахзаб сүресінің 72-аят кәримасында былай 
дейді:
«Біз аманатты көктерге, жерге және тауларға ұсындық, 
Олар,  мүны  көтеруге  тартынды.  Жауапкершілігінен 
қорыкты. Оны яғни иләһи аманатты, адам мойнына алды. 
Әлбетте, адам өте залым әрі надан».
Бұл  жердегі  «амакатты  арқалау»  әр  түрлі  мағыналарға 
берілгенімен,  көбінесе  қабылданған  көзқарас  бойынша, 
иман мен салих амалды арқалау деген сөз. Адам бұл жүктің 
салмағын лайықты түрде біле алмағандықтан надан әрі за-
лым сипаттарына ие болған. Бұл сипат аманаттың салмағын 
білдіру үшін айтылған.
Йәсин сүресінің 77- аят кәримәсында:
ٌ��ِ�ُ� ٌ�� ِ� َ� َ�ُ� اَذِ�َ� ٍ�َ� ْ�ُ� ْ�ِ� ُه�َ�ْ�َ� َ� ���َا ُن� َ�َ�ِ�ْا َ�َ� ْ�َ�َوَا
«Ол (қарсы шыққан) адам кермеді ме? Біз оны бір тамшы 
судан жараттық. Енді келіп (бізге) айқын бір дұшпан бола 
қалды"-делініп, адамның қорқынышты ғапылдығын баян-
дайды.
Бұл  ғапылдықтура  шыбынныңхикаясына  үқсайды.  Ха-
зіреті Мәуләнә былай дейді:
«Бір  шыбын  кішкентай  ғана  тоқтау  судың  ішіндегі 
сабанның үстіне қонған кезде өзіне үлкен бір мансап көріп 
капитан сияқты сезінеді».
«Теңізді  де,  кеменіде  еңжақсы  білетін  менмін  -дейді. 
Өйткені  мен  қазір  үлкен  бір  дарияның  үстінде  мықты  бір 
кемеде шебер, ойлы және орынды шешім қабылдайтын бір 
капитанмын!"
«Ей, кішкене ғана шамасына шыбынның көзімен қараған 
адам!  Әзірейл  астыңдағы  сабанды  тартқан  кезде,  халіңнің 
не болатындығын еш ойламайсың ба?»
Адам  шынайы  иманмен  Раббысына  бет  бүрып, 
ықыласпен  құлшылық  етсе,  бар  жағдайда  иләһи  көмекке 

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 237 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ие  болады.  Жансыздар  әміріне  беріледі.  Өзіндегі  жасы-
рын  иләһи  көріністердің  сырлары,  заттың  ақиқаты  оған 
аян  болады.  Керісінше,  ғапылдыққа  салынып,  дүниенің 
өткінші  ләззаттарына  алданатын  болса,  мәңгілік  өкініш 
пен алданышқа тап болады.
Мұхиддин Араби (құдцисә сирруһ) Құран ақиқаттарының 
түбіне тек жүрек көрегендігімен жетуге болатындығын ай-
тады.
Аллаһтың  барлық  есімдері  ықыласты  ауыз  және 
жүрекпен зікір етілгенде исми ағзам болады.
Риуаятта  Хазіреті  Әли  (радиаллаһу  анһу)  бір  ағаштың 
астында  отырған  кезде  бір  пақыр  келіп,  қажетін  айтады. 
Хазіреті  Әли  (радиаллаһу  анһу)  жерден  біруыс  құм  алып, 
оқиды.  Пақырға  береді.  Пақыр  құмның  ұсақ  алтынға 
айналғанын көрген кезде қуанып, былай деп жалынады:
«Уа, мүминдердің әміршісі, өтінем, Аллаһ үшін маған не 
оқығаныңды үйрет!» - дейді.
Хазіреті Әли (радиаллаһу анһу), Фатиха сүресін оқығанын 
айтқан кезде пақыр жерден бір уыс құм алып, оқиды. Еште-
ме өзгермейді. Таң қалып, Хазіреті Әлиден:
«Бұл не нәрсе? Не құпиясы бар?» - деп сұрайды. Хазіреті 
Әли (радиаллаһу анһу):
«Екеуміз  де  Фатиха  оқыдық.  Бұл  -  ауыз  бен  жүректің 
айырмашылығы!» - дейді.
Руханият  материядан  үстем  болғандықтан,  үнемі  оған 
әсер  етеді.  Чанаккале  шайқасында  ағылшын  қолбасшысы 
әрі тарихшы Хамилтон:
«Бізді түріктердің материялдық күші емес, рухани күші 
жеңді. Олардың ататын зеңбірегі де қалмаған еді. Бірақ біз 
көктен түскен күштерге куә болдық!» - деген.
Алдында айтқанымыз сияқты бүкіл әлем, иләһи ерік пен 
иләһи тәртіпке бағынады. Құран Кәрімде:

- 238 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Ақыл (көрегенділік) иесі үшін көптеген ғибраттар бар!» 
(Юсуф, 111) делінеді.
Дүние  ақылды  адамдар  үшін  ғибраттар  көрмесі. 
Ақымақтар мен ғапылдар үшін жойылу мен күйреу орны.
Уа, Раб! Илөһи есімдеріңнің көрінісінде Һәди есіміңнің 
басымдығына  ие  етіп,  өмірімізді  керсеткен  тура  жолыңда 
жалғастыруды нәсіп ет!
Әмин!

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 239 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
ӘЛЕМДЕГІ БІРЛІККЕ ДЕГЕН БЕЙІМДІЛІК
«Егер Бұл әлемдегі нәрселер көңіл әлеміндегі 
қуаныш рахатының шағылысы болмағанда, 
Аллаһ Тағала бұл қиял әлемін алданыш орны 
деп атамайтын еді».
Хазіреті Мәуләнә
Хазіреті Мәуләнә "нәпсіқұмарлық" және "руханият" деп 
аталған, бір-біріне қарама-қайшы екі ұғымның бір-бірімен 
күресін және әрқайсы бағынған тартылысты әртүрлі мысал-
дармен  түсіндіріп,  руханиятын  дамытқысы  келгендердің 
тек  қана  шынайы  ғашыктықтың  арқасында  мақсатына 
жете алатындығын төмендегі хикаяда былай түсіндіреді:
«Мәжнүн  Ләйләнің  жолға  шыққанын  естиді.  Сосын 
түйесіне мініп, Ләйлә баратын ауылға асығыс жол жүреді. 
Жаңа туған ботасы бар түйенің көзі артта қалған бота-
сында. Мәжнүн түйенің үстінде ұйықтай бастаған кезде 
түйе дереу ботасы жаққа бүрылады. Мәжнүн сезіп қалады 
да, дереу түйені Ләйләнің аулына қарай бүрады. Осылайша 
бірнеше рет қайталанады».
«Өйткені Мәжнүн Ләйләға қауышуға ынтық, түйе бол-
са ботасының қасына баруға ынтық».
«Кешке  қарай  Мәжнүн  қайда  келгендігін  білу  үшін  ай-
наласына  қарайды.  Ілгері-кейін  жүріп,  таңертең  жолға 
шыққан  жерде  екендігін,  бір  қадам  алға  жүрмегендігін 
көреді. Сол кезде Мәжнүн түйеге дауыстап:
«Ей,  түйе!  Сен  ботаңа  ғашықсың,  мен  Ләйләма! 
Сондықтан екеуміздің де жолымыз екі түрлі. Сен менің 
жолыма кедергі боласың, мен сенің жолыңа! Біз бұлайша 

- 240 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
жолдас  бола  алмаймыз.  Сен  фәни  бір  тәнге  ғашықсың, 
мен мәңгілік бір жанға... Бөлінуіміз керек!» - дейді.
Бұл  хикаядағы  Мәжнүн  дегені  -  «сұлтани  рух»,  ол 
Аллаһқа ынтық. Түйе дегені - «нәпсі». Ботасы - «әуестіктер 
мен әуесқойлық» деп аталатын дүниенің ләззаттары.
Бұл хикаяда бір-біріне қарама қайшы екі мәжнүн, яғни 
руханият  пен  нәпсіқұмарлық  бірлескен.  Екеуінің  күресі 
тәмсіл түрінде баяндалады.
Хазіреті  Мәуләнә  (құддисә  сирруһ)  осы  хикаяға  байла-
нысты кейбір жолдарында мынадай салыстырма жасайды.
«Руханият пен нәпсіқумарлық Мәжнүн мен оның түйесі 
сияқты, бірі алға, екіншісі артқа кеткісі келеді».
«Мәжнүннің  бір  сәттік  ғапылдығы,  түйені  ботасына 
қарай бұрады».
«Мәжнүннің  тәні  Ләйлаға  деген  ғашықтық  пен 
ынтықтыққа толы болғандықтан, Мәжнүн уақ-уақ ерік-
сіз қиялға шомылып, есінен танады».
«Оған 
жол 
көрсететін 
ақыл 
болса, 
Ләйләға 
ынтықтығына көмілген».
«Бірақ түйе, яғни "нәпсі", мұқият әрі осы сәтті ұтымды 
пайдаланып Мәжнүннің қиялға батқан кезінде ботасына 
(әуестігіне) бет бұратын».
«Рух жоғары көтерілу үшін қанат қақса, нәпсі тырнағы-
мен жерге жабысып, мына фәни дүниеден айырылғысы кел-
мейді».
«Ақыры Мәжнүн түйеге қарап:
«Ей, түйе! Екеуміздің ғашыктығымыз бір-біріне қайшы... 
Олай болса, бұл жолда жолдас бола алмаймыз. Сенімен бірге 
болсам, рухым Ләйләдан алыс қалады...» - дейді.
«Мұса  қауымының  Тих  сахрасында  қалғаны  сияқты 
мен де сенімен осы жағдайда өмірім өтті».
«Ей,  түйе!  Негізінде  қауышуға  баратын  жол  -  екі-ақ 
қадам.  Сенің  қулығың  мені  қаншама  жыл  қауышудан 
мақрұм етті. Алайда, жол өте жақын еді».

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 241 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бірақ, мен өте кешіктім. Мен саған мінуден жалықтым!»  
- деді». «Мәжнүн еңіреп түйесінің үстінен секіріп түсті».
«Ол  жігіт  Мәжнүн  қатты  секіргендіктен,  иләһи  қаза 
бойынша аяғы сынды».
«Аяғын таңып, өзін доп сиякты қылды. Ләйләнің меке-
ніне қарай бір доңғалақтың  жылдамдығы сияқты домалай 
бастады».
Хикаяда баяндалған ақиқат - жаратылыстың негізі мен 
ақиқатының  вужуд  мұтлақ  (нақты  болмыс)  яғни,  Аллаһ 
екені.  Иләһи  ерік  пен  пәк  сипатының  көрінісі  бойынша 
жаратылған  көптік  әлемнің  негізгі  қағидаларының  біреуі 
-  бірдей  болу  және  адам  баласының  негізіне  қайту  ынтасы 
мен бейімділігі.
Жаратылыс  махаббатпен  көбейеді.  Көптіктегі  бірлік 
деген  мағынадағы  жаратылыстағы  иләһи  көріністердің 
бірлікке  қайтуы  болып  саналатын  бірдей  болу  тек  қана 
сүйіспеншілік және ғашықтықпен іске асады.
َفَ�ْ�ُ�ِ َ�ْ� َ�ْ�ا ُ�ْ�َ� َ�َ� َفَ�ْ�ُا ْنَا  ُ�ْ�َ� ْ�َ�َ� �ً�ِ� ْ�َ� اً�ْ�َ� ُ�ْ�ُ�
«Мен жасырын бір қазына едім. Білінгім келдіде, әлемді 
жараттым»  -  деген  хадис  құдсида  баяндалғаны  сияқты, 
әлемнің жаратылуының себебі - ғашықтық пен махаббат.
Сол себепті жаратылыстың ең абыройлысы болған адам 
баласын фәниге байланудан құтқарып, Раббысына және ең 
жоғарғы  мәртебеге  жеткізетін  бірден-бір  себеп  осы.  Бірақ, 
бұл  жолда  руханияттың  азығы  болған  ғашықтық  пен 
сүйіспеншіліктің  орнына  нәпсінің  әуестіктерінің  соңына 
түсу, бұл иләһи мақсатқа қайшы бір бақытсыздық.
Дәруішке  керегі  қандай  халде  болмасын  нәпсінің 
қулықтарына  апданбай,  басына  келген  бәлекеттер  мен 
сынақтарға алдырмай, Хаққа қауышу жолына түсу.
Мәуләнә (құддисә сирруһ) рухтың, нәпсі мен қабілеттердің 
адамға  қарай  өзгеретіндігін,  әркім  өзінің  айнасынан  әлем 
өрнегін, өзгеше тұрғыдан бөлек-бөлек керуін мына мысал-
дармен баяндайды:

- 242 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Бір  сопы  шабыттанып,  тәфәккүр  ету  үшін  бір  әсем 
бақшаға  кіреді.  Бақшаның  түрлі-түсті  әсемдігіне  тәнті 
болады. Көзін жауып мұрақаба және тәфәккүрге (ойға) ба-
тады».
«Сол жердегі бір ғапыл адам сопыны ұйықтап отыр деп 
ойлайды.  Оның  бұл  халіне  таң  қалып,  тынысы  тарылып 
сопыға: "Неге ұйықтап отырсың? Көзіңді ашып, жүзімнің 
сабағын, шешек атқан ағаштарды, жасыл көгалдарды та-
машала! Аллаһтың рахмет әсеріне назар сал!» - дейді».
Сопы оған жауап ретінде былай дейді:
«Ей, әуесқой адам! Иләһи рахметтің ең үлкен туынды-
сы - көңіл. Одан басқасы осы үлкен туындының көлеңкесі 
іспеттес».
«Ағаштардың арасынан бір өзен ағады. Оның мөлдір су-
ында екі жағадағы ағаштардың бейнесін көресің».
«Суға  шағылысып  көрінген  қияли  бір  бау-бақша.  Негіз-
гі бау-бақшалар көңілде. Өйткені көңіл - Аллаһтың назар 
орны.  Олардың  әсем  әрі  пәк  бейнелері  су  мен  балшықтан 
түратын дүние әлемінде».
«Егер  бұл  әлемдегілер  көңіл  әлеміндегі  сол  шаттық 
рахатының шағылысы болмағанда, Аллаһ Тағала бұл қиял 
әлемін алданыш орны деп атамас еді».
«Әли Имран сүресінің 185-аят кәримәсында:
«Әрбір  тіршілік  иесі  өледі.  Істегендеріңнің  ақысы, 
әлбетте,  қиямет  күні  толықтай  берілетін  болады.  Сол  кез-
де кім оттан алыстатылып, жәннатқа кірсе, ол енді накты 
мүратына жетеді. (Бұл) Дүние тіршілігі алдамшы дүниелік 
қана» делінеді».
«Ғапыл адамдар дүниені жәннат деп ойлап, "Жәннәт осы!" 
деп айтатындар осы өзеннің көлеңкесіне алданғандар».
«Нағыз  бау-бақшалардан,  яғни  әулиелерден  алыс 
қалғандар сол қиялға сеніп, алданады».
«Бір күні осы ғапылдық ұйқысы аяқталады. Көздер ашы-
лады,  ақиқат  көрінеді.  Бірақ,  ақырғы  демде  ол  көріністің 
қандай пайдасы болар?"

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 243 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
«Өлмей тұрып өлген, рухы осы бақтың ақиқатының иі-
сін сезгендер қандай бақытты».
Расында  адам  дүниенің  нәпсілік  ләззаттарына  көңіл 
бөлмей,  одан  бас  тартса,  Аллаһ  (жәллә  жәләлуһу)  сол 
құлдың рухын саф, жүрегін нұрлы етеді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм):
«Ішіне нүр кірген жүрек ашылып, кеңейеді» - дегенде:
«Уа, Расулаллаһ, Мұның белгісі қандай?» - деп сұрағанда, 
ол:
«Фәни дүниеден алыстау, мәңгілік ақирет өлкесіне көңіл 
бөлужәне өлмей түрып өлімге әзірлену» - деп жауап берген.
«Тасаввуф  деген  не?»  -    деп  сұраған  адамга  Жүнейд 
Бағдади Хазіреті былай жауап береді:
«Халыққа  еру  кірінен  арылу,  Хаққа  мойынсұну,  жа-
ман мінездерден арылу, нәпсінің құмарлықтарынан қашу, 
рухани  қасиеттерге  қол  жеткізуге  тырысу,  шынайы  ілім-
дерге  жүгіну,  үнемі  ең  дұрысына  қарай  әрекет  жасау,  әр 
кімге насихат айту, рухтардың әлмисақта берген уәдесінде 
шынайылықпен  тұру,  Хазіреті  Расулүллаһқа  (саллаллаһу 
аләйһи уә сәлләм) және шариғатқа бағыну».
Сырлары  саф,  жүрегі  таза  және  іші  нүрлы  адам  Аллаһ 
Тағала алдында ең алдыңғы сапта болмақ. Бұлар нағыз со-
пылар.  Аллаһ  алдындағы  білімдері  мен  мағрифаттары  не-
гізді. Олар Раббысына сеніп, тәуекел етеді, қазасына (жаз-
мышына) ризашылық көрсетеді.
Әлемдегі барлық мақлұқтардың жүректері, жағымды не-
месе жағымсыз қабілеттеріне қарай әртүрлі болады. Бірақ 
эгойзм, яғни жаратылыстың өзіне бейімделуіне негізделеді. 
Сол себепті әрбір жаратылыс, езіне тиесілі нәрсені қай жер-
де  көрсе,  сол  жерге  тартылады.  Бұл,  өзін  басқада  керудің 
нәтижесі.  Яғни,  бір  жыныстылар  бір-бірін  тартады.  Қай 
жерде  сүйіспеншілігі  болса,  Бұл  сүюшінің  өз  ерекшелігін 
көруінен  туындайды.  Сондай-ақ  тарту  мен  тартылу  үшін 
бірлік пен ұқсастық шарт. Нәпсі - пасықтарды; руханият - 

- 244 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
дұрыс жолдағылар мен салихтарды; күпір - кәпірді, иршад 
(тәрбие) - иршадқа талаптыны тартады. Бұл тартылыс заңы 
- руханиятта және материяда, жақсылық пен жамандықта 
барлық шамасымен үкімін жүргізеді.
Расулұллаһ (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) осыған байла-
нысты былай дейді:
«Рухтар  жүйелі  әскерлер  сияқты.  (Рухтар  әлемінде) 
бір-бірімен  танысқандар  дүниеде  бірлеседі;  бір-бірін 
жатырқағандар қайшылыққа түседі».
Сықақшылық 
жасап, 
айналасындағы 
адамдарды 
күлдіретін меккелік бір әйел һижрәттен кейін сәйкестіктен 
Мәдинада тағы өзі сияқты әзілімен атағы шыққан бір әйелге 
қонақ болуын, осы тартылыстың тамаша бір үлгісі ретінде 
қарауға болады.
Малик бин Динар былай дейді:
Бір күні бір адамға сәлем бердім. Менің атымды айтып, 
сәлемімді алды. Таң қалып:
«Мені  бұрын  көрмесең  де  қайдан  таныдың?»  -  деп 
сұрадым.
«Рухым, рухыңа рух әлемінде таныс болғандықтан сені 
маған Раббым танытты» - деді.
Уәйсал  Қарани  (құддисә  сирруһ)  да,  езіне  сәлем  берген 
адамға, атын айтып, сәлем қайтарады. Адам:
«Менің Херим бин Хайям екенімді қайдан білдің?» - дейді.
Сонда Уәйсал Қарани:
«Рухым рухыңды таниды» - деп жауап береді.
Хазіреті Әлиге бір әйел келіп:
«Кішкентай  ұлым  үйдің  төбесіне  шығып,  шетінде  тұр. 
Шақырсам, келмейді, онда қалдырсам, жерге құлап, өледі! 
Не істейін ?» - дейді.
«Ей,  әйел,  езі  сияқты  бір  баланы  төбеге  шығар. 
Оны  көргеннен  кейін  қасына  келеді.  Сен  сол  кезде  оны 
құтқарасың!» - деді.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 245 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Әйел  баласы  сияқты  бір  баланы  төбеге  шығарды.  Бала 
өзі сияқты баланы көргенде еңбектеп, соның қасына келді. 
Қауіп сейілді.
Мәуләнә (құддцсә сирруһ) былай дейді:
«Жыныс жынысына мәңгі ғашық».
«Құлдарды қауіп-қатерлерден құтқару үшін жіберілген 
пайғамбарлардың адамдардың арасынан келуі де сол себеп-
ке байланысты».
«Сол себепті ақымақ адамның ақылды адамды айыптауы, 
опасыздық жақсылык, иесіне күпіршілік етуі таңданарлық 
нәрсе емес».
«Иса (аләйһиссәләм) мен Идрис (аләйһиссәләм) керемет 
риязат пен күрес арқылы періште сияқгы болды. Тіпті, же-
мейтін, ішпейтін халге жетті. Бейне бір періштелердің жы-
нысына жақындағаңдықтан, көкке көтерілді».
«Һарут  пен  Марут  атты  періштелер  де  тән  жынысынан 
болгандықтан көктен жерге түсірілді».
Хазіреті Мәуләнә осы мысалдар арқылы Хазіреті Идрис 
пен Хазіреті Исаның риязат және нәпсімен күрес нәтижесінде 
нұрланып, періште сияқты көкке көтерілгендігін, һарут пен 
Марут болса нәпсінің кіріне батқандықтан, періште болса да 
жер бетіне түскендігін баяндайды.
Хазіреті Пайғамбар (саллаллаһу аләйһи уә сәлләм) кейбір 
уақытта  адамзат  әлемінен  арылып,  толықтай  руханиятқа 
оранатын. Сондай-ақ хадис шәрифте:
«Мен Аллаһтың нұрынанмын. Кәміл мүминдер де менің 
нұрымнан» - деген.
Хазіреті Мәуләнә осыдан кейін:
«Хазіреті  Мұса  Перғауын  мен  Хаманның  көзінде  өте 
жаман  болса,  Хазіреті  Мұсаның  қауымының  алдында  ол 
екеуі өте залым әрі жаман еді».
«Перғауын мен Хаманның жаны өз қыптиларын тарта-
тын.  Хазіреті  Мұсаның  рухы  болса,  тәухид  талапкерле-

- 246 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
рін тартатын. Өйткені бұл араларындағы ішкі мәндерінің 
айырмашылығының әсерінен еді».
«Есектің  асқазаны  сабанды,  адамның  асқазаны  бидай 
көжесін қорыта алады».
«Егер  сен  ғапылдық  пен  надандықтың  қараңғылығы 
себепті  бір  адамды  тани  алмайтын  болсаң,  ол  адамның 
үстазы мен достарының кім екендігіне назар аудар!.. Егер 
кәміл бір адамға ерөтін болса, такуа болса ол, шынайы ке-
мелдену жолындағы адам».
Сәһл бин Абдұллаһ әт-Түстери «Кіммен дос болайын?» - 
деген бір адамға мынадай насихат айтады,
«Сопылармен  деп  кеңес  берем.  Олардан  айырылма. 
Өйткені  олар  саған  жасаған  көмектерін  ешқашан  көп 
көрмейді, сенің бойыңнан көрген кемшіліктерің үшін сені 
айыптамайды.  Әрбір  іс-әрекетіңді  сені  түсінген  тұрғыдан 
жорамалдайды».
Ибн Ата былай дейді:
Бұл  дүниеде  мынадай  екі  қасиетке  ие  болу  адамға  көп 
нәрсе береді:
1.  Дәруіштермен сұхбат.
2.  Әулиелерге құрмет.
Зүннүн Мысри (құддисә сирруһ);
«Кіммен  дос  болайын?»  -  деп  сұраған  Юсуф  бин 
Хұсәйнға:
«Жүрегінде  дүниеге  тән  ештемесі  жоқ,  сенің  ешбір 
халіңді  айыптамайтын,  оның  алдында  қанша  өзгерсең  де, 
саған деген ұстанымын өзгертпеген адамдармен дос боп!»
Өйткені, ең көп өзгерген кездерің досқа ең мұқтаж болған 
кездерің!» - дейді.
Екі адамның арасындағы тартылыс рухани бірліктен ту-
атын болса, ешбір кедергі алдында шайқалмайды. Қанағат 
табумен аяқталмайды.

Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
- 247 -
Хикмет
баспа үйі
Хикмет
баспа үйі
Нәпсілік себептерден туған тартылыс болса, ең қарапайым 
кедергілерге  де  шыдай  алмай  жығылатыны  сияқты,  әрбір 
қанағаттылықта  азая  береді.  Руханият  жоғалады.  Рухани 
жетілу жолында ілгерлеудің бірден-бір заңы - тартылыстың 
рухани бейімділікпен іске асуын қамтамасыз ету.
Негізінде  адам  өмірін  көтеру  немесе  төмендетуде  ең  ба-
сты себеп, махаббат пен жиіркенішке бағыт беруге байланы-
сты. Егер махаббат лайықты адамына, дұшпандық пен жи-
іркеніш те лайықты адамына бағытталатын болса, бағыттау 
дәрежесіне қарай адам жоғарылайды.
Керісінше,  махаббат  пен  дұшпандықты  лайықты 
емес  адамдарға  бағыттау  сол  дәрежеде  емірдің  мәнін 
төмендетеді.
Аллаһ Тағала былай бұйырады:
ِّ� ِ�َ�ْ�ا َو ِةوَ�َ�ْ��ِ� ْ�ُ���َر َن�ُ�ْ�َ� َ��ِ���ا َ�َ� َ� َ�ْ�َ� ْ�ِ� ْ�اَو
�َ�ْ����ا ِة�َ� َ�ْ�ا َ�َ��ِز ُ��ِ�ُ� ْ�ُ�ْ�َ� َك�َ�ْ�َ� ُ�ْ�َ� َ� َو ُ�َ� ْ�َو َنوُ��ِ�ُ�
ً��ُ�ُ� ُهُ�ْ�َا َن�َ� َو ُ��َ�َ� َ�َ���اَو �َ�ِ�ْ�ِذ ْ�َ� ُ�َ�ْ�َ� �َ�ْ�َ�ْ�َا ْ�َ� ْ�ِ�ُ� َ� َو
  «Ертелі-кеш  Раббысына  (тек)  оның  (ризашылығымен) 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет